Тәжірибелер:
Aспаптар мен реактивтер: күкірт оксидін алуға арналған аспап, штатив, тығындары бар екі банка, стақандар, тамшылатқыш воронка, тығындары бар үлкен сынауық, фарфор табақша, асбест торы, заттарды жағуға арналған темір қалақша, мұз немесе қар, сүзгі қағаз, индикатор қағазы, мақта, үлкен тығын, сынауықтарға арналған тығындар, (ρ=1,84 г/мл), (ρ=1,4 г/мл), күкіртті қышқыл (жаңа дайындалған ерітінді), магний лентасы, мыс, күкірт ұнтағы, көмір түйірі, магний оксиді, фосфор (V) оксиді, натрий сульфиті , натрий хлориді , темір (ІІ) сульфаты , калий иодиді , мыс сульфаты , натрий сульфаты , натрий тиосульфаты , қант , этил спирті , ерітінділер: тұз қышқылы , барий хлориді , калий бихроматы , қорғасын нитраты , бром суы, иод суы, фуксин, лакмус.
1. Күкірт (IV) оксидін алу. Колбаға 2-3 қасық натрий сульфитін салыңдар. Тамшылатқыш воронкаға концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Не себептен тәжірибеге құрғақ тұз бен концентрлі қышқыл алынады? Бөлінген газды қандай әдіспен жинау керек? Колбаға тамшылатып күкірт қышқылын құйыңдар. Бөлінген газды стақанға (немесе цилиндрге) және екі үлкен кең сынауыққа жинаңдар. Стақанды шынымен, сынауықтарды тығынмен жабыңдар. 50-100 мл суға қаныққанша күкірт (IV) оксидін сіңіріңдер, ол үшін газ шығатын түтікті суы бар колбаға салыңдар; су реакция жүріп жатқан колбаға сорылып кетпеуі керек. Тәжірибенің соңында аздап қыздыруға болады. Күкірт (IV) оксиді бар стақанды, сынауықтарды келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. алғанда жүрген реакцияның теңдеуін жазыңдар. Күкірт (IV) оксидін натрий сульфитінен алу үшін тұз қышқылын немесе азот қышқылын алуға бола ма? Түсіндіріңдер.
2. Күкірт (IV) оксидінің қасиеттері. Күкірт (IV) оксиді бар сынауыққа жанып тұрған шыраны салғанда не байқалады? Түсіндіріңдер.
3. Күкірт (IV) оксидінің және күкіртті қышқылдың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері. а) Күкірт (IV) оксиді бар стаканға магний жағып салыңдар. Не байқалады? Реакция нәтижесінде күкірт түзілетінін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сынауыққа тұз қышқылын құйып оны күкірт (IV) оксидімен қанықтырыңдар. Ерітіндіге 1-2 түйір мырыш салыңдар. Бірнеше минуттан кейін ерітіндіні басқа сынауыққа құйып күкіртсутегі бар екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакциядағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер. Мырыштың ролі қандай?
б) Бір сынауыққа шамалы бром суын, екіншісіне иод суын, үшіншісіне калий перманганаты ерітіндісін, төртіншісіне калий дихроматының ерітіндісін және калий перманганаты мен калий дихроматы ерітінділері бар сынауықтарға шамалы сұйытылған күкірт қышқылын қосыңдар.содан соң барлық сынауыққа күкіртті қышқыл қосыңдар. Сынауықтардағы ерітінділер түстерінің өзгеруін байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. , . Күкіртті қышқыл бұл реакцияларда қандай қасиет көрсетеді? 1-кестедегі стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалдарымен танысып, қышқыл ортада күкіртті қышқылдың бром, калий перманганаты және дихроматта тотығатынын дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |