«Вітчизнянанаука: сучаснийстан,актуальніпроблемитаперспективирозвитку»



Pdf көрінісі
бет58/113
Дата12.01.2017
өлшемі8,82 Mb.
#1708
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113

Әдебиеттер:

 

1. 


Маркс К. Әлеуметтік әділет туралы. –

 

Алматы: Қазақстан, 1989. –



 

288 б.


 

2. 


Энгельс Ф.Происхождение семьи, частной собственности и государства. –

 

М.: Политиздат, 1975. –



 

240 с.


 

3. 


Гришина Н.В. Психология конфликта. –

 

СПб.: Изд



-

во «Питер», 2000. –

 

464 с.


 

 

Ғылыми жетекші:



 

п.ғ.к., доцент Сарыбеков Қ

-

Д.Н.


 

 

 



С.Е. Каукаева

 

(Тараз қаласы, Қазақстан)

 

 

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ



 

 

Жас ұрпаққа экологиялық тәрбиені қалыптастыру мәселесі қазір дүниежүзі халықтарының, ғалымдарының, 

педагогтардың,  саясат  қайраткерлерінің  назарын  аударып  отыр.  Қазіргі  кезде  жер  шарында  жаппай  экологиялық 

апаттың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғат қорғау жүмыстарын түбірімен жаңа негізде жетілдірудің 

қажеттігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді.

 

Ғалым  эколог  И  Д  Зверевтің  [1]  пікірінше,  экологиялық  білім  мен  тәрбиені  қалыптастырудың  мақсаты  мен 



мәні

-

қоршаған ортамен, табиғатпен қарым



-

қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен қарайтын 

көзқарасы мен сенімін қалыптастыру. А.Н.Захлебный экологиялық білімді қалыптастырудың мақсаты

-

қоршаған ортаға 



құқық  нормалары  мен  моральдік  ұстанымдарынан  туындайтын  жауапкершілік  қатынастың  негізінде  экологиялық 

мәдениет қалыптастыруға болатындығын айтады [2].

 

Осы орайда, орта мектептерде экологиялық бағыттағы тәрбиені қалыптастыруда, сыныптан тыс жүргізілген 



жұмыстың  пайдасы  ерекше.  Мұғалім  оқушылардың  әрқайсысының  табиғатты  қорғауға  тәрбиелеуде  дәрістер, 

этнографиялық  әңгімелер,  сол  сияқты  табиғатқа  саяхат,  экология  үйірмесі  (жас  натуралистер  станциясына 

қамқорлық),  факультативтік  сабақтар  және  сыныптан  тыс  жұмыстары  оқушылардың  азаматтық  борышын 

қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады. Қазіргі кезде оқушыларға экологиялық тәрбиені қалыптастыруда 

көбірек  қолданылатын  сыныптан  тыс  жұмыс  түрлеріне  ашық  тәрбие  сағаттары  мен  тақырыптық  кездесу  кештері 

жатады.


 

214 

«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 

 



 

Сонымен қатар, оқушы бойына экологиялық тәрбиені сіңіруде ескеретін жағдайлар:

 

А) Адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қолдану;



 

Ә)Тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу;

 

Б) Экологиялық іс



-

әрекетте білім, тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан

-

жақты факторлар қарастыру.



 

Экологиялық  түсініктерді  қалыптастыруда  төмендегідей  ұғымдарды  қарастыру  –

 

баланың  экологиялық 



білімдерді толық игеруіне мүмкіндігі мол.

 

Су  ресурстары  және  оны  қорғау,  атмосфералық  ауаны  қорғау,  ауаның  радиактивті  заттардың  әсерінен



 

ластануы,  қалалардағы  ауаның  ластануы,  өсімдіктерді  қорғау,  жануарлар  дүниесін  қорғау,  балықтарды  қорғау, 

құстарды қорғау, қосмекенділерді қорғау, орманды қорғау, шалғынды қорғау, топырақты қорғау, пайдалы қазбаларды 

қорғау.


 

Республикамыздың табиғат қорының сақталуы әрбір баланың, үлкендердің басты міндеті.

 

Адам ежелден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді, пайдалана береді. Бірақ адамның шаруашылық 



мақсат үшін өлшеусіз, көп пайдалануынан, кей жағдайларда орынсыз, ойланбай немесе білмесміктен істегені бар, 

әйтеуір, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі қазір елеулі зардап шегуде. Еліміздің ормандары сирей бастады. Өсімдіктер 

әлемінің,  соның  ішінде  орман

-

тоғайлар  азайды.  Әсіресе  қалалар  төңірегі  күшті  өзгеріске  ұшырады.  Қоқыс  пен 



қалдықтар  үйіндісі  көбейеді.  Сондықтан  табиғатты,  өсімдіктер  әлемін  қорғау  елімізде  үлкен  мақсат  етіп  қойылып, 

елеулі  жұмыстар  істелуде.  Табиғат  қорғау,  оның  байлығын  тиімді  пайдалану  Қазақстан  Республикасы 

Конституциясында  жазылған.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқушыларда  экологиялық  білімді  қалыптастыру 

бірнеше арнайы талапты қажет етеді.

 

Тәрбие  сағатының  жоспарларын,  оған  сәйкес  оқулықтар  және  оқу  әдістемелік  құралдар,  сыныптан  және 



мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру табиғат мұражайы, экскурсия т.б. Осыны орындау үшін

 



 

Мұғалімнің экологиялық білімінің дайындық деңгейі;

 



 



Жаңартылған әдіс тәсілдерді қолдану;

 



 

Ақпарат жинақтау т.б. керек.

 

Экологиялық бағытта тәрбиені қалыптастырудың өзіндік ұстанымдары бар.



 

1.Ғылымилық ұстаным –

 

оқушыларға берілетін білімде фактілер, құбылыстар, процестер, адамның табиғатқа 



әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық апат жағдайларының нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген 

материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.

 

2.  Байланыстылық  ұстаным  –



 

табиғаттағы  тірі  және  өлі  табиғат  пен  орта  (топырақ,  су,  өсімдіктер  және 

жануарлар) арасындағы тығыз байланыс бар екенін ұғындыру

 

3.  Қызығушылық  ұстаным  –



 

оқушы  бойында  еліміздің  табиғатына  қызығу  сезімін  ояту,  туған  өлке,  табиғат 

байлықтарын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

 

4.Үздіксіздік ұстаным –



 

оқушының табиғат туралы білім қорын бала

-

бақшадан бастап, жоғары сынып, орта 



буын, жоғары сыныпқа көтерілу деңгейіне үйлестіре отырып, үздіксіз дамыту

 

5.Кіріктіру  ұстанымы  –



 

экологиялық  білім  қалыптастыруда  ана  тілі  бейнелеу  өнері,  еңбек  т.с.с  пәндермен 

байланыстыру

6.Көрнекілік ұстаным  –



 

оқушыларға  экологиялық  білім  көрнекілік  құралдар,  бейнесюжеттер,  жинақтар  т.с.с 

пайдалану

 

7.Қабылдаушылық  –



 

экологиялық  ғылымның  мазмұнын  мұғалім  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай 

жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігі, ұғымдар, заңдылықтар қабылдау мүмкіншілігін ескере отырып, 

түсінікті жатық тілмен жеткізу.

 

8.Өлкелік  ұстаным  –



 

тұрмыс  салт

-

дәстүр,  қала  және  ауылдық  жерлердегі  экологиялық  жағдайлар 



таныстырылуы тиіс.

 

 



Әр ғылым саласы сияқты экологияның да өзіне тән заңдары бар:

 



 

Минимум заңы –

 

бұл заң бойынша тірі жүйелер олардың дамуын шектейтін факторларға тәуелді болады.



 

 



Толеранттылық заңы –

 

бұл заңда 1993 жылы В Шелфорд [3] енгізген. Белгілі бір ортада ең көп кездесетін 



тірі жүйе үшін осы орта оңтайлы (оптимальды) болып табылады.

 



 

Шектейтін факторлардың жалпылама заңы

-

тірі жандар үшін ауа,жарық,ылғал жатады



 

 



Бәсекелестік заңы –

 

биологиялық мағынасы бойынша бір экологиялық жүйеде 2 тип ұзақ бірге өмір сүре 



алмайды.

 

Экологиялық  негізгі  қағидалар  мен  ұстанымдардың  бұзылу



 

себебінен,  экологиялық  сауатсыздықтың 

салдарынан Жер –

 

Ана зиян шегіп отыр. Қазіргі кезде адам және қоғамның қоршаған ортамен қарым



-

қатынасы ерекше 

күрделене түсті. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің өндірісінің күрт дамуы адамның 

табиғатқа ықпалын күшейтті.

 

Экологияның өзі табиғатты қорғаумен байланысты екендігі түсінікті. Экология табиғаттың толық тазалығын, 



табиғаттың сұлулығын,табиғаттың мол байлығын сақтап,қорғай отырып,табиғатты адам қажетіне толық пайдаланудан 

тұрады делінген анықтама берген.

 

С.Торайғыровтың  [4]  пікірінше,  адам  табиғаттың  туындысы,  ондағы  себептіліктің  жемісі.  Ол  дүниенің 



сырларын  біртіндеп  ашып,  оны  шама

-

шарқынша  өзгертіп  отыратын  белсенді  тұлға.  Адам  сыртқы  дүниемен 



байланыса отырып, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл

-

ойын дамытады, оның ешбір рухани қасиеті туыстан 



пайда  болмаған.  Бізді  қоршап  тұрған дүние сыры  мол, үлкен  дүние,  бірақ  оны  тануға  әбден  болады  деп  ақын өте 

дұрыс материалистік тұжырым жасады. Адам өмірі табиғат аясында өсетіндіктен, ол табиғаттың тынысын, ішкі сырын 

білуді ғасырлар бойы арман еткен.

 

Қазақтың данышпан ақыны, философы Абай Құнанбаев табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылаған [5]. 



Дана  халық  көптеген  қызықты  толықтырулар,  тұжырымдамалар  жинақтаған.  Балаларды  экологиялық  тұрғыда 

тәрбиенілеуде –

 

қоршаған ортаны танып білу, баланың ойын дамытудың құралы деп санаған. Ж.Ж.Руссо [6] өзінің 



педагогикалық  трактатында  Я.А.Коменскийдің  [7]  табиғат  және  оны  қорғауға  тәрбиенілуге  қатысты  ой  пікірлерін 

толықтырып, әрі қарай дамытты.

 

Сонымен қатар, И.В.Зверев [1], Н.С.Сарыбеков [8] экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыруды сабақта 



да, сыныптан тыс жұмыстарда ұйымдастыруды көрсете жазды. Бала шынайы өмірге бақылау жасай отырып, әрбір 

бала өзінің қоғамдық пайдалы өміріне қарай қажетті білім нәрін алады.

 

Бүгінгі  таңда  жасөспірімдерге  үздіксіз  экологиялық  білім  қалыптастыру  жүйесін  жаңаша  құру  және  оны 



өміршең  ету  республикамыздың  білім  қалыптастыру  тұжырымдамасында  жан

-

жақты  қарастырылған.  Оның  үстіне 



жалпы білім беретін мектептерді 12 жылдық оқу жүйесіне көшіру қалыптасқан оқу үрдісіне көптеген өзгерістер әкелері 

«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 



215 

 

 



сөзсіз.  Осы  түрғыда  жоғары  сыныптарда  оқушыларды  6  жастан  бастап  оқыту  көзделіп  отыр.  Сондықтан  оның  оқу 

жоспары мен бағдарламаларын оңтайландыру қажетгігі туары анық.

 

Әрбір  жасөспірім  жеткіншектің  ғана  емес,  сондай



-

ақ  әрбір  саналы  жанның  да  экологиялық  көзқарасын 

қалыптастыруға, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, соған орай жеке адамның мінез

-

құлқы 



мен іс

-

әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. 



Өйткені, күн өткен сайын экологиялық апаттың етек алуы, қоршаған табиғаттың ластануы тереңдей түскен қазіргі кезең 

экологиялық тәрбиені қалыптастырудың сабақтастығы мен үздіксіздігін барынша жақсартуды жүктеп отыр. Мұның бәрі 

сайып келгенде, экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыруды тез әрі жедел өмірге ендіруге тікелей байланысты 

екені  белгілі.  Сондықтан  да  ең  алдымен,  қазіргі  таңда  жеке  ғылым  болып  жүйелі  зерттеліп  келе  жатқан  экология 

саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет.

 

Экологиялық білім дегеніміз  –



 

табиғатты қорғау саясаты. Ал адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер түрі 

саналуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйеге жинақтап отырған сала  –

 

экология екендігінде 



дау  жоқ.  Өйткені,  экологиялық  мәселелердің  туу  кезінің  өзі  әлеуметтік

-

экономикалық  факторлар  болып  отыр.  Осы 



экологиялық қасіреттен құтылу үшін өндірістік үрдістердің барлық саласында экологиялық білім мен тәрбиені берілуі 

тиіс.


 

Қалай  болғанда  да  жоғары  экологиялық  сауаттылық  әрбір  адам  баласынан  талап  етілмек.  Экологиялық 

тазалыққа қамқорлық жасау үлкеннің де, кішінің де адамзаттық борышы екендігін ұмытпауымыз керек.

 

Қазір  барлық  жоғары  оқу  орындарында  дерлік  экологиялық  тәрбие  беріледі.  Экологиялық  білімді  іргелі 



ғылыми зерттеулерге сүйену арқылы жүзеге асыру қажет.

 

Табиғатты  қорғау  жұмыстары,  айналаға  сүйіспеншілікті  қалыптастыру,  соған  баланы  кішкентайынан  баулу 



жоғары сыныптарда, мектепке дейінгі мекемелерден басталғаны абзал. Халық қазынасы болып табылатын табиғат 

байлығы сол елдің бүгіні мен жарқын болашағы үшін барынша тиімді әрі ұқыпты пайдаланылуы керек.

 

Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаны сауықтыру экологиялық білімді ғана емес, экологиялық тәрбиеніге де 



қатысты. Демек, қоғам мен табиғат арасындағы қарым

-

қатынас мәселесін шешу –



 

мемлекеттік іс. Ал оны жүзеге асыру 

бүгінгі және болашақ азаматтардың парызы.

 

 



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. 


Зверев И.Д. Привитие чувства воспитания детей к охране природы //Педагогика № 1 1999.

 

2. 



Захлебный А.И. Вопросы экологии в школе //Педагогика № 1 2002.

 

3.  Shelford V.E. Basic principles on the classification of communities and habitats and the use of terms // Ecology. 1932. Vol. 



13. P. 105

120 



4. 

Қазақ


 

әдебиетінің

 

тарихы.


 

он

 



томдық.

 

Алматы:



 

Қазақпарат,

 2006. 



 



т.

 6. 


 249 


 292 


бет

 

5. 



Абай  Құнанбаев  «Қазақстанның  Ресейге  бағыну  кезіндегі  ағартушылық

-

демократиялық  ойлар»  Құрастырушы 



С.Қалиев т.5 Алматы «Сөздік

-

словарь» баспасы 2010



 

6. 


Руссо Ж.Ж. Эмиль и воспитание М: Просвещение 2002.

 

7. 



Коменский Я.А. Великая дидактика М: Просвещение 2000.

 

8. 



Сарыбеков  Н.  «Педагогические  основы  подготовки  учащихся  к  охране  природы  в  системе  общего  среднего 

образования».

 



 



Алматы 1994

 

Ғылыми жетекші:

 

п.ғ.к., доцент Сарыбеков Қ

-

Д.Н.


 

 

 



С.Е.

 

Каукаева

 

(

Тараз қаласы, Қазақстан

 

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ



 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ЫРЫМ

-

ТЫЙЫМДАР АРҚЫЛЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

 

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының [1] қабылдануы да тектен тек емес. 

Мұнда  да  экологиялық  тәрбиені  мен  білім  тек  осы  саланың  немесе  ғылымның  мамандарына

 

ғана  емес,  жалпыға 



бірдей  және  үздіксіз  жүргізілуі  атап  көрсетілген.  Халық  арасында  экологиялық  білімді  жан

-

жақты  тарату  барлық 



тіршілік  иесінің  міндеті.  Ол  үшін  мемлекеттен  бастап  кез  келген  қоғамдық  ұйым,  бірлестік,  бұқаралық  ақпарат 

құралдары айналысуы

 

тиіс.


 

Табиғат  –

 

адам  тәрбиешісі. Оның  құрамдас  бөлігі  болып  саналатын  өсімдіктер мен  жануарлар  әлемі,  биік 



таулар, сарқыраған өзендер, кең дала бәрі оқушыға баласына ой салып, денеге күш, қуат, көңіліне шабыт береді. 

Табиғат баланың дүниетанымын ақыл

-

ойын, тілін, танымдық қызығушылығын қалыптастыратын құрал.



 

Сыныптан тыс жұмыс –

 

балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі –



 

табиғат құбылыстары мен заттары 

туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, жұмбақтар т.б. көркем шығарма туындылары, түрлі түсті суреттер,

 

слайдтар 



сияқты көнекі құралдар кеңірек пайдалану керек. Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. 

Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс т.б өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркендеге 

елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымның тек кейбір элементтері 

мен  терминдері  ғана  жаратылыстану  пәндерінде  қосымша  берілуде.  Ертедегі  нақыл  сөздер,  мақал

-

мәтелдер, 



жастарды  табиғатты  сүюге,  олардың  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыруда  құнды  құрал  болып  саналады. 

Экология  тәрбиені  қалыптастыруда,  табиғатты  қорғауға  баулуда,  халықтық  педагогиканың  ролі  ерекше  және  оның 

саласы  мол.  Олар

-

табиғатты  қорғау  дәстүрі,  оған  сену,  сыйыну  ырымдары,  жан



-

жануарлар  мен  өсімдік  түрлеріне 

байланысты әдеп

-

ғұрыптар т.б. Қазақ халқының табиғатты тануы, оған көзқарасы ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаға 



жүргізген бақылау нәтижесінде тәжірибе елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған. Бақылау тәжірибесінде жинақталған 

жаратылыстану түсініктері мен білімдері негізінде халық табиғат жемісін пайдалану әдістерін,дағдыларын ғана емес, 

оны қорғау дәстүрлерін де дамытты, оларды жетілдіру жолдарында жөн

-

жорықтар мен ырымдарды қалыптастырды.



 

Сол ырымдар [2] арқылы жас буындарды сергектікке, байқампаздыққа баулып, қатерлерден сақтандырады. 

Халық табиғат жүдеуіне жол бермейтін тыйым ережелерін қоғамдық сана деңгейіне дейін көтерген. Өйткені ереже 

бұзылса, халықтық ереже де бұзылады. «Суға түкірме», «Күл шашпа», «Шөпті жұлма», «Көкті таптама», «Тал кеспе» 

т.б. болып жатқан тыйым сөздер мен ескерпелер табиғатпен қарым

-

қатынас сақтаудың халықтық ережесі, табиғаттың 



әдемілігіне кір келтірмес салауаттылық өлшемі болды. 

 

Қазақ  халқының  табиғат  қорғау  дәстүрінің  қалыптасуына 



216 

«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»

 

 

 



 

халықтың  наным

-

сенімдерінің  де  маңызы  зор  болды.  Халық  санасында  жаратылыс  дүниесі  адамдардың  тұрмыс 



тіршілігіне ұқсас деп топшыланды. Ежелгі түсінікте қоршаған ортаның бәрінің де жаны бар және жаратушысы бар, 

сондықтан олармен болатын қатынас жанды деңгейде болу керек деп есептеген. Қазақтың көне дәстүрі бойынша жер

-

адамзат,  жалпы  тіршілік  иелері  мен  өсімдіктер,  жан



-

жануарлар  анасы,  ал  аспан

-

жарық,  жылу  беріп,  жаңбыр 



жаудырып, бүкіл тіршілік атаулыға жақсылық жасап, қорған болатын атасы ретінде есептелінген.

 

Табиғатты қастерлеуге байланысты туған ырым, дәстүр, салттардың бәрі дін жасап берген игілік деп есептеу 



де дұрыс емес. Мысалы, күн күркірегенде «сүт көп, отын аз» деп үйді айнала ожаумен ұрғылап, оны есік алдына іліп 

қою ырымы діни нанымнан, қорқыныштан туындаған емес, керісінше мал басының көбеюін, шөптің шүйгін, ақтың мол 

болуын аңсап, табиғат септігіне тілеу жасау көрінісін білдіретін наным. Наным сенімдер [2] діндік дәрежеден ығысып, 

тұрмыс


-

салтындағы  ырымдарға  осылай  айнала  берген.  Табиғатты  өмірдің  тірлігі  ретінде  қарау  дүниетанымы 

қалыптасқан соң ырымдар табиғат қорғаудың нақты заң ережелеріне айналды. Табиғатты қастерлеуге байланысты 

сенім,  дәстүрлер  белгілі  бір  адам  табиғат  қарым

-

қатынас  байланыс  жүйесінде  тәжірибеден  өтіп,  шыңдалып,  оның 



пайдалы не зиянды, т.б. қасиеттерімен, септігінен танылған

 

ой байламы деп түсінген дұрыс. Табиғат құбылыстарына 



ырымдау,  оларға  ерекше  қасиет  қалыптастыру  олардың  сырын  танып,  білуден  келген  игілік  адам  мен  табиғат 

арасындағы өзара ықпалдастықтың, ажырамас байланыстың барын түсіну жатыр.

 

Сөйтіп  қазақ  халқы  табиғатты  қорғау  ісінде  бай  дәстүр,  әдет



-

ғұрып  қалдырды.  Оларды  бүгінгі  ұрпақ  –

 

тәрбиенісіне  пайдалану



-

мектептен  тыс  барлық  әлеуметтік

-

мәдени  мекемелерінің  төл  ісі,  тәрбиенішілердің  кәсіби 



парызы, ол уақыт талабы. Жалпы халықтың әдет

-

ғұрып, дәстүр, наным



-

ырымдарының мәні олардың әлеуметтік өмір 

салтын реттеуші заңдары, ережелері, ұрпақ тәрбиенісінің бірден

-

бір қайнары, қарым



-

қатынас, мәдениет құралы, қоғам 

мүшелерінің тіршілік ету ережелері мен қағидалары, адамгершілік ұстаным нормаларының параметрлері болуында 

деп түсінуіміз керек. Ендеше рухани мұра әдет

-

ғұрып, дәстүрлердің тәрбиенілік рөлінің шексіздігіне күмән келтіруге 



болмайды.  Ұзақ  жылдар  бойы  бақылау  мен  өмірлік  тәжірбиеден  түйінделген  дүниетанымның  бүгінгі  ұрпақ  игілігіне 

айналуы


-

өркенді өмір кепілі.

 

Ырымдар мен тыйымдардың тәрбиелік мәні –



 

сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, екшеленіп 

сараланып жеткен бай дәстүрлерінің бірі. Жақсылық нышандарына жоралға тыйым, қорғау, сақтау ретінде айтылатын 

ырымдар да көп. Әрбір ырым

-

тыйым сөздің негізінде қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке, адамгершілікке т.с.с жат 



қылықтан безіндіретін фәлсафалық түйіндер жатыр [2].

 

Экологиялық білім қалыптастыруды дамыту педагогика ғылымының басым бағыты екенін көрсетіп отыр.



 

Оқушылар топырақтағы, өсімдіктердегі бүлінген, ластанған аймақтарды жоюға әрекет жасайды.

 

Сонымен экологиялық тәрбиенінің мәні мен маңызына үңілетін болсақ –



 

ол адам баласының пайда болуымен 

тұспа

-

тұс келеді. Себебі адам баласының өмір сүру ортасы –



 

табиғат әлемі. Уақыт өте келе адам өзін табиғат әлімінің, 

яғни  қоршаған  ортаның  әр  түрлі  жағдайларына  бейімделе  бастады  және  осы  мекендерде  кездесетін  табиғат 

өзгешеліктерін қажетіне жарата білді. Бұл кейіннен жердің әртүрлі түкпірлерінде табиғаттың сан алуан өзгешеліктеріне 

әбден бейімделген үлкен тайпалар мен тұтас халықтардың пайда болуына әкеп соқты.

 

Қоғам  дамуының  келесі  сатысында  адамдар  жай  жеміс  жинаушы,  аңшылықтан  бірте



-

бірте  тұрақты  тамақ 

қорымен қамтамасыз ететін үдемелі шаруашылық түріне –

 

малды қолдан өсіруге көшті. Тұрақты мал шаруашылығына 



көшу адамды аңшылық кездегі жиі болып тұратын қауіпті жағдайлардан сақтандырды және кең алқап жайылымдарды 

пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл қоғам дамуындағы ең ірі жетістіктердің бірі еді. Мал шаруашылығының дами бастауы 

аңшылыққа қарағанда сыртқы ортаға әлдеқайда терең әсер етті.

 

Жер бетінде қалыптасқан бірлестіктерге ең ауыр соққылар жаңа қоғамдық формацияға көшкенде тиді. Бұл 



жолы  жер  беті  өз  тарихында  ең  үлкен  жеңіліске  ұшырады,  жаңа  формациялық  жүйенің  табиғатты  көп  мөлшерде 

пайдалануы  қуат  кризисіне,  адам  организмне  зиян  келтіріп,  қоршаған  ортаның  ластануына  алып  келді.  Өндірстің 

дамуы  шаруашылық  мақсаттарға  алуан  түрлі  табиғи  қорды  пайдалануды  қажет  етті.  Бұрыннан  пайдаланып  келе 

жатқан  жер,  орман

-

тоғай  және  хайуаннаттарға  қосымша  қазба  байлықтар,  су  көп  мөлшерде  өндіріс  жұмысына 



пайдалана басталды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде пайдалану қорлардың тез азаюына әкеп 

соқты.


 

Мыңдаған жылдар бойы эволюциялық даму үрдісінде қалыптасқан орман

-

тоғай, таза су, топырақ халықтың 



тығыз  орналасқан  жерінде  бүлініп,  кейбіреулері  пайдалануға  жарамай  қалды.  Өндірістен  шыққан  пестицид,  артық 

тыңайтқыштар,  радиоактивті  заттар,  электр  стансалары  мен  зауыттардан  шыққан  қалдықтар  қоршаған  ортаға 

шығарылып  тасталды.  Бұл  заттар  өздігінен  өңделіп,  табиғаттағы  заттардың  айналымына  қатыса  алмайтындықтан 

биосфераны ластап, оның өздігінен қайтадан қалпына келу үрдісіне кедергі жасады.

 

Жалпы адам баласының табиғатқа жасаған өзгерісінің ауқымдылығы табиғат тепе



-

теңдігінің кері ауытқуына 

және өндіріс күштерінің әрі қарай дамуына кедергі жасау қаупін туғызды.

 

Халықтың саны мен сана



-

сезімі, ғылымы мен техникасы өсіп, дамыған сайын қолда бар табиғат байлықтарын 

көбірек  пайдаланатын  болды.  Сондықтан  да  табиғатты  қорғау,  оның  барын  ысырапсыз,  орынды  пайдалану 

дүниежүзілік маңызы зор мәселеге айналып отыр.

 

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым



-

қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер 

шарындағы халық санының жедел өсуімен өндіргіш күштерінің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын 

күшейтті. Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. 

Адамзат  қажетіне  керек  шикізатқа  сұраныс  материалдық  өндірістің  көлемін  арттырды,  жер  қойнауы  мен  мұхит 

байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» 

деген  көзқарас  қалыптасты.  Мұның  барлығының  жер  бетіндегі  тіршілікке  тигізген  әсері  табиғаттың  өзіне  тән 

құбылыстардан –

 

табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет