4. IS-LM МОДЕЛІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС
4.1. Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік
Игілік нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы қарастырылады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлардың нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың салыстырмалы бағаларын білу керек. IS-LM моделінде экономикалық тепе-теңдік – ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Осы нүктеде пайыздық мөлшерлеме мен пайданың мөлшерін анықтап, тауар нарығының тепе-теңдігі мен ақша нарығының тепе-теңдігін қанағаттандырады. Басқаша айтқанда, екң қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған шығындарға тең және нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең екендігін көрсетеді.
IS – LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік - ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі.
IS – тауар нарығындағы тепе-теңдік үлгісі, ал LM – ақша нарығындағы тепе-теңдіктің үлгісін анықтайды. Сонымен, IS – LM үлгісі екі нарықта да тепе-теңдікті орнатады. Оның теңдеулері келесідей:
Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.Мұндағы:
C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;
I = e – d×i – инвестиция функциясы;
Xn = g – m×Y – n×i – таза экспорт функциясы.
– ақшаға сұраныс функциясы.
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G – мемлекеттік шығындар, MS – ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b, e, d, g m, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
IS және LM қисықтарын бір диаграммада үйлестіріп, IS-LM моделін аламыз (Сурет 4.1). Ол экономикалық саясаттың салдарын талдаудың ыңғайлы құралы болып табылады.
IS және LM қисықтарының қиылысуы (Үe,ie) нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.
(Үe,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде
екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.
i
4.1Сурет. IS-LM моделі.
Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS – LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS – LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.
Бюджет-салық саясатының әсері. Қазір біз бюджет-салық саясатының өзгерісі экономикаға әсерін зерттейміз. Бюджет-салық саясаты IS қисығын жылжытады., яғни пайда мен пайыздық мөлшерлемесіне әсерін тигізеді. Мемлекеттік шығыстардың G өсуі немесе салықтардың Т азаюы IS қисығын оңға жылжытады. Табыс Ү пен пайыз мөлшерлемесінің і тепе-теңдік деңгейі жоғарылайды. Бірақ мұнда табыстың Ү өсуі «кейнстің қиылысы» аз шамамен байқалады, себебі пайыз мөлшерлемесі і өсуінен инвестициялар І азаяды. Бұндай жағдай ығыстыру нәтижесі деп аталады..
G – мемлекеттік шығындардығ мультипликаторы кез-келген пайыздық мөлгшерлемесінде пайданың деңгейі – ға өсетінін кейсиандық қиылыста түсіндіріледі.
Т – салық саясаты мультипликаторының өзгеруі кез-келген пайыздық мөлшерлемеде пайда деңгейінің – ға өсетінін кейнстік қиылыс көрсетеді.
G↑(немесеТ↓)Y↑C↑Y↑MD↑R↑I↓Y↓
R
LM R MS
R1 B R1
R0 A R0
MD MD
IS IS
Y0YY2(кейнс) Y
4.2Сурет. IS қисығының жылжуы арқылы тепе-теңдіктің өзгеруі
Ақша-несие саясатының әсері. Ақша-несие саясатының өзгерісі LM қисығын жылжытады. Ақша ұсынысының М ұлғаюы LM қисығын оңға жылжытады. Табыс Ү өседі, ал пайыз мөлшерлемесі і төмендейді. Тауарлар нарығында фирмалар жоспарланатын инвестицияларды арттырады да, өнім шығарылымын жоғарлатады. Сонда IS қисығы бойымен оңға-төмен жылжу орын алады. Бұл айтарлықтай кейнстің табыстау механизмі.
MS↑ R↓ I↑ Y↑ YD↑ C↑
MS
R0
R1 R1
IS
4.3Сурет.LM қисығының жылжуы және ақша массасының өзгеруі
Сонымен, ақша-несие саясаты пайыздық мөлшерлемесі әсерімен пайданың деңгейіне ықпал ететінін IS – LM үлгісі көрсетеді. Ақша ұсынысының өсуі пайыздық мөлшерін төмендететінін және инвестицияны тұрақтандыратынын IS – LM үлгісі түсіндіреді, сонымен бірге тауарлар мен қызметтерге сұранысын ұлғайтады.
Ақша-несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі төменгі шарттарға тәуелді:
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі,
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі.
Пигу нәтижесі бағалар деңгейінің төмендеуімен, оған байланысты ақшаның нақты массаларының артуы нәтижесіндегі тұтынушылық шығыстардың өсуін білдіреді.
Бюджет-салық саясаты мен ақша-несие саясатының бірігіп қолданылуы, мысалыға, тұрақты пайыз мөлшерлемесі шартында шығарылымды арттыруға немесе тіркелген шығаралым деңгейінде пайыз мөлшерлемесін азайтуға мүмкіндік береді.
IS-LM моделі АD қисығының теориялық негіздемесі болып табылады. АD қисығын шығару үшін ақша териясын емес, IS-LM моделін қолданамыз. өйткені IS-LM моделі Ұлттық табыс бағаның өсуімен кемитінің түсіндіріп ғана қоймай, ол тағы теріс наклоны бар АD қисығыныңөзара байланысын қалыптастыру үшін қажет. Сол үшін жиынтық сұранысты зерттеп көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |