Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет11/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: Кипп аппараты, фарфор табақша, колба (100мл), химиялық стақан (250 мл), 200 мл-лік банкалар, тамшылатқыш воронка, асбест торы, күкірт, темір, мыс, алюминий ұнтақтары, темір сульфиді , натрий сульфиді , кальцирленген сода , ерітінділер: (ρ=1,84 г/мл), күкірт қышқылы, аммоний сульфиді , калий бихроматы , барий, мырыш, алюминий, марганец, кадмий, қорғасын және мыс тұздары ерітінділері, лакмус.
1. Пластикалық күкіртті алу. Сынауықтың жартысына дейін күкірт салыңдар, өте сақтықпен қыздырыңдар. Күкірт балқи бастайды, қозғалғыш сары сұйық түзіледі. Одан баяу қыздырып түсінің және тұтқырлығының өзгергенін байқаңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Күкіртті қайнауға жеткізіп суық суы бар кристализаторға құйыңдар. Егер күкірт жана бастаса сынауықтың аузын асбеспен жабу керек. Судағы күкіртті алып, оның жұмсақ екеніне көз жеткізіңдер. Сабақтың соңына дейін сақтаңдар. Аморфты күкірт біртіндеп кристалл түріне айналады. Түсіндіріңдер.
2. Күкірттің темірмен әрекеттесуі. Күкірт пен темірдің бірдей мөлшерінен қоспа дайындап құрғақ сынауыққа салып қыздырыңдар. Қоспаны тұтас қыздырып, содан соң қатты қыздырыңдар. Қоспа қатты ұшқын шығарып қыза бастағанда қыздыруды тоқтатыңдар. Реакцияның жүруін бақылаңдар. Реакция нәтижесінде түзілген заттың түсін байқап, жазып алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Күкіртсутегін алу және оның жануы. Күкіртсутегі - өте улы, сондықтан барлық тәжірибелерді тартпа шкафта жүргізу керек. 62а немесе 62ә-суреттегідей құралдарды кұрастырыңдар. Штативке бекітіп тәжірибені осы қондырғыда жүргізіңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Бөлінген газдың үстінен қорғасын нитратына батырылған қағазды ұстаңдар. Не байқалады? Бөлінген күкіртсутегін жандырыңдар, толық жанғанда жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Жанып тұрған күкіртсутегі жалынының үстіне ылғал лакмус қағазын ұстаңдар, құрғақ воронканы ұстаңдар. Егер күкіртсутегі жалынына суық ыдыстың түбін тосса, күкіртсутегі шала жанады. Не байқалады? Күкіртсутегі шала жанғанда жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Күкіртсутегі жанғанда қандай қасиет көрсетеді?

а) Газ өткізгіш түтігі бар сынауыққа парафин мен күкірттің қоспасы салынады.
ә) Қондырғы күкірт балқитын хлоркальцийлі түтіктен тұрады. Сутегінің тазалығы алдын-ала тексерілуі керек.
Күкіртсутегінің артық мөлшерін сілтіге сіңдіреді.
62-сурет. Күкіртсутегін алуға арналған қондырғылар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет