3. Иодтың қасиеттері. а) Құрғақ сынауыққа йодтың түйірін салып, су құйып шайқаңдар. Сұйықтықтың түсін байқаңдар. Йод суда қалай ериді? Осы судағы ерітіндіге калий йодидін тамшылатып қосыңдар. Не байқалады?
ә) Иодтың этил спиртінде ерігіштігін сынау үшін, оның 1 түйірін 1 мл спиртте ерітіңдер. Ерітіндінің түсін байқаңдар.
б) 2-3 мл күкіртсутегі суына бірдей мөлшерде йод суын шайқай отырып қосыңдар. Реакцияның белгісін бақылап, реакция тендеулерін жазыңдар.
в) Фарфор табақшада ұнтақталған йод пен алюминий немесе мырыш ұнтағын араластырып, 1 мл су тамызыңдар. Не байқалады? Су - катализатор қызметін атқаратынын ескере отырып реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Калий бромиді мен йодиді қоспасына хлор суының әсері. Сынауыққа 2-3 тамшыдан 2н калий йодиді мен калий бромидінің ерітінділерін құйып, 0,5 мл бензол қосып, тамшылатып хлор суын қосыңдар, ерітіндіні үздіксіз шайқаңдар. Бензолдың түсін байқаңдар. Хлор алдымен калий йодидін тотықтырады, бұл кезде йод бөлінеді, ол бензол қабатын қызыл күрең түске бояйды. Одан соң бөлінген йод хлордың артық мөлшерімен әрекеттесіп йодтау қышкылына дейін тотығады, сол кезде бензол қабаты түссізденеді. Хлор суын тағы қосқанда бензол қабаты қызыл-сары түске боялады. Себебі, бөлінген бром хлор суын қосқанда бромдау қышқылына дейін тотығады да, бензол қабаты қайтадан түссізденеді. Реакция теңдеулерін жазып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар.
5. Галогенсутектердің тотықсыздандырғыш қасиеттері.Үш құрғақ сынауыққа калий йодидінің, калий бромидінің, калий хлоридінің ұнтақтарын салып, әрқайсысына 2-3 тамшыдан концентрлі күкірт қышқылын тамызыңдар. Алғашында үшеуінде де ақ бу түзілгенін, ал кейін соңғы екеуіндегі өзгерістерді байқаңдар. Байқалған кұбылыстарды түсіндіріңдер. Галогенсутектердің тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстырып, қорытынды шығарыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Галогенсутектерді тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өсу ретімен орналастырыңдар.
6.Бромид және йодид иондарына тән реакциялар. Екі сынауық алып, біріншісіне калий бромиді, екіншісіне калий йодиді ерітінділерін құйып, екеуіне де күміс нитраты ерітіндісімен әсер етіңдер. Тұнбалардың түсін байқаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.