Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Қорытынды: а,ә,б-тәжірибелерін салыстырыңдар, анионның табиғаты аммоний тұздарының ыдырау сипатына қалай әсер етеді? 6. Аммоний хлоридін айдау (возгонка)



бет18/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

Қорытынды: а,ә,б-тәжірибелерін салыстырыңдар, анионның табиғаты аммоний тұздарының ыдырау сипатына қалай әсер етеді?
6. Аммоний хлоридін айдау (возгонка). Сынауықтың түбіне аммоний хлоридін аздап салып қыздырыңдар. Сынауықтың салқын қабырғаларында не байқалады? Тәжірибе арқылы түзілген заттың құрамын анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Азоттың оттекті қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Азот оксидтерінің молекулалық және құрылымдық формулаларын жазыңдар.
2. МОӘ пайдаланып азот (ІІ) оксидінің молекула құрылысын түсіндіріңдер.
3. Азот оксидтерінің алынуы, реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Азот оксидтерінің химиялық қасиеттері, реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Тотығу-тотықсыздану реакцияларда нитриттер қандай қасиеттер көрсетеді?
6. Азотты және азот қышқылының графикалық формуласын жазыңдар.
9 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер: штативтер, газөткізгіш түтігі бар тығын, фарфор табақша цилиндрлер немесе тығындары бар үлкен сынауықтар, шыны таяқшалар, асбест торы, құм моншасы, иілген түтік, екі шыны түтік, алюминий кесектері, темір ұнтағы, күкірт кесектері, қызыл фосфор, марганец (ІV) оксиді , темір сульфиді , калий нитраты , калий хлораты , кальций хлориді , мыс нитраты , натрий нитраты , натрий хлориді , қорғасын нитраты , күміс нитраты , мұз немесе қар, индикатор қағазы, сүзгі қағазы, ерітінділері: күкірт қышқылы , натрий гидроксиді , аммиактың судағы ерітіндісі (25 %-ті және 2 н), фенолфталеин, барий хлориді , темір (ІІ) сульфаты , калий иодиді , лакмус, крахмал клейстері.
1. Азот (I) оксидін алу және қасиеттері. Сынауыққа аздап аммоний нитратын салып сақтықпен (неге?) қыздырыңдар. Сынауықтың аузына шоқталған шыраны ұстаңдар. Не байқалады? Бөлінген газдың құрамы қандай? Оның түсін және иісін байқаңдар. Реакция тендеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет