Халықтық педагогикаға негізделген білім менеджерінің принциптері:
- жауапкершілік принципі «ҿз жұмысыңды істе, бағынушы үшін оның
жұмысын жасама»;
- ынтымақтастық принципі «орындалуы тиісті жұмысты, бірге атқарамыз»;
- жарысу принципі «басқадан да жақсы жаса»;
- кері байланыс принципі «ҿзің білсең, ҿзгені үйрет»;
- ұжымшылдық принципі «ұжым – үлкен күш»;
- сыпайылық принципі «жеңісіңе ҿзің масаттанба, сен үшін ҿзгелер
мақтансын»;
- қиындықты жеңу принципі «жеңілген жерде, ренжіме»;
- ҿзіндік бағалау принципі «ҿзіңді-ҿзің таны, артықшылықтар мен
кемшіліктеріңді анықта»;
- намысқойлық принципі «ҿз-ҿзіңді кемсітпе»;
- кеңпейілділік принципі «ҿзіңді ғана ойлама»;
- жан-жақтылық принципі «ҿз салаңда ҽмбебап болуға тырыс»;
- ізгіліктілік «кҿмекке мұқтаждарға қолқабыс ет»;
- сабақтастық «үлкенді құрметте»;
- үйлесімділік «дені саудың – жаны сау»;
- ҿзбетінділік «барлығын ҿзің жасап үйрен»;
- ҽсемділік «барлығын да ҽдемі етіп істе»;
- танымдылық «қанша ҿмір сүрсең – сонша үйрен»;
- табиғатты құрметтеу «қоршаған орта ҿкілдерін құрметте».
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
36
Міне, осындай принциптерді неге қолданбасқа, бұдан неге нҽтиже
шығармасқа? Бойымызға осындай қасиеттерді сіңірсек, біз міндетті түрде табысқа
жетеміз.
Тағы бір керек қасиеттің бірі – бірлік, ұйымшылдық. «Бірлік болмай, тірлік
болмас», - демекші, ҽр ұйымда бірлік басты орында. Елбасымыз Н.Ҽ. Назарбаев
2020-2050 бағдарламасында: «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры –
алауыздықта», - деп бірліктің құдіреті қандай боларын ҿзіне де, ҿзгеге де жеткізе
айтқан болатын.
«Үздік менеджер басқалардан нҽтиже талап етпестен бұрын, ҿзі нҽтиже кҿрсете
алуы керек», - деген К. Татеиси. Сондықтан ҿз ісінің маманы, яғни шебер болу үшін
ҿз білімінді барынша жетілдіру қажет. Ал қазіргі таңда ҿз бетінше білім алу кҿздері
ҿте кҿп.
Білім менеджері
Басқарушы
Ұйымды басқару билігі
Кҿшбасшы
Ұйымды ҿз ісінің маманы ретінде сендіруі
Тҽрбиеші
Моральдық қасиеті жоғары, ұжымның жұмыс қабілетін арттыру
Дипломат
Басшылықпен, ҽріптестермен жҽне ұжыммен келіссҿз жүргізуші
Жаңашыл
Ұйымға жаңалық, озық тҽжірибе енгізуші
Кҽсіби тұлға
Жоғары білімді, мҽдени құндылықтары жоғары, адал жҽне шұғыл
шешім қабылдаушы
Басқарудың атқаратын
қызметі
Білім менеджерінің атқаратын іс-ҽрекеті
Ақпараттандыру-талдау
Озық
педагогикалық
тҽжірибе,
ҿзектілік,
психологиялық, дидактикалық проблемалар, дерек
банкін, зерттеу жұмыстарын, мектептегі ғылыми-
ҽдістемелік жұмыс бағыттары бойынша мҽлімет
банкін құрып, жинақтау жҽне сақтау
Ынталандыру-мақсаттылық
Ұжым
жҽне
жеке
мұғалімдердің
дамуын
ұйымдастыру, іс-тҽжірибелерін педагогикалық
жҽне ҽдістемелік кеңеспен ұштастыру
Жобалау-жоспарлау
Ҽдістемелік кеңеспен бірге ұжымның жҽне жеке
мұғалімнің ғылыми-ҽдістемелік дамуын болжау,
ҽдістемелік
жұмыстың
жоспарлы
жүруін,
ұйымдастырылуын бақылау
Ұйымдастырушылық-
атқарушылық
Оқу жоспарының, бағдарламаның, ғылыми-зерттеу
жұмыстарының,
баспалар
мен
ақпарат
құралдарын,
ҽдістемелік
жинақтарын
т.б.
ұйымдастыру
Мектеп жұмысының тҽжірибесінде жоспардың негiзгi ҥш тҥрi кең
қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.
Перспективалық жоспар мектептi соңғы жылдардағы жұмыстарына терең
талдау жасау негiзiнде бес жылға жасалады.
Оның қҧрылымы мына сипатта болуы мҥмкiн:
1. Жоспарластырған мерзiмдегi мектептiк мiндеттерi.
2. Оқушылар құрамының жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту
мүмкiндiгiнiң перспективасы.
3. Оқу-тҽрбие процесiн жаңалаудың, педагогикалық инновация енгiзудiң
перспективасы.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
37
4. Мектептiң педагог кадрларға деген сұранымы.
5. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру (МБЖИ, курстар, семинарлар,
тренингтер жҽне т.б.).
6.
Мектептiң
материалдық-техникалық
базасы
мен
оқу-ҽдiстемелiк
жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ЭЕТ жҽне компьютер
жабдықтары, кiтап қорын толықтыру, кабинет безендiру).
7. Оқушылар мен мұғалiмдердi ҽлеуметтiк қорғау, олардың тұрмысын, еңбек
жҽне демалыс жағдайын жақсарту.
Білім менеджері мынадай мәселелерді ескеруі тиіс:
- Ұйым мақсатына қол жеткізу үшін не істеу керек?
- Оны қашан жҽне қандай мерзімде істеу керек?
- Орындаушы кім?
- Қандай ресурстар бар?
- Іс-шараларды орындау тҽсілдері қандай?
- Орындаушы кімдермен қатынаста болуы керек?
- Іс-шараға қатысты ҽрекеттерді кім басқарады?
- Орындау барысы мен нҽтижесін кім бақылайды?
- Міндеттердің орындалу ҿлшемдері қандай?
Сонымен білім менеджері ұйымдастырушылдық қызметi педагогикалық
ұжымды, пiкiрлестер ұжымын қалыптастыруға бағытталады. Бұл жұмыста
басшының кҽсiпқойлық, жалпы жҽне педагогикалық мҽдениетi, мектептiң,
оқушылар мен мұғалiмдер қызметiне деген қызығушылығы, мiндет қоя бiлу жҽне
iске асыруға қол жеткiзе алу сияқты жеке қасиеттерi маңызды рҿл атқарады.
Басшының ұйымдастырушылық мҽдениетiнiң ендiгi бiр кҿрсеткiшi – ҿзiнiң
жҽне қарамағындағылардың уақыттарын барынша тиiмдi етiп жоспарлау. Бұл жерде
білім менеджері ҽкiмшiлiк қызметпен бiрге белгiлi бiр пҽннiң мұғалiмi ретiнде
педагогикалық қызметпен де айналысатындығын ескеру керек. Білім менеджерінің
негiзгi уақыты ҽкiмшiлiк қызметiне жұмсалады, бiрақ оның педагогикалық қызметi
ҿзге мұғалiмдерге үлгi болатындай болуы қажет. Сонда ғана білім менеджері
ұстаздардың ұстазы бола алады. Бұл жағдай сабаққа дайындалуға, жаңа
психологиялық-педагогикалық ҽдебиеттердi оқуға кҿп уақыт бҿлудi талап етедi.
Сондықтан да уақытты мақсатты түрде пайдалана бiлу шеберлiгi – басқарушы,
мұғалiмнiң еңбегiн ғылыми ұйымдастырудың негiзi. Ҽсiресе мұғалiмдердiң де,
басшылардың да жүктемесi шамадан тыс артып отырған кезде бұл ҽрекеттiң маңызы
арта түседi.
Білім менеджері процестi ұйымдастыруға, бiлiм беру бағдарламалары мен
мемлекеттiк бiлiм стандарттарының орындалуына жауапты; оқушылардың бiлiм
саласы мен тҽртiбi бақылауды iске асырады; оқушылар мен мұғалiмдер жұмысын
реттеп, сабақ кестесiн түзедi; мектептiң ҽдiстемелiк жұмыстарына басшылық жасап,
педагогикалық мҽдениетiн кҿтерудi ынталандырады.
Басқару қызметiнде білім менеджері тұлға, басшы, ұйымдастырушы жҽне
тҽрбиешi ретiнде ҿзiн-ҿзi танытады. Осыған орай, оның қызмет аясына қойылатын
талаптарды былайша анықтауға болады:
- ең алдымен, ҿзінің (мектептің) алдында тұрған басты мақсатын дұрыс
анықтау;
- қарамағындағы қызметкерлердің сұраныстарын қанағаттандыра алу;
- мақсатқа жетудің тиімді жолдарын іздестіру;
- білім сапасын қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
- мамандардың кҽсіби біліктілігін арттыруға жағдайлар жасау;
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
38
- еңбек нҽтижесін талдай жҽне бағалай білу.
Басқарудың негізгі қағидасы – қарамағыңдағы адамдарды ҿзіңе тарту білу.
Шынайы басшылық – қарам-қатынас жасау ҿнері. Нағыз білім менеджері ҿзінің жеке
үлгілі қызметі мен сенімдері арқылы оны ұжым мүшелері ұйымдағы ең қабілетті
адам ретінде қабылдайтындай ҽсер қалдыра білуі тиіс.
Әдебиеттер
1 Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление
школой. – Алматы, 2001.
2 Жайтапова А.А., Садвокасова З.М. Уроки менеджмента в организации
образования. – Алматы, 2007.
3 Каренов Р.С. Теория и практика менеджмента. – Алматы, 1999.
4 Лебедева Н.А. Білім берудегі менеджмент. – Алматы, 1998.
5 Лебедева Н.А. Білім беру мекемелерін басқаруды жетілдіру. – Алматы, 1996.
6 Садвокасова З.М. Организационный менеджмент в образовании. – Алматы,
2006.
7
Шамова
Т.И.,
Давыденко
Т.М.,
Шибанова
Г.Н.
Управление
образовательными системами. – М., 2007.
БАЛДАНБАЕВА С.Р.,
№41 жалпы орта білім беретін мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің
мҧғалімі, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы.
Электрондық пошта: saule.raxmashevna@mail.ru
БАЙТУНОВ Д.Е.,
«№21 орта мектеп» ММ «Ағылшын тілі» пәнінің мҧғалімі, Астана қаласы,
Қазақстан Республикасы. Электрондық пошта: dulatbe@mail.ru
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҦМЫС ЖҤРГІЗУДЕ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ
Елбасымыз Н.Ҽ. Назарбаев: «Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-
аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет ҿзінің талантты ұлдары мен қыздарын,
тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», - деп еліміздің болашағы
жастарға үлкен мҽн берген.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
39
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бҽсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – ҽр
мұғалімнің борышы. Ол ҿз кҽсібін, ҿз пҽнін, барлық шҽкіртін, мектебін шексіз
сүйетін адам. Ҿзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық
құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты ҿзін-ҿзі жетілдіруге талпынған, рухани
дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы,
біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын
талаптар: бҽсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кҽсіби
шеберлігі, ҽдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға
қабілетті, ҿзін-ҿзі жүзеге асыруға талпынған ҽдіснамалық, зерттеушілік,
дидактикалық-ҽдістемелік, ҽлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық жҽне
тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-
адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нҽтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды жҽне тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кҽсіби мҽдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр.
Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мҽнін түсінуге, соның нҽтижесінде ҿзіндік іс-ҽрекетке енуге жҽне жеке
ҿміріндегі тҽжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы
заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан
олардың функционалдық сауаттылықтарын кҽсіби шеберлікпен ұштастыру үшін
нҽтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін,
қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет.
Басқаша айтқанда, ересектерге арналған, жалпы жҽне кҽсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мҽдениет жетістіктері арқылы адамдардың
жалпы мҽдениеті мен ҽлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-
ҽрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті
адамға» бағытталған білімнен «мҽдениет адамына» бағытталған білімге кҿшуді
кҿздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық,
психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тҽжірибесін тереңірек
қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту
үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Елбасымыз Н.Ҽ. Назарбаев Жолдауында айқандай: «Болашақта ҿркениетті
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды
дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан,
қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мҽселесін қойып отыр. Оқытудың ҽртүрлі технологиялары
сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тҽжірибесі зерттеліп, мектеп ҿміріне енуде.
Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен ҽр түрлі
деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды
ҽртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі жҽне түрдегі білім беру
мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару
органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның ҽлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi рҿл
атқарады, сондай-ақ оны ҽрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып,
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
40
дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мҽселесi – рухтың материяға,
сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп
аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы –
ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк
қатынастарды қалыптастырады.
Қазіргі таңда болып жатқан қоғамдық-тарихи бетбұрыстар жеке тұлға туралы
кҿзқарасты қайта қарауды талап етіп отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасы 2005-
2010 жылға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында,
Президентіміздің Қазақстан халқына жолдаған елімізді 2010 жылға дейін дамытудың
стратегиялық жоспарына сҽйкес жарлығымен бекітілген «Бҽсекеге қабілетті
Қазақстанға, бҽсекеге қабілетті экономикаға, бҽсекеге қабілетті ұлтқа» байланысты
білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басым бағыттары
мен тетіктерін қамтиды. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім»
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нҽтижелерін талдау негізінде
ҽзірленеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат
негізінде тұңғыш рет ҽр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектілік дамуы,
тұлғаның ерекше қабілеті, яғни, дарындылығын дамыту сияқты ҿзекті мҽселелер
енгізіп отырғаны белгілі. Себебі, ғылым мен техниканы жҽне ҿндірісті бүгінгі
ҽлемдік стандарттағы деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс
жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар, білікті мамандар қажет. Міне, мұндай
мамандар дарынды балалардың ішінен шығатыны сҿзсіз.
Тұлға дарындылығының ерте кҿрінуі қазіргі таңда ҿзекті мҽселелердің бірі.
Осы орайда, психология ғылымындағы дарындылық туралы жеткілікті пайымдаулар
болса да ҽлі жүйелі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Себебі, «дарынды
балалар» ұғымының астарында жатқан психологиялық мҽселелерге терең үңілу
қажет. Бүгінгі күні дарынды жҽне талантты балалармен оқу-тҽрбие процесін
ұйымдастыру қазақстандық білім беру жүйесінің жетілуіне жаңа міндеттерді қояды.
Дарынды балаларды тұлғалық дамыту мен тҽрбиелеу мемлекеттің шығармашылық
ҽлеуеті қалыптасуының мүмкіндігін шешеді. Сонымен қатар, қарқынды ғылыми-
техникалық жҽне ҽлеуметтік прогресс, ҿндіріс пен ҽлеуметтік ҿмірдің барлық
салаларының, білім мен мҽдениеттің ҽрі қарай даму мүмкіншіліктерін қамтамасыз
етеді.
Психология ғылымында дарынды балаларды оқыту мен тҽрбиелеу адамның
шығармашылық дамуының тамаша үлгілерін құрайды. Кҿптеген зерттеулер мен
тҽжірибелер кҿрсеткендей, дарындылықтың дамуы қандай да болмасын дамудың бір
кезеңінде тоқталып қалуы, ал кей жағдайда тереңдетілетінін кҿрсетеді. Осы орайда,
дарынды тұлғаны дамытуда арнайы ұйымдастырылған психологиялық кҿмек жҽне
қолдау қажет.
Бүгінгі күні дарындылық мҽселесінің феноменін зерттеуде «тҿңкеріс» немесе
«жарылыс» кезеңі байқалуда. Психология ғылымында бұл мҽселені зерттеуге
кҿптеген шетел ғалымдары, атап айтсақ, Г. Мелхорн, Х. Мелхорн, Дж. Гилфорд, Т.
Мейснер жҽне Ресей психологтары А.М. Матюшкин, В.С. Юркевич, Б.М. Теплов,
В.Э. Чудновский, Ю.Д. Бабаева, сонымен қатар, қазақстандық зерттеушілер У.Б.
Жексенбаева, Л.М. Нарықбаева елеулі еңбек сіңірді.
Зерттеушілердің анықтауынша, үстіміздегі ғасыр шығармашылық дамуының
ҿзектілігінің себебі: қазіргі кездегі қоғамның ҽлеуметтік экономикалық
жағдайларымен шешіледі. Дарынды да талапты жас ұрпақ – бүгінгі мемлекеттің
келешегі. Осы адам ресурстары мен капиталын тиімді пайдалану үшін дарынды
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
41
балаларды ҿз мүмкіндігін толығымен пайдалана алатын тұлға ретінде қалыптастыру
үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп, оқу-тҽрбие процесін тиімді ұйымдастыру қажет.
Жоғарыдағы айтылған мҽселелерге қойылған міндеттерге орай мұғалімнің
педагогикалық іс-ҽрекетін ғылыми тұрғыда негіздеп, оны дұрыс ұйымдастырғанда
ғана қол жеткізіледі.
Қоғамдағы тарихта халыққа басшылық етіп, ҽр салада жаңалықтар ашып,
таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарындылық аса жоғары
бағаланатыны белгілі. Оларға дұрыс тҽрбие берудің алғы шарты – дарындыларды
жастайынан анықтай білу. Кез-келген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі
елімізде ҿзінің алдында түрған міндеттерді ҿз бетімен шешім қабылдауға қабілетті
ұрпақ тҽрбиелеу болып табылады.
Тұлғаның білімге құмарлығы немесе ми қызметінің белсенділігі, жалпы түрде
ми қабілеттілігінің мотивациялық факторлар ретінде ұсынылады. Білімге
құмарлықтың тұруы тағы да бір маңызды ерекшелікке байланысты, зерттеулер
қатарында белгіленген.
Қазіргі ҿскелең ұрпақ еліміздің болашақ зиялы қауымы мен ҿкілдері болып
табылады. Сондықтан, дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиеттері мен
ҽлеуетін бағалап, психологиялық ерекшеліктерін тиісті деңгейде зерттеп, білу,
ҿмірде ҿз орындарын табуға педагогикалық жҽне психологиялық жағдай жасау – ең
басты мҽселелердің бірі болып табылады. Бұл мҽселе жалпы білім беретін орта
мектептерде ҽлі де болса зерттеулер жүргізуді талап етіп отыр. Осы орайда, дарынды
балалардың қабілетін анықтауда мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыстар
бағдарламасын жасау қажеттігі туындайды.
Аталмыш мҽселелер бойынша қазіргі қоғамның қажет етіп отырған
бҽсекелестікке қабілетті тұлға қалыптастыру мен мұның негізінде теориялық жҽне
ҽдістемелік бағдарламалардың арасындағы қарама-қайшылық тақырыпты «Дарынды
балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда жаңа технологиялық ҽдіс-тҽсілдерді
қолдану» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсатына сҽйкес, келесі міндеттер қойылады:
- психология ғылымындағы дарындылық мҽселелерінің зерттелуін ғылыми
теориялық талдау;
- дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін
теориялық жүйелеу;
- дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог
қызметін пайдалану;
- дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-
психологиялық ұсыныстар жасау.
Жұмыстың жаңалығы:
- дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері теориялық талдау негізінде
зерттелді;
- дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі
жүйеленді;
- дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдаламасы
ұсынылды;
- дарынды балалармен жұмыстарда кездесетін келеңсіз жағдайлар анықталды.
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі
жҿніндегі тұжырымдар теориялық-эксперименттік тұрғыдан негізделуімен жҽне
қабілет құрылымындағы дарындылықты зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сҽйкес
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
42
зерттеу ҽдістерін қолданумен, эксперименттік жұмыстың тұтастылығымен
қамтамасыз етіледі.
Психологиялық зерттеулерде дарынды баланың бірден кҿзге түсетін
ерекшеліктеріне тҿмендегілерді жатқызады:
- оның шектен тыс жоғары белсенділігі;
- физиологиялық қажеттілігінде аз ұйықтауы;
- танып-білуге деген құштарлығы;
- қолына түскен заттарды реттеп, жүйелеуі;
- қайта құрастыру арқылы жаңа нҽрсені ойлап табу ҽрекеттерін ұнатуы;
- ерте сҿйлеуі;
- естігенін сҿзбе-сҿз қайталауы жҽне тағы сол сияқты қасиеттер жатады.
Дарынды баланы тҽрбиелегенде қызыққұмарлықтан білім құмарлығына ҿсуі
ҿте қажет. Осы орайда, білім құмарлығы тұрақты психикалық білім, яғни білу
қажеттілігіне ауысады. Бұған кеңес педагогтары А.К. Дусовицкийдің, Н.Б.
Шумакова, Г.И. Щукинаның кҿптеген қызықты арнайы зерттеулері берілген.
Дарынды балалар ҿзінің зерттеулеріне шектеу қоюды ұнатпайды жҽне бұл
оның қасиеті болып табылады. Атақты психолог Н.С. Лейтес зерттеулерінде
дарындылық – бұл мидың ізденуінде ерекше қажеттілік. Кҿп жағдайда, ең жоғарғы
деңгейде қабілеттіліктердің дамуын қамтамасыз етеді. Аталмыш ғалым баланың
білімге құмарлығын сақтап қалса, онда қабілеттіліктерге тұрақты дамуға стимул
береді деп есептеген. Ғалым В.С. Шубинский шығармашылық процессті үш сатыға
бҿліп, ондағы кҿрінетін қабілеттің қасиеттерін кҿрсеткен.
Бүгінгі күні педагогика жҽне психология ғылымдарында дарындылықтың 100-
ден астам анықтамасы бар. Осы орайда, психологтар дарындылықтың дамуының
сипаты, сапалы ҿзгешелігі, деңгейі – бұл ҽрқашанда тұқымқуалаушылық пен
ҽлеуметтік институттарда күрделі ҿзара қатынасының нҽтижесі екендігін
мойындайды. Дарындылық белгілері – бұл баланың шынайы іс-ҽрекеттерінде
кҿрініп, арнайы бақылау арқылы бағаланатын ерекшеліктер болып табылады.
Сонымен бірге, бала дарындылығын оның мінезінің екі аспектісі ретінде
инструменттік жҽне мотивациялық, яғни, «қалаймын» жҽне «шамам жетеді» деген
категориялар негізінде жҽне бірлігінде қарастырған дұрыс. Біріншісі ҽрекет тҽсілдері
болса, екіншісі шындықтың қандай да бір жағына қатынасы ретінде сипатталады.
Бірінші бҿлімді тұжырымдай келе, дарындылықтың дамуына маңызды ҽсер
ететін теориялық нҽтижелерден мынадай анықтама шығады: дарындылық – бұл
интегралды тұлғалық білім, интеллекттік жоғары сатысымен, шығармалық
ҽлеуетімен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен ҿз бейнелігінің бірігуін
анықтайды. Сонымен бірге белгілі бір қызмет саласында ерекше жетістікке жетуге
мүмкіндік туғызады.
Жалпы бүгінгі күні білім беру тұжырымдамасы бағыттарының ҿзгерістерге
ұшырағанына қарамастан, мектептерде жүргізілетін оқу бағдарламасын оқушы
тұлғасынан жоғары қою ҽлі күнге дейін кездесіп жатады. Оқыту білімді меңгеруге,
баланың интеллектісін ғана дамытуға бағытталған. Ал, оқушының тұлғалық жҽне
психологиялық шығармашылық қабілеттері кҿп жағдайда бірінші кезектен шығып
қалып жатады. Осы орайда, оқушының тұлғалық жҽне шығармашылық қабілетін
дамытуға арналған жұмыстар тең дҽрежеде ҿткізілуі тиіс. Осы жұмыстарды
педагогтардың жүргізуіне бағыттаушы, ҽрине, педагог-психолог болуы тиіс.
Кҿптеген ғалым зерттеушілер сезіну мҽселесінің дамуын ең алдымен оқытумен
сипатталады деген тұжырым жасайды (К. Дункер, З.И. Калмыкова, Л. Секей жҽне
т.б.). Баланың ҿзіндік зерттеу жұмысына кҿңіл аудару қиынырақ бола отырып, оқыту
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
43
қабілетілікті, басқа да шығармашылық сапаларды дамытады. Жоғарыдағы пікір
кҿбірек теориялық жҽне эксперимент тұрғыда да дҽлелденген, олар атақтылар
санына жатқанмен, психологиялық тҽжірибеде алынған жалпы санына жатпайды.
Дарындылардың қиял процесі ҿте бай бола отырып, анық болып келеді. Ҿмір
барысында жоғарыдағы айтылған жағдай ойын бҿліктерін сақтауға, тапқырлыққа
жҽне іскерлікке негіз болады. Дарындылар іс-ҽрекет барысындағы, қарым-
қатынастағы ойланбаған жағдайларды тез байқап қояды. Олардың шамалары
жетпейтін мҽселелерді шешуге талпынуы олардың даму тұрғысынан пайдалы болып
келеді. Дарынды балалар кейбір қиындығы шамадан тыс емес мҽселелерді шешуде
ҿз құрдастары жете алмайтын жетістіктерге жетеді де, кез-келген жағдайда да «оңай
жетістіктерге жетуім керек» деп санайды.
Дарынды баламен жұмыс жасауда білім ордасының мақсаты – оқушыларға ҿз
қабілеттерін, ҿзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сҽйкес толық іске асыра
алатындай жағдай жасау, олардың қабілеттерін, ерекшеліктерін ашып, дамыту. Ол
үшін:
1. оқушылардың ғылыми қоғамының құрылуы, оқушылардың ғылыми-зерттеу
жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау;
2. ғылыми-зерттеу проблемаларын шешу барысында қоғам мүшелерін ҿз
бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
3. ғылым, техника, ҿнер саласындағы жетістіктерін танымал ету;
4. шығармашылық қабілеттерін таныту жҽне дамыту;
5. ғылыми ізденудің ҽдістерін үйрету;
6. шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тҽрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
7. ғылыми білімнің ҽр адам үшін жҽне жалпы қоғам үшін маңыздылығын
ұғындыру.
Дарындылық ұғымының бүгінгі білім беру үрдісіндегі мҽні мен маңызы ҿте
зор. Білім мен ғылымның даму сипатында елімізге ҿзіндік кҿзқарасы қалыптасқан
тұлғаларды даярлауда интеллектуалды дамыған шығармашыл білім алушылардың
рҿлі айқын. Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы ҿзгерістер білім
беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол
жеткен жетістіктерге сын кҿзбен сараптау жҽне оны бағалауда озат технологиялар
арқылы оқушылардың дарындылығын дамытуды басты назар етіп алды.
Дарындылық қабілет адам бойындағы кейбір ҿзгерістерге, мүмкіншілігіне,
даму тенденцияларына байланысты. Дарындылық қабілет оқушының жыл бойы
шығармашылық, ізденіс құлшыныстарына ҿз ҽсерін тигізеді. Баланың бойындағы
жеке дара қасиетін ояту мақсатында іс-ҽрекетке итермелеу үшін жігерін дамыту
қажет. Сол дарындылықты анықтау үшін мектеп психологтары лонгитюд ҽдісі
арқылы ҽр оқушыны сырттан бақылап, бойындағы жеке дара қасиеттерін
анықтауына себебін тигізу қажет деп ойлаймын. Айқындаудың бірден-бір белгісі:
дарынды баланы күнделікті ҿмірінде болып жатқан түрлі іс-ҽрекеттің ерекшелігін
педагогикалық бақылау ҽдісін қолдану арқылы анықталады. Дарынды бала –
даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, адамгершіліктің кҽусар тамшысы,
ағымды тасқыны, дария кҿлі, мұхиты.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты
тани білу, оның одан ҽрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек,
оқушылардың
ғылыми-зерттеу
жұмыстарына
қызығуын
қалыптастыру,
шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мҽдениетіне
тҽрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
44
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді
деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай
дҽрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы
шығармашылыққа бейімдеуге болатыны кҿп айтылуда. Адамның шығармашылыққа
ынтасы оның ҿз даралығын, ҿз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы
психологиялық дайындықтан ҿткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің
психологиялық ҽсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып,
құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға
ұстаздың берер психологиялық ҽсері мынадай болмақ керек деп ойлаймыз:
- «сенің қолыңнан бҽрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың
еркін билеп, сенім білдіру;
- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап,
кҿтермелеу, оқушылар басылымында ҿлең, ҽңгімелерінің жарық кҿруіне
кҿмектесу;
- шығармашылық сҽтте оқушыға құптаушылық кҿзқарас білдіру, сезім
күйін бақылау, қамқорлық таныту;
- ақын-жазушылардың, ҿнер адамдарының шығармашылық дҽстүрінен
қызғылықты оқиғаларды ҽңгіме ету;
- оқушылар үшін педагог ҿзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға,
сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
- оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың
психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты ҽрекеттерді педагог білуі тиіс.
Шығармашылық – ҿзінің жаңашылдығымен, ҿзгешелігімен ерекшеленетін,
ҿнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен
біліктің, түрткінің болуы. «Шығармашылық» деген сҿздің тҿркіні, этимологиясы
«шығару», «ойлап табу» дегенге саяды.
Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза
алмаймын, қолымнан келмейді» деп ҿздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші
бала ҿз жазғанына ҿзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу – жасқаншақтық немесе
ұяңдықтың кесірінен ҿз талантын танытуға енжар болады; тҿртіншісі – жалқаулыққа
жеңдіреді. Міне, осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға
байланысты болып келеді.
Шығармашылық оқушыға шын лҽззат, қуаныш сезімін ҽкелуі тиіс. Жаңаны
жасау, ҿзі жасаған тың дүниеден алған жан лҽззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы
болмақ. Шығарма жаза білген оқушының сұлулық пен ҽсемдік
туралы түсінігі мол
болады. Шығармашылық – оқушы үшін сұлулық пен ҽсемдіктің мектебі.
Шығармашылық жеке тұлғаның түрлі ҽлеуетін қалыптастырады.
Мұғалім оқушыда шығармашылық кҿңіл-күйдің тууына себепкер бола білуі
керек. Оқушыларға алуан түрлі тапсырмалар беру оқушы назарын шығармашылық
арнаға бұру үшін тиімді. Сол себепті үйірме мүшелері арасында түрлі байқаулар
ҿткізіліп түрады. Байқау жеңімпаздарының жұмыстары мектепішілік газетте, одан ҽрі
түрлі баспасҿз редакцияларына жіберіледі. Түрлі кҿлемде мектепішілік
оқушылардың ҿлең, шығарма, ҽңгімелер жинақтары шығарылады. Бұл ҽдіс
оқушыларды ҽрдайым ынталандырып, қызықтырып отырады жҽне қалалық
байқауларға ҽрдайым дайын болуға кҿмектеседі.
Кҿбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір
қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің
мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
45
туғызбайтын, тҽртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, ҿз ойын нақты жҽне
түсінікті жеткізе алатын оқушылар кҿбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, ҿз
жұмысымен ғана айналысатын, тҽуелсіз, кҿбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, ҽр
нҽрсеге кҿзқарасы бҿлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы
қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын кҿрсететін жҽне оның нашар
оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан
мұғалімдер осы зерттеулердің нҽтижесін есте ұстағаны жҿн. Ең бастысы оқушылар
ғылыми жобамен жұмыс істеу барысында мектепте алған білімдерін іс жүзінде
қолдана білуге үйренеді.
Оқушылар жобаны қорғауда талаптарға сҽйкес безендірілген стенд
материалдарын ұсынуға құқылы. Ғылыми жобаларын қорғау кезінде берілген
уақыттарын үнемдеу арқылы зерттеу жұмыстарының негізгі түйіндісін, жаңалығын
ҽділқазыларға ашық та жақсы, нақтылы жеткізе білулері қажет. «Ізденіс» оқушылар
ғылыми қоғамның жұмысы маңызды. Оқушылардың ғылыми қоғамының секция
жұмысы жҽне оқушының ғылыми қоғамның бұқаралық жұмысы байқалады.
Жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, кҿрсетулер,
ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру, кҿрмелер, ғылыми
жҽне жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника
апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу, түрлі
байқауларды қою мен ҿткізу, референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу
іздеу. Ҿнертапқыштық жұмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың ҽдіс-
тҽсілін тереңдетіп кҿрсету.
«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады», - деп Қадыр Мырзалиев
айтқандай, шҽкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тҽрбиелі азамат етіп тҽрбиелеу,
шығармашылыққа шыңдау – міндетіміз. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген
қабілетті дамыту, дарындылықтың кҿзін ашу – қасиетті парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |