Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет74/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   267
Нұрғали Қ., Жанбатыр А.С. 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің мәдениеттанулық аспектілері 
 
Кез келген тілдің ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп келген 
жазылмаған заңдылығы бар. Ол – тілдің жаратылысы, оның мәдениетінің тарихынан 
бөлектенбеуі керек. Өйткені біз белгілі бір халықтың тілінде сөйлеу арқылы сол ұлттың 
мәдениеті мен руханиятынан хабар береміз.
ХХ ғасырдың басында қазақ тілі шұбарлана бастады. Отаршылдықтың зардабы 
алдымен тұрмысқа, сол арқылы тілге, тілден рухқа кесел болып, ұлтшылдық сезімін 
әлсірете бастады. Алаш зиялылары тіл мәселесін көтеріп, сөз туралы ұрпағына асыл 
мұраларын қалдырды. Қазақ тілінде кітап жазып, қазақ тілінің негізін жасаған, қазақ 
мектебінің іргесін қалаған алғашқы ғалым Ахмет Байтұрсынов еді. Ол: «қазақша оқу әлі 
бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа 
ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз оқу програмы жоқ... Хүкімет 
қазаққа қазақша мектеп салып бермейді, қазақтың қазақша оқуын тіпті тілемейді. 
Сондықтан мектептерімізді тәртіпке қою, қазақша оқуды халыққа тарату – өз міндетіміз» 
[1], – деп қазіргі кездегі терең білім беру принциптерімен үндес тұжырым жасайды. 
ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру 
жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең 
түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият 
дайындалдық», - деп жазған болатын [2] 
Латын графикасы қазақ тілі үшін мүлде бейтаныс жүйе емес. Қазір біз бір есептен 
латын графикасы негізіндегі бұрынғы әліпбиімізге, кейбір өзгерістермен қайта 
оралмақпыз. Әрине ол кездегі жағдай мүлде басқа еді. Қазір қазақтардың әліпби таңдауы 
тәуелсіз Қазақстан жағдайында, өтпелі кезеңнің өткелектерінен өтіп, тұрақты даму 
жолына түскен жағдайда жүзеге асқалы отыр. Мұндай мәдени-әлеуметтік шаралардан 
пиғылы теріс саясатшылар «орыстан кету», «батысқа бодан болу» деп саяси астар іздеп 
әсіре саясиланған факторды алға тықпаламақ болады. Ал жағдайдың өзі шын мәнінде 
лингвистикалық, мәдени-әлеуметтік факторлардың бірінші орынға тұрғанын көрсетіп 
отыр 
Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін енгізу мәселесі, Елбасы айтқандай, 
Қазақ Елі тәуелсіздігін алғаннан бері қойылған еді. Дегенмен, Қазақстан басқа 


166 
посткеңестік республикалар сияқты бұл үлкен қадамға бару үшін асығыстық жасамады. 
Бұндай стратегияның тиімді болғанын латын қарпін шұғыл енгізген алыс және жақын 
түркі тілдес мемлекеттердің әліпбиінде кеткен олқылықтар дәлелдеп отыр. 
Алғашқы әліпби диграфтар мен диакритикалық белгілерге негізделген жоба 
болатын. Оның артықшылықтары мен кемшіліктерін Парламент пен халық сараптады. 
Кейін әліпбидің екінші - апострофтар нұсқасы жасалынып, Қазақстан халқына ұсынылды. 
Дегенмен бұл әліпби де көпшіліктің көңілінен шықпады. 
Әрине, латын гарафикасына негізделген қазақ әліпбиін жасау жөніндегі шешім 
қабылданды. Елбасының жарлығы да шықты. Бұл үлкен көш, замана көші, біз сол көштен 
қалмауымыз керек. Ал латын әліпбиіне көшу арқылы біз әлеммен жақындасуға, әлеммен 
байланыс орнатуға мүмкіндік аламыз деп ойлаймын. Дегенмен қоғамда талқылау әлі 
аяқталған жоқ. Қазіргі қабылданған нұсқаны елдің барлығы да бір ауыздан қолдады деп 
айтуға болмайды. Мысалы диграф емес, апостроф емес, диакритикалық нұсқаны ұсынып 
жатқандар да бар. Яғни бір әріп – бір таңба заңдылығын да ұсынып отырғандар көп. 
Бәлкім біз уақыт өте келе осы нұсқаға да келуіміз мүмкін. 
ҚР Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру 
туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» 20 ақпанда 
жарияланған Жарлығы бойынша әліпбиіміз жаңа редакцияда жазылатын болып шешілді. 
Бұрынғы үлгілерге қарағанда жаңа әліпби жобасы лингвистикалық тұрғыдан көш ілгері 
және тіліміздің заңдылықтарына сай келеді деп ойлаймын. 
Қазіргі Қазақстанда жүріп жатқан модернизациялау үдерістерінің контекстісінде 
латын әліпбиіне көшуіміз қазақстандықтардың тілдік стратегиясына ықпал жасайтын 
факторларға әсер етіп, қазіргі тілдік жағдайда әрекет етіп жатқан қазақ және орыс 
тілдерінің әлеуметтік-мәдени статусына, еліміздегі тілдік үдерістерде мемлекеттік тілдің 
нығаюы мен оны оқып-үйренуге деген қызығушылықтың артуына мол мүмкіндік береді 
деп есептеймін. 
Қазіргі қазақстандық мәдени бірегейлік мәселесінің өзектілігі жағдайында мәдени-
тілдік дәстүрді сақтап қалу механизмдерін анықтау, тілдің этноұлттық мәдени-тарихи 
тәжірибені жинақтап сақтау, бекіту және тасымалдаудың басым арнасы ретіндегі орнын 
танып-білу үшін, енгізілейін деп отырған латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің ана 
тіліміз бен мәдениетімізді отаршылдық пен тоталитаризм арқылы сіңген мәдени-тілдік 
«қоқыстан» рухани тазаруға өз септігін тигізері анық. 
Жаһандану үдерістерінің қарқындылығына байланысты қазақстандық мәдени-
тілдік кеңістікті бейнелейтін дискурстың әлемге танылуы үшін тәуелсіз Қазақстанның 
жаңа әліпбиінің қызметі мен рөлі зор болмақ. 
Қазақстанда болып жатқан тілдік үдерістердің, соның ішінде латын әліпбиінің енгізіліп, 
оның кең қолданылу нәтижесінде Елімізде мәдени-тілдік жағдай өзгеріп, тілдердің өзара 
тепе-теңдігіне әкеліп, өзегінде қазақ тілі болған жалпықазақстандық мәдениеттің пайда 
болуына, қалыптасуына, орнығуына, дамуына ықпал жасайды деп ойлаймын. 
Кез келген мәселеге бүгінгі және келешек уақыт тұрғысынан қарауға болады. Олай 
болса, біз өз тіліміздің тағдыр-талайына бейжай қарай алмақ емеспіз. Бұл – шындық. 
Турасын айтқанда, тіл – халықтың өзегі, болмысы, байлығы. Қазір әлемді «жаһандану 
үдерісі» қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Бұл әрбір халықтың ұлттық мәдениетіне, оның 
мазмұнына айтарлықтай кері ықпал етеді. Ал тіл туралы ай- тар болсақ, жаһандану – ұлт 
тіліне де қауіп төндіреді. Демек, мұндайда біз өз тілімізді он есе, жүз есе қорғауға күш 
салуымыз керек. Қазір тіл мәселесінде жайбарақат отыратын заман емес. 
Социолингвистикалық терминдер сөздігі тілдік үдерістерге тілдік ауысу, тілдік 
ығысу, тілдің ревитализациясы, билингвизм, полилингвизм, семилингвизм, кері тілдік 
ауысу сияқты құбылыстарды жатқызады. [3]. Біздің ойымызша, аталған тілдік 
үдерістердің ішіндегі қазіргі таңда ең өзектісі - қазақ тілінің ревитализациясы, яғни «мың 
өліп,мың тірілген» ана тіліміздің «өз елі,өлең төсегінде» жанданып, жаңғырып, жаңа 


167 
Қазақстанның төрінен лайықты орнын алып, жалпықазақстандық мәдениеттің тіліне 
айналуы. 
Демек, жалпықазақстандық мәдениеттің өзегінде жаңа латын графикасы негізіндегі 
қазақ тілінің болмысы мен өміршеңдік қызметі жарқырап тұруы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет