ӘОЖ 811.512.122
Жұмабаева Ж.Т.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, ф.ғ.к.
САХНА ТІЛІНДЕГІ ЕКПІННІҢ СЕГМЕНТТІ ЖӘНЕ СУПЕРСЕГМЕНТТІ
ДЕҢГЕЙДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Түйіндеме: Қазіргі қазақ тіл білімінде екпін мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Себебі екпін проблемасы
қазақ тілтанымында сегментті фонетика және суперсегментті фонетика тұрғысынан қарастырылып жүр.
Сегментті фонетика тұрғысынан екпіннің кульминативті түрі анықталып отырса, ал суперсегментті фонетикада
екпіннің делимитативті және т.б. түрлері анықталады. Осымен байланысты мақалада қазақ тіл біліміндегі екпін
мәселесі сөз етіледі және оның қызметі сахналық қойлымдардағы мәтіндермен сипатталады. Сонымен қатар
мақалада орыс тіл білімінде сахна тілін қарастырған ғалымдардың зерттеулеріндегі ғылыми тұжырымдарға
талдау жасалады. Сондай-ақ қазақ тіл білімінде сахна тілін арнайы қарастырған зерттеушілердің еңбектеріндегі
тұжырымдар келтіріле отырып, олардың ғылыми пікірлері талданатын мәтіндерге ғылыми негіз болып,
нәтижесінде алынып отырған сахна қойылымндағы мәтіннің интонологиялық ерекшелігі сипатталады. Сахнаға
шыққан актер өзінің шеберлігі арқылы рөлді сомдап шығатын образ ғана емес, сонымен қатар дұрыс сөйлеуді
нисахаттайтын және сөз мәдениетін тыңдаушының зердесіне жеткізетін адам. Сондықтан сахнада рөлін
сомдайтын актердың жазба тіл мен ауызша тілдің өзара айырмашылықтары мен принциптерін игеруі, осымен
байланысты жазба тілді ауызша кодқа салып дұрыс сөйлей білу мәнері туралы мәселелер тілдік деректер
негізінде талданады. Сегментті және суперсегментті деңгейде қарастырылып отырған сахна тіліндегі екпіннің
қызметін көрсетуде белгілі бір мәтін негізге алынып отырғандықтан, олардың ерекшеліктері ғылыми
тұжырымдар арқылы анықталып отыр. Сондай-ақ мәтін ішінде кездесетін апакопа, редукция, элизия сияқты
фонетикалық процестер мен құбылыстар ғылыми деректер негізінде талданып беріледі.
Тірек сөздер: сегмент, суперсегмент, орфоэпия, дыбыс, жазба тіл.
Аннотация: Современное состояние казахского языкознания требует отдельного изучения проблемы
ударения. Так как проблема ударения в казахском языкопознании рассматривается подходами сегментарной и
суперсегментарной фонетики. Подходы сегментарной фонетики определяют кульминативный вид ударения, а
суперсегментарная фонетика определяет делимитативный и другие виды ударения. В связи с этим в статье
обсуждается проблема ударения в языкознании и описывается ее функция посредством текстов сценических
представлений. Наряду с этим в статье анализируются научные утверждения ученых, которые изучали
сценический язык в русском языкознании. К тому же приводятся научные утверждения ученых, посвятившие
свои исследования изучению сценического языка в казахском языкознании, а также описывается
интонологическая особенность текстов сценических представлений. Задача актера заключается не только в
мастерстве подачи своей роли. Актер должен пропогандировать правильное произношение слов и донести
культуру речи до зрителя. Поэтому проблемы освоения актером особенностей и принципов устной и
письменной речи, а также манера правильно поставленной речи актера через проецирование письменной речи в
устную анализируется на основе языковых данных. В данном случае берется определенный текст для
выражения функции ударения на сценическом языке, которая рассматривается на сегментарном и
суперсегментарном уровне и соответственно определяются их особенности посредством научных утверждений.
Наряду с этим на основе научных данных дается анализ таким фонетическим процессам и явлениям как
апакопа, редукция и элизия.
Ключевое слова: сегмент, суперсегмент, орфоэпия, звуки, письменные языки
Abstract: The modern state of Kazakh linguistics requires the separate study of problem of accent. Because the
problem of accent in Kazakh языкопознании is examined by approaches of сегментарной and суперсегментарной
phonetics. Approaches of сегментарной phonetics determine the кульминативный type of accent, and
суперсегментарная phonetics determines делимитативный and other types of accent. In this connection in the article
the problem of accent comes into question in linguistics and her function is described by means of texts of stage
presentations. Side by side with this scientific claims of scientists that studied a stage language in Russian linguistics are
analysed in the article. Scientific claims of over scientific are besides brought, the devoting researches to the study of a
stage language in Kazakh linguistics, and also the интонологическая feature of texts of stage presentations is
described. The task of actor consists not only in mastery of serve of the role. An actor must пропогандировать correct
pronunciation of words and to carry the culture of speech to the spectator
Key words: segment, supersegment, orthoepy, sounds, written languages.
Жалпы сахна тіліндегі орфоэпия мәселесі орыс тіл білімінде де сөз болып, соның негізінде
көптеген ғылыми зерттеулер жарық көріп отырды. Нақты айтқанда, 1950ж. шыққан Р.И.Аванесовтың
“Русское литературное произношение” атты кітабы орфоэпия бойынша анықтамалық еңбек болып
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
63
табылды және онда сахна тілінің орфоэпиясы мәселе етіп көтерілді. Бұл кітап 1997 жылы Красноярда
шыққан “Фонетика-орфоэпия-письмо”, Санкт-Петербургта 1985 жылы шыққан “Теория и практика
сценической речи”, 1997 жылы Л.И.Вансовскаяның “Практикум по технике речи” атты еңбектерімен
салыстырғанда алты рет өнделіп шығып отырды. 1948 жылы шыққан Г.О.Винокурдың “Русское
сценическое произношение” атты зерттеуін ерекше айтуға болады. Себебі орфоэпияға ерекше назар
аударған ғалым мынадай пікір білдіреді: “Наш театр не ставит перед собой сколько-нибудь
сознательно проблемы языка на сцене… Если задача актера – в совершенстве владеть своим
сценическим материалом – посылайте его в школу орфоэпии”.
50 жылдардың ортасында Г.О.Винокур мен Р.И.Аванесовтың шәкірттері, Мәскеу лингвистикалық
мектептің өкілдері болып табылатын И.С.Ильинский мен В.Н.Сидоровтың “О сценическом произно-
шении в Московских театрах” атты еңбектері жарық көреді. Аталған еңбекте актердың ауызша
сөйлеуіндегі орфоэпиялық нормалар спонтанды жағдайда қарастырылады. Мәскеу лингвистикалық
мектеппен қатар Санкт-Петербург университетінің ғалымдары да сахна тілінің проблемасын алға
тартты. Нәтижесінде, 1985 жылы “Теория и практика сценической речи” атты ғылыми жинақ жарық
көреді.
Жоғарыда аталған орыс ғалымдары өз еңбектерінде сахна тілінің проблемасын көтеріп, ондағы
актердың шеберлігі мен олардың орфоэпиясын сөз етіп отырды. Айталық, Г.О.Винокур “Русское
сценическое произношение” атты еңбегінде сахнадағы ауызша сөйлеудің екі қызметін көрсетеді:
жалпы – ақпараттандыру (сообщение) функциясы және сөйлеудің әдемі, мәнерлі функциясы. Мұның
екіншісі актердың дауысы, ым, киімімен байланысты. Г.О.Винокурдың “Сценическая речь тем лучше
будет отвечать своей цели, чем более незаметным, нейтральным будет произношение актера” деген
пікірін ұстанушылардың бірі М.В.Панов “О русской орфоэпии” атты өз еңбегінде мынадай
факторларды ескеру керектігін айтады: 1) әдеби тілмен сәйкестігі, 2) тілдің даму заңдылықтарымен
сәйкесітігі, 3) варианттың қолданысы, 4) орфоэпиямен сәйкестігі. Орыс тіл білімінде сахна тілі әдеби
тілдің ауызша формасына ықпал етуші фактор ретінде қарастырылғанын көреміз. Қазақ тіл білімінде
де мұндай мәселелер көтеріліп сөз болғаны белгілі.
Қазақтың сахна өнері 1940 жылдың 30-қазанында Қазақ драма театрында қойылған «Абай»
трагедиясымен басталды. Содан бері арада бірнеше жыл өткенен кейін бұл қойылым қайта
сахналанып, бүгінде көркемдік ғұмыры ұзақ туынды болып келе жатыр. Осы сияқты көптеген
қойылымдар халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен
қатар дұрыс сөйлей білуге, айтпақ ойды анық жеткізуге бірден-бір әсер етеді. Қазақ тіл білімінде
орфоэпия мәселесі 1912 жылдары ғалым А.Байтұрсынұлы еңбегінен бастап сөз етілді. Ғалым өз
еңбегінде арнайы орфоэпия деген терминді қолданбаса да, оның өзіндік қызметі мен орфографиядан
ерекшелігін көрсетті. А.Байтұрсынұлы осымен байланысты мынадай пікірі білдірді: “Оқу үйренген-
дегі бас мақсат – керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу. Сөз – дыбыстың мағыналы болып
тізілгені. Сөз айту – дыбысты ауызбен тізу. Сөз жазу – дыбыстардың белгісін қағаз бетіне тізу” [1].
Айталық, көптеген елдерде сахна тілі дұрыс сөйлей білудің эталоны болып табылады. Сахна тілі –
халықты жүзбе-жүз көріп отырып, мәдениетті, әдебиетті, өнерді, саясатты, басқа да мәселелерді
уағыздайтын, халықтың санасына сіңіріліп, ұрпақты тәрбиелейтін тіл [2]. Сондықтан да сахнаға
шыққан актер өзінің шеберлігі арқылы рөлді сомдап шығатын образ ғана емес, сонымен қатар дұрыс
сөйлеуді нисахаттайтын және сөз мәдениетін тыңдаушының зердесіне жеткізетін адам. Олай болса,
сахнаға шығатын актер жазба тіл мен ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктерін білуі керек. Осымен
байланысты Қазақ орфоэпиялық сөздігіндегі жалпы халыққа түсінікті қағидалар мынадай түрде
берілген:
әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы жергілікті ерекшелікке қарама-қарсы қойылады;
әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы, бейәдеби қарапайым сөйлеу тіліне тән дыбыстық
элементтерге қарама-қарсы қойылады;
әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы, ескі қазақ жазба тілінің дыбыстық элементтеріне қарсы
қойылады;
әдеби тілдің орфоэпиялық нормасына жазба тілдің емлесінде көрсетілген нормаға қарама-қарсы
қойылады. Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасына байланысты қиындықтың бірі жазу тәртібімен
байланысты, өйткені жазба сөздің өзіне тән жүйесі бар да, ауызша сөздің өзіне тән жүйесі бар,
сондықтан ауызша мәтінді оқығанда жазба сөзге тән кодты ауызша сөзге тән кодқа көшіре білу қажет
[3]. Жоғарыда беріліп отырған әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы бейәдеби қарапайым сөйлеу тіліне
тән дыбыстық элементтерге қарама-қарсы қойылады деген тұжырымға сәйкес академик Р.Сыздық
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
64
ауызша сөйлеудің екі түрін көрсетеді. Оның бірі – күнделікті тұрмыста қолданылатын ауызекі сөйлеу
тілі болса, екіншісі – топ алдында ауызша сөйлеу. Сахна тіліндегі актердың топ алдындағы сөзі
ауызша сөйлеуге жатады. Ауызша тілге қарама-қарсы қойылатын өзіне тән жүйесі бар жазба тілдің
өзіне тән ерекшелігі бар [4]. Осымен байланысты Құралай Күдеринова өз еңбегінде қазақ тіл
біліміндегі жазудың ұғым теминдерін төмендегідей жіктеп көрсетеді:
ойды, айтылған сөзді қағазға түсіру, таңбалау процесі;
осы процесс арқылы жазба мәтін құрау (хат жазу, арыз жазу, ойды жазба тіл арқылы сыртқа
шығару);
белгілі бір тілдің жазба тіліне қызмет ететін графикалық жүйе (мысалы, араб жазуы);
жазба тіл жүйесі (қоғамдық таңба, тілді реализациялайтын жүйе);
жазылған дүниенің сыртқы формасы, қолтаңба (менің жазуым жаман деген мағынада) т.б. [5].
Жоғарыда берілген тұжырымдардан жазба тіл мен ауызша тілдің өзіне тән нормалары бар
екендігін білдік. Сонымен қатар Қ.Күдеринова өз тарапынан ауызша тілге байланысты мынадай
ерекшеліктерді көрсетеді:
ауызша тіл дегеніміз ішкі сөйлеуді ауыз мүшелерінің қозғалысы арқылы дыбыс толқындарымен
сыртқа шығаратын, белгілі бір тілдік таңбаға кодталған, естілетін және айтылатын тілдік жүйе немесе
ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы;
ауызша тіл – уақыт пен кеңістік жағынан мобильді, айтылатын сөзді сол мезетте сол қалпында
қайталау мүмкіндігі жоқ [5].
Осы айтылған тұжырымдардың ішінде ауызша тіл уақыт пен кеңістік жағынан мобальді. Бір
мезетте ауыздан шыққан сөзді екінші рет қайталау мүкіндігі болмайды деген пікір сахнада образын
сомдаушы актер үшін аса қажет. Себебі актер жазушының шығармасын тыңдаушысына әсерлі, айқын
жеткізуде мәтінмен ұзақ жұмыс жасайды. Сондықтан актер дикция, тыныс, дауыс, орфоэпия, ауызекі
сөздің логикалық-интонациялық заңдылықтарын жақсы игеруде алдын-ала ұзақ жұмыс жасайтын-
дықтан, оның қателесуіне болмайды. Осымен байланысты ғалым Н.Уәлидің пікірінше, әдеби тілдің
ауызша нормасынан уәжсіз, мақсатсыз ауытқулардың салдарынан айтылған сөздің мағынасы
тыңдаушы үшін бұлыңғыр тартып, тілдік қарым-қатынасқа қаяу түсіреді, бұл – бір. Екіншіден,
дыбысталған сөздің өзіндік үйлесімі, үндестігі, ырғағы, әуені, әуезі болуға тиіс. Бұлар, бір жағынан,
айтылған ойға, мағынаға қатысты болса, екінші жағынан естір құлаққа жағымды естіледі, естіген
құлақтың айызы қанатындай болады. Сондықтан сөз аралығындағы дыбыстарды ықпалдастырып,
сындырып айтудың, «қатқылдау» дыбыстарды «жұмсартып» айтудың эстетикалық мәні бар [4].
Қазақ тіл білімінде де сахна тілін мақалаларында арнайы қарастырған академик Р.Сыздық сахна
өнерінің алғашқы буындары сөздің табиғатын дұрыс түсіне білгендігін, ал кейінгі жылдары
актерлардың орфоэпиялық нормаларды бұзылып бара жатқандығын айтып өтеді. Ғалым қазақ
тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың үндестік заңының табиғи гармониясының сақталмауы;
сөйлеу үстінде болатын логикалық паузалар, яғни ой екпіні түскен сөздерді сәл кідіріп бөліп айтуды
біле бермеуі; әрбір сөйлемнің мағыналық интонациясын тап баса алмағандықтан, оның ішіндегі
сөздерді дұрыс айта алмаушылық сияқты бірнеше қателерді атап көрсетеді. Шындығында, қазақ
театрының майталмандары өз кезінде бір деммен, бір екпінмен үйлесіп, бір ырғақты топ құрайтын
сөздерді бөліп-бөліп айтпаған, оның нақышын келтіріп, орфоэпиялық нормаға сәйкестендіріп
халыққа түсінікті етіп жеткізген. Оны С.Альпатинаның «Сахна тілі интонациясының дискурстық
сипаты» атты диссертациясында жасалған талдаулар арқылы білуімізге болады. Зерттеуде
Ғ.Мүсіреповтың «Қозы көрпеш – Баян сұлу» пьесасынан алынған үзіндіге талдау жасалған.
М.Әуезовтың «Қарагөз» төрт актылы, жеті суретті трагедиясына талдау.
Қарагөз:
Не деймін?.. Не айтармын?.. Содан басқа істер шара қалмағаны да рас! Не бүгінгі күн бір-
бірімізден айрылу, жат болысу... өлемін, үзілемін десем де, бүгін саған «ере алмаймын» деген
жауабымды беру керек. Не болмаса – етегіңнен ұстау, еру!.. Мезгілдің өлім сағатындай бұйрық
сағатына жеткені рас.
Айтылуы:
// Недейм?.. // Не айтармын?..// Содамбасқа // істер шара қалмағаны да//
ы
рас!// Не бүгүңгүгүн //
бірб
і
рімізден айрылу// жат болұсу...//өлөмүн, үзүлемін десем де, // бүгүн саған ералмайм деген//
жауабºымды берүу керек//. Не болмаса – етегіңнен ұстау, ерүу!..// Мезгілдің өлүм сағатыңдай //
бұйрұқ сағат
ы
на жеткені ырас//.
Берілген мәтін 15 синтагмадан тұр. Алғашқы сұраулы сөйлемдер жеке синтагманы құрайды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
65
Недейм? деген сөзде көсемше жұрнағынан кейін жіктік жалғауы түсіріліп айтылған. Осымен
байланысты Р.Әмір өз еңбегінде «Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу,
жұмсау үшін де пайдаланылады. Мұндай сөйлемдер түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер деп
аталады. Іске жұмсаудың бұйрықты форма арқылы айтылмай, сұраулы сөйлем формасында
айтылуы коммуникативтік мақсатқа байланысты. Ол мақсат-тілекті, іске жұмсауды ізетпен,
сыпайы білдіру» деп береді. Яғни Недейм? Не айтармын? деген сұраулы сөйлемдерден кейіпкер
Қарагөздің мақсат-тілегі көрінеді және тыңдаушысын сұрақ қою арқылы өзіне қаратып отыр. Мәтінде
фонетикалық құбылыстарда кездеседі. Екпінге қатысты дыбыстық процесс нәтижесінде сөз
соңындағы буын түсіп апакопа құбылысы болып тұр: недейм. Сонымен қатар бүгүңгүгүн деген
тіркеске келетін болсақ, соңғы буынға дейін ерін үндесітігі сақталып тұр. Бүгіңгү сөзі н дыбысына
аяқталып, келесі сыңары г дыбысынан басталып, н дыбысы ң болып айтылып тұр. Қысаң
дауыстылардың көмескіленіп келетін редукция құбылысы да мәтінде кездеседі: бірб
і
рімізден
айрылу, сағат
ы
на.
Ауызша сөйлеудің диалогтық және монологтық сияқты екі түрінің бары белгілі. Берілген мәтін
Қарагөз бен Сырым екеуінің арасындағы диалогтан тұрады. Екеуінің арасындағы нәзік махаббат
айтылады. Сондықтан болар Сырымға қаратылып айтылған мәтінде көбінесе сезім, болашаққа деген
үміт басым. Олай болса, мәтін эмоционалды-экпрессивті бояуға толы.
Тіл білімінде коммуникация құрамы жағынан төмендегідей бөлінетіндігі белгілі:
1) интерперсоналды коммуникация – адамның ішкі монологы;
2) тұлғааралық коммуникация – екі адамның өзара пікір алмасуы;
3) топтық коммуникация – топ ішіндегі пікір алмасу, топтардың бір- бірімен пікір алмасуы.
4) жалпылық коммуникация – газет, радио, теледидар арқылы жүзеге асады. Олай болса, сахна тілі
осы жалпы коммуникацияға жатады. Сондықтан сахнада рөлін сомдап тұрған актерға үлкен талап
қойылады. Ол сөйлеу техникасымен қатар ауызша сөйлеуді жақсы меңгеруі тиіс. Осымен
байланысты академик Р.Сыздық мынадай пікір білдіреді: «Қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтарын,
оның ішінде ауызша сөйлеу, әсіресе шаршы топ алдында сөз айту нормаларын бұзбай, дұрыс
пайдалануда, тек пайдалану ғана емес, ол нормаларды көпшілікке үйретіп, таратуда, орнықтырып
бекітуде балабақша тәрбиешілерінен бастап, мектеп мұғалімдерінің, институт, университет
оқытушыларымен қатар, қазақ сахна қайраткерлерінің міндеттері мен қызметтері орасан зор екенін
айту керек» [4].
Қазақ тіл білімінде орфоэпия тілдің айтылу нормасын қарайды, сондықтан екпін мен интонацияны
орфоэпиядан бөліп қарауға болмайды деген пікір білдірген Ж.Аралбаевтың еңбегінде де
дыбыстардың орфоэпиясы мәселе етіп көтеріліп өз деңгейінде қарастырылады. Ғалымның пікірінше,
сөйлеу процесінде сөздер кей уақытта екпін мен интонацияға, сингармонизмге байланысты өзара
тіркесіп, бір бүтін болып айтылуының орфоэпия үшін үлкен мәні бар. Бұл элизия процесінде көрініс
табатындығын келтіре отырып, төмендегідей тілдік деректер келтіреді: қатар келген екі дауысты
дыбыстың бірі түсіріліп айтылады. Мысалы: а – а – а, алат (ала ат). Осы сияқты бірнеше вариантын
көрсетеді:
е – е – е: барсекен (барса екен), барамекен (бара ма екен?);
а – и – и: барсигеді (барса игі еді);
а– ө – е: қарөзек (қара өзек); қарөлең (қара өлең); қарөкпе (қара өкпе);
а – ү – ұ: арпұны (арпа ұны);
а – о – о: үлкен қарой (үлкен қара ой);
ы – а – а: Сарарқа (Сары арқа); Қандағаш (Қанды ағаш);
е – е – е: келсекен (келсе екен); келседі (келсе еді); келемекен (келе ме екен?); келермекен (келер
ме екен?);
ы – е – е: Сарөзек (Сарыөзек);
і – е – е: барсигеді (барса игі еді).
Мұндай процес сахна тілін арнайы зерттеген ғалым Р.Сыздықтың да еңбегінде қарастырылды.
Ғалымның пікірінше, бір әуенмен (ырғақпен) айтылатын екі сөздің арасындағы (алдыңғы сөздің
соңғы дыбысымен келесі сөздің басқы дыбысы) дауыстылардың бірі “жұтылып» кетеді, дәлірек
айтсақ, соңғысы алдығысын соңғысы жұтып қояды. Мысалы, Сары арқа деген екі сөз бір әуенмен,
яғни қосылып айтылуға тиіс, сондықтан оның дұрыс дыбысталуы – сарарқа [4].
Қорыта келгенде, сахна тілі қазақ әдеби тілдің ауызша формасын қалпына келтіруге ықпал етіп,
дұрыс сөйлуге, ойды анық жеткізуге әсер етеді
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
66
1
Байтұрсынұлы А. Тіл Тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
2
Тұранқұлова Д. Сахна тілі. - Алматы: Білім, 2011. - 262 б.
3
Орфоэпиялық сөздік. - Алматы: Арыс, 2007. -800 б.
4
Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Алматы, 2000. – 394 б.
5
Күдеринова Қ.Қазақ жазуының отногенезі. - Алматы, 2006. - 407 б.
ӘОЖ 801. 316. 3: 008: 7 = 811. 512. 122
Сүлеева Г.С.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының
доценті, филология ғылымдарының кандидаты
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Түйіндеме: Мақалада халықаралық терминдердің тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасуы, қазақша
баламаларының қолданысы, ұлт тілінде термин жасау ісі қарастырылады. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңде
түрлі басылымдарда, басқа да ақпарат көздердерінде көрініс тауып жүрген халықаралық мәндегі терминдердің
қолданысы мәдениет және өнер саласындағы терминдер негізінде келтіріледі. Мәдениет және өнерге қатысты
терминдер негізге алына отырып, термин қалыптастыру үдерісінде жаңа қағидаттарының пайда болуы сөз
болады. Тілші ғалымдардың қазақ терминологиясын қалыптастыруда ұстанған ұстанымдары, халықаралық
терминдерді аудару-аудармау мәселелеріне байланысты пікірлері айтылады. Академик Ә.Қайдардың заман
талабына сай ұсынған 11 қағидатына тілші-ғалымдар Ө.Айтбайұлы мен Ш.Құрманбайұлының пікірлері
талданады. Олар аталған осы қағидаттардың қазіргі ұлттық терминологияны қалыптастыру ісінде басты, негізгі
деген қағидаттарын атап, оларға қатысты өз дәлелдерін келтіреді. Төл терминологиямызды қалыптастыруда
туыстас түркі тілдерінен және туыстығы жоқ тілдерден термин қабылдау қағидатының ұтымды екендігін
көрсетеді. Дегенмен, мәдениет және өнер саласына қатысты көптеген кірме терминдерді ешбір өзгеріссіз сол
қалпында қалдырудың да өзіндік ерекшеліктері бар екендігі белгілі. Бұл – бұрынғы кеңес үкіметі кезеңінде
қалыптасқан қағидаттар ықпалынан шыға алмай отырғанымыздың көрінісі. Өзге елдерден дайын терминдердің
өзгертпей қабылдай бергеннен, ұлт тілімізде термин қалыптастыруды қарастыру қажеттігі айтылады. Осыған
мазмұндас пікірді алаш зиялылары және кейбір орыс ғалымдары айтқаны белгілі. Тіліміздегі мәдениет пен өнер
саласына қатысты терминдердің дұрыс қазақша балама тауып, қолданысқа еніп кеткендері де, дәл балама
таппай, қолданыстан шығып қалғандары мысал ретінде берілген. Тіл тазалығын сақтау, ұлт тілі негізінде
ұлттық терминология қалыптастыру ісі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігіне басты көңіл
аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |