Вестник Казнпу им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г



Pdf көрінісі
бет5/39
Дата06.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#3561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Ключевое  слова:  этнолингвистика,  ключевые  слова,  пословицы-поговорки,  компонент-доминант, 
паремиология. 
Abstract: The article deals with proverbs and sayings, which are composed of the name of hair horses, and explores 
sustainable  figurative  expressions  of  the  language  system,  taking  into  account  the  lexical  meaning  of  dominant 
components, ie words that are "core" or "core" in the subject-themed grouping proverbs and sayings.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
24
 
Kazakh people, who all his life has been breeding animals, learned all their properties and characteristics, from birth 
until they die. All this knowledge and experience is reflected in proverbs  and sayings, in which as the key words were 
used  here  with  pets.  In  Proverbs  and  also  displays  the  various  spheres  of  life,  positive  and  negative  qualities,  mood, 
actions,  behavior,  human  relations,  man's  place  in  society,  and  people's  views  miropoznanie  other  different  facets  of 
their life.  
Proverbs  ,  which  are  composed  of  names  hairline  horses  mane  ,  wool,  shetina,  tail,  are  as  follows  :  "The  tail 
argymaka  and  silky  ,  and  hard",  "eyebrows  -  a  sign  of  good,  and  this  master  and  servant",  "K  horse  mane  until 
doomsday  attracted  good","Do  not  horse  -  horse  mane  is","Simple  horse  will  not  become  a  racer  ,  even  if  she  has  a 
lovely  mane","The  man  has  never  rotted  horse  lasso",  "On  the  horse  's  mane  can  be  death",  "  Even  if  you  otberesh 
enemy horse's mane - it will be good for the people. "In the study of proverbs and sayings, which are composed of the 
name of hair of horses, it was revealed that their ethno-cultural content actually fully reflect the national characteristics 
of  the  Kazakh  people.  Scalp  horses  used  by  the  people  in  all  spheres  of  life.  Theoretical  basis  for  this  article  article, 
comprehensively considering ethnocultural content proverbs, is the scientific study of the famous scientist, academician 
A.Kaydara  "folk  wisdom",  which  is  the  founder  of  ethno-linguistic  research.  As  previously  proverbs,  which  are 
composed  of  names  hairline  horses  were  not  the  direct  object  of  the  research  in  terms  of  ethnolinguistics,  it  can  be 
argued that this work can initiate other scientific research on the subject. 
Key words: ethnolinguistics, key words, proverbs, sayings, component dominants paremiology. 
 
Тіл – адамзат өміріндегі бүкіл ақпараттар ағымын жинақтаушы, сақтаушы және дамытушы ерекше 
құрылымдық жүйе. Тілдің өзіне тән құрылымдық жүйесін құрайтын компоненттерінінің бірі – мақал-
мәтелдер.  
Қазақ паремиологиясының антрополингвистикалық бағыттағы дербес пән ретінде қалыптасуының 
теориялық  тұжырымдамасын  негіздеген  академик  Ә.Қайдар  мақал-мәтелдердің  тілде  пайда  болу 
факторлары мен дамуын, адамға, оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, қалып-күйіне т.б. 
қасиеттеріне  ауысу  мотивтерін  айқындау,  мән-жайын  таратып,  түсіндіру,  соның  негізінде  мақал-
мәтелдер  мазмұн-мағынасының  бүгінгі  этнопедагогикалық  тұжырымдаманың  (концепция)  арқауына 
айналуын  дәйектеу,  мақал-мәтелдердің  логика-семантикалық  жіктелу  принциптерін  айқындай 
отырып,  тақырыптық-мағыналық  тұрғыдан  топтастыру,  жүйелеу,  этностың  «тіл  әлеміне»  құйылар 
этнолингвистикалық арналардың ең құнарлысы ретінде олардың этнос болмысын танып-білуге қосар 
үлесін  анықтау  тәрізді  басты-басты  мәселелерді  паремиологияның  этнолингвистикалық  өзекті 
мәселелері  қатарында  көрсетеді.  Сондай-ақ,  мақал-мәтелдерді  «тірек»  сөздер  арқылы  тақырыптық 
топтар  жүйесіне  енгізе  отырып,  олардың  бойындағы  негізгі  және  туынды  мағыналық  өзгерістердің 
тілдік  тетіктері  мен  мотивтерін  айқындауды  этнолингвистиканың  күрделі  міндеттері  қатарына 
жатқызады [1, 25-26 бб.]. 
Әдетте, тілдік жүйедегі тұрақты бейнелі оралымдарды (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер) заттық-
тақырыптық тұрғыдан топтастыруда негізінен мынадай екі түрлі ұстаным басшылыққа алынады: 1) 
«ұйтқы» немесе «өзек» сөздердің, яғни компонент-доминанттардың лексикалық мағынасын ескеру; 2) 
тұрақты оралымның белгілі бір ұғымдар мен құбылыстарды білдіретін жалпы мағынасын ескеру.  
Бірінші  ұстаным  бойынша  тұрақты  бейнелі  оралымдарды  топтастыру  барысында  олардың 
материалдық  негізі,  өзара  ассоциацияға  түсетін  түсініктердің  және  образдардың  қайнар  көздері 
анықталатын  болса,  екінші  ұстаным  негізінде  осы  түсініктердің  ауыспалы  мағынада  басқа  ұғым-
түсініктерге  телінуінің  нақты  қырлары,  яғни  мазмұн  межесі  айқындалады.  Қазақ  тіліндегі  көптеген 
тұрақты  тілдік  орамдардың  жасалуына  арқау  етілетін  ұйтқы  сөз  –  өзек  компонент  ретінде 
соматизмдер,  зоонимдер,  фитонимдер,  сандар,  лингвокультуремалар  т.б.  белгілі  бір  сөздер  тобы 
алынады. 
Қазақ  тілінде  адам  өміріндегі  сал  алуан  жағдаяттарды  образды  түрде  беруде  төрт  түлік  малға 
қатысты лингвокультуремалар жиі қолданылады.  
Бүкіл  ғұмыры  төрт  түлік  малмен  қатар  өтіп  келе  жатқан  қазақ  халқы  сол  малдың  туылғанынан 
бастап өлгеніне дейінгі бүкіл ерекшеліктерін, сипатын жіті біледі. Осы білімі, тәжірибесі төрт түлікті 
тірек  сөз  ретінде  пайдаланған  фразеологизмдер  мен  мақал-мәтелдерде  өмірдің  сан  алуан  қырлары, 
адамның жағымды немесе жағымсыз мінез-құлқы, көңіл-күйі, қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, адамдар 
арасындағы  қарым-қатынасы,  адамның  қоғамдағы  орны,  дүниетанымдық  көзқарасы  т.б.  сан  алуан 
қыры, әртүрлі сипаты көрініс тапты.  
Қазақ  тіршілігінде,  тұрмысында  төрт  түліктің  ерекше  рөлі  туралы  жоғарыда  айтылды.  Осы  төрт 
түліктің  терісі  мен  түгі  атауларының  тірек  болуы  арқылы  жасалған  мақал-мәтелдер  шын  мәнінде 
ұлттық  ерекшеліктерге  толы  болып  келеді.  Ә.Қайдардың  «Халық  даналығы»  атты  зерттеу  еңбегін 
ғылыми  теориялық  негіз  етіп  алып,  одан  әрі  төрт  түліктің  бірі  жылқы  малының  түгі  атауларының 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
25 
қатысуымен  жасалған  сөздік  қорымыздағы  барлық  мақал-мәтелдердің  этномәдени  мазмұнын  ашуға 
тырыстық.  
Төрт түлік малды күнкөріс тіршілігінің көзі еткен көшпелі қазақ Жылқы – малдың патшасы, түйе – 
малдың  қасқасы;  Ер  қанаты-ат;  Нарым  әрі  жүкті,  әрі  құтты  деп,  жылқы  мен  түйені  ерекше 
дәріптейді.  Қазақ  тілінің  бай  тілдік  қазынасындағы  фразеологизмдер  мен  мақал-мәтелдерден  басты 
орын алған жылқы түлігі өзінің тарихи түбін біздің заманымыздан бұрынғы алты-жеті ғасыр бұрын 
қолға үйретілген жабайы жылқыдан алады. Төрт түлік малдың қыр-сырын жетік білген қазақ халқы 
Түйе шудасын, жылқы жалын, сиыр мүйізін төсейді деп түйе мен жылқы қай кезде де өзіне етене 
жақын  екенін  білдірген.  Бұл  мақал  тек  жылқы  түлігіне  қатысты  Жылқы  үстінен  жығылған  кісіге 
жалын төсейді деп те айтылады.  
Жеті қазынаның бірі саналатын жылқы халық танымында сұлулықты бейнелеудің құралы болған. 
Мәселен,  Жылқы көркі – жал; Сұлу аттың көркі  – жал. Жылқының бір ерекше белгісі жүйріктігі 
десек,  жүйрік  жылқыны  жіті  таныған  қазақ  мұндай  атты  сәндеп,  кежімдеп  жал-құйрығын  өріп 
үкілейді.  Тер  қатпас  үшін  кежімдеп,  жал-құйрығы  жарыс  кезінде  бөгет  жасамас  үшін  өріліп,  көз-
сұқтан сақтауы үшін үкі тағылады. Жүйріктің кекілі буылады. Жүйрік ат омыраулы келеді де, жалы 
жібек  сұйық  болады.  Сондықтан  да  оны  «жібек  жалды  жануар»  дейді.  Жалдың  қылы  өткір, 
қайратты,  жылтылдақ  келеді.  Жылқыдағы  осы  ерекше  қасиетін  адам  өзінің  мінез-құлқымен 
салыстырып, Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл; қас жақсының белгісі, әрі мырза, әрі құл 
деп суреттейді. 
Ел аузында Жылқы – жеті қазынаның бірі, Ат ерді сақтайды, Ат- адамның қанаты, Жылқы  – 
түлік  патшасы  деп,  ұлықтаған  ұлағатты  ұлтымыз  желден  жүйрік  жануарды  күллі  тіршілік  тірегі, 
тұрмыс-салты, өмірінің өзегімен тығыз сабақтастырып келеді.  
Біздің  тегіміз  –  түрік,  түлігіміз  –  жылқы.  Содан  да  болар,  «...  Аттың  жалына  қиямет  күніне 
шейін  жақсылық  байлаулы  тұрады»,  –  дейді.  Жылқы  –  төрт  түліктің  төресі.  Тәкәппар,  сезімтал, 
кірпияз, кербез, киелі жануар. Қазақ қазақ болып, ұлт болып қалғаны үшін – ат пен анаға қарыздар. 
Осыншама  кең  байтақ  жерді  бабаларымыз  аттың  жалында,  түйенің  қомында,  білектің  күшімен, 
найзаның ұшымен сақтап қалып, бізге аманат етіп тапсырды. 
Жалпы, жылқы малына беретін 22 тұжырымды сан бар. Құлын – жатырына, бала  – нағашысына 
тартады. Алып – анадан, ат – биеден. Бір сапар ат арытпас, жаман жолдасын жарытпас. Жүйрік атта 
жал болмайды. Жылқы – тәңірдің жердегі елшісі...  
Жылқы  малының  қыр-сырын  терең  білген  қазақ  халқы  тегі  мен  күтімі  мықты  жылқы  малының 
қандай қиын кезеңде де қасиеті кемімейтінін  Арғымақ ат жабы болмайды, жалы кетіп арыса да 
деген мақалда  бекіткен. 
Қазақ    жылқы  түлігінің  түр-түсін  ажыратудағы,  мінез-қылығын  жете  меңгерудегі  сан  ғасырлық 
тәжірибесін  адамтану  тағылымына,  «Адам:  Адам»  аралық  қарым-қатынастың  дипломатиясына 
танымдық деңгейдегі ассоциациялық  байланыс  өзегі  етеді.  Мәселен,  арам пиғыл,  қара  ниет,  сұрқия 
мінез  т.б.  жаман  қылықтар  адамның  ішкі  әлемінің  қалтарыс-қатпарларында  болатыны,    сыртына 
қарап адамның ішкі жан дүниесін тап басып тану мүмкін еместігі паремиологиялық дүние суретінде 
Адам  аласы  ішінде,    жылқы  аласы  сыртында  мақалы  арқылы  берілген.  Ат  үстіндегі  тіршілігінде 
шөлден  кезерген  ернін  торсығындағы  сусын-шалабымен,  қымыран-қымызымен  жібіткен  қазақ 
«жанына  торсық  байлатпайтын  ат»  образы  арқылы  жарлыдан  жаңа  байыған,  қытымыр,  мазасыз 
адамның бейнесін: 
Жаман атқа жал бітсе,  
Жанына торсық байлатпас;  
Жаман адамға мал бітсе,  
Жанына қоңсы қондармас,  
Қондырса да оңдырмас, –
  
деп сомдайды. 
Бұл  бейнелі  образды  Ә.Қайдардың  төмендегідей  талдауы  ойымызды  толықтыра  түседі:  «Басына 
бақ  қонып,  беделі  көтерілген  адам  басқаларға  мұрнын  тұштитып,  менсінбей  қарайтын,  олардан 
бойын  алыс  ұстап,  аспандап  кететін  әдеті.  Ол  мінез  әбден  семіріп,  қоңданып  алған  жылқының 
жанына  торсық  байлатпай,  осқырынып,  оған  шошына,  үрке  қарауынан  бір  байқалса,  мал  бітіп,  ел 
көзіне  түсе  бастаған  өресіз,  жаман  адамның  қызғанып,  маңайына  басқаларды  жолатпауынан  тағы 
байқалады» [2, 309 б.].  
Қазақ  салты  бойынша  ала  жіп  кесісіп,  қыл  арқан  (аттың  қылынан  жасалған  заттар  оңайлықпен 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
26
 
шірімейді)  ұстасып  уағдаласқан,  анттасқан  адамдар  оларды  мойнына  алған  міндетім,  арқалаған 
аманатым, берген уағдам деп қарап, қайткен күнде де орындауға тырысатын болған. Кісіде кісі ақысы 
кетпес, түбінде ол да бір жақсылықты қайтарар деген қазақтың кең мінезі, адамгершілік қасиеті,  ең 
парасатты  адамдық  парыз  туралы  бағасы  Ер  мойнында  қыл  арқан  шірімес  паремиясына 
сыйдырылған.  
Ер-азаматтың асыл қазына-мүлкінің бірегейі саналатын ат өзіне тән сан алуан абзал қасиеттерімен 
(сергектік,  сезімталдық,  жүйріктік  пен  ұшқырлық,  төзімталдық  пен  қуаттылық  т.б.)  қатар  оқыстан 
қауіп-қатер тудыра алатын жануар екендігі Ат жалында ажал тұрады  мақалында көрініс береді. 
Бұл  мақалдың  тағы  бір  мағынасын  Ә.Қайдар  былайша  тарқатады:  «Ат  жалында  ажал  тұрады» 
деген оралым оның ертеректегі ең басты міндеттерінің бірі  – жауына қарсы шапқан ер қанаты бола 
білуінде, «тұлпар мініп, ту шайқаған» батырдың өзімен бірге қанды қырғынға кіріп, төтеп беруінде. 
«Аттың  жалы,  түйенің  қомында»  жүрген  ер-азаматқа  мінген  атының  жалы  оның  жеңісіне  де, 
ажалына да куәгер болуы мүмкін» [2, 207 б.]. 
Қазақтың даналық қорындағы мәтелі «біреуге жеңіл-желпі жақсылық істеймін деп, оған керісінше 
зиян келтіріп алу, жақсы ниетпен істелген істің кейде жамандыққа айналып кетуі де мүмкін екенін» 
білдіреді.  «Қылшығын  шығарамын  деп,  былшығын  шығарыпты»,  -  мұндай  ойды    экспрессивтік-
эмотативтік  тұрғыдан  айрықша  бейнелі  етіп  жеткізу  үшін  былшық  пен    қылшық  сияқты  екі  түрлі 
заттың мал организміне қатысы сарапқа салынады. Көз ауруының белгісі ретіндегі былшық – ағзаның 
ауруға  қарсы  күресінің  нәтижесінде  сыртқа  шығарылатын  қоймалжың  сұйық  зат  болатын  болса, 
қылшық – атқаратын белгілі қызметі, пайдалы қасиеті бар организмнің төл элементтерінің бірі. Әйтсе 
де «ұнамсыз зат» ретіндегі былшықтың тіл иесінің  «организм үшін өмірлік маңызы ерен зат болып 
табылмайтын»  қылшық  туралы  пікірімен қабысуы  мәтелдің жалпы  мағынасына жағымсыздық  реңк 
дарытады. 
Қылшық сияқты қыл да – жылқы организмінің төл элементі. Оның қаттылығы, жіңішкелілігі қазақ 
тілінде  көптеген  бейнелі  тұрақты  тіркестердің  образына  арқау  етіледі.  Мәселен,  жаудан  қыл 
тартсаң  да  –  пайда  мәтелі «жауласқан соң, жауыңды аяма» деген жаугершілік тұстардағы қағида 
бойынша  «жауыңның  өзіңе  қажетті  барлық  мүмкіншілігін,  тіпті  оның  бойынан  бір  қыл  тартсаң  да, 
яғни  қылға  татырлық  бір  болмашы  пайдасын  көрсең  де  оны  өз  жеңісіне  пайдалана  біл»  дегенді  
аңғартады. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  халқының  даналық  қорын  құрайтын  мақал-мәтелдерде  «Адам:  Жануар» 
жүйесіне  байланысты  фондық  (тура)  жағдаяттың  «Адам:Адам»  жүйесіндегі  ұқсас  жағдаятпен 
ассоциацияға түсуінің нәтижесінде адамға қарата қолданылатын дидактикалық сарындағы ауыспалы 
мағына  туындайды.  Демек,  жылқының  түгіне  қатысты  образға  негізделген  мақал-мәтелдердің  
прототиптік-фондық мағынасы арқылы мал шаруашылығының қыр-сырын жетік білген халықтың іс-
тәжірибелері  тұжырымдалатын болса, ауыспалы мағына  арқылы қоғам  туралы,  қоғамдағы  адамның 
алатын орны, атқаратын қызметі, мақсат-міндеті, ой-арманы, мұраты туралы,  адамның жеке басының 
қадір  қасиеті,  мінез-құлығы  туралы  жинақталған  пайым  ұрпақ  зердесіне  тіл  арқылы  жеткізілетін 
білім түрінде бекиді.   
 
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998.  
2.  Қайдар  Ә.  Халық  даналығы  (қазақ  мақал-мәтелдерінің  түсіндірме  сөздігі  және  зерттеу).  –  Алматы: 
Тоғанай Т., 2004. – 559 б.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
27 
ӘОЖ 811.581`366 
 
Халманова С. Б.  
магистрант 
 
ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ СӨЗДЕРГЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ 
 
Түйіндеме: Бүгінгі күні түрлі саладағы мамандар екі ел арасындағы қатынасты нығайта түсу үшін көп еңбек 
етуде.  Зерттеліп  отырған  көп  саланың  ішінде  тіл  білімі  өзіне  тиесілі  орынды  иемденген.  Қытай  тілі 
грамматикасының  өзіндік  ерекшеліктері  баршылық,  қазақ  тілі  де  төл  өзгешеліктерге  толы.  Осы  ұқсастықтар 
мен ерекшеліктерді салыстыра зерттеу біраз уақыттан бері алға қойылып отыр.  
Қытай тілін үйренуде біз көптеген қиыншылықтарға тап боламыз. Қытай тілінің грамматикасының өзіндік 
ерекшеліктері  өте  көп.  Осыған  байланысты  кейбір  тақырыптар  егжей-тегжейлі  түсіндіруді  талап  етеді. 
Аталмыш мақалада  біз сөйлем арасында өте  жиі қолданылатын көмекші сөздертақырыбына тоқталдық. Оның 
жиі  қолданылатын  жағдайларын  көрсетіп,  айырмашылығын  талқыладық.  Соның  арқасында  қысқаша,  әрі 
түсінікті  анықтамаларға  қол  жеткіздік.  Осы  арқылы  қытай  тілін  үйренушілерге  көмекші  сөздер  тақырыбын 
қарастырған  кезде  өз  септігін  тигізеді  деп  үміттенеміз.  Мақаланың  жазылу  барысында  бірнеше  әдебиеттер  
көзіне  жүгіндік.  Жазу  барысында  қазақ  және  ағылшын  тілдеріндегі  сәйкес  анықтамалар  мен  түсініктері 
қолданылды.Қытай  тілінде  сөз  тіркесінің  құрамындағы  сөздерді  байланыстыруға  дәнекер  болатын  септік, 
жіктік, тәуелдік жалғаулары жоқ. Сондықтан синтетикалық  тәсіл сөз түрлендіруші формалары жоқ немесе өте 
аз тілдердің бірі — қытай тілінің табиғатына тән құбылыс емес. Осындай тілдік ерекшеліктерді ескере келе бұл 
жұмыстың  бізге  берер  ақпары  мол  деп  білемін.Зерттеу  барысында  түрлі  мысалдар  келтіріліп,  екі  тілдің 
ерекшкліктері өзара салыстыру, салғыстыру арқылы егжей-тегжейлі қарастырылған. 
Тірек сөздер: көмекші сөздер, сөз тіркестері, байланыс, қытай тілі грамматикасы, жүйелеу. 
Аннотация: В целях укрепления прочных и дружественных связей между двумя соседствующими странами 
выполняется  очень  большая  работа,  в  этом  направлении  трудится  большое  количество  людей.  Языкознание 
тоже  вносит  свой  вклад  в  развитие  крепких  отношений.  Всесторонне  исследуются  китайская  грамматика, 
литература  и  культура.В  процессе  изучения  китайского  языка  мы  очень  часто  сталкиваемся  с  трудностями, 
потому  что  грамматика  китайского  языка  очень  специфична.  В  китайском  языке  грамматическое  значение 
выражается  не  морфологически,  а  с  помощью  предлогов,  союзов,  вспомогательных  глаголов  и  других 
служебных  слов,  а  также  с  помощью  порядка  слов.  Именно  поэтому  иногда  нам  нужно  более  тщательно 
разбирать некоторые темы. В данной статье мы рассмотрели одну из тем, с которой сталкиваемся лицом к лицу 
почти в каждом предложении. Это использование вспомогательных слов. Поскольку в грамматике китайского 
языка  нет  окончаний  и  связующих  средств,  широко  используются  вспомогательные  слова.  В  статье  кратко 
рассказывается  о  видах  и  функциях  вспомогательных  слов.    Мы  показали,  в  каких  ситуациях  те  или  иные 
иероглифы применяются как вспомогательные слова, а также их  различия в применении. Как результат, у нас 
есть  материал,  который  доступно  объяснит  изучающим  китайский  язык  тему  вспомогательных  слов, 
использование  и  различия.  В  процессе  исследования  было  использовано  несколько  источников  литературы, 
сравнивались грамматика, как казахского языка, так и английского языка по данной теме. 
Ключевые слова: вспомогательные слова, словосочетания, структура, связь, грамматика китайского языка. 
Abstract: Specialists of different fields are  working hard together in order to strengthen the relations between the 
two neighboring countries. Linguistics has its own very special place among the other fields that have been researched. 
Chinese language has its own grammatical differences, as well as the Kazakh language. In the process of studying the 
Chinese  language,  we  often  encounter  difficulties  because  Chinese  grammar  is  very  specific.  In  Chinese,  the 
grammatical meaning is expressed not morphologically and using prepositions , conjunctions, auxiliary verbs and other 
functional  words  ,  as  well  as  through  word  order  .  That's  why  sometimes  we  need  to  analyze  some  topics  more 
carefully.  In  this  article,  we  discussed  one  of  the  topics  which  are  faced  in  almost  every  sentence.  This  is  the  use  of 
auxiliary  words. Since Chinese grammar has no endings and binders, auxiliary  words are  widely  used. Article briefly 
describes  the  types  and  functions  of  auxiliary  words.  We  have  shown  in  what  situations  these  or  other  characters  are 
used as auxiliary words, as well as their differences in the application. As a result, we have a material that is available to 
explain  the  topic  of  how  to  learn  Chinese  words  subsidiary,  use  and  differences.  During  the  study  we  used  several 
sources of literature in order to compare the grammar of the Kazakh language and the English language in the subject. 
Key words: particles, phrases, structure, conjunction, Chinese language grammar. 
 
Әрбір тілге өзіндік ерекшелік тән.  Грамматика жылдар бойы егжей-тегжейлі зерттеліп саралауға 
түседі  және  зерттеген  сайын,  жаңа  қырынан  ашылып,  ғалымдарды  таң  қалдырып  келеді.  Көмекші 
сөздерге қатысты да ғалымдар арасында даулар аз емес. “马氏文通”-нан (“Ма Шы Вен Тонг”) қазіргі 
кезге дейін қытай тілі грамматикасы көмекші сөздерге байлынсты төрт аспектіге назар аударған: 
Атауы 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
28
 
Сөз таптарымен байланысы 
Ішкі жүйеленуі 
“көмекші сөз+етістік” сөз тіркестерінің сипаты мен ерекшеліктері 
Аталмыш аспектілерге жеке тоқтала кетсек. 
Атау мәселесі. 
Көмекші  сөздерді  зерттеу  мәселесі  әлі  белгілі  бір  қалыпқа  немесе  бір  ретке  түсіп  болған  жоқ. 
Атаулар  арасында  ең    кең  таралғаны:  “助词”  (“көмекші  етістік”),  одан  бөлек  сан  алуан  атаулары 
кездеседі.  Мысалы,  “ 能 愿 动 词 ”(“модальді  етістік”),  “ 助 谓 词 ”(“көмекші  баяндауыш”),  “ 能 词 ” 
(“көмекші  сөз”),  “ 限 制 副 字 ”  (“шартты  көмекші  морфема”),  “ 限 制 词 ”(көбіне  “үстеу”  ретінде 
қолданылады).   
“马氏文通”, “中等国文典” сияқты алғашқы зерттеулерде “助动词” деген атауы қолданылған. “能

动词”деп  “暂拟汉语语法教学系统”(1956),  “中国现代语法”(王力  1943)  кітабының  синтаксиске 
байланысты екінші тарауында  “能愿动词”(“модальді етістік”) деп келтірілген. 
Сөз таптарымен байланысы. 
Көмекші  сөздердің  қай  сөз  табына  жатады  деген  мәселеге  байланысты  бірнеше  пікірлер 
бәсекелесуде, олардың ішіндегі ең негізгі үшеуі мыналар: 
Етістікпен байланысы: 
Lu  Shu Xiang-ның (吕叔湘) айтуынша: “Көмекші сөздер түсінігі  ағылшын тілі грамматикасынан 
кірістіріліп алынған. Ағылшын тіліндегі түпнұсқасындағы мағынасы ‘көмекшілік сипаты бар етістік (
辅助性的动词)’,  көптеген    адамдар  оны  “модальді  етістіктер”  деп  түсінеді,  ол  қате  түсінік.”  Lu 
мырзаның пайымдауынша, көмекші етістіктер, етістіктердің бір категориясы. Көптеген ғалымдар осы 
пікірді  ерекше  бөліп  көрстеді.Олардың  ойынша  көмекші  етістіктер  ─  атаушы  сөздер  және 
етістіктердің тағы бір категориясы немесе тағы бір түрі. 
Шартты көмекші морфема ретінде қарастырылуы: 
Chen Cheng Ze(陈承泽) “国文法章创” (“Guo Wen Fa Zhang Chuang”) атты еңбегінде, “限制副字” 
(шартты көмекші морфема) деген анықтаманы қолданған. 
Көмекші сөз ретінде: 
Zhou Fa Gao-дың (周法高) “中国古文法”  атты кітабында көмекші етістіктер көмекші сөз ретінде 
танылады да, баяндауышты анықтау рөлін атқарады делінген. Gau Ming Kai (高名凯) да  “汉语语法论
” шығармасында осы ойды қолдайды, яғни  көмекші етістіктер көмекші сөз ретінде қолданылады деп 
жазған.  
Пікірлердің осылай үш түрлі болып тармақталуы тек ғалымдардың жеке пікірінің болуымен ғана 
емес,  жалпы  тіл  грамматикасы  аясында  көмекші  сөздердің  дамып,  зерттелуіне  де  байланысты. 
Көмекші  сөздер  жүйесі  Цинь  әулетінің  билігіне  дейінгі  кезден  қалыптаса  бастаған.  Көмекші 
етістіктер  толық  мағыналы  етістіктермен  тіркесе  келіп,  қосымша  мағына  үстейді.  Жеке  тұрғанда 
өзінің  мағынасы  болмайды,  сондықтан  да  етістіктермен  тығыз  байланыста  болып,  жиі  етістіктің 
категориясы ретінде қабылданады.  
Ішкі жүйелену (классификация) 
Келтірілген мәліметтер әр түрлі  болғандықтан, олардың ішкі топтастырылуы да әр түрлі болып 
келеді. Көбіне мағыналық қолданылуына байланысты үш немесе алты түрлі топтастырылу кездеседі. 
Ғалымдардың келтіреген топтастыруларына назар ацдарайық: 
Zhou Bing Jun (周秉钧) үш топқа бөледі: мүмкіндік (可能),қажеттілік (需要), қалау (愿欲).  
Chen  Cheng  Ze(陈承泽)төртке  бөлуді  ұсынады:  болжау,  мақсат  мағынасы  ,  шешім  шығару 
мағынасы, мүмкін болу (нақты емес) мағынасы, келісімге келу мағынасы бар көмекші етістіктер.  
Yang  Bo  Jun  (杨伯峻)  мен  He  Le  Tu  (何乐土)  былай  топтастыруды  ұсынған:  мүмкіндік,  ой-сана, 
міндеттілік. 
Wang  Li-дің    (王力)  классификациясы  алдыңғы  көрсетілгендерден  біршама  өзгешелеу:  қабілетті, 
саналы, өктемшіл, селқос (бейтарап)мағыналы көмекші сөздер  деп бөліп көрсетті.  
Көмекші сөздер түсінігі. 
Сөздің,  сөз  тіркесі  немесе  сөйлемнің  соңына  жалғанып,  қосымша  мағына  үстеп  немесе    көңіл-
күйді білдіретін сөздерді─ көмекші сөздер деп атайды.  
Көмекші сөздер қытай тілінде үш үлкен топқа бөлінеді: 
Құрылымдық 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
29 
Аспектілі 
Демеулік  
Көмекші сөздердің осы түрлеріне жеке тоқтала кетсек. 
Құрылымдық көмекші сөздер (结构助词) 
Сөздер  мен  сөз  тіркестерінен  кейін  келіп,  грамматикалық  байланыста  білдіретін    көмеші  сөздер 
құрылымдық  деп аталады. Олардың негізгі үш түрі бар: 的(de),  得(de),  地(de).  
Аспектілі көмекші сөздер (动态助词) 
Етістіктердің соңынан жалғанып, қосымша мағына үстейтін сөздерді аспектілі көмекші сөздер деп 
атайды.  Аспектілі көмекші сөздердің ең жиі кездесетін үш түрі бар: 
了(le)着(zhe)过 (guo) 
Демеулік көмекші сөздер (语气助词) 
Сөйлемнің  соңында  келіп  көңіл-күйді  білдіретін  сөздерді  демеулік  көмекші  сөздер  деп  аталады. 
Кең таралған демеулік көмекші сөздер мыналар: 
吗(ma)       呢 (ne)        吧 (ba)       了(le)       啊(a)  
Көмекші сөздердің грамматикалық ерекшеліктері: 
Жеке тұрғанда ешқандай мағынасы болмайды 
Жалғыз қолданылмайды 
Нөлдік тонмен оқылады 
Қызметі: 
Жеке сойлем мүшесінің қызметін атқара алмайды 
Сөйлем  ішінде  міндетті  түрде  сөздің,  сөз  тіркесінің    соңынан  келеді  немесе  мүлде  сөйлемнің 
соңына қойылады. Мысалы,  
奶奶的眼
镜(зат есімнен кейін тұр) 
十分
兴奋地谈论(сөз тіркесінен кейін келіп тұр) 

卫着祖国(етістіктен кейін қолданылған) 
他来
吗?(сөйлемнің соңында қолданылып отыр) 
快走啊!(
сөйлем соңында тұрып, көңіл-күйді білдіріп тұр) 
Ерекше назар аударатын мәселелер: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет