Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет21/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

6. Азот (IV) оксидінің қасиеттері. (а,б-тәжірибелерін тартпа шкафта жүргізу керек). а) Азот (IV) оксиді бар ыдыста жанған шыра мен тұтанған қызыл фосфор жана ма, жоқ па сынап көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы тәжірибенің нәтижесін 3-тәжірибенің нәтижесімен салыстырып, азот оксидтерінің қайсысы оттегін оңай береді? Түсіндіріңдер.
ә) 5а-тәжірибеден алынған азот (IV) оксиді бар цилиндрді суы бар ваннаға төңкеріп аузын ашып қойыңдар. Не байқалады? Судың цилиндрге көтерілуі тоқтағанда, цилиндрдің аузын судың астында жауып, шығарып алыңдар. Алынған ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) 5-тәжірибедегі алынған азот (IV) оксиді бар колбаны штативке бекіп, газ түтіктің шетін жылы суы бар ваннаға салып қойыңдар және жылы суы толған төңкерілген сынауықтың ішіне кіргізіңдер. Резеңке түтіктегі қысқышты алып тастап, колбаны жай ғана қыздырыңдар. Цилиндрге жиналған газдың түсін байқаңдар. Ыдыстың жартысына дейін газ толған соң түтікшені судан шығарып, қыздыруды тоқтатыңдар. Цилиндрді шынымен жауып судан шығарып алыңдар. Қандай газ жиналғанын дәлелдеңдер және лакмус ерітіндіде қандай түске боялатынын байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар, азот (IV) оксиді сумен әрекеттесуі іс жүзінде қай жолмен жүреді?
7. Азотты қышқылдың түзілуі және ыдырауы. Сынауыққа 2-3 мл натрий нитриті ерітіндісін құйып қармен (мұз) суытыңдар, оған сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Ерітіндінің және оның үстіндегі газ түсін байқаңдар. Не себептен ерітіндіні суыту керек, түзілген газдың құрамы, ерітіндідегі түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.
8. Азотты қышқылдың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері.
а) Сынауыққа 2-3 мл калий иодидінің ерітіндісіне сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісін қосып, натрий нитритінің сұйытылған ерітіндісін аздап тамызыңдар. Ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сұйытылған күкірт қьшқылының ерітіндісімен қышқылдандырылған калий перманганатының ерітіндісіне натрий нитритінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Өнімдердің бірі (II) тұзы екенін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар. Тәжірибелерде азотты қышқыл қандай қасиет көрсетеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет