Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет4/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

Хлордың оттекті қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Оттекті қосылыстарында хлор қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
2. Хлор оксидтері мен гидроксидтерінің құрылымдық формуласын жазыңдар.
3. Хлорлылау, хлорлау, хлор қышқылдарының алыну реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Хлор оксидтерінің, гидроксидтерінің және тұздарының тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттеріне сипаттама беріңдер.
5. Қышқылдық және тотықтырғыштық қасиеттері хлордың оттекті қосылыстары қатарында қалай өзгереді? Түсіндіріңдер.
6. Хлордың оттекті қосылыстарының қолданылуы.
3 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер.
Аспаптар мен реактивтер: хлорды алуға арналған аспап, стақан (200, 500 мл), асбест торы, штатив, шыны таяқша, мұз, боялған мата қиығы, пинцет, калий хлораты , сөндірілген әк , марганец (ІV) оксиді , (ρ=1,84 г/мл), (ρ=1,4 г/мл), ерітінділер: натрий гидроксиді , калий гидроксиді , натрий хлориді 2н, күміс нитраты 0,1н, калий иодиді 0,1н, калий перманганаты , кобальт нитраты 2н, индиго, фуксин, марганец (ІІ) сульфаты 2н, қорғасын (ІІ) ацетаты , темір (ІІ) сульфаты , кальций гипохлориті .
1. Жавель суын алу. а) Сынауыққа сілтінің сұйытылған ерітіндісін құйып, мұзы бар стақанға қойып, бірнеше минут хлор сіңіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
ә) Стақанға сұйытылған ас тұзының ерітіндісін құйып, мұзы бар стақанға салыңдар. Оған екі электрод батырып (платина немесе көмір) бірнеше минут тұрақты (аккумулятордан) 4-6В кернеу бар ток жіберіңдер. Неге электролизді диафрагмасыз жүргіземіз? Электродтарда және ерітіндіде жүретін реакциялардың теңдеулерін құрыңдар. Алынған жавель суын келесі тәжірибеде қолданыңдар.
2. Жавель суының тотықтырғыш қасиеттері. а) Индиго немесе фуксин ерітіндісіне жавель суын қосыңдар, не байқалады? Түсіндіріңдер.
ә) Индигоны қышқылдандырып алдыңғы тәжірибені қайталаңдар. Реакция ортасын өзгерткенде реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
б) Боялған матаға қышқылдандырылған жавель суына батырылған таяқшаны жүргізіңдер. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Хлордың ылғалданған матаны ғана түссіздендіруін түсіндіріңдер.
в) Марганец (II) сульфатының ерітіндісіне жавель суын аздап қосса не байқалады? Қандай газ түзіледі? Түсін, иісін байқаңдар. Бейтарап ерітіндіде ионы -ге айналатынын ескеріп реакция теңдеулерін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет