Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Азот оксидтерін аммиакты тотықтыру арқылы алу



бет20/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

4. Азот оксидтерін аммиакты тотықтыру арқылы алу. 1-сынауыққа 1-2 мл концентрлі аммиак ерітіндісін құйыңдар. Оны алу үшін қандай басқа заттар алуға болады? 2-сынауыққа кішкене бертолле тұзын және марганец диоксидін салыңдар. 3-сынауықтың түбіне мыс сынықтарын немесе сымын салып, газдар қоспасы шығатын түтікке кіргізіңдер. Мыс осы реакцияда қандай қызмет атқарады?
Мыс сымын қыздырыңдар. 2-сынауықтағы бертолле тұзы мен марганец диоксидінің қоспасын қыздырып, 3-сынауықта оттегі толғанын тексеріңдер, содан кейін аммиактың ерітіндісі бар 1-сынауықты қыздырыңдар. 3-сынауыққа барған аммиак бірден азот (II) оксидіне дейін тотығады. Мыс сымы қалай өзгереді? Осы реакцияның жылу эффектісі туралы не айтуға болады? Мыс сымы қызарғанда қыздыруды тоқтату керек. Түзілген азот (II) оксидінің азот (IV) оксидіне айналғанын қалай білуге болады? Егер 1-сынауықты қатты кыздырса, аммиак артық мөлшерде жиналады, сол кезде азот (IV) оксидінің орнына сынауықтың қабырғасында ақ дақ пайда болады. Оның құрамы қандай?
Егер аммиак пен оттегі сынауықта мыс сымының үстінде әрекеттесіп үлгермесе, қопарылыс беруі мүмкін. Реакция тендеулерін жазыңдар.

67-сурет. Аммиакты тотықтыруға арналған қондырғы: 1- концентрлі аммиак ерітіндісі бар сынауық; 2- бертолле тұзы мен марганец (ІУ) оксидінің қоспасы бар сынауық; 3- мыс сымдары салынған сынауық.
5. Азот (IV) оксидін алу. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек) а) Колбаға аздап мыс жаңқасын салып, воронкаға 5-10 мл концентрлі азот қышқылын құйыңдар. Қышқылды тамшылатып колбаға құйып тұрыңдар (68-сурет). Түзілген газды үш цилиндрге (2 банкаға және 1 сынауыққа) жинап алып, оларды шыны пластинкамен жауып, 6-тәжірибеге сақтап қойыңдар. Газдың түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Хлоркальций түтікшеге екі мақта қабатының арасына кальций хлоридінің түйірлерін салыңдар (түтікшесіз де тәжірибені жүргізуге болады). Колба сиятын үлкендеу ыдысқа (ванна) суытатын қоспамен (тұз бен қар (1:2) немесе мұз) толтырыңдар. Қабылдағыш колба өте құрғақ болуы керек, газды су астында жинау керек. Қоспаны фарфор табақшада қызыл-қоңыр түтін шыққанша шыны таяқшамен араластырып қыздырындар, оны 1-ші сынауыққа орналастырыңдар. Қыздыру бірдей таралу үшін қорғасын нитратына құм қосылады. Енді қоспасы бар 1-ші сынауықты қыздырыңдар, газ үнемі шығып тұруы керек және ваннадағы су кіріп кетпеуі керек. Колбада жиналған сұйықтықтың көлемі және түсі қандай? Егер хлоркальций түтікшесін қолданбаған болсақ, ылғал жерде көк түсті азот (III) оксиді де түзілуі мүмкін, сондықтан сұйықтықтың түсі жасыл болады. Колбада аздап сұйықтық жиналғанша, газ түтікті судан шығарып алып, қоспаны қыздыруды тоқтату керек. Сынауықта қандай газ жиналғанын дәлелдеңдер. Резеңке түтіктерге кысқыштарды ұстатыңдар, алдын ала хлоркальций түтікшесін босатып шығарып алыңдар. Сұйықтық бар колбаны келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. Қорғасын нитратының ыдырау теңдеуін жазыңдар.

68-сурет. Сұйық азот (ІУ) оксидін алуға арналған қондырғы: 1- сынауық; 2- хлоркальцийлі түтік; 3- салқындатқыш қоспасы бар ванна; 4- колба; 5- су толтырылған ванна; 6- қабылдағыш сынауық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет