Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет5/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
3. Калий хлоратының қасиеттері. а) Құрғақ сынауыққа құрғақ -на қосып қыздырыңдар. Тәжірибеде қандай газ түзілгенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
ә) Құрғақ калий хлоратына 2-3 мл концентрлі тұз қышқылын қосып шамалы қыздырыңдар. Реакция тендеулерін жазыңдар.
б) Құрғақ сынауыққа калий хлоратының бірнеше түйірін салып штативке бекітіңдер. Пипеткамен кристалдарға концентрлі күкірт қышқылын тамызыңдар. Сары-жасыл түсті түзілуін байқаңдар. Реакция нәтижесінде -ге қоса түзілетінін ескере отырып, реакция теңдеулерін жазыңдар. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында калий хлораты қандай қасиет көрсетеді?
4. Хлорлау қышқылдың тотықтырғыш қасиеттері. Екі сынауыққа калий хлораты мен калий иодидінің бірдей көлемде ерітінділерін қосыңдар, өзгеріс байқалды ма? Сынауықтың біреуіне күкірт қышқылын қосыңдар. Не байқалады? Екі сынауықтағы ерітінділердің түстерін салыстырыңдар. Ерітіндіде хлорлау қышқылы тұздары күшті тотықтырғыш екенін ескере отырып, реакция теңдеулерін жазып, тәжірибені түсіндіріңдер.
Бром, иод және олардың қосылыстары
Бақылау сұрақтары:
1. Бром және иод элементтеріне фтормен және хлормен салыстыра отырьп, сипаттама беріңдер.
2. Бром және иодқа жай зат ретінде сипаттама беріңдер: молекулалар құрылысындағы хлорға ұқсастығын, айырмашылығын көрсете отырып ядро арақашықтығының өзгеруін түсіндіріңдер, молекуладағы байланыс сипаты, беріктігі, ұзындығы т.б. шамалардың өзгеруінің галогендер қасиеттеріне әсері қалай (кесте сызыңдар)?
3. Галогендердің тотықтырғыш қабілеті қалай өзгереді?
4. Галогендердің алынуы.
5. Бромсутегі мен иодсутегін қалай алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Галогенсутектерге сипаттама беріңдер (кесте түрінде).

Молекула құрылысы

Байланыс беріктігі

Полюстілігі

Суда ерігіштігі

Электролит күші

Тотықсыздан
дырғыштығы



















Қорытынды: не себептен тотықсыздандырғыш және қышқылдық касиеттері өседі?
7. Калий иодиді иодтың суда ерігіштігін неге өсіреді?
4 зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет