2. Қалайының сілтілермен әрекеттесуі. Сынауыққа 2-3 түйір қалайы салып, концентрлі сілті ерітіндісін қосыңдар. Өзгерісті байқаңдар. Бөлінген газдын сутегі екенін қалай дәлелдеуге болады? Нәтижесінде гидроксостаннат (II) түзілетінін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Қалайы гидридінің түзілуі. Фарфор табақшаға шамамен қалайы (IV) хлоридінің ерітіндісін құйып, концентрлі тұз қышқылын қосыңдар және мырыш түйірін салыңдар. Су құйылған сынауықпен араластырып оны жалынға ұстаңдар, қабырғасында көкшіл отты (жалынын) байқауға болады. Бұл жанған қалайы гидриді - . Қалайы гидридінің түзілу реакция теңдеуін жазыңдар. Метан мен қалайы гидридінің тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстырыңдар.
4. Қалайы (II) гидроксидінің алынуы және қасиеттері. Зертханада бар реактивтерден қалайы (II) гидроксидін алыңдар. Сілтіні артық қоспаңдар. Неге? Тұнбаның түсін және түрін байқаңдар. Қалайы (II) гидроксидіне сілті мен қышқылдың әсерін байқаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
5. Қалайы қышқылдары және олардың қасиеттері.(5ә-тәжірибесін тартпа шкафта жүргізу керек). а) Қалайы (IV) хлоридінің ерітіндісіне аммиактың судағы ерітіндісін тамшылатып қосыңдар, ақ түсті борпылдақ α-қалайы қышқылының тұнбасы түзіледі. Тәжірибе жүзінде оның қышқылдармен және сілтілермен әрекеттесуін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.
ә) Фарфор табақшада қалайының бір түйіріне концентрлі азот қышқылын қосып қайнағанша қыздырыңдар. β-қалайы қышқылының ақ тұнбасы түзіледі. Суығаннан кейін табақшадағы тұнбаны сумен сұйылтып, бірнеше рет сумен шайқап жуу керек (декантация). β-қалайы қышқылы концентрлі тұз қышқылында және сілтіде ( ) ери ме, жоқ па? Тексеріңдер. Байқалған құбылыстарды жазыңдар. α- және β-қалайы қышқылдары қасиеттерінің айырмашылығы қандай?
6. Қалайы (II) хлоридінің гидролизі. Қалайы (II) хлоридінің бірнеше түйірін шамалы суда ерітіңдер. Бұл тұз гидролиздене ме? Лакмус қағазымен тексеріңдер. Алынған концентрлі ерітіндіні сумен сұйылтыңдар. Не байқалады? Тұздың гидролиздену дәрежесіне сұйылту қалай әсер етеді? Гидролиз теңдеуін жазыңдар. Гидролизденудің қайтымдылығын тәжірибе жүзінде тексеріңдер. Осы процестің механизмін түсіндіріңдер.