Єл-фараби атындаѓЫ



бет18/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
annotation119434

4.2. Жиынтық сұраныс

Ол бағалар деңгейі Р және тұтынушылар, фирмалар және мемлекет сатып алуға дайын өндіріс көлемі Y арасындағы ара қатынастар шкаласын көрсетеді.


Бұл тәуелділіктің графигі AD жиынтық сұраныс қисығы деп аталады (2.1 сурет). Ол Y-P диаграммасында теріс көлбеулі.
AD жиынтық сұраныс қисығын IS-LM моделі арқылы шығаруға болады (4.2 сурет).
.




4.4Сурет . Жиынтық сұраныс қисығын шығару
М ақша ұсынысы тіркелген болсын, ал бағалар деңгейі Р1–ден Р2–ге дейін өссін. Онда ақшаның нақты қалдықтары М/Р1–ден М/Р2–ге дейін азаяды. Y-i диаграммасында LM қисығы солға-жоғары жылжиды. Y-P диаграммасында екі тепе-теңдік нүкте (Y1,P1) немесе (Y2,P2) пайда болады. Оларды қалыпты сызықпен біріктіріп, AD жиынтық сұраныс қисығын аламыз.

Баға деңгейінің Р әсері қарастырылғанда AD жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжу байқалады, ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде, AD қисығының өзі жылжиды. Макроэкономикалық саясаттың жиынтық сұранысқа қалайша әсер ететіндігін анықтауға болады. AD қисығының жылжу бағытын анықтауға болады, егер AD жиынтық сұраныс қисығын құру тәсілін талдасақ.


G мемлекеттік шығыстардың өсуі, Т салықтардың азаюы, С тұтынушылық шығыстардың өсуі, М ақша ұсынысының артуы, болашаққа жағымды болжау AD жиынтық сұраныс қисығын оңға қарай жылжытады (4.3 сурет). Ондай болмаған жағдайда AD қисығының жылжуы солға бағытталады.




4.5Сурет. Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы


I Негізгі түсініктер



  1. IS-LM моделі дегеніміз не?

  2. «Экспансионистік саясат» термині нені білдіреді?

  3. Игіліктер және ақша нарықтарында қос тепе-теңдік.

  4. Инвестицияларды ығыстыру нәтижесі.

  5. Кейнстің табыстау механизмі.

  6. Өтімді «тұзақ».

  7. Инвестициялық «тұзақ».

II Келесі пікірлер дұрыс па?





  1. Егер үкімет салықты қысқартса, IS қисығы оңға жылжиды.

  2. Орталық банк ақша ұсынысын өсірсе, IS қисығы оңға жылжиды.

  3. Мемлекеттік сатып алу өссе тепе-теңдік табыс пен бағалар деңгейі жоғарылайды.

  4. Егер Орталық банк экономикадағы ақша ұсынысын азайтса, онда тепе-теңдік шығарылым мен пайыз мөлшерлемесі төмендейді.

  5. IS қисығынан жоғары, LM қисығында орналасқан нүктеде игіліктер нарығында емес, тек ғана ақша нарығында тепе-теңдік байқалады.

  6. Жиынтық ұсыныс қисығын IS-LM моделінен шығаруға болады.

  7. Салықтардың өсуі жиынтық сұраныс қисығын солға жылжытады.

  8. Экономикада ақша ұсынысы азайғанда жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды.

  9. IS-LM моделі мен «Кейнстің кресі» моделі экспансионистік бюджет салығының бірдей салдарын сипаттайды.

  10. Ақша жиынының артуы жиынтық сұраныс қисығын оңға жылжытады.

  11. Экономикада бағалар деңгейінің өсуі жиынтық сұраныс қисығын оңға жылжытады.

  12. Егер үкімет салықтарды төмендетсе, тепе-теңдік шығарылым ұлғаяды.

  13. Мысалы, үкімет халықтың кедей тобына беретін жәрдем ақыны өсірді. Онда IS қисығы оңға жылжиды.

  14. Инвестицияларды ығыстыру нәтижесі шағын бизнес үшін салықтық саясатты қатаңдыру нәтижесінде орын алуы мүмкін.

  15. Егер үкімет білім мен деңсаулық сақтауға шығыстарды өсірсе, бұл жеке инвестициялардың көлеміне ешқандай әсерін тигізбейді.

  16. Бюджет және ақша саясатын қолдану арқасында үкімет пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз сақтап, шығарылым көлемін арттыруы мүмкін.

  17. Ақша ұсынысын өзгерту экономикадағы тепе-теңдік шығарылым деңгейіне ешқандай әсерін тигізбейді.

  18. Ақша ұсынысын ұлғайтып тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесін төмендетуге болады.

  19. Егер ақша айналысының жылдамдығы пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болса, онда LM қисығы тік болады.

  20. Неғұрлым ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінен икемсіздеу болса, соғұрлым LM қисығы тіктеу болады.

  21. Егер LM қисығы тік болса, онда инвестицияларды ығыстыру нәтижесі орын алмайды.

  22. LM қисығының тік кесіндісінде ақша саясаты тиімді, ал бюджет саясаты тиімсіз болады.

  23. Пайыз мөлшерлемесінің жоғары деңгейлеріне жатықтау LM қисығы сәйкес келеді.

  24. LM қисығының жатық кесіндісінде ақша саясаты тиімдірек болады.

  25. «Өтімді қақпан» LM қисығының жатық кесіндісінде пайда болады.

  26. «Өтімді қақпанан» шығу ақша саясатының құралдарын пайдалану арқасында мүмкін.

  27. IS қисығының тік болуы мүмкін емес.

  28. «Инвестициялық қақпан» көлдеңен IS қисығында пайда болады.

  29. IS-LM моделінде ақша саясатының ұзақ мерзімді кезеңдегі салдары қысқа мерзімді кезеңдегімен бірдей.

  30. Инвестицияларды ығыстыру нәтижесі бар шамада тік IS қисығы жағдайында байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет