Вестник Казнпу им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата06.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#3561
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39

Түйін  сөздер:  Терминдер,  халықаралық,  мәдениет  және  өнер,  қағидат,  аударма,  ұлт  тілінде,  ұлттық 
терминология. 
Аннотация.  В  статье  рассматриваются  формирование  и  употребление  международных  терминов  и 
употребление их казахских эквивалентов, терминообразование на национальном языке. В период приобретения 
нашей  Независимости  термины  международного  значения,  которые  находят  отражения  в  различных 
публикациях и в средствах массовой информации, употребляется в основном на терминах в области культуры и 
искусства. На основе терминов в области культуры и искусства также речь идет о новых принципах в процессе 
терминообразования.  Автор  говорит  о  принципах  ученых  языковедов  в  период  становлении  казахской 
терминологии  и  их  мнения  по  поводу  вопроса:  перeводить  их  или  не  переводить.  Анализируются  мнения 
ученых  языковедов  О.  Айтбайулы  и  Ш.  Курманбаулы  к  11  принципам,  которых  предложил    академик 
А.Хайдарулы  в  соответствии  с  требованиям  настоящего  времени.  Они  выделяют  из  приведенных  принципов 
самые основные для формировании  национальной терминологии. При формировании национальной термино-
логии  они  указывают  на  некоторые  выгодные  условия  по  поводу  принятии  терминов  из  родственных 
тюркоязычных  и  неродственных  языков.  Тем  не  менее  некоторые  взаймствованные  термины  в  области 
культуры и искусства, которые оставлены без изменения, имеют некоторые особенности. Это является одним 
отражением,  что  мы  никак  не  можем  выходить  из  под  влияния  принципов,  которые  формировались  при 
советском союзе. Автор статьи считает, что нужно рассматривать терминообразование чисто на национальном 
языке, чем взять готовые термины без изменения из других языков. Подобные мнения в свое время выразили 
также представители Алашординцов и некоторые русские ученые. В статье так же дается примеры некоторых 
терминов в области культуры и искусства, которые могли найти правильный казахский эквивалент и успешно 
применяется  в  языке,  и  которые  не  могли  найти  правильный  эквивалент  и  вышли  из  употребления.  Автор 
обращает  внимание,  что  сегодня  сохранение  чистоты  языка  и  терминообразование  на  национальном  языке 
является одним из актуальных проблем. 
Ключевые  слова:  Термины,  международные,  культура  и  искусства,  принцип,  перевод,  на  национальном 
языке, национальная терминология. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
67 
Annotation.The  article  discusses  the  formation  and  using  of  international  terminology  and  their  Kazakh 
equivalents,  termformation  in  the  national  language.  During  the  purchase  of  our  independence,  the  terms  of 
international  the  meaning,  which  are    reflected  in  various  publications  and  in  the  media,  are  used  mainly  in  terms  of 
culture  and  art.  Based  on  the  terms  in  the  field  of  culture  and  art  also  it  refers  to  new  principles  of  terms  forming 
process.  The  author  talks  about  the  principles  of  academic  linguists  in  the  period  of  development  of  the  Kazakh 
language  and  their  opinions  on  the  matter:  translate  them  or  not  to  translate.  It  analyses  the  opinions  of  scientists-
linguists  O.  Ajtbajuly  and  S.  Kurmanbauly  to  11  principles,  which  proposed  by  the  Academician  A.  Hajdaruly  in 
accordance with the requirements of the present time. They highlight  the most basic principles for the formation of a 
national  terminology.  In  the  formation  of  the  national  terminology  they  point  to  some  favourable  conditions  for  the 
acceptance of the terms from the related Turkic and unrelated languages. Nevertheless, some foreign terms in the field 
of culture and art, which are  unchanged, have some peculiarities. This is a reflection that we can not come out of the 
influence of the principles, which were formed in the period of the Soviet Union. The author believes that we need to 
consider the termformation purely in the national language, than to take ready-made terms without changes from other 
languages.  Also  representatives  of  the  Alashorda  and  some  Russian  scientists  had  similar  opinions  at  that  time.  The 
article  also  provides  examples  of  some  of  the  terms  in  the  field  of  culture  and  art,  which  find  the  right  Kazakh 
equivalents and are successfully used in the language, and which could not find the right equivalents and went out of 
using. The author points out that the preservation of the purity of language and termformation in the national language 
is one of the most actual problems in our days.  
Keywords:  Terminology,  international,  culture  and  art,  the  principle  of  translation,  in  the  national  language, 
national terminology 
 
1990 жылдан кейінгі кезеңде қазақ терминологиясының даму ерекшелігі басқаша сипатта қарқын 
алды.  Әрине,  бірден  ұлт  терминологиясындағы  өзекті  мәселелер  қолға  алынып  кетті  деп  айтудан, 
негізсіз  тұжырым  жасаудан  аулақпыз.  Дегенмен,  ұлт  терминологиясындағы  мәселелер  біртіндеп 
қолға алынып, үлкен шешілмеген өзекті мәселелер ретін құрады. Соның негізінде көптеген мәселелер 
талай жылдар еншісінде жан-жақты талданып, айтылып келді. Алайда, іргелі еңбектердің жазылып, 
бірқатар  мәселелердің  теориялық,  практикалық  жағынан  шешілуі  бұл    қатардағы  мәселелер  ретін 
қалыпқа түсіріп, көптеген сала мамандарының, тіпті терминологиямен шұғылданушы, терминдердің 
аударылуына  қарсы  пікірде  жүрген  ғалымдардың  аударма  мәселесімен,  ұлт  тілінде  терминдер 
қалыптастыру  мәселесімен  келісуіне,  мәселенің  орындылығын,  бағыттың  дұрыстығын  түсінуіне 
итермеледі.  Мұндай  үдеріс  қазақ  терминологиясын  бейберекет  аудармалардың  жасалуына  да  алып 
келгендігі жасырын емес.   
Еліміз  егемендік  алып,  тәуелсіздікке  қолы  жеткен  шақта  тіліміздегі  барлық  сөздерді  жаппай 
аудару ісі басталды. Тіл, тілдің мәртебе алуы айналасындағы мәселелер де осы сұрақтың ілгерілеуіне 
өз  ықпалын  тигізбей  қойған  жоқ.  Мұндай  оңды  шара  ұлттық  терминологиямызды  ұлт  тілінде 
қалыптастыруымызға  деген  қажеттіліктен  туындағаны  анық.  Қазақ  тілінде  ұғымдар  мен  атауларды 
беруге деген әрекет шынайы ұмтылыс, жай қызығушылық түрінде болсын әр түрлі деңгейде жүзеге 
аса  бастағандығы  белгілі.  Сонымен  бірге  мемлекет  ішіндегі  түрлі  салалар  бойынша  жасалған 
өзгерістер  тілде,  соның  ішінде,  терминологияда  қамтылмай  қалмады  емес.  Нақтылай  айтқанда, 
елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік-қоғамдық  құрлымымыздағы  өзгерістердің  ықпалы  ұлттық 
терминологияда да өз өзгерістерін енгізуге жетеледі. Осындай өзгерістер барысында дамыған елдер 
тәжірибесін  қолдану  -  ұлт  тілінде  жасалған  терминдер  қатарының  басым  болуы  керектігіне, 
халықаралық терминдердің үлесін азайту қажеттігіне көз жеткізді.  
Тәуелсіздік жылдарында ғылымның түрлі саласына, әсіресе қоғамдық-әлеуметтік салаға қатысты 
халықаралық  мәндегі  терминдердің  тілімізге  енгендігі  мерзімді  басылымдардан,  басқа  да  ақпарат 
көздерінен  көрініс  табуда.  Олардың  бірқатары  ұлт  тіліндегі  терминдерге  мән  беріп  жатқан  кезеңде 
сол  қалпында  қазақ  тіліне  аударылып,  қазақ  тіліндегі  қолданысқа  сіңіп,  қалыптасып  үлгерсе, 
бірқатарының  екі  сыңары  да  қолданылып,  ал  бірқатары  сол  шет  тілінен  енген  нұсқасында 
қолданылып жүр. Бұл да бір жағы халықаралық терминдердің тілімізге кірігу, қабылдану үдерісінің 
әлі  де  жалғасып  келе  жатқандығын  байқатса,  екінші жағынан  бұрынғы кезеңдермен  салыстырғанда 
халықаралық,  шет  тілі  терминдерін  алуға  деген  сыни  көзқарастың,  сұрыптап  алу  үдерісінің  толық 
болмаса да қалыптаса бастағандығының көрінісі. Аталған екі ерекшелікке де тіліміздің қолданысын-
дағы сөздерден нақтырақ мысалдар келтіре кетудің артықтығы жоқ. Мысалы, композитор сөзі сазгер, 
мелодия – әуен, презентация – тұсаукесер, мода – сән, музей – мұражай, статуя – мүсін т.б. түрінде 
қолданылып  жүрсе,  аранжировщик  –  аранжировкасын  жасаушы,  өңдеуші,  реставрация  –  қайта 
өңдеу, қалпына келтіру, шедевр – жауһар,үздік туынды, т.б.  терминдерінің екі сыңары қолданылып, 
ал дирижер, партер, амфитеатр, премьера, балкон, нота, драма, пейзаж,  натюрморт т.б. сияқты 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
68
 
сөздер өзге тілдегі нұсқасын тілімізде сақтап қолданылып жүр. Бір сөзбен, халықаралық терминдер-
дің  тілімізге  енуі  жаңа  бағытты,  жаңа  қағидаттарды  негізге  алғанымен,  кейбір  терминдердің 
аударылмай, бұрынғы қағидаттар ықпалынан шыға алмай отырғандығын байқауға болады.  
Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  өз  ана  тіліміз  қазақ  тілі  мемлекеттік  мәртебеге  ие  болған 
заманда  терминология  саласы  да  тың  өзгерістерді  талап  етті.  Яғни,  жаңа  қоғам  талабына  сай  жаңа 
бағыттағы қағидаттарды тіліміз қажет етті. Сол себепті де белгілі тілші ғалым, академик Ә. Қайдар 
қоғам, уақыт жүктеп отырған жауапкершілікті сезініп, қазақ терминологиясының қағидаттарын кезең 
талабына  сәйкес  ұсынды.  Академик  Ә.  Қайдардың  ұсынған  қағидаттары  1993  жылы  «Қазақ 
терминологиясына  жаңаша  көзқарас»  деген  атпен  жеке  кітапша  болып  шықты.  Ғалым  осы 
қағидаттарды  ұсынуын  былай  деп  түсіндіреді:  «Егер  терминология  «шаруашылығымыз»  тіл 
табиғатына,  замана  талабына  сай  жүріп жатса,  іштей  қобырап,  қисыны  кетіп,  көрінгенге  көз  түрткі 
болмаған болар еді. Ол 70 жылдан кейін тығырыққа тіреліп отыр. Сондықтан көптің бірі ретінде осы 
мәселеге  өз  көзқарасымызды  білдіріп,  пікірімізді  ортаға  салуды  жөн  көрдік.  Осыған  орай,  біз, 
терминология  саласында  қолданылып  жүрген  принциптер  бола  тұрса  да,  өз  тарапымыздан  оларға 
балама ретінде он бір принциптің жобасын ұсынып отырмыз және олар бұрынғы қалыптасқан дәстүр-
дің де, жүз беріп отырған жаңа үдерістің де тиімді жақтарын қамтыды ғой деп ойлаймыз» [8, 4-5]. 
Ғалымның  біраз  уақыттан  бері  осы  салада  жүргізілген  жұмыстардың  дұрыс  жолға 
қойылмағандығын,  уақыт  талабына  сай  қағидаттарды  дүниеге  келтіретін  мезгілдің  келгенін  айтып 
отырғанын  байқаймыз.  Академик  Ә.Т.  Қайдардың  ұсынған  он  бір  қағидатының  халықаралық 
терминдерге қатысты  айтылған  пункттеріне  қысқаша  тоқталып  өтейік. Халықаралық  терминдер  сөз 
болатын қағидаттар , негізінен бесінші және оныншы. 
5-принцип:  (бұрынғы  принциптің  жаңаша  баяндалуы):  Тіліміз  үшін  қажет,  бірақ  дәл  баламасы 
жоқ,  аударуға  келе  бермейтін  интернационалдық  терминдер  мен  атауларды  қазақ  тілінің  өз 
ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау. 
10-принцип: Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық термин-атаулардың сандық және сапалық 
арасалмағын табиғи қалыпта сақтаудың жолдарын іздестіру. 
Ғалымның жоғарыда аталған халықаралық терминдерге қатысты қағидаттарында «интернационал-
дық  терминдер»  деген  ұғымның  өзін  айқындап  алу  қажет  дейді.  Ол:  «Тіл-тілдердің  арасында  ортақ 
интернационализмдер болмаса, немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі 
деу  бекер.  Жер  жүзіндегі  терминдік  ұғымдардың  бәрін  шет  тілі  сөздері  арқылы  емес,  өз  тілінің 
негізінде меңгеріп ғылым мен техниканы дамытып отырған қытай, жапон т.б. халықтарды біз жақсы 
білеміз.  Демек,  ортақ  интернационализмдердің  қажеттігі  ең  алдымен  елдің  саяси-әлеуметтік 
жағдайына,  даму  дәрежесіне,  оларға  деген  сұраным  мен  қажеттікке,  әр  тілдің  өз  мүмкіншілігіне 
байланысты екен» - дейді [8, 21-22].  
Яғни,  ғалым  халықаралық  терминдерді,  дәл  баламасы  болмаған  жағдайда  тіліміздің  ұлттық 
ерекшелігіне  сәйкестендіріп  қабылдауды  ұсынады.  Дегенмен,  ғылым  мен  техникасы,  экономикасы 
дамыған елдерді атай отырып, халықаралық терминдерсіз де өсіп-өркендеуге болатындығын айтады. 
Ғылыми  қағидаттар  мамандар  талқысына  ұсынылғаннан  кейін,  қағидаттарға  қатысты  өз  пікірін 
білдірген ғалымның бірі - профессор Ө. Айтбайұлы. Бұл жөнінде ғалым былай дейді: «Біз профессор 
Ә. Қайдаровтың бұл «...жаңаша көзқарасын» негізінен қуаттай отырып қайсыбір тұстардағы өзіміздік 
топшылауларымызды  да  ортаға  сала  кеткенді  жөн  көріп  отырмыз.  ...  Біз  қазақ  тілінде  термин 
жасаудың  он  бір  емес,  шынтуайтына  келсек,  жеті  принципі  бой  көрсететінін  байқаймыз.  Тілдік 
материалдар осы жеті принцип шеңберіне топтай беретін тәрізді. Әңгіме бұл принциптердің санында 
емес, мәнінде ғой.» [45, 22]. 
Тілші  ғалым  Ө.  Айтбайұлы  да  бұл  мәселеге  қатысты  өз  көзқарасын  білдіре  отырып,  академик 
Ә.Қайдардың  қағидаттарын  «жеті  принцип  шеңберіне  топтап»  көрсетеді:  «біз,  ең  біріншіден,  қазақ 
тілінде термин жасаудың А. Байтұрсынұлынан бастау алған ұлттық тіл негізіне бет түзеген ғылыми 
көзқарасты байқаймыз. Екіншіден, осы үдеріске сүйенген нақты ұсыныс- тұжырымдарды қолға ұстап 
отырмыз.  Үшіншіден,  тұңғыш  рет  орыс  тілінен  енген  интерминдер  тағдыры  не  болмақ  деген 
жалғанкөпшілдіктен  арылар  түріміз  бар.  Төртіншіден,  салалық  күрделі    терминдер  мен  атауларды 
қазақ  тілінің  өз  негізінде  алғашқы  әріптері  мен  буындары  бойынша  қысқартып  пайдалануды 
заңдастыру; Бесіншіден, көп жылғы тәжірибе негізінде қалыптаса бастаған шарттылықты мойындау; 
Алтыншыдан,  тіліміздегі  лексикалық  байлығымызды  сала  бойынша  саралап,  ұлттық  және 
интернационалдық  терминдердің  сандық,  сапалық  салмағын  табиғи  қалыптастыру;  Жетіншіден, 
терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу дәстүріне сәйкес реттеу» [46]. Ғалым осы он бір 
қағидаттың жетеуін қалдырғанды дұрыс деп есептейді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
69 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  кезеңде  ұсынылған  он  бір  қағидатқа  қатысты  пікірін  білдірген 
терминолог ғалымдардың бірі – профессор Ш. Құрманбайұлы. Ғалым өзінің «Қазақ терминологиясы 
дамуының  ғылыми  қағидаттары»  атты  монографиясында  академик  Ә.  Қайдардың  ғылыми 
қағидаттарын  талдай  келіп,  былай  дейді:  «Біз  Әбекең  ұсынған  қағидаттардың  ішінен  3,4,5 
қағидаттарды  терминология  дамуының  негізгі  қағидаттарының  қатарына  қосуға  болады  деп 
санаймыз.  Ал  қалған  (1,  2,  6,  7,  8,  9,  10,  11)  пункттерде  аталып  көрсетілген  мәселелер 
терминологияны  дамытуда,  жетілдіруде  жалпы  басшылыққа  алынып,  негізгі  қағидаттарды  жүзеге 
асыруға  бағытталған  терминологиялық  жұмыстарды  жүргізу  кезінде  ескерілуге  тиіс.  Дәлірек 
айтқанда,  академик  Ә.  Қайдар  жеке  қағидат  ретінде  көрсеткен  мәселелердің  бірқатарын 
терминологиялық қызметке (терминологическая деятельность) басшылық жасаудың тиімді жолдары, 
терминологиялық жұмыстарды республика көлемінде үйлестіру мен ұйымдастырудың тетігі ретінде 
тану  керек  те,  енді  бірқатарын  термин  шығармашылығын  дамытудың  әдіс-тәсілдері  деп  білген 
орынды болар деген ойдамыз»[28, 137]. 
Ғалым  өз  еңбегінде  әрбір  қағидатқа  жеке  тоқталып,  нақты  тұжырымдармен  талдау  жүргізген. 
Берілген  он  бір  қағидаттың  үшеуін  (3,  4,  5)  қазақ  тілінде  терминология  қалыптастырудың  негізгі 
қағидаттары бола алады деп санайды. Ғалымның пікірінше, академик Ә. Қайдар ұсынған қағидаттар 
нақты  ұсыныстардан  тұратын,  терминологияға  қатысты  маңызды  мәселелерді  дер  кезінде  көтеріп 
отырған,  ұлттық  терминологиямызды  қалыптастыруда  маңызы  бар  құнды  еңбек  болып 
табылатындығын айтады. 
Аталмыш еңбекте ғалым  қазақ  терминологиясы дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі басшылыққа 
алынған терминологияны дамыту қағидаттарына тоқтала келіп, өз тарапынан алдағы уақыттағы қазақ 
терминологиясы  дамуының  ғылыми  қағидаттарын  ұсынады.  Қазақ  терминологиясын  дамыту  мен 
жетілдіруде  негізгі  екі  қағидат  басшылыққа  алынып,  терминологиялық  жұмыстар  негізінен  осы 
бағытта  жүргізілуі  қажет  деп  санайды.  Атап  айтсақ,  бірінші  қағидат:  Ұлттық  терминқор 
қалыптастырудың  ішкі  көзі  қазақ  тілінің  лексикалық  байлығы  мен  сөзжасам  тәсілдерін  барынша 
ұтымды пайдалану. 
Бұл қағидат - бұған дейін ұсынылған Е. Омарұлының бірінші қағидатында, А.Байтұрсынұлының 
баяндамасында,  Ә.  Қайдардың  үшінші  қағидатында  сөз  болған,  төл  терминологиямызды 
қалыптастырудағы негізгі қағидат болып табылады.  
Екінші  қағидат:  Терминқор  қалыптастырудың  сыртқы  көзі  болып  табылатын  өзге  тілдерден 
термин қабылдау. 
а) туыстас түркі тілдерінен термин қабылдау; 
ә) туыстық жақындығы жоқ тілдерден термин қабылдау. 
Бұл  қағидат  та  жоғарыда  аты  аталған  ғалымдардың  қағидаттарында  сөз  болған  және  осы 
қағидатпен  мазмұндас  болып  келеді.  Туыстық  жақындығы  жоқ  тілдерден  термин  қабылдау,  яғни 
орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа шет тілдерінен терминдерді тіліміздің ерекшелігін ескере 
отырып, қазақ тілінің заңдарына сәйкестендіріп қабылдау. Бұл мәселеге қатысты ғалымның өзі былай 
деген: «Өзге тілдерден сөз қабылдамай, сөз алмасу, термин алмасу процесіне мүлде тосқауыл қойып 
тастау мүмкін де, қажет те емес. Тілдер арасындағы сөз алмасу қашанда болған, бола да береді. Шет 
тілдері  терминқор  қалыптастырудың  сыртқы  көзі  ретінде  орнымен  пайдаланылса  дұрыс,  ал  ұлт 
тіліндегі  термин  шығармашылығын  шектеп,  өзге  тілдерден  термин  қабылдауға  жаппай  жол  беріп 
қарап отыру - шарасыздық» [28, 152]. 
Әрине,  саяси-экономикалық,  ғылыми-мәдени  байланыстарымыз  бен  өркениеттің  даму  деңгейіне 
байланысты шет тілдерінің сөздері терминқорымызды толықтырудың сыртқы көзі болып қала береді. 
Сөз  болып  отырған  кезеңде  мәдениет  пен  өнер  саласына  қатысты  халықаралық  терминдердің 
тілімізге  енуі  негізінен  бұрынғы  қалыптасқан  қағидаттардың  негізінде  жасалып  келе  жатқанын 
көруге  болады.  Осы  сала  терминдерінің  басым көпшілігі  аударылмай, орыс  тілінде  қалай айтылып, 
жазылса  қазақ  тілінде  де  сол  қалпында  қолданылып  жүр.  Оны  мынадай  мысалдардан  байқаймыз: 
гармония, акцент, альбом, фаянс, фуэте, эпизод, трио, штатив гастроль, хореография, эстетика, 
тушь, марка,салон, модерн, абонемент, трагедия, партия  т.б. 
Мәдениет  пен  өнер  саласына  қатысты  халықаралық  терминдердің  ішінде  дұрыс  аударылып,  дәл 
балама тапқандары да, дұрыс баламасы табылмай, тілімізде қалыптасып кете алмай отырғандары да 
кездеседі. Мысалы: персонаж – кейіпкер, амбиция – кеудемсоқтық, шедевр – жауһар үздік туынды, 
браво – бәрекелді, торс – кеуде, мольберт – таған, ширма – қалқа т.б. 
Бүгінгі  күнгі  Мемтерминкомның  бюллетені  «Терминологиялық  хабаршы»-  терминология 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
70
 
саласына  қатысты  өзекті  мәселелерді  қамтып  отыратын,  тілімізде  пайда  болып  жатқан  жаңа, 
бекітілген,  бекітуге  ұсынылған  терминдерді  жария  етуші  бірден-бір  басылым.  Басылымға  2002 
жылдың 27 мамырында ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде тіркеліп, тіркеу 
куәлігі  берілген.  Хабаршының  редакциялық  алқасы  елімізге  белгілі  тілші,  әдебиетші  ғалымдар  мен 
қоғам қайраткерлері. Осы басылымда негізінен терминология мәселесіне қатысты ғылыми мақалалар 
мен  бекітілген  терминдер  және  түрлі  ғылыми  орталықтардың  мамандар  талқысына  ұсынған 
терминдері,  ұсыныстар,  пікірлер  жарияланады.  Терминологиялық  хабаршыда  мәдениет  пен  өнерге 
қатысты мынадай бекітілген терминдер бар: гравер – нақысшы, миниатюрный – кішігірім.  Сонымен 
бірге,  мамандар  талқысына  ұсынылған  мәдениет  пен  өнерге  қатысты  халықаралық  терминдер  де 
жарияланған: тембр – әуез, мелодия – әуен, мелодичный – әуенді, мелодичность – әуенділік, барокко – 
барокко,  изобразительное  искусство  –  бейнелеу  өнері,  пародия  –  еліктеп  келемеждеу,  комедийный 
жанр – комедия жанры, пауза – кідіріс т.б.   
Сонымен,  тәуелсіздікке  қолымыз  жеткеннен  кейін  тілімізде  соның  ішінде,  терминология 
саласында  едәуір  өзгерістердің  жүзеге  асып  жатқандығын  аңғаруға  болады.  Соның  ішінде 
халықаралық терминдерге қатысты көзқарастардың өзгеріске ұшырағанын, оған деген ғалымдардың 
көзқарастары  да  жаңа  бағыттардағы  зерттеулермен  ұштасып  отыр.    Оған  екінші  жағынан, 
халықаралық терминология төңірегіндегі әлемдік тәжірибедегі ғылыми-зерттеу еңбектер мен әр түрлі 
пікірлер  де  негіз  болып  отыр.  Тәуелсіздік  жылдарындағы  қазақ  терминологиясы,  қазақ  терминтану 
саласындағы  халықаралық  терминдер  мәселесі  осы  өзгерістерге  бет  бұрумен,  мән  берумен,  ұлт 
тілінде  халықаралық  терминдердің  көбін  болмаса  да  біршамасын  аударып  қалыптастырып  алумен 
ерекшеленеді.  
Терминология  жасаудың  жаңа  қағидаттары  ұсынылғанымен,  кейбір  терминдердің  бұрынғы 
қағидаттар ықпалынан шыға алмай отырғанын байқауға болады. Дегенмен, бірқатар сала терминдері 
алаш  зиялыларының  ұстанған  ұстанымдары  негізінде,  қазіргі  қоғам  талабына  сай  жасалып 
жатқандығына  күмән  келтіре  алмаймыз.  Осыған  байланысты  болашақта  ұстанатын  ғылыми 
негізделген  бағытымызды  белгілеуіміз  қажет.  Өзге  тілдерден  термин  қабылдаудан  гөрі  өз  ана 
тіліміздің  негізінде  термин  қалыптастыру  қажеттілігі  жөнінде  айтқан  алаш  зиялылары  және  қазіргі 
кездегі  ғалымдар  пікірімен  кейбір  орыс  ғалымдарының  да  пікірі  үндес  келеді.  Осы  мәселеге  орай 
ғалым  И.Н.  Волкова:  «...  чрезмерное  увлечение  иноязычными  заимствованиями  в  ущерб 
своеязычным  неизбежно  ведет  к  обособлению  специальной  терминологии,  делая  ее  практически 
недоступной для неспециалистов», - дейді [47,75]. Яғни, кез-келген ұлт тілін пайдаланатын сол елдің 
халқы  екенін  ескере  отырып,  ұлт  терминологиясын  әрбір  тілдің  ана  тілі  негізінде  қалыптастыруға 
басты көңіл  бөлу  қажет екендігі,  кірме  терминдердің  қарапайым  адамдарға  түсініксіз  болатындығы 
сөз болып отыр.  
Ғалымдар  арасында  ғылыми  мәтіндерде  кездесетін  сөздер  –  терминдердің  жалпы  тілді 
қолданушыларға түсінікті болуы қажет деген және осы термин сөздер ғылыми мамандарға түсінікті 
болса жеткілікті деген екіге бөлінетін пікірлер мен ұстанымдар ағымы қазіргі ғалымдар арасында да 
кеңінен өріс алып отыр. Алайда, ғылымның халық, оны танып білетін, оқып-үйренетін көпшілік үшін 
жасалатынын  ескерсек,  терминдер  де  сол  ұлт  тіліне,  терминологиясына  түсінікті  болуы  қажет 
екендігі дау туғызбайды. Сондықтан алаш зиялылары ұстанған ұстанымдар да, жоғарыда ғалым И.Н. 
Волкова көрсеткен пікір негізі де орынды.  
Тілімізде  тек  ұлттық  терминология  қалыптастырамыз  деп  шет  тілдерінің  сөздерінен  қашқақтап, 
біржақтылыққа бой алдырмау жағын да, әрі тілімізге келмейді деп өз тіліміздің ішкі мүмкіндіктерін, 
сөз, термин жасау қабілетін терең пайдаланбай қалу жағының тіліміздің дамуына үлкен ықпалы бар 
екендігін де ұмытпау қажет.   
 
1
 
Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы: Рауан, 1993. – 42 б.  
2
 
Айтбайұлы  Ө.  Терминжасамның  қайсыбір  қалтарыстары  //  Терминология:  теория  және  тәжірибе.  – 
Астана: Б. б., 2001. – 131 б. 
3
 
 Айтбайұлы Ө. Қазақ тілінде термин жасау жолдары мен принциптері хақында //Астана ақшамы. – № 
92. – 2002. – 11 шілде.  
4
 
Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. – Алматы, 2004. – 205 б. 
5
 
Волкова И.Н. Стандартизация научно-технической терминологии. - М., 1984. – 152 с. 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
71 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет