«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
28-29 қазан, 2016 ж.
1965 жылы «Русско-казахское содружество в области просвещения»-«Ағарту
саласындағы орыс-қазақ бірлестігі» атты монографиясын аяқтап,1966 жылы докторлық
диссертациясын қорғады. Монография Қазақстанның Ресейге қосылған уақытынан
бастап екі ғасыр бойындағы ағарту ісінде орыс-қазақ бірлескен іс-шараларына талдау
беріліп,олардың қоғамға тигізген зор ықпалын баян етеді. Бұл педагогика тарихын
осылайша терең қарастырған алғашқы еңбектердің бірі болып саналады.
Монографияның толықтырылып,кеңейтіліп шыққан үлгісі 1976 жылы «Содружество
народов в области просвещения»-«Ағарту саласындағы халықтар бірлестігі»деген
атпен кітап болып шыққан.
1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін ҚазМУ, педагогика және психология
кафедрасына жетекшілік еткен.Педагогиканың негізгі курсы мен педагогика тарихынан
дәрістер жүргізген.
Қ.Б.Бержанов С.М. Мусинмен ортақ авторлықта педагогикалық жоғарғы оқу
орындарының студенттеріне арналған «История педагогики»-«Педагогика тарихы»
атты тұңғыш қазақ тіліндегі оқулық жазып шығарған. Талантты педагогтың еңбектері
Қазақстан педагогикасының қалыптасу тарихынан сыр шертетін,әдіснамасынан мол
ақпарат беретін маңызды дерек көздері болып табылады [1, 452].Қартбай Бержановтың
педагогика тарихы бағытындағы еңбектерін қазіргі күнде де басшылыққа алуымызға,
бүгінгі заман талабына сай өңдеп, қолдануымызға болады. Себебі отандық педагог
ғалымдардың төл еңбектері аса құнды, соңғы жылдары шығып жүрген оқулықтарыдың
басым бөлігі шетелдік аналогтардың аудармасы болып қана табылады.
Бітібаева Қанипа(1945-2014ж.ж.)- жөнінде 200-ге тарта мақала,очерктер,үш
кітап жазылған,бірнеше энциклопедияларда алғашқы беттері арналған.
1990 жылы 16 қаңтар күні Кремльдің Свердлов залында небәрі 43 жастағы ұстаз
Одақта бесінші,елімізде бірінші болып, КСРО мемлекеттік сыйлығының Алтын
жұлдызын кеудесіне тағады. Сол жолы ұстазды КСРО Оқу министрі Ягодин
қабылдайды.Одақтық журналистер,басқа да лауазымды адамдар қатысып отырады.
Өзіне тән тік,тура,батыл мінезімен: «Мен мәскеуде он күн болдым, әдебиетті
тереңдетіп оқытатын бірнеше мектептерді араладым. Оқушыны былай қойып,
мұғалімдер ұлы Абай мен дана Мұхтарды білмейді екен. Менің үлгерімі төмен
оқушыларым Пушкин,Лермонтовты жатқа біледі.Сонда қалай, мәскеулік мектептер
туысқан халықтар әдебиетін оқытудан босатылған ба?»-дейді ол министрге қасқая
қарап. Бұл оқиғаны «Народное образование», «Учительская газета» дүркірете жазды.
Журналист Л.Красновский: «Министрге батылы барып,осылай тік сөйлеген адамды
бірінші рет көрдім, келгендердің қолынан қаламы түсіп қала жаздады» дейді сүйініспен
ұстазға.
1991жылдан ұстаздың қазақ әдебиетін әлем әдебиетімен байланыстырып
оқытатын эксперименталды бағдарламасы бойынша тереңдетіп оқытатын сыныптары
ашылды.
Авторлық сыныптың басқа жетістіктерні былайқойғанда, ұстаздан 3 ғылым
докторы,17 ғылым кандидаты, бірнеше ғылым магистрі шықты. Ұстаздың 100-ге тарта
ғылыми әдістемелік мақалалары,32 кітабы(екеуі оқулық) бар [4, 6]. Бітібаева Қанипа
Омарғалиқызының Абайтану тақырыбындағы еңбектері мен қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімдеріне арналған педагогикалық біліктіліктерін арттыруға арналған курстары
арқылы 2014 жылға дейін қаншама мұғалімдер тәжірибесін жетілдірді. АҚШ,Аризона
штаты, Тусон қаласының құрметті азаматы; Құрметті профессор; Елбасы қолымен
тапсырылған бірнеше мемлекеттік медальдар мен марапаттардың иесі бола тұра өзінің
сүйікті мектебін өмірінің соңғы күніне дейін ешбір жоғары лауазымға алмастырмаған
ұстаз.
35
«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
28-29 қазан, 2016 ж.
Ғабдуллин
Мәлік
(1915-1973
ж.ж.)-әдебиеттанушы-
фольклорист,педагог,Педагогика ғылымдары Академиясының мүшесі(1959),Қазақстан
ғылымының еңбегі сінген қайраткері.
Көкшетау облысы,Зеренді ауданы,Көпсалған аулында дүниеге келген. Ауыл
мектебінде және Көкшетаудағы балалар коммунасында,Алматы қаласының
жұмысшыларфакультетінде оқыған. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық
институтын бітірген. Ұлттық мәдениет институтында мұғалім,кейін ғылыми
қызметкер міндеттерін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан,Кеңес Одағының
Батыры.
1946 ж.-ҚазақКСР ҒА-ның Қазақ тілі мен әдебиеті ҒЗИ директорының
орынбасары,директоры, 1951ж.-Абай атындағы ҚазПИ проректоры,кейін ректоры.
1963ж.-М.О.Ауезов атындағы әдебиет пен өнер ҒЗИ-нің қазақ фольклорының бөлімін
басқарған.
Мәлік Ғабдуллин қазақ фольклористикасының мәселелерімен айналысқан.Ол
республиканың жоғарғы оқу орындары мен жалпыбілімберу орта мектептеріне
арналған оқулықтардың авторы. Өз еңбектерінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің
өзекті мәселелерін қарастырған. «Родителям о воспитании детей» (1966)-«Ата-аналарға
балалардың тәрбиеленуі жөнінде» атты еңбегінде ол қазақ халық педагогикасының
тәрбиелік және гуманистік жақтарын халықтық фольклор негізінде зерделеп
бейнелеген [1, 457 б.]. Байқап отырсақ ақын да, батыр да, ғалым да ұстаздық етуді
өмірлік ұстанымы етіп алған. Қазіргі таңда ұстаздың беделін көтеру, жастарды көптеп
педагогикалық қызметке жетілдіру, жұмыспен қамтамасыз ету басты мемлекеттік
мәселенің бірі болып табылады.
Жаркенов Мәлік -1954 жылы В.Молотов атындағы мұғалімдік институтты
тәмамдаған.
1966 жылы Мәлік Жаркеновтың «ҚазКСР халыққа білім беру ісінің үздігі»
атағына ие болған. Дәл осы құрметті мадақтауға 1975 жылы екінші мәрте лайық деп
саналып,марапатталды.
1982 жылы көп жылғы педагогикалық еңбегінің зор жемісі ретінде «КСРО
халық ағарту ісі үздігі» атағы берілді.
КөбеевСпандияр (1878 – 1956ж.ж.)-К.А. Гулина, Л.А. Федулова, С.Н. Гиричев,
А.К. Шмидт, Ю.Г. Айманов, С.К. Карпунин, Ф.Ф. Мокроусова, А.С. Сытдықов, И.Ф.
Клефцур, К. Даукеев және көптеген т.б. Қазақстанның халықтық ағарту ісінің алдыңғы
қатарлы қайраткерлерінің есімдері қоғамға танымал.
Спандияр Көбеевтің педагогикалық қызметі ерекше көңіл бөлуге лайықты (1878
- 1956). Оның бүкіл өмірі Отанға адал қызмет ету үлгісі, өз халқына деген махаббат еді.
Спандияр Көбеев Қостанай облысы Меңдіқара ауданында кедей-шаруаның
отбасында туған.
Медреседе тәннен соғып жазалау қолданылған соң ол бұл жерде ұзақ оқи алмай
қашып кетеді.
Кейін Ыбырай Алтынсариннің көмегімен алдымен 4 жылдық ауылдық, одан соң
болыстық мектепке түсіп сәтті аяқтайды. 1887 жылы екі жылдық педагогикалық
курстарға түседі, 1900 жылы оны бітіріп мектепке мұғалім болып тағайындалады.
Қазақ демократшыл зиялы қауымының алдыңғы қатарлы өкілі ретінде Көбеев
өзінің еңбекшіл халқының толғаныстарын терең түсініп, даму жолдарын іздейді.
Спандияр Көбеев Ұлы Қазан Төңкерісін қуана қарсы алып бірден Қазақстанның бірегей
еңбекшіл кеңестік мектебінің құрылысына кіріседі, халықтың саяси ағарту ісіне
қатысады.
Спандияр Көбеев педагогикалық ізгілікті істе 50 жылдан аса еңбектенді.
36
«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
28-29 қазан, 2016 ж.
Спандияр Көбеевтің педагогикалық еңбегі Ккоммунистік партия және Кеңес
Үкіметінің жоғары бағасына ие болды. 1939 жылы Спандияр Көбеев Ленин орденімен
марапатталды, Қазақ ССР Жоғары Президиумының Жарлығымен оған Қазақ ССР-нің
Еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілді. Ерен еңбегі үшін ол 1945 жылы Отан соғысы
медалімен марапатталды.
1946 – 1947 жылдары Спандияр Көбеев Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты
болып сайланады, өскелең ұрпақтың коммунистік тәрбиесіндегі жетістіктері үшін
«Халыққа білім беру ісінің үздігі» значогымен марапатталады.
1949 жылы еңбек сіңірген жылдары және халыққа білім беру саласында мінсіз
жұмысы үшін екінші Ленин орденімен марапатталады [4,297б.].КСРО кезінде азия
халықтары тағы, өркениеттен жұрдай болған деген жалған түсініктерді өздерінің
жоғары білімімен, қажырлы еңбегімен сан рет жоққа шығарған аға буын әріптестеріміз
бүгінгі ұрпаққа үлгі.
Қалиев Серғазы-педагогика ғылымдарының докторы,профессор С.Қалиұлы
еңбек жолын қарапайым мектеп мұғалімінен бастаған. Ол 1949 жылы Семей
педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетін бітіріп,облыстық оқу
бөлімінің жолдамасымен Семей облысы,Аякөз ауданы Сергиополь орта мектебіне
мұғалім болып келеді. Бір оқу жылы мұғалімдік қызмет атқарып шыққаннан кейін
Аякөз аудандық оқу бөліміне мектеп инспекторы болып тағайындалады.
Өзінің өмір тәжірибесінің аздығына қарамастан аудандағы 58 мектептің
мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, өз білгенін басқаларға үйрете жүріп,өзі де
тәжірибелі-Қ.Жилысов,М.Жантасов,М.Жүсіпов,
Т.Жоламанов,С.Күдерин,
Ғ.Қасенғазин, А.Мусин, А.Алыбаев секілді озат мұғалімдерден әдіскерлік шеберлікті
үйренеді.
С. Қалиұлы 1951-54 жылдары Аякөз аудандық Жастар комитетінің бірінші
хатшысы қызметін атқару кезінде де мектеп жастар ұйымына тікелей басшылық
жасап,оқушы жастардың слетын,олимпиадалық,спартакиядалық жарыстарын өткізуге
белсене қатысып, жастар арасында көпшілік тәрбие жұмыстарын жандандыруға
ерекше назар аударады.
1953 жылы С.Қалиұлы Қазақстан Жастар одағының ІV съезіне делегат болып
қатысады.
1971 жылы «Ғ.Мүсірепов творчествосын мектепте оқыту» деген тақырыпта
Қырғыз мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінде педагогика ғылымдарының
кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды.
С.Қалиұлы ҚазССР және КСРО ағарту ісінің озаты белгілерімен, КСРО қатынас
жолдар министрлігі мен Орталық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен
марапатталады. 1974 жылы мұғалімдердің Бүкілодақтық ІІІ съезіне делегат болып
қатысады.
1981 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми –зерттеу
институтына аға ғылыми қызметкер болып орналасып,1984-87 жылдары педагогика
тарихы бөлімінің меңгерушісі ,ал 1987-93 жылдары институт директорының ғылыми
жұмыс жөніндегі орынбасары ал 1994-2004ж.ж. этнопедагогика және тәрбие
зертханасының меңгерушісі,педагогикалық ғылыми орталықтың директоры
қызметтерін атқарады. Педагогиканың түрлі тақырыптарында ғылыми еңбектер
жазып,тәуелсіз Қазақстан біліміне өз үлесін қосуда [5, 7 б. ].Мақала барысында
қарастырылып келе жатқан педагогтардың өмірбаянының бұл деректер тек бір бөлігі
ғана, бірақ та осынау аз ақпараттың өзі жас мұғалімге қаншама ой салады. Себебі бұл
тұлғалар бағзы заманғы емес, күні кеше ғана алдымызда жүрген ұстаздықтың
эталондары. Тарих пәнін оқытқан кезде де оқушы сақ пен ғұнның кім екенін түсінуі
37
«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
28-29 қазан, 2016 ж.
үшін ол сенің атаңның арғы аталары деп оқытамыз. Тарихи сабақтастықты адам
сезінбейінше ешқандай білім мен тәрбие беру мүмкін емес себебі.
Нұрғалиев Құмаш (1925-1988ж.ж.)-Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл
ауданы Орловка селосында туған. Соғысқа дейін ауылдық мектептің сегіз сыныбын
тәмамдап, еңбек қызметіне кіріскен. Ұлы Отан Соғысы аяқталғаннан соң ғана сырттай
орта мектеп пен институтты бітірген. 1946-1957 жылдары Сорвенковка жеті жылдық
орта мектебінің директоры. Ширек ғасырдан аса уақыт бойы (31 жыл) өзі туып өскен
Боран ауылында орта мектепке басшылық етті (1957-1988ж.ж.). 1975 жылы мектеп
КСРОхалық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысушы, ал 1980 жылы
Қазақстаннның ХШЖК-на қатысушы-мектепке ІІІ орын беріліп, медаль тапсырылды.
Қазіргі уақытта мектепке «Құмаш Нұрғалиевтің мектеп-гимназиясы» авторлық мектебі
атауы берілген. Құмаш Нұрғалиев Ленин, Әскери және Еңбек Қызыл Ту орденінің
кавалері, КССР және Қаз ССР ағарту ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген
мұғалімі (1978), КССР Халық ұстазы (1981).
Құмаш Нұрғалиевтің өмірі – азаматтық қайраттылықтың қаһармандық үлгісі.
Ұлы Отан Соғысына қатысқан кезінде 19 жасында І топ мүгедегі болып қалды. Рига
түбіндегі шайқастарда балтырынан жоғары екі аяғынан бірдей және сол қолынан
айрылып қалғанымен ол өз бойынан жай ғана өмір сүру үшін емес білім беруде өзін
және өз ісін бекітуге күш тапты. Оны ағарту ісіндегі «қазақтың Мересьеві» деп атайды.
[1, 457 б.].Құмаш Нұрғалиевтің ерекшелігі деректе көрсетіліп өткендей, екі аяғы мен
бір қолынан айрылған адам салы суға кетпей, мұғалімдік қызметін абыроймен алып
жүрген. Он екі мүшесі сау біздер үшін бұл іске берілгендіктің ең жарқын мысалы бола
алады.
Хамраев Мұратбек(1936-1983)-ғалым-педагог, ақын, филология ғылымдарының
докторы, профессор. М.К. Хамраев 1936 жылы Алматы қаласында туған. Мектепті
бітірген соң Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде оқыған.
1959 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасына
оқуға түседі.
1961 жылы кандидаттық, ал 1964 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. Ы.
Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының
ғылыми хатшысы, кейін директорының орынбасары болып жұмыс істеген. М.К.
Хамраев Ташкент қ. К. Ниязи атындағы ПҒ ҒЗИ директоры болған.
Оның көптеген еңбектері өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге арналған. Ол
«Уйгурская литература для 9 класса»оқулығының, педагогика проблемаларына
арналған «Расцвет уйгурского народа», «Веков умирающее слово», «Основы тюркского
стихосложения», «Вопросы педагогики и уйгурская школа» және т.б. бірнеше
монографияның авторы. Ол он монография мен оқулықты және кеңестік сонымен
қатар шетелдің ғылыми басылымдарында көптеген мақалалар жариялады.
Мұрат Хамраевтың талмай еңбектенуі және зор эрудициясы арқасында
төңкеріске дейінгі кезеңдегі ұйғыр әдебиетінің классиктері Абдураим Низари,
Наврузахун Зияи, Турди Гериби, Залели, Навбати, Біләл Назым, Садыр Палван,
төңкерісші-ақындар, жаңашыл әдебиеттің классиктері Лутпулла Муталип және Умар
Мухаммади – бұлардың барлығы мұқият зерттеліп ұйғыр халқына ұсынылған болатын.
Тіпті тек ұйғыр халқына ғана емес. Мұрат Хамраев жоғарыда аталған әрбір ақын
туралы орыс, өзбек, қазақ тілдерінде ауқымды еңбек жазды, ал Біләл Назым мен Садыр
Палван туралы түпкілікті мақалалары ГФР және Польшаның ғылыми журналдарында
жарияланды.
Мұрат Хамраев ұйғыр әдебиеттануы, фольклористикасы, өнертануының
бастауында тұрған. Ол түрік өлеңі теориясымен жемісті айналысты, ал 1966 жылы
әдебиеттануда алғашқы рет түркі тілдес әдебиеттерінің терминдер сөздігін жариялады.
38
«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
28-29 қазан, 2016 ж.
Осылайша, басқа халықтар әдебиетінің үнемі кеңейіп келе жатқан өзара қарым-
қатынасы арқылы орыс әдебиеттануын толықтырған терминдер мен ұғымдарды
ғылыми қолданысқа енгізді. [1, 455 б.].Түрлі тарихи кезеңде қазақ жері жүздеген
ұлттардың өкілдеріне екінші отаны атанып үлгерді. Мұрат Хамраев соның айқын
дәлелі. Қазақ топырағының нәрін алған ол ұйғыр әдебиеті мен мәдениеті, түркі тілдес
халықтардың жыр-дастандары тақырыптарында көптеген еңбектер жазған педагог
ғалым.
Деонтология-ұстаздық этика, ұстаздың өзін-өзі белгілі деңгейде ұстауы мен
ұстаз келбеті болса, педагогика ғылымындағы тұлғатану мәселесі осы ұстаздық
келбеттің ажырамас бөлігі. Болашақ мұғалімдерді оқыту, тәрбиелеу ісінде отандық
атақты педагогтардың тәжірибесі емн өмірбаянын жан-жақты үлгі етер болсақ қазақ
педагогикасынң жұлдызы ХХІ ғасырда да жарқырап тұрмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Калиев С. Антология педагогической мысли Казахстана.-Алматы: Сөздік-
Словарь, 2012.-447с.
2.
Академия Наук Казахской ССР. Справочник. Алма-Ата,1987 «Наука»,288 с.
3.
ҚР АҚММ. – 120-қ., 1-т., 16-с.
4.
Кайдарова А.Д. Становление и развитие содержания высшего педагогического
образования в Республике Казахстан (1928-2005). автореферат ...док. пед. наук.- Алматы.
2007-46с.
5.
Балықбаев Т., Башарұлы Р. Профессор Серғазы Қалиұлы Қалиев-әдіскер
ғалым, халықағарту ісінің шебер ұйымдастырушысы. //Білім, Астана. №3(45), 2009.-
124 б.
УДК 378
СТРУКТУРА МАГИСТЕРСКОЙ ДИССЕРТАЦИИ:
ФОРМАЛЬНОСТЬ ИЛИ КОСВЕННАЯ ПЕРСПЕКТИВА НАУЧНОГО
ИССЛЕДОВАНИЯ
Абишев Н.А.
Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова, г. Талдыкорган
Тезис 1. В соответствии с положением об организации итоговой
государственной аттестации в магистратуре СМК ЖГУ П/П М 11-2009, магистерская
диссертация есть заключительный этап подготовки и переподготовки, повышения
квалификации выпускника магистратуры. Она должна продемонстрировать его
зрелость как научного работника, способного творчески формулировать и решать
научные проблемы, выявить уровень научной квалификации магистранта и степень
овладения им методологией научного познания в соответствии с требованиями ГОСО
РК по избранной специальности [Требования к выполнению магистерской диссертации
магистрантам ЖГУ им. И. Жансугурова, С.3-10]. Любая диссертация как явление,
процесс и исследование имеет свою структуру(строение), которая раскрывается как
определенная
взаимосвязь,
упорядоченных
взаиморасположенных
составных
элементов(частей), то есть строго структурировано.
Иными словами, предполагается, во-первых, выделение элементов, образующих
структуру, а во-вторых, установление их взаимосвязей и взаимозависимостей. И далее
трудно не согласиться в этом плане с мнением профессора В.И.Загвязинского, что «…
39
«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
28-29 қазан, 2016 ж.
определение
содержания,
последовательности,
внутренней
связи
(шагов),
исследовательских действий способствует выстраиванию логики исследования, которая
фиксируется в исследовательской программе… конечно, этому предшествует этап
изучения состояния дел, выявления трудностей, поиск ответа в литературных
источниках, анализ опыта (исторического, актуального, собственного), размышления,
мысленные и реальные пробы…» [Исследовательская деятельность педагога. 2-ое изд.
– М.: Изд. Центр «Академия», 2008.- с.11].Предлагаемый перечень исследовательских
действий магистранта, возможно будет реализован при условии овладения им
основами исследовательской культуры, то есть определенной системой ценностных
ориентиров, знаний, умений и навыков, традиционных и инновационных подходов,
приобрести способности и личностные качества, необходимые для успешного
исследовательского поиска [там же, с.11].
Таким образом, исследовательская культура есть результат особой формы
процесса познания людьми, такого целенаправленного изучения объектов, в котором
используются средства и методы науки и завершаются формированием взглядов,
ценностей, принципов, традиций, писанные и неписанные правила, предположения,
знания об изучаемых объектах и передают от поколения к поколению, что и как нужно
делать в той или иной ситуации и чего нельзя делать ни при каких обстоятельствах.
Магистрант включаясь в научное исследование,должен достаточно четко и
осознанно представлять себе – что такое наука, как она организуется, знать
закономерности развития науки, структуру научного знания. Ему также необходимо по
мнению профессора А.М.Новикова и др. «… четко представлять критерии научности
нового знания, которое он намерен получить, формы научного знания, которыми он
пользуется и в которых он намерен выразить результаты своего научного исследования
и т.д. – то есть все то, на что он должен будет опираться в своей научно-
исследовательской деятельности для того, чтобы она была осмыслена и
организованна...» [Новиков А.М. и др. Методологиянаучного исследования.- М.:
URSS, 2010.- С.25]. При таком.понимании, исследование (научное) – рассматривается
как субъективный процесс– как деятельность по получению новых научных знаний
отдельным индивидом – ученым, исследователем, что является предметом
методологии науки [ там же, С.26].
Исходя из этого, исследование предполагает определение общепринятых
методологическихпараметров, к ним относятся: а) проблема исследования, тема, б)
цель, в) объект и предмет исследования, г) задачи, д) гипотеза и защищаемое
положения, е) новизна, значение для науки, значение для практики.Поскольку в данном
исследовании появляется различная совокупность понятий с образующей функцией
«методологии», что может вносить недопонимание, мы воспользовались разъяснением
профессора А.М.Новикова, что, «…методология – это учение об организации
деятельности – научной деятельности, а научная деятельность организуется по
определенным замкнутым, завершенным циклам, по завершении которого приступает к
новому исследованию, постольку понятия «методология науки, методология научной
деятельности, методология научного исследования» являются синонимами…» [ там же,
С.26-27].
Методология – это учение не только об организации просто деятельности, и по
ее развитию, обновлению, преобразованию самой образовательной системы, а также
ориентиром исследовательской деятельности педагогов в сложных, нестандартных
ситуациях, то есть возникает потребность в том, чтобы исследовательская деятельность
педагога стала целенаправленной и профессиональной.
Чтобы определить методологическую концепцию исследования, целесообразно
исходить из определенной программы, этапов исследования при формулировке тех или
|