Алынуы:
1. Хлорды алу. Хлорды алу үшін мынадай 59-суреттегідей құрал жинаңдар: Вюрц колбасына калий перманганатының ұнтағын салыңдар, бөлгіш воронкаға концентрлі тұз қышқылын, бірінші тазартқышқа хлорсутегін ұстау үшін су, екіншісіне хлорды құрғату үшін концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Воронканың ашқышын ашып, концентрлі тұз қышқылын тамызыңдар. Бөлінген хлорды бес банкаға толтырып шынымен жауып, екі банканың түбіне құм салыңдар. Құралдан хлор шықпау үшін газ жүретін түтікшені сілті ерітіндісіне батырыңдар.
59-сурет. Хлор алуға арналған аспап. 1-Вюрц колбасы; 2- тамшылатқыш воронка; 3,4- газ тазалағыш сауыттар; 5-хлор жинауға арналған ыдыс.
Қасиеттері:
2. Хлордың металдармен әрекеттесуі. а) Хлоры бар ыдысқа алдын ала қыздырылған мыстың жіңішке сымын салыңдар. Не байқалады? Ыдысты суытқаннан кейін су құйып шайқаңдар. Алынған ерітіндінің түсі қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Темір қасыққа темір ұнтағын салып, күшті қыздырыңдар, құм салынған хлоры бар банкаға салыңдар. Темірдің хлормен әрекеттесуін байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
в) Ұнтақталған сурьманы хлоры бар банкаға салыңдар. Түзілген сурьма хлоридтерінің құрамы қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Хлордың бейметалдармен әрекеттесуі. Темір қасықпен фосфор алып хлоры бар ыдысқа салыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
4. Хлордың органикалық заттармен әрекеттесуі. Скипидар жағылған сүзгі қағазын алдын ала кұрғақ сынауыққа салып хлор жіберіңдер. Не байқалады? Реакция өнімдері қандай? Скипидардың формуласын деп алып реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Хлор суын алу. Сынауыққа 2/3 су құйып 2–4 минут хлор сіңіріп қанық ерітінді алыңдар. Түзілген хлор суын келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар.
6. Хлор суының қасиеттері. а) Екі сынауыққа хлор суын алып: бір бөлігіне – лакмустың бейтарап ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Екіншісіне – күміс нитратының ерітіндісін құйыңдар. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
е) Үш сынауық алып, біріншісіне – индиго ерітіндісін, екіншісіне – фуксин, үшіншісіне – сия құйыңдар. Барлық сынауыққа хлор суын тамызып шайқаңдар. Не байқалады? Түсіндіріңдер.
б) Екі сынауыққа хлор суын құйып, біріншісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін, екіншісіне күкіртсутегін қосыңдар. Байқалған құбылысты жазыңдар. Хлор суы мен күкіртсутегінің иістері сақтала ма? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Бұлар тотығу–тотықсызданудың қай түріне жатады?
в) Хром (III) сульфаты бар ерітіндіге калий гидроксиді ерітіндісінің артық мөлшерін және хлор суын қосыңдар. Ерітінді түсінің өзгергенін байқаңдар. иондары хромат иондарына айналатынын ескеріп реакция теңдеулерін жазыңдар.
7. Хлорсутегін алу және оның қасиеттері. Вюрц колбасына 15–20 г салыңдар. Тамшылайтын воронкадан концентрлі ерітіндісін құйыңдар. Хлорсутегін үлкен сынауыққа толтыру үшін газ түтікшесін сынауықтың түбіне дейін жеткізіңдер. Сынауықтың бетін алдын ала мақтамен жабыңдар. Құралдың қасына су құйылған кристаллизатор қойыңдар. Тамшылайтын воронканың шүмегін ашып, Вюрц колбасындағы тұзға концентрлі тамызыңдар. Реакцияның жүруін тездету үшін колбаны аздап қыздыруға болады. Мақтамен жабылған сынауықта тұман пайда болғанда (себебін түсіндіріңдер) колбаны қыздыруды тоқтатыңдар, ал газ жүретін түтікшені судың үстіне ұстап, газды суға жіберіңдер (түтікті суға батырмау керек), мақтаны шығарып, сынауықты шынымен жабыңдар. Хлорсутегі бар сынауықты суы бар кристаллизаторға төңкеріп, аузын ашыңдар. Не байқалады? Хлорсутегінің суда ерігіштігі қандай? Сынауықты шынымен жауып судан шығарып алыңдар. Алынған ерітіндіні төртке бөліңдер: біріншісін лакмус сынаңдар, алынған ерітіндінің тұз қышқылы екенін дәлелдеңдер; екіншісіне – мырыш түйірін, үшіншісіне – кальций оксидін, төртіншісіне – кальций карбонатын салыңдар. Байқалған құбылыстарды жазыңдар. Тұз қышқылын алу реакциясы мен оның химиялық қасиеттерін сипаттайтын теңдеулерін құрыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |