Әдебиеттер
1 Назарбаев Н.Ҽ. Туған елім – тірегім. (Құрастырғандар: М. Қасымбеков, Қ.
Ҽлімқұлов). – Алматы: Рауан, 2001. – 128 б.
2 Назарбаев Н.Ҽ. Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен 2001 жылғы 7
ақпандағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік Бағдарламасы».
3 Ҽл-Фараби. Ҽлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Санат, 1995. – 481 б.
4 Қазақ тілі мен ҽдебиеті орыс мектебінде. Республикалық ғылыми-
педагогикалық басылым. – №12. – 2007. – №1. – 2008.
5 Гин А. Приемы педагогической техники. – М., 1999.
6 Ушинский К.Д. Собр. соч. Т. 6. – М., 1949. – 319 с.
7 Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 560 б.
8 Жанпейісова М. Модульдік оқу технологиясы.
9 Дауыс пен кҿрініс. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау туралы
ұлттық журнал.
10 Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мҽселелері.
– Алматы: Рауан, 1993.
11 Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін
оқыту ҽдістемесі. – Алматы, 1996.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
46
БЕШИТОВА Сая Елжасовна, ЧУШЕКОВА Айман Ахметовна,
«№34 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мҧғалімдері, Семей қаласы,
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ЖАҢАЛЫҚҚА ҚАРАЙ БАТЫЛ ҚАДАМ НЕМЕСЕ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҤЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ
Аңдатпа
Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік,
интеллектуалдық, мҽдени дамуының жоғары деңгейлік жҽне кҽсіби біліктілігін
қамтамасыз етуге бағытталған тҽрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі
белгілі. Берілген жұмыстың мақсаты – осы пікірді қолдай келе, оны дҽлелдеу үшін
авторлар жаңаша оқыту принципіне негізделген жҽне дҽстүрлі сабақтарды бір-
бірімен салыстыра отырып екеуінің тиімділігін кҿрсету.
Мұғалім – ең алдымен жоғары дҽрежедегі тұрақты моральдық жҽне
психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін мамандықтың бірі. Оның
оқушының жүрегіне жол тауып, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгеріп,
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болуы керек.
Қазіргі кезде кҿкірегімізде жүретін сұрақ: «Еркіндікті пайдаланудың
нҽтижесіне сыни кҿзбен қарап, оны дұрыс бағалай білеміз бе?». Шынымен-ақ ҽлі де
мұғалімдер мен мектеп басшыларының ішінде дҽстүрлі сабақ түрлерін «дұрыс»,
«жоғары деңгейде ҿтті» деп бағалайтындар кҿптеп кездеседі. Олар, Джон Дьюи
айтқандай, сынып бҿлмесіндегі парталар қатарында орнаған ҽскери тҽртіп пен
арнайы рұқсат арқылы орындалатын қимыл оқушының еркіндігін тежеп, оның
дамуына кедергі жасайтынына сенбейді. Осы пікірді қолдай келе, оны дҽлелдеу үшін
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
47
біз жаңаша оқыту принципіне негізделген жҽне дҽстүрлі сабақтарды бір-бірімен
салыстырар едік.
Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік,
интеллектуалдық, мҽдени дамуының жоғары деңгейлік жҽне кҽсіби біліктілігін
қамтамасыз етуге бағытталған тҽрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі
белгілі. Осы орайда, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын
арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке
пҽндерді оқытудың тиімді ҽдістері мен тҽсілдерін іздестіру қазіргі білім беру
саласының алдындағы ҿзекті мҽселелердің бірі болып отыр. Сондықтан жалпы білім
беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте
мектеп оқушыларының қазақ тілі мен ҽдебиеті сабақтарын оқудағы сауаттылығын
арттыруға келіп тірелетіні мҽлім. Ал оқушылардың тілдік мҽдениеттілігі тек
берілген білімге ғана емес, оның деңгейін анықтау критерийіне тексеру құралы емес,
тҽсіліне де тҽуелді.
Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни
технологияландыру, жаңа үрдістерге кҿшу процесі жүріп жатыр. Оқушыларға
сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты –
логикалық жҽне сыни ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны ҿздігінен оқытуға
үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре
отырып, ҿздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған
жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады [1, 25].
Кҿрнекті педагог В.Ф. Сухомлинскийдің: «Егер мен сабақ беруші ғана болсам,
педагогтік деңгейге кҿтеріле алмас едім, шҽкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын
мҽңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді», - деген сҿзін ҿз санамызға сіңіріп,
бұл тұжырымға кҿп мҽн беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының кҿпшілігі
қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽнін меңгеруде кҿптеген қиыншылықтарға ұшырайды.
Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пҽн туралы сҿз қозғасаң, оның дұрыс түсіне
алмай жүргеніне, оған деген құштарлығының жоқтығына кҿз жеткізуге болады.
Ҽрине, басқа пҽндерге қарағанда бұл пҽндердің қиыншылығы да баршылық. Бірақ
кез келген пҽнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пҽнге деген
қызығушылығын арттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру
мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру ҽрбір ұстаздың басты міндеті. Қай ҽдісті
пайдалансақ та, алға қойған мақсат біреу. Ол – оқу бағдарламасының материалдық
мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей
болмайды. Сондықтан қазақ тілі мен ҽдебиетін сабақтарында ҽр сыныптағы
оқушының жас ерекшеліктеріне қарай жҽне білім деңгейіне сай сабақтың түрін
тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың
қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір кҿзі – грамматикалық ойын
элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мҽселе оқушылардың ойлау қабілетін
арттырады.
Грамматикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы.
Ойынның қандай түрі болса да балаларды ҿзіне тартады, теорияны практикамен
ұштастыруға жол ашады. Мұның ҿзі мұғалім үшін ҿте қажет жағдай. Грамматикалық
ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда
жүргізілуі тиіс [2, 36].
Білім беру процесінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел
қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дҽуірде оқу материалын меңгеру үшін Б. Блум
ұсынған тҿмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нҽтижелерге қол жеткізгендігін
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
48
педагогикалық тҽжірибелер кҿрсетуде: танып – білу – түсіну – анализ – синтез –
қолдану – бағалау. «Білім болмаса, ойлау да болмайтындықтан» ҽрбір оқу пҽнін
меңгеру процесінде оқушы сол пҽнге сҽйкес ойлау тҽсілдерін де меңгере бастайды
[3, 6].
Танымдық-диалектикалық заңдылықтарына сүйене отырып, грамматикалық
ұғымдарды меңгеруде, ұғымға сҽйкес термин-сҿздермен, символдармен жүйелі
түрде
мақсатқа
бағытталған
жұмыс
жүргізу
керектігін,
оқушылардың
грамматикалық ұғыммен білімдерді саналы жҽне белсенді меңгерулерін басқару
мүмкіндігін ескере отырып, ұғымдарды қалыптастырудың тҿмендегі ғылыми-
ҽдістемелік деңгейі кҿрсетілген.
Қазіргі таңда Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп,
Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
курстарының деңгейлі бағдарламасы бойынша сабағамды мұғалімдер тҽжірибесі
саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық
тҽсілдің бірі – Lesson Study – ҿткіздік. Осы жұмысты ҿзіміз сабақ беретін 7 «В»
сыныбында тиімді деп санадық. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту
мен оқуды талдау, ҿз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге
асыратын мұғалімдер қатысады. Lesson Study-дің циклін ҿткізген соң мұғалімдер
педагогикалық тҽсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson
Study, таныстырылым ҿткізу, баспада жариялау арқылы ҽріптестеріне таратады.
Қазіргі кезде оқыту ҽдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш жҽне орта
мектептегі негізгі пҽндер бойынша деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды
педагогикалық тҽсілдерді жасау мақсатында басқа елдерде де қолданылады.
Сонымен, менің сабағыма дайындақты бастадық. Үш мұғалім бірігіп осы 7 «В»
сыныбында оқитын Амина, Бауыржан, Дана атты оқушыларды зерттейтінімізді
анықтап алдық. Олар – біреуі қабілеті тҿмен оқушы, екіншісі орташа қабілеті бар,
үшіншісі қабілетті оқушы болып саналады.
Енді сабақты жоспарлау аса қиындық тудырған жоқ. Дҽстүрлі сабақтардағыдай
емес, тақырыпты ашуға қажетті сұрақтарды дайындауда қиналдық, тақырып
мазмұнын ҿзіміз қайта-қайта оқып қарауымызға кҿп уақыт кетті. Парталарды бес
топқа алты оқушыдан отыратындай етіп дҿңгелете қойдық. Сабақ тез
ұйымдастырылды. Балалар бұрынғы қатарлары бойынша жинақталды. Олар сабақта
тыныш отырды.
Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастадым. Кешегі ҿткен «Етістіктің
түрлері» тақырыбын балалардың қалай меңгергендігін алты сұрақ қамтылған тест
алу арқылы тексердім. Жауаптарды тҿрт минуттан соң интербелсенді тақтадан
кҿрсеттім, балалар ҿз жұмыстарын қызыл сиямен тексерді, бағалады: үш жауаптан
тҿмен болса «қанағаттанғысыз», бес, алты жауап «ҿте жақсы» деп бағаланады. Жаңа
сабақты бастар алдында «Кҿбелек» бейнетүсірілімнен тек суретті үзінді кҿрсеттім.
Балалар ойланды. Сҽлден соң: «Бұл бізге арналған кино ғой, енді сіз сабақты
түсіндірмейсіз, бұл ҿзіміз оқып, түсінуіміз керек екен. Ҽйтпесе дым білмей қалады
екенбіз», - деп, ҿздерінің бұдан түйген қорытындыларын жариялады. Ең бастысы,
топтардың жауаптары ұқсас шықты. Сабақ барысында тақырыпты оқып меңгеруге
арналған сұрақ, тапсырмаларды уақытында таратып беруге тырыстым. Жауаптарды
тыңдап тұрып, оқушының жауабы жеткіліксіз болса, толықтыру жасауды сұрадым:
сұрақты кеңейтіп, ашық сұрақтар қойып тұрдым.
Диалогтік оқыту ҽдісін сабақтың үш кезеңіне сҽйкес қолдандым: екі топқа салт,
сабақты етістіктерді ажыратыңдар: қайт, сҿндір, келді, жазылды, демалды, кҿрісті,
ҿсірді, кетірді, айтысты, пікірлесті, ҽңгімелесті, жарысты, тара, шеш, сана.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
49
Салт, сабақты етістіктерді табудың тиімді жолдары дебат ҽңгіме жасауды,
үшінші топқа тақырыпты үйрену барысында: «Нені үйренесіңдер?» деген сұраққа
жарнама жасауды, ал сабақты етістіктерге зерттеушілік ҽңгіме құрастыруды соңғы
топқа бердім. Ең бастысы, диалогтік ҽдісті тақырыпты түсіну, талдау, қолдану,
жинақтау кезеңдерінде жүзеге асырдым. Сабақ соңында оқушылар рефлексиясы
тыңдалды. Олар бүгінгі сабаққа аса риза болғанын, ҽсіресе үш нҽрсе қатты ұнағанын
айтты: сергіту ойындарының керемет ұнағаны, тақырыпты топ ішінде
талқылағандары, постер жасап, жарнаманы қорғағандары қызықты болыпты.
Оқушылардың жауаптарын бағалауда формативті бағалаудың техникаларын
пайдаландық:
«Бағдаршам» тҽсілі. Ҽр бір оқушыға бағдаршамның үш түсті үлестірмелі
дҿңгелекшелері болады. Оқушылардан осы үлестермелі дҿңгелекшелермен белгі
беруді сұрадым. Материалды жақсы түсінген оқушылар жасыл түсті дҿңгелекшені
кҿтерді. Олардан: «Сендер нені түсіндіңдер?» - деп сұрадым. Сары жҽне қызыл түсті
дҿңгелекшелерді кҿтерген оқушылардан: «Сендерге не түсініксіз?» - деп сұрап
отырдым. Алынған жауаптардың қорытындысынан мен қайталап оқуға, тақырыпты
бекітуге жҽне бағдарламадағы материалды оқуды жалғастыруға шешім шығарып
отырдым.
«Бағдаршам» арқылы баланың сабақты түсіну деңгейлерін анықтауға болады.
Келесі қолданған тҽсіл – «Бір минуттық эссе». Бір минуттық эссе – бұл мұғалімнің
оқушылармен тақырып туралы не білгеніне кері байланыс жасау мақсатында
қолданылады. Бүгінгі сабақта ең бастысы нені білдің? Қандай сұрақтар сендерге
түсініксіз болды? Негізі, оқыту ортасының форматына байланысты бір минуттық
эссенің ҽр түрі қолданылады. Сабақ барысында бірнеше кезеңдерге бҿлініп, ҽр бір
кезең бойынша оқушылардың материалды игергендігін бақылайды. Сабақ соңында
келесі сабақта не істейтіні жҿнінде оқушыларға мҽлімет берілді. Үш минуттық
үзілісте сабақ идеясын ойлануға, ҿткен тақырыппен байланыстыруға мүмкіндік
берілді, түсініксіз тұстарын анықтады.
Бұл жоспарымыз нҽтижелі болды. Осы сабақта біз Бауыржанның ҿз ойын еркін
білдіруіне мүмкіндік жасалғанын байқадық, себебі ол ұялшақ бала. Амина топтағы
жұмыс арқылы ҿзінің шын достары бар екеніне кҿз жеткізіпті. Дана дебатқа
қатысып, жаңа тақырып бойынша ҿз білімін жетілдіргенін байқадық. Сабаққа
қатысқан ҽріптестерімнің айтқан пікірлері мынандай болды:
• Жаңа тҽсілдердің бірі Lesson Study-ді тиімді қолдану сабақтың нҽтижелілігіне
сендірді;
• Ҿзімдегі ҿзгерістерді санамалап айта аламын: балаларға бұрынғыдай
ұрыспаймын, орынсыз қатты басқарудың қажетсіздігін түсіндім, балаға сенім
білдірдім, топта жұмысты еркін бҿлісуге жағдай жасай алдым; сабаққа дайындалу
уақытымды кеңейттім, тапсырманы топтарға, балаға қабілет, дарынына қарай бҿлуді
үйрендім;
• Таңғалдырғаны: бұрын сабаққа енжар қарайтын балалар бір топқа жиылғанда,
ҿз ішінен бір топбасшы еріксіз алға ұмтылып шығады екен; топтағы талқылау
барысында бұрын ортаға шығуға ұмтылмайтын балалар постер қорғауға, жарнама
жасауға батылдық танытты.
Мұғалімдер арасында қазақ тілін үйренудің бір түрі «Мемлекеттік тілді білу –
парызымыз!» атты басқа ұлт ҿкілдері мұғалімдерінің арасындағы сайысты ҿткіздік.
Сайыстың мақсаты: басқа ұлт ҿкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету, қазақ
тілінің дамуына осы сайыс арқылы ықпал жасау, мұғалімдердің қазақ тіліндегі ой-
ҿрісін дамыту, тілге деген құрметін арттыру.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
50
Сайыстың жоспары:
І тур – «Сен білесің бе?».
ІІ тур – «Ребустар сыр шертеді».
ІІІ тур – «Қазақ тілі эстафетасы».
IV тур – «Мақал-мҽтелдер жарысы».
V тур – «Кім жылдам?».
Сайыстың мазмҧны:
Барысы: «Мемлекеттік тілді білу – парызымыз!» интеллектуалды ойыны
жан-жақты білімді, логикалық ойлау қабілеті жоғары, ҽр түрлі мҽселелерге талдау
жасап, пікірін қорғай алатын мұғалімдер арасында ҿтеді. Жалпы, сайыс V тур
бойынша жүргізіледі. Ҽр турдың ҿзіне сай ережелері мен шарт, талаптары бар. І
турдан ІV турға дейін білімгерлер екі топ болып жарысады, ал ІІІ турдың соңында
ұпай саны аз топ ойыннан шығарылады. IV турда жеңіп шыққан топтың білімгерлері
бір-бірімен сайысқа түседі, ең соңында жеңімпаз анықталады.
«Мемлекеттік тілді білу – парызымыз!» интеллектуалды ойынының
жеңімпазын арнайы сайланған ҽділқазылар алқасы анықтайды. Ҽділқазылар алдына
ойын ережесі, жауап парақтары мен ұпай санау парақтары таратылып беріледі.
1-жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Қазақ тілі сайысында,
Сҽтіңіз келді сыналар.
2-жүргізуші:
Бүгінігі «Мемлекеттік тілді білу – парызымыз!» интеллектуалды сайысына қош
келдіңіздер! (2-еуі бірге).
2-жүргізуші:
Алдарыңызда отырған,
Ҽділқазы алқасы.
Сіздерден ҽділ шешімді,
Күтеді бүгін баршасы.
(Жүргізушілер ҽділқазы алқасымен таныстырып ҿтеді).
І-тур: «Сен білесің бе?».
Ережесі: Ойынға мұғалімдердің екі тобы қатысады. Сұрақ топ басшыларына
жеребе тастау арқылы басталады. Сұрақтар экранда тиісті ұпай сандарының астында
жазылады. Берілген ҽрбір дұрыс жауап үшін сҽйкесінше ұяшықтағы ұпай саны
қосылады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, жауап беру құқығы келесі топқа ҿтеді.
«Сен білесің бе?» турының сұрақтары:
10 ұпайлық сұрақтар;
20 ұпайлық сұрақтар;
30 ұпайлық сұрақтар.
1-жүргізуші:
Ҽділ қазы алқалары топтардың ұпай сандарымен таныстырса?
2-жүргізуші:
Қойылған сұрақ, суретке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке ҿткізбей,
Лезде жауап берейік.
1-жүргізуші:
Келесі тур – «Ребустар сыр шертеді».
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
51
ІІ-тур: «Ребустар сыр шертеді».
Ережесі: Бұл турға екі топ мұғалімдері қатысады. Ҽрбір топқа жеке-жеке үш
ребустан беріледі. Бұл ребустарда қазақ тілінің емле-ережелері жасырылған. Ҽрбір
дұрыс шешілген ребусқа 20 ұпай беріледі. Топтарға 7 минут уақыт белгіленеді.
2-жүргізуші:
Кҿрерменсіз жалғыз қалар жүйріктер,
О, оларсыз кҿңілдерде күй бітпер!
Қазақ тілінде сұрақтар бар аздаған,
Ал, кҿрермен жауабын айт, билік бер!
Келесі сұрақтар кҿрермендерге арналады:
1) Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді (апта күндері).
2) Қабат – қабат қаптама, ақылың болса аттама (кітап).
3) Оқу білім бұлағы (Білім ҿмір шырағы).
4) Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ).
5) Оқу инемен (құдық қазғандай).
2-жүргізуші:
Ҽділқазы алқалары топтардың ұпай сандарымен таныстырса?
1-жүргізуші:
Біздің білімгерлерімізді ойландыратын келесі тур – «Қазақ тілі эстафетасы».
ІІІ-тур: «Қазақ тілі эстафетасы».
Ережесі: Бұл турға екі топ мұғалімдері бірдей уақытта қатысады. Тақтадағы
плакатта екі топқа арналған ҽртүрлі бес-бестен он карточкалар ілінген. Ҽрбір
карточканың артында шешімдері бір-бірімен байланысқан қарапайым ережелер
жасырылған. Егер топ берілген бір ережені дұрыс тапса, онда олардың
қоржындарына 10 ұпай қосылады. Егер ереже дұрыс табылмаса, онда ұпай топ
қоржынына қосылмайды. Егер екі топтың да ұпай сандары бірдей болса, онда екі
топта бір-бір сұраққа жауап береді. Бұл турдан кейін ұпай саны аз топ жарыстан
шығарылады.
1-жүргізуші:
Біздің келесі турымыз – «Мақал-мәтелдер жарысы».
ІV-тур: «Мақал-мәтелдер жарысы».
Ережесі: Бұл турда ойында қалған екі топтың мұғалімдері бір-бірімен сайысқа
түседі. Бір топ мақалдың басын айтады, ал екіншісі жалғастырады. Қай топ
жалғастыра алмаса, сол жеңіледі.
Келесі тур: «Кім жылдам».
V-тур: «Кім жылдам».
Ережесі: Бұл турда қалған екі білімгерге ҽріптері адасқан жеті ұғым жазылған
екі плакат қойылады. Осы плакаттағы ұғымдар білімгерлердің қайсысы бірінші
болып дұрыс ретімен жазып шықса, онда сол білімгер осы турдың жеңімпазы
болады жҽне осы ұйымдастырылған шараның жеңімпазы деген атаққа ие болады.
1-жүргізуші:
Сонымен кҿптен күткен «Жарық жұлдыздай» жарқыраған білімгерді
анықтадық. Ең ақылды топты марапаттау мҽртебесі ҽділқазы алқасына беріледі.
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар!
Тҽрбиелеп баптаған түлегіңді,
Туған тілім тілеймін тілегіңді.
Саған қарай садағын кім кезесе,
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
52
Қалқан етіп тосамын жүрегімді, - деп сайысқа қатысып, мемлекеттік тілдің
мҽртебесін кҿтеруге белсене араласқандарыңызға кҿп рахмет.
Сайыстың І туры. Сайысқа қатысушы екі топ мұғалімдері
Ойнай отырып, шҽкірттерімізге бүгінгі күн талабына сай білім беріп, бҽсекеге
қабілетті, құзырлығы мол азамат етіп тҽрбиелеу – біздің қолымызда.
Елбасы Н.Ҽ. Назарбаевтың: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін
арқалап келеміз», - деген сҿздері жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы,
кҿркеюі, ҿркениетті елдер ҿркениетті елдер қатарына қосылуы, білімді, тҽрбиелі,
саналы ұрпақтың қолында жҽне осындай ұрпақ тҽрбиелейтін жаңа технологиялармен
қаруланған білімді, ҿрісі кең ұстаздардың алақанында.
Ойнай отырып, шҽкірттерімізге бүгінгі күн талабына сай білім беріп, бҽсекеге
қабілетті, құзырлығы мол азамат етіп тҽрбиелеу – біздің қолымызда.
Әдебиеттер
1 Бектурова А., Бектуров Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. –
Алматы, 2001.
2 Жеткізген Ж.Б. Қазақ тілі оқытудың тиімді ҽдістері. Ҽдістемелік құрал. –
Алматы: Алматы кітап, 2005.
3 Сейсембай Т.Т., Сейсембай Г.А., Ермакова С.Б. Қазақ ҽдебиеті тарихы мен
ҽдістемесінен практикалық сабақтар. – Алматы.
Аннотация
В настоящее время требованием к процессу обучения являются высокие
интеллектульное, культурное развитие, в том числе непрерывное профессиональное
обучение учителей, направленное на качественное обучение и воспитание детей.
Цель данной работы – показать значимость новых подходов в обучении,
направленных на сопоставление традиционных методов обучения с новыми
подходами.
Достарыңызбен бөлісу: |