Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет17/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

3. Аммиактың қасиеттері. а) Аммиакты суда еріту. 2-тәжірибеде алынған сынауықтағы аммиакты суда еріту үшін сынауықтың бетін судың астында ашыңдар. Не байқалады? Судың көтерілуі тоқтағанда сынауықты судың астында тығынмен жауып, судан шығарып алып лакмуспен сынаңдар. Байқалған кұбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Ерітіндінің бір бөлігін қайнатындар. Иісі жойылды ма? Лакмуспен сынаңдар, түсі өзгерді ме? Аммиактың судағы ерітіндісінде тепе-теңдік бола ма? Қыздырғанда тепе-теңдік қалай қарай ығысады? Түсіндіріңдер.
ә) Аммиактың хлорсутегімен әрекеттестіріңдер: бір цилиндрге аммиак (2-тәжірибе), ал екіншісіне хлорсутегін жинап алып, екеуін де шыны пластинкалармен (тығынмен) жауып, цилиндрлердің ауыздарын жанастырыңдар (аммиак жоғарыда болуы керек). Пластинкаларын (тығындарын) ашып газдарды араластырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Аммиактың жануы: 64-суреттегідей қондырғы құрастырыңдар, бірінші сынауыққа 2-3 мл концентрлі аммиак ерітіндісін құйып газ өткізгіш түтікшесі бар сынауықпен жабыңдар, екінші сынауыққа калий перманганатын салыңдар. Газ өткізгіш түтікшесі екінші сынауықтың аузында болуы керек, екінші сынауықты қыздырып оттегі бөліне бастағанда, аммиак ерітіндісін қыздырып, жағыңдар. Жалынның түсін байқаңдар. Реакция тендеуін жазыңдар.

64-сурет. Аммиактың оттегінде жануы: 65-сурет. Аммоний хлоридінің термиялық ыдырауы.
1- концентрлі аммиак ерітіндісі бар сынауық;
2- оттегін алуға арналған қоспасы бар сынауық.
4. Аммоний ионына тән реакция. Сынауыққа аммоний тұзының ерітіндісін құйып 1-2 мл ерітіндісін қосып қыздырыңдар. Сынауықтың аузына ылғал лакмус қағазын ұстаңдар. Лакмус қағазы қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Газдардың ішінде тек аммиак қана сумен қосылып сілті түзеді, соңдықтан лакмустың су буына көгеруі, ерітіндіде аммоний катионы бар екенін дәлелдейді. Егер бөлінетін аммиак көп болса, оны иісінен білуге болады.
5. Аммоний тұздарының термиялық ыдырауы. (ә,б-тәжірибелерін тартпа шкафта жүргізу керек). а) Ұзындығы 20-25 см шыны түтікшенің ортасына аммоний хлоридін нығыздай қалыңдығы 3-4 см-дей етіп орналастырыңдар (65-сурет). Түтіктің екі ұшына ылғал қызыл және көк лакмус қағазын орналастырыңдар. Түтікті штативке көлбеу орналастырып, төменгі жағынан бастап лакмус қағаздардың біреуі өзгергенше қыздырыңдар. Қандай газдар әсерінен лакмус қағаздары түсін өзгертеді? Не себептен бұл газдар бөлінеді? Аммоний хлоридінің ыдырауын реакция теңдеуімен жазып көрсетіңдер.
ә) Тигель қақпағына аммоний сульфатының бірнеше кристалын салып қыздырыңдар. 357°С-да аммоний сульфаты ыдырап аммиак бөлінеді, тұз балқып ыдырайды, балқыған тұздың құрамында аммоний сульфаты мен гидросульфаты болады. Бөлінген аммиакты анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Тигель қақпағына аммоний нитратының бірнеше түйірін салып қыздырындар, тартпа шкафтың шынысын төмен түсіріп қою керек. Қыздырып, реакция біткенде қақпақта зат қалды ма? Реакция тендеуін жазып, электрон-баланс теңдеуін көрсетіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет