(Тараз қаласы, Казахстан)
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ
-
ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Егемен еліміздің –
жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз баянды жеңісі –
тұғыры биік Тәуелсіздігі, оның
қасиетті құндылығы –
халқымыздың сан ғасырлық тағылымды тарихымен жарасымды жалғасқан демократиялық
дамудың заңдылықтары десек, бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл
-
ауқатын арттыру
–
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында жаңа қырынан көрініс тауып, ол «әлеуметтік игіліктерді
қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай
-
ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуі
тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұраты осы» [1] деген ой
-
пікірлері
арқылы негізделеді.
«Қазақтың түп атасы –
батыр Түрік» деп жазған Ш.Құдайбердиев қазақтың арғы тегі түріктер екендігін былай
көрсетеді: «Жоғарғы әр түрлі шежіре кітаптардың сөзінен біздің қазақ Нұх пайғамбардың Яфас деген баласының
нәсілінен. Қытайша Тукю –
біздің тілде түрік аталған халықтан екені анық болды. Түрік деген дулыға деген сөз екен.
Онан соң бір кезде ғұн, яки хун деп аталыпты. Оны Нәжиб Ғасымбек Орхон өзеніне қойылған аттан қойылды дейді.
Онан кейін әр түрлі атпен бөлектеніп кетсе де, біз ұйғыр атынан шыққан елміз. Бұл ұйғыр деген бірігіп қосылған деген
мағынада деп шежіре жазушының бәрі айтқан десе де болады. Сол ұйғырдан қырғыз, қаңлы, қыпшақ, арғынут,
найман, керейт, дулат, үйсін деген таптар шығып, солардың нәсілінен шыққанбыз. Ақырында Шыңғыс хан татам татар
мағолды алып, төрт баласына ел бөліп бергенде, үлкен баласы Жошыменен онан кіші баласы Шағатайға татар
атанған елдерді бергенде, соның ішінде татар атанып және Жошыға тигені –
Жошы ұлысы, Шағатайға тигені –
Шағатай
ұлысы атанған, онан кейін біздің Жошы ұлысындағы аталарымыз Жошы нәсілінен Өзбек хан мұсылман болғанда,
барша Жошы ұлысы өзбек атанып, онан кейін әз Жәнібек ханға еріп, Ноғай ханнан бөлінгенде қырғыз, қазақ атанған
елміз, ол кезде ол атпен атанған ел, жалғыз ғана біздің үш жүздегі қазақ емес, көп ел еді.
Оның көбі отырықты өмірге
кіріп, әр жерге барып, бірталайы ноғай, башқұрт атанып, бірталайы өзбек, сарт атанып кеткен. Ақырында қазақ деген
ата бізде қалған» [2. Б.21]. Қазіргі таңда елін сүйген, өз халқының болашағын ойлаған, «жеті атасын білмейтін ер
жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деген халық даналығын санасына ұлы қағида деп түйген зиялы
ойдың иелері –
тарихшылар, әдебиетшілер мен қоғам қайраткерлері қазақ халқының этногенез жағынан алғанда, үш
мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық екендігін барша әлемге мойындату қажеттігін айтады. Белгілі
тарихшы К.Р.Аманжолов бұл туралы былай деп жазады: «Біз тарихқа VI ғасырда «түркі» деген атпен енсек те,
алтайлықтар, сақтар, хундар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады) мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі
елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың діңгегі, әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917 жылғы
қазан төңкерісіне дейін қазақ та, түрікмен де, қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да өз тарихында толыққанды мемлекет
болмаған, ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз деп, қу тақырда жаралған, яғни тексіз етіп көрсетуге тырысты. Түркі елінің
тарихы біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан, ертедегі хундар империясының құрылу кезеңінен басталады да,
біздің заманымыздың ІХ ғасырын қамтиды. Бұл ерте дәуір тарихының өзі –
бірыңғай археологиялық деректер тарихы
ғана емес, көбіне деректер негізіндегі тарих.
Демек, біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасыр мен бергі ІХ ғасыр арасындағы хундар, түркілер дәуірі –
біздің
рухани қазыналарымыз, түркі жұртының мәдениет тарихының деректі көздері» [3.Б.3]. Тарихшының бұл пікірін белгілі
этнограф
-
ғалым А.Сейдімбек сабақтастыра отырып, өзіндік ой түйіндейді: «Қазақтың шежірешілдігін, дәлірек айтсақ,
қазақтың тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады.
Бұл, әрине, ерекше артық жаралғандықтан немесе артта
қалған жабайылықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, ең алдымен, оның ұзақ
ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болуымен сабақтастырған жөн. Ал, салт атты көшпелілер өркениетінің
Еуразия ойкуменінде үш мың жылдық тарихы бар» [4.Б.94]. «Көшпелілер мәдениеті өзінің үш мың жылдық ғұмырында
Жерорта теңізі мен Қиыр шығыс елдеріне қарағанда шығармашылық эволюцияны бастан өткерді» деп атақты
түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев [5.Б.5] айтқандай, көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеру арқылы, танып
-
түсіну арқылы
бойлық бойынша шырқай көшіп, жыл құсы сияқты ұдайы табиғаттың қолайлы белдеулерінде болып отырды.
Тіршіліктің тірегі –
төрт түлік малын мәңгілік көктемге ілестіріп, қайырымы мол
Жер
-
ананы тіршілікке қолайлы «өндіріс
құралы» ете білді. Уақыт пен кеңістіктің тылсым сырын қапысыз игеру, төрт түліктің бабын экосистемамен мінсіз
үйлестіре білу, соған сай келетін материалдық және рухани игіліктер қалыптастыру, түптеп келгенде көшпелілердің
төлтума мәдениетін орнықтырды. Көшпелілердің қабілет
-
күші мен ақыл
-
парасатының өзара үндесе кемелденуінің
арқасында қалыптасқан дала өркениетінің мәдениеті қазақ халқының рухани тамырлары болып табылады.
Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов былай деп жазды: «Далалық орданың тұрғыны –
қазақ өзінің моральдық қасиеті,
ақыл
-
ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр... Осынау дала
көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні, ой
-
қиялының жүйрік болып бітетіні мұңсыз
-
қамсыз көшпелі тіршіліктің
арқасы болу керек немесе ұдайы ашық аспан астында, шет
-
шегі жоқ шүйгін дала құшағында ғұмыр кешкен соң табиғат
шіркінді Тәңірі тұтқандықтан да болар... Татар атаулы халықтар арасында өзінің ақындық қабілеті
-
дарыны жөнінен
қазақтар бірінші орында болса керек» [6.Б.390]. Ұлы ағартушы көрсеткен көшпелілердің бұл даралық қасиетін ежелгі
жиһанкездерден бастап, қазіргі этнологтарға дейін ерекше таңданыспен мойындағанымен, тарихқа еуропалықтар мен
империялық Ресейдің көзімен қарағандар және кеңестік тоталитаризмнің саясатын қолдағандар қазақ халқының
тарихын бұрмалап, дала өркениетінің мәдениетін жоққа шығаруға тырысты.
204
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Еуропацентристердің және олардың сойылын соққан кеңестік
насихат пен ғылымның көшпелілер тарихын
саналы түрде кемсітуі, көшпелілерді бейғам, жалқау, ынта
-
жігерсіз,
жартылай жабайы тірлік құрушы халық етіп көрсетуі қазақтың ұлттық сана
-
сезімін күйретіп
-
құртатын рөл атқарды.
Сондықтан әділдікке дес берер болсақ, біздің алдымызда төл тарихымызды қалпына
келтіріп, оның жетістігі мен
кемшілігін, жеңістері мен жеңілістерін барша шындығымен көрсету міндеті тұр» [7.Б.40] деп, зиялы қауымға аса зор
жауапкершілік артуы тегін емес екендігі белгілі. Бұл мәселенің әрбір ғылымға қатысы бар, соның ішінде педагогика
ғылымы үшін де шешімін табуды қажет ететін көкейкесті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда
педагогика ғылымы кең өріс алып, жаңа заман талаптарына сай даму үстінде десек те, оның қайнар көздерін, рухани
бастауларын айқындауда кеңестік тоталитаризмнің шырмауынан шыға алмай отырғанымыз жасырын емес. Себебі,
осы уақытқа дейін, дәлірек айтқанда, ХVІІІ, ХІХ, ХХ ғасырларда тарихқа империялық Ресейдің көзімен қарағандықтан,
адамзат тарихы негізінен тоталитарлық жүйенің ықпалымен жазылып келді. Сондықтан кеңестік заманның ұрпағы сол
талғам
-
танымнан тәрбие алып өсті, осы рухани жарымжандық еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына дербес мемлекет
болып қалыптасқандығына қарамастан әлі бойымыздан арылмай келеді. Күні бүгінгі дейін педагогика ғылымында
батыс педагогтары ұлы ағартушылар ретінде танылып, ал шығыс ғұламалары педагогикалық ой
-
пікірлердің
шырмауында қалып, олардың нақты педагогика ғылымына қосқан үлесі өз бағасын алмай отырғаны ақиқат.
А.Сейдімбек айтқандай, «этникалық мәңгірттену» осыдан келіп шығады: «Нәтижесінде, мұндай этностың әрбір
субъектісі екі ұдай сезімде болып, мәңгілік өз жүрегі өзіне шабуыл жасаумен болады. Оның емі –
рухани азаттық және
рухани жаңғыру. Ұлт үшін азаттық дегеніміз –
өз еңбегінің өзіне бұйырып, өз жүрегіндегіні жасқанбай айта алуы»
[4.Б.8].
Сондықтан біз ғасырлар қойнауынан бастау алатын адам тәрбиесі туралы төл ғылымызды әлемдік
педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып, оның жалпыадамзаттық мәні бар мұраларының тарихи
құндылығын баса айтуымыз керек. Бұл басқа елдердің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып, шынайы ғылыми ойдың
адамзатқа ортақ игіліктеріне сырт бергендік емес, керісінше, осы игіліктердің қатарын көбейтіп, мазмұнын байыту
болып табылады. Қазақ педагогикасының тарихы әлемдік тарихи
-
педагогикалық процеспен өзара тығыз байланыста
және оның құрамдас бір бөлігі болып, өзінің даму жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралықта әр тарихи
кезеңіндегі мектеп пен педагогикалық ойларды талдап, тәрбие мен білім беру мәселесінің дамуын зерделейтін
педагогика ғылымдарының бір саласы болып саналады дей отырып, белгілі қазақстандық ғалымдар С.Пірәлиев пен
Л.Керімұлы Қазақстандағы педагогикалық ой
-
пікірлер мен мектептердің даму тарихын бүкіл адамзат өркениет
дамуының құрылыс кезеңдеріне сай алты тармақтарға бөліп қарастырады:
Еуразия даласындағы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі тәрбие
Еуразия құрлығындағы Сақ империясы дәуіріндегі тәлім
-
тәрбие
Ғұн империясы мен Үйсін
-
Қаңлы мемлекет дәуіріндегі тәлім
-
тәрбие
Таяу және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттерінің бірі –
Шумер тәлім
-
тәрбиесі мен мектептері
Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік
-
танымдық мұралары (VІ
-
ІХ ғ.ғ.)
Араб
-
шығыс мәдениетінің Ұлы далаға тарауы, орта ғасыр ғұламаларының тәлімгерлік ой
-
пікірі (Х
-
ХV
ғ.ғ.) [8. Б.3
-5].
Ғалымдардың ұсынып отырған құрылымы жалпы қазақ педагогикасы ғылымының шығу төркінің адамзаттың
бүкіл дүниежүзілік тарихымен, оның ішінде қазақ халқының тарихымен тығыз байланыста екендігін айқындайды.
Олай дейтініміз қазақ халқының арғы тегі түріктер –
Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі, оның тарихында
маңызды роль атқарған және қазір де сол дәстүрді жалғастырып келе жатқан түркі халықтары болып саналады.
Тарихи аренада түркілер кейінгі кезде –
V-
VІ ғасырларда пайда болғанымен, түрік этностарының көне екендігін
дәлелдейтін археологиялық материалдар жеткілікті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих –
жақсы мұғалім, ол халықтың өзін
-
өзі құрметтеуге қалай өтетінін есіне
түсіреді» деген айшықты ойы Конфуцийдің «Тарихқа қарап, жаңаны жасауға қабілетті адам мұғалім болуға лайықты»
деген тұжырымымен үндесіп жатқандығы
білім мен ұлттық тәрбиенің таусылмас қазына мен парасат қоры екенін тағы
да айқындайды. Елбасының: «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату,
ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы –
бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел
болашағы бар. Сол күнге деген берік сенім бар» деген тұжырымы барлық негізге ие. Гуманистік сипаттағы,
инновациялық жаңарушылық бағыттағы әлеуметтік бірлік пен ұлттық намыс тарихи, рухани, мәдени, материалдық
игіліктерді орнымен пайдалануға ықпал етеді. Өйткені, ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді [1.Б.5].
Өткен ғасырдан келе жатқан кеңестік тарих түсінігіне сәйкес, бүгінде кейбір қазақ тарихшылары қаншалықты
қазақтардың түрік тарихының бір бөлігі екендігін мойындағысы келмесе де, түріктердің тек Түркияда өмір сүретіндігі
пікірін ұстанса да, қазақтар түрік тарихының бір бөлігі және негізінен түрік, ішінара түріктенген бірқатар моңғол
тайпаларының бірігуінің нәтижесінде қалыптасқан саяси және әлеуметтік құрылым болып табылады. Қазақ тарихы
жалпы түрік тарихының бір бөлшегі болып, бүкіл түркі текті халықтарды өз ішіне алатын және Орта Азия далаларында
қалыптасқан дала мәдениетіне жатады.
Әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл
-
ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –
Астана: Елорда, 2008. –
42 б.
2.
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз
-
қазақ һәм хандар шежіресі. –
Алматы: Қазақстан; Сана, 1991. –
80 б.
3.
Аманжолов К.Р. Түркі
халықтарының тарихы. 1 –
кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV ғасырына дейінгі
кезең). –
А: Білім, 2005. –
304 б.
4.
Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. –
А: Санат, 1997. –
464 б.
5.
Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. / Под.ред.В.С.Жекулина.–
Л.: Изд.
-
во ЛГУ, 1989. –
496 с.
6.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1. –
А: Наука, 1984. –
431 с.
7.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. –
Алматы: Атамұра, 1999. –
296 б.
8.
Пірәлиев С., Керімов Л. Таным және студент. –
А: Санат, 2007. –
208 б.
Ғылыми жетекші:
п.ғ.к., Нұрабаева Ләззат Сериковна.
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
205
Т.С. Казангапова, А.Т. Жумагулова
(
Тараз, Казахстан)
РУХАНИ
–
АДАМГЕРШІЛІК
ПЕН
МӘДЕНИ
ҚҰНДЫЛЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
НЕГІЗІ
Бүгінгі
таңда
Қазақстан
Республикасы
нарықтық
экономикалық
даму
жағдайына
қарамастан
ғылыми
–
жаңа
инновациялық
техникалық
жаңалықтарды
меңгеру
мен
қатар
ұлттық
мәдени
құндықты
жандандыруға
ерекше
көңіл
бөліп
отырғаны
белгілі.
Болашақта
жанарған
қоғамның
жастарына
асқан
руханилық
пен
адамгершілік
қадір
–
қасиеттерін
тәрбиелеу
мен
қатар
мәдениеттілікке
тәрбиелеу
аса
қажеттіліке
ие
болып
отыр.
Мәдениет (латын. Cultura –
өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) –
табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы
жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс
-
әрекетімен байланыстылығы, адамның
және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның
бәрін де «мәдениет» деп атады. Мәдениет –
жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір
сүрген ортамен қарым
-
қатынасы. Ол –
өзара қарым
-
қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Мәдениет әр түрлі жағдайда әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлт пен
ұлыстардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Бұл талап
-
тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. Әр түрлі қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда
болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәдениет –
әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы
қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адамға мәдениет пен қоғамның талабы тікелей байланысты.
Мәдени түсінікттің адамға ықпалы ретінде, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ
материалдық және рухани мәдениетті бір
-
бірінен ажырата білу қажет.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі
-
материалдық өндірістің, екіншісі
-
рухани өндірістің өнімі деп
қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері –
еңбек құралдары және көркем шығырмалар әр
түрлі мақсатта пайдаланылады.
Педагогикалық мәдениет –
мұғалімнің ғылыми
-
педагогикалық дайындығы
мен тәжірибелік іс
-
әрекеті
арасындағы қарама
-
қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс
-
әрекет пен тәрбие
қатынастарының
субъектісі
ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы
Педагогикалық
мәдениетке
бірден
бір
ой
бөлген
Абай
Құнанбаев.
Сократ,
Спенсер,
Блинский,
Чернышевский
сияқты
ойшылдар
«Мәдениеттану» жеке пән ретінде ХІХ
ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан
да
оны
әлі
де
болса
да
буыны
бекімеген
жас
ғылымдар
саласына
жатқызамыз.
Мәдениеттану
мәдениет
туралы
ғылым,
сонымен
қатар
философиялық
ілім,
өйткені
ол
философияның
басты
саласы
мәдениет
философиясын
қамтиды.
Қазіргі
кезеңдегі
материалдық
және
материалдық
емес
өндіріс
орындары
еңбекке
қабілетті,
технологиялық
мәдениетті
игерген
адамдарды
қажет
етеді.
Осыған
орай,
соңғы
кездері
педагогикалық
құжаттардағы
«технологиялық
мәдениет»,
«еңбек
мәдениеті»
ұғымдарының
мәнін
көпшіліктің
дұрыс
түсінуі
қажетті
шарт
болып
табылады.
Көне
замандағы
адамдар
әр
уақытта
да
құдайлар
қоршауында
болды,
олардың
санасынан
құдайлар
берік
орын
алды.
Үйде
де,
түзде
де
құдайлар
адамдармен
бірге
болды
оларды
жебеп,
қорғап
отырды.
Құдайлар
қалаларда
тұрды,
қала
заңдары
мен
қала
азаматтарын
бәле
жаладан
қорғады.
Сондықтан
эллинист
Макс
Поленц
полистік
патриотизмді
ерекше
дәріптейді.
Адамдар
күнделікті
өмірде
мәдени
құбылыстарды
әртүрлі
түсінеді.
Біреулері
мәдеениетті
қоғамдағы
құндылықтарды
адамдардың
жете
ұғынуы,
саналы
түрде
меңгеріп
алуы
десе,
екіншілері
–
қоғамдағы
адамдардың
білім
мен
тәрбие
алу
процестерінде
пайда
болған
адамның
саналы
ақыл
-
ойы,
мінезі,
оның
ойлау
қабілеті,
сезімі
ретінде
қарайды.
Мәдениет
–
тұтас
бір
құбылыс,
оны
зерттегенде
жүйелі
талдау
әдісі
қолданылады.
Бұл
әдісті
екі
тұрғыда
қолдануға
болады.
1)
мәдениет
қоғамның
оның
әрбір
саласының
сапалық
сипаттамасы
ретінде
болады.
2)
мәдениет
жүйе
ретінде,
яғни,
оның
құрылымы,
оған
кіретін
бөліктер,
элементтер,
олардың
арасындағы
байланыс
-
қатынастарды,
мәдениеттің
жүйелік
салаларын
зерттейді.
Адам
іс
-
әрекеті
дамуының
өзі
мәдени
құбылыстың
жеке
көрінісі
болады.
Мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам –
мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді
игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет
-
ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс
-
әрекеттің дағдысын
бойына сіңіруі. Мәдениет –
адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан
мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген
мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,
икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани
мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі
материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел
мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән
-
салтанатты, барлық жағдайы бар
демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |