Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет12/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

4. Күкіртсутегі суын алу. Күкіртсутегін суға сіңіріп бейтарап лакмуспен сынаңдар. Күкіртсутегінің судағы ерітіндісінде лакмус қандай түске боялады? ерітіндісі қандай қасиет көрсетеді? Күкіртсутегінің суда диссоциациялану теңдеуін жазып, кестеден диссоциациялану дәрежесі, диссоциациялану тұрақтысы бойынша қандай электролиттерге жататынын анықтаңдар.
5. Күкіртсутегінің тотықсыздандырғыш қасиеттері. Калий перманганатының, калий дихроматының қышқыл ерітінділеріне және бром суына күкіртсутегі қышқылын қосыңдар. Реакцияның қандай белгілерін байқадыңдар? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Электрондық теңдеу құрыңдар.
6. Металл сульфидтерін алу және олардың қасиеттері. Аммоний сульфидіне сәйкес мырыш, марганец, кадмий, қорғасын, мырыш сульфаттарының ерітінділерімен әсер етіңдер. Түзілген тұнбалардың түсін байқаңдар. Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Тұнбалардың бір бөліктерін алып тұз қышқылымен әсер етіндер, тұнбалардың қайсысы ериді? Сульфидтердің ерігіштік көбейтінділерін пайдаланып, реакция нәтижесін түсіндіріңдер.
7. Сульфидтердің гидролизі. а) Натрий сульфидінің шамалы кристалдарын суда ерітіп, ерітінді ортасын индикатормен сынаңдар. Индикатор түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Гидролиз реакциясының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
ә) Алюминий тұзының ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін қосыңдар. Сынауықты қыздырып, тұнбаны сүзіп, ыстық сумен жуыңдар. Түзілген тұнба алюминий гидроксиді екенін дәлелдеңдер.
Күкірттің оттекті қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Күкірт (ІУ) және (УІ) оксидтерінің құрылымдық формулаларын жазыңдар.
2. Күкірт (ІУ) және (УІ) оксидтерінің химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерімен жазыңдар.
3. Күкірт (ІУ) және (УІ) оксидтерінің зертханада және өндірісте алыну реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Күкірт қышқылының құрылымдық формуласын жазыңдар.
5. Тотығу-тотықсыздану реакциялардағы күкірт қышқылының ролі.
6. Натрий тиосульфатының құрылымдық формуласын жазыңдар. Күкірт атомының тотығу дәрежесін көрсетіңдер, тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы натрий тиосульфатының ролі.
7 зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет