Єл-фараби атындаѓЫ



бет16/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
III Тестер



  1. М1 құрамына не кіреді:

а) Ұлттық банкінің барлық резервтері;
б) барлық ақшасыз есеп айырысу;
в) облигациялар;
г) айналыстағы қолма-қол ақша + ағымдағы депозиттер;
д) банктік емес қаржы институттардағы шоттар + М2.

  1. Нақты ақша қалдықтарына сұраныс функциясының түрі:

а) ;
б) ;
в) ;
г) ;
д) .

  1. Ақшаның сандық теориясы теңдеуінің көрінісі:

а) ;
б) ;
в) ;
г) ;
д) .

  1. Экономикада бағалар деңгейін тұрақтандыру үшін мемлекет:

а) үнемі ақша ұсынысын өсіруі тиіс;
б) ақша ұсынысының жылдамдығын азайту тиіс;
в) ақша жиынының өсу қарқынын нақты ЖҰӨ-ң орташа өсу қарқыны деңгейінде ұстау тиіс;
г) ақша жиынының өсу қарқынын ақша жылдамдығының орташа өсу қарқыны деңгейінде ұстау тиіс;
д) үнемі ақшаға сұранысты азайтуы тиіс.

  1. Фишер принципіне сәйкес, егер болжалды инфляция қарқыны нөлге тең болса, онда:

а) атаулы пайыз мөлшерлемесі  нақты пайыз мөлшерлемесі;
б) атаулы пайыз мөлшерлемесі = нақты пайыз мөлшерлемесі;
в) атаулы пайыз мөлшерлемесі  нақты пайыз мөлшерлемесі;
г) атаулы пайыз мөлшерлемесі = 0;
д) нақты пайыз мөлшерлемесі = 0.

  1. Ақша жиыны көлемі тең:

а) қолма-қол ақша + резервтер;
б) қолма-қол ақша + депозиттер;
в) резервтер + депозиттер;
г) барлық қолма-қол ақша;
д) барлық резервтер.

  1. №1 банктің депозиттері 1000 бірлікке өсті, сонда орталық банк rr=20% болған шартында ақша ұсынысын мына шамаға өсірді:

а) 500;
б) 800;
в) 1000;
г) 100;
д) 0.

  1. Ақша мультипликаторы ненің арасында байланысты білдіреді:

а) ақша базасы мен ақша жиыны арасында;
б) ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесі арасында;
в) резервтеу нормасы мен депозиттер арасында;
г) қолма-қол ақша мен депозиттер арасында;
д) банктік мультипликатор мен резервтеу нормасы арасында.

  1. Егер халық қолма-қол ақшаны пайдаланбаса, онда ақша мультипликаторы тең:

а) ;
б) ;
в) ;
г) ;
д) .

  1. Өтімділікті таңдау теориясына сәйкес:

а) неғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым қолма-қол ақшаны сақтаудың баламалы құны жоғары да, ақшаға сұраныс азаяды;
б) неғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым қолма-қол ақшаны сақтаудың баламалы құны төмен де, ақшаға сұраныс өседі;
в) неғұрлым пайыз мөлшерлемесі аз болса, соғұрлым қолма-қол ақшаны сақтаудың баламалы құны жоғары;
г) неғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым инвестицияларға сұраныс өседі;
д) пайыз мөлшерлемесі қолма-қол ақшаны сақтаудың баламалы құнымен байланысты емес.

  1. Ақшаға сұраныс функциясы бойынша берілген кез келген табыс деңгейінде:

а) пайыз мөлшерлемесі жоғарылағанда сұраныс шамасы азаяды;
б) пайыз мөлшерлемесі жоғарылағанда сұраныс шамасы артады;
в) пайыз мөлшерлемесі жоғарылағанда сұраныс шамасы өзгермейді;
г) пайыз мөлшерлемесі жоғарыласа сұраныс қисығы солға жылжиды;
д) пайыз мөлшерлемесі төмендесе сұраныс қисығы оңға жылжиды.

  1. Табыстың өсуі:

а) ақша ұсынысын азайтады;
б) ақша ұсынысын арттырады;
в) ақшаға сұранысты өсіреді;
г) ақшаға сұранысты азайтады;
д) ақшалай сұранысқа әсер етпейді.

  1. LM қисығы келесі тәуелділікті көрсетеді:

а) неғұрлым табыс деңгейі жоғары, соғұрлым пайыз мөлшерлемесі төмен;
б) неғұрлым табыс деңгейі жоғары, соғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары;
в) неғұрлым табыс деңгейі жоғары, соғұрлым ақшаға сұраныс аз;
г) неғұрлым табыс деңгейі төмен, соғұрлым ақшаға сұраныс жоғары;
д) табыс деңгейімен пайыз мөлшерлемесі арасында байланыс жоқ.

  1. Ақша ұсынысының азаюы мынаған әкеледі:

а) ақшаға сұраныс қисығы оңға жылжиды;
б) ақша ұсынысы қисығы солға жылжиды;
в) LM қисығы оңға-төмен жылжиды;
г) ақшаға сұраныс қисығы солға-төмен жылжиды;
д) LM қисығы солға-жоғары жылжиды.

  1. Егер ақшаға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне сезімталдығы жоғары болса, онда:

а) LM қисығы тік сызық болады;
б) LM қисығының көлбеуі тіктеу болады;
в) LM қисығының көлбеуі жатықтау болады;
г) LM қисығының көлбеуі теріс болады;
д) LM қисығы көлдеңен сызық болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет