237
тобына ферментсіз қосылып, Шифф негіздерін (альдимин) түзеді.
Бұл
негіздер тұрақсыз болады. Альдимин кейін ӛзгерістерге ұшырап, тұрақты
кетоаминдерге айналады. Түзілген кетоамин
белокпен байланысқан
күйінде ӛмір бойы қалады. Ол белоктың қасиеттері мен сапасын ӛзгертеді.
Қанның, кӛз жанарының, бүйректің, жүйке тінінің, қан тамырларының
белоктары
гликолиздену
реакциясына
ұшырайды.
Гликолизденген
гемоглобиннің түзілу жылдамдығы қандағы глюкозаның мӛлшеріне тұра
пропорционалды болады. Реакция ӛнімі тұрақты, ӛмір
бойы эритроциттерде
сақталады. Қалыпты жағдайда гликолизденген гемоглобиннің мӛлшері 4-6%
құрайды, қант диабет кезінде 2-3 есе кӛбейеді. Гликолизденген гемоглобиннің
оттекке деген туыстығы ӛте жоғары болады,
бірақ осындай гемоглобиннен
оттектің бӛлінуі және тіндерге ӛтуі қиын болады. Сондықтан гипоксия дамиды.
Гликолизденген гемоглобинді анықтаудың қант диабетінің немесе оның
алғашқы сатысын анықтауда диагностикалық маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: