Єл-фараби атындаѓЫ



бет15/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
annotation119434

Негізгі түсініктер





  1. Ақшаның мәні?

  2. Ақшаның негізгі функцияларын атап өтіңіз?

  3. Ақша қандай ерекшелігімен сипатталады?

  4. Ақшаның қор жасау құралы ретінде функциясының басты кемшілігі неде?

  5. Ақшаның айналыс құралы ретінде пайдаланудың баламалы нысаны қандай?

  6. Ақша агрегаттарының мәні неде?

  7. Ақша айналыс заңының мәні

  8. Ақша айналысқа қандай түрде шығарылады

  9. Ақша ұсынысы

  10. Ақша ұсынысын реттейтін саясат

  11. Ақша ұсынысын реттеу құралы

  12. Міндетті резервтер нормасының мәні

  13. Депозиттік операциялар дегеніміз не?

  14. Ақша массасының құру механизмі

  15. Ақша ұсынысы моделінің құрамы

  16. Ақша базасы

  17. Ақша ұсыныс функциясы

  18. Ақша мультипликаторы

  19. Ақшаға сұраныс функциясы

  20. Ақшаның сандық теориясы

  21. Өтімділік таңдау теориясы

  22. Портфельдік теориясы

  23. Трансакциондық модель

  24. Адамдардың ақшаны қолма-қол ақша ретінде ұстап қалу себебі

  25. Фишер теңдеуі

II Келесі пікірлер дұрыс па?





  1. Ақша жиыны агрегаттарының қандайда бір әмбебап, әлемге мәлім номенклатурасы жоқ.

  2. Ақша – мәміле жасағанда қолданылатын активтер жиынтығы.

  3. Құн өлшемі ретінде ақша бүгінгі күндегі сатып алуларды болашаққа аудару тәсілі болып табылады.

  4. Айналыс құралы ретінде ақша бағаларды көрсететін және бухгалтерлік есепті жүргізетін бірліктер болып саналады.

  5. Құндылықты сақтау үшін ақшадан басқа да активтер қолданылуы мүмкін – ациялар, облигациялар, қозғалмайтын мүлік, өнер бұйымдары.

  6. Жоғары инфляция кезеңдерінде ақшаның функциялары ұлттық валютадан шетелдікке ауысуы мүмкін.

  7. Ақша агрегаттары - өтімділік дәрежесінің кему тәртібіне қарай ажыратылатын ақша жиынының құрамдас элементтері.

  8. Әр бір ел үшін ақша жиынының құрамы мен құрылымы ұлттық экономиканың жалпы экономикалық даму деңгейіне тәуелсіз болады.

  9. Алтын тауарлық ақшаның түрі болып саналады.

  10. Экономикалық қатынастардың даму нәтижесінде қағаз ақша тауарлық ақшаға ауысады.

  11. АҚШ-тің Федералдық жүйесінде келесі есеп айырысу базалары қолданылады: C, М1, М2, М3, L.

  12. L агрегаты – ақша жүйесінің ең өтімді агрегаты.

  13. М0 агрегаты – қолма-қол ақша, яғни айналыста жүретін банкноттар мен тиындар.

  14. М1, М2 немесе М3 агрегаттарының қайсысы ақша мөлшерін «жақсырақ» анықтайтынын а priori шешуге мүмкіндік жоқ.

  15. М1 агрегатына чектер кіреді.

  16. Жасалатын мәмілелер санын арттыру айналыстағы ақша көлемін азайтады.

  17. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі айналыстағы ақша көлемі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы байланысты көрсетеді.

  18. Ақшаның сандық теориясына сәйкес мәмілелер саны мен ақша айналысының жылдамдығы тұрақты болған шартында ақша көлемін арттырғанда бағалар төмендеу керек.

  19. Тіркелген ақша көлемі шартында бағалар деңгейінің жоғарлауы ақшаның нақты қалдықтарының ұлғаюына әкеледі.

  20. Ақшаға сұранысты талдағанда ақшаның атаулы шамасы жөнінде әңгіме жүреді.

  21. Ақша айналысының жылдамдығы – әрдайым тұрақты шама.

  22. Ақша айналысының жылдамдығы тұрақты болған шартында айналыстағы ақша көлемінің өзгеруі атаулы ЖҰӨ-ң үйлесімді өзгеруін болдырмау керек.

  23. Пайыз мөлшерлемесі неғұрлым жоғары болса, ақшаны қолма-қол ақша түрінде сақтаудың баламалы құны соғұрлым жоғары.

  24. Пайыз мөлшерлемесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қолма-қол ақшаға сұраныс жоғары.

  25. Неғұрлым халықтың банктік депозиттеріне қажеттілігіне қарағанда қолма-қол ақшаға қажеттілігі артық болса, соғұрлым банктердің ақшаны жасау мүмкіндіктері өседі.

  26. Ақшаға сұраныстың қарапайым функциясының жазылуы: , мұндағы К – константа, Ү – өндіріс көлемі.

  27. Өндірістің құндық көлемі атаулы түрде ақшаның ұсынысымен анықталады.

  28. Ақшаның сандық теориясы бойынша егер Ұлттық банк ақша ұсынысын жылдам өсірсе, өзгедей тең шарттарында бағалар деңгейі тез өседі.

  29. Кейнстің теориясы несие мөлшерлемесін басты фактор деп есептеп ақшаға сұранысты сонымен байланыстырады.

  30. Классикалық теория ақшаға сұранысты ең алдымен пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады.

  31. Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныстың функциясы: .

  32. Табыстың берілген деңгейінде ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өсуімен артады.

  33. Табыс деңгейінің азаюы ақшаға сұранысты азайтады (ақшаға сұраныстың қисығы бойымен қозғалыс).

  34. Табыс деңгейінің өсуі ақшаға сұраныс қисығын оңға жылжытады.

  35. Ақшаға сұраныс функциясында атаулы пайыз мөлшерлемесі қолданылады.

  36. Экономистер атаулы пайыз мөлшерлемесі деп сатып алу қабілетінің өзгеруін түсінеді.

  37. Нақты пайыз мөлшерлемесі дегеніміз инфляция қарқынына түзетілген атаулы пайыз мөлшерлемесі.

  38. Нақты пайыз мөлшерлемесі – атаулы пайыз мөлшерлемесі мен инфляция қарқыны арасындағы айырма.

  39. Фишер теңдеуі бір жағынан атаулы пайыз мөлшерлемесі, екінші жағынан нақты пайыз мөлшерлемесі мен инфляция қарқынын байланыстырады

  40. Инфляция қарқынының өсуі атаулы пайыз мөлшерлемесін төмендетеді.

  41. Кейнстің ақшаға сұраныс теориясы – өтімділікті таңдау теориясы.

  42. Ақша ұсынысына (Ms) банктік жүйеден тыс қолма-қол ақша (С) мен резервтер кіреді.

  43. Қазіргі банктік жүйе – жартылай резервтік өтеу жүйесі.

  44. Міндетті резервтер нормасының (rr) өсуі экономикадағы ақша ұсынысын арттырады.

  45. (rr) коэффициенті – банктік мультипликатор немесе ақшалай экспансия мультипликаторы.

  46. Банктік жүйеден тыс қолма-қол ақша + Ұлттық банкте орналасқан коммерциялық банктердің резервтері = Ақша базасы.

  47. Ақша мультипликаторы – ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы.

  48. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралы болып мемлекеттік шығыстарды өзгерту табылады.

  49. Ұлттық банктің басты мақсаты – бюджет тапшылығының көлемін реттеу.

  50. Неғұрлым табыс жоғары болса, соғұрлым пайыз мөлшерлемесі төмендейді – бұл тәуелділік LM қисығына қатысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет