7. Сульфат ионына тән реакция. Тұздардың ерігіштік кестесін пайдаланып, сульфат иондарына қандай катиондар реактив бола алатынын анықтаңдар. Сәйкес реакцияларды жүргізіп, алынған тұнбалардың түстері мен түрлерін анықтаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Түзілген тұнбаларға тұз қышқылымен әсер етіңдер. Барий сульфитіне және барий сульфатына тұз қышқылы әсерінің айырмашылығын байқаңдар. Түсіндіріңдер.
8. Натрий тиосульфатының қасиеттері.а) Натрий тиосульфатының тотықсыздандырғыш қасиеті: екі сынауыққа натрий тиосульфаты ерітіндісін құйып, біріншісіне - хлор суын, екіншісіне - бром суын қосыңдар. Ерітіндіде сульфат ионы түзілгенін дәлелдеңдер. Натрий тиосульфаты және хлор суының, натрий тиосульфаты және бром суының әрекеттесуін жазыңдар, электрондық теңдеулерін құрып теңестіріңдер.
ә) Тиосульфат ерітіндісіне крахмал және йод суын тамшылатып қосыңдар. Йодтың түсі неге жойылады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Реакция нәтижесінде натрий тетратионаты түзіледі. Ерітінді көк түске боялғанша йод суын қосып, түсіндіріңдер.
Азот және оның сутекті қосылыстары Бақылау сұрақтары 1. Азот атомының элетрондық формуласын жазыңдар. 2. Қосылыстарында азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді және максимальды коваленттілігі қандай? Мысал келтіріңдер. 3. МОӘ пайдаланып, азот молекуласының энергетикалық диаграммасын жазыңдар. 4. Зертханада қандай заттардан және қандай жағдайда азотты алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. 5. Азоттың қандай сутекті қосылыстарын білесіңдер? Формулаларын жазып және аттарын атап, тотығу-тотықсыздану реакцияларда қандай қасиет көрсететінін реакция теңдеулерімен жазыңдар. 6. ВБ әдісі бойынша аммиак молекуласының құрылысын түсіндіріңдер. 7. Зертханада қандай заттардан және қандай жағдайда аммиакты алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. 8. Аммиактың химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер, реакция теңдеулерін жазыңдар. №8 зертханалық жұмыс