Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет44/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

10. Қорғасынның ауада тотығуы. а) Бір түйір қорғасынды пышақпен кесіңдер. Кесілген жеріңде металл беті қалай өзгереді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
ә) Темір қасықшада бір түйір қорғасынды балқытыңдар. Қорғасын бетінің өзгеруін байқаңдар. Қорғасын (II) оксиді түзілетінін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.
11. Қорғасынның қышқылдармен әрекеттесуі. (тартпа шкафта жасау керек). Алты сынауық алып, әрқайсысына 2 түйірден қорғасын салып, сұйытылған және концентрлі тұз, күкірт және азот қышқылдарын құйыңдар, не байқалады? Қыздырғанда не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
12. Қорғасын (II) гидроксидін алу және қасиеттері. Қорғасынның (II) еритін тұзына сілті қосып қорғасын гидроксидін алыңдар. Тұнбаның түсін және түрін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбаны екі сынауыққа бөліп, біріншісіне азот қышқылының ерітіндісін, екіншісіне сілтінің ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қорғасын (II) гидроксидінің қасиеттері қандай?
13. Қорғасын (II) катионын ерітіндіден анықтау. Алмасу реакциялары арқылы қорғасынның (II) хлоридін, сульфатын, иодидін, сульфидін және хроматын алыңдар. Тұнбалардың түстерін және түрлерін байқаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
14. Суриктегі қорғасынның тотығу дәрежесі. Суриктің формуласы - (аралас оксидаты), түр-түсін байқаңдар, суда ери ме, сынап көріңдер. Суриктің аз мөлшеріне сұйытылған азот қышқылын қосыңдар, түсі өзгергенше қыздырыңдар ( түзіледі). Бетіндегі ерітіндісін құйып алып, ерітіндіде бар екенін анықтаңдар, ол үшін 13-тәжірибедегі реакцияның біреуін пайдаланыңдар. Суриктің азот қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар. Қорғасын атомдарының суриктегі тотығу дәрежелерін көрсетіңдер.
15. Қорғасын (IV) оксидінің қасиеттері. (тәжірибені тартпа шкафта жасау керек).
а) Фарфор табақшаға шамалы салыңдар, концентрлі калий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар, 3-4 минут қыздырыңдар. Не байқалады? Гидроксокомплексте қорғасынның (IV) координациялық саны 6-ға тең екенін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сынауыққа аз мөлшерін салып, оған артық мөлшерде концентрлі тұз қышқылын қосыңдар. Не байқалады? Қандай газ бөлінді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш болып табылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет