Заттар алмасуыныѕ реттелуі


 Базофилдер мен эозинофилдердегі зат алмасу ерекшеліктері, олардың



Pdf көрінісі
бет58/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

8. Базофилдер мен эозинофилдердегі зат алмасу ерекшеліктері, олардың 
маңызы. 
Базофилдердің негізгі қызметі және биохимиялық ерекшеліктері. 
Қанда базофилдердің мӛлшері аз. Бірақ әртүрлі тіндер мен қантамыр 
қабырғасында тін базофилдері деп аталатын жасушалар бар. Олар аллергиялық 
реакцияларға қатысады және гепарин мен гистаминді түзеді. Антиген-антидене 
комплексінің әсерінен базофилдер гранулардан айрылады және олардың 
құрамындағы биологиялық активті заттар қанға түседі. 
Базофилдер 
кейбір 
иммунологиялық 
гиперсезімталдығының 
реакцияларының дамуына себеп болады. Олардың мӛлшері лейкоз, стресс 
кезінде күрт, ал қабыну кезінде аздап кӛбейеді. Детоксикация процестеріне 
қатысады. Базофилдердің құрамында кӛп мӛлшерде гликоген, липопротеидтер, 
гликозамингликандар бар. Базофилдердегі зат алмасу толық зерттелмеген. 
Эозинофилдердің негізгі қызметі және биохимиялық ерекшеліктері. 
Нейтрофилдермен салыстырғанда эозинофилдердің фагоциттік активтілігі 
тӛменірек болады. Олар кӛбінесе коктарды жұтады. Гистаминаза ферментінің 
әсерінен гистаминді ыдыратады. Эозинофилдер табиғаты белоктар болатын 
токсиндерді, бӛгде белоктарды және иммундық комплекстерді жояды. 
Цитотоксикалық эффект кӛрсетеді, әсіресе гельминтермен, олардың 
жұмыртқаларымен, личинкаларымен күресудегі олардың рӛлі ӛте зор. Олардың 
құрамында калликреин-кинин жүйесінің компонентерін активтейтін 
белоктар бар, сӛйтіп олар қан ұюына қатысады. Эозинофилдердің мӛлшері 
аллергиялық реакцияларда, яғни базофилдердің дегрануляциясы болғанда және 
анафилакты факторлар бӛлінгенде, күрт жоғарлайды. Сонымен, эозинофилдер 
базофилдердің ӛнімдерін ыдыратып және активсіздендіріп, «тазартқыштардың» 
рӛлін атқарады.
9. Жедел қабыну кезіндегі нейтрофилдердің қызметі. 
Нейтрофилдер жедел қабыну процесінде «жедел қабынуға жауап беруінде» 
басты қызмет атқарады. Жедел қабынуға жауап мына процестерден тұрады 
1.
нейтрофилдердің қабыну ошағына жақындауы (хемотаксис) және 
жабысуы (адгезия); 
2.
нейтрофилдердің активтенуі (жедел респиратолық немесе тыныс алу 
жарылысы); 
3.
антигендердің жойылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет