Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата28.12.2016
өлшемі4,05 Mb.
#596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Литература 
1  Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаева  народу 
Казахстана  «Новый  Казахстан  в  новом  мире».  Ч.  2.  «30  важнейших  направлений 
нашей внутренней и внешней политики». – Астана, 28 февраля, 2007. – С. 56, 54. 
2. Современное информационные технологий в образовании // И. Роберт. – М.: 
Школа-Пресс, 2004. – С. 98-154. 
3 Свободная энциклопедия Википедия // http://ru.wikipedia.org/. 
4  Виштынецкий  Е.И.,  Кривошеев.  А.О.  Применение  информационных 
технологий в сфере образования и обучения. – М., 2004. – С. 24-137. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
17 
5 http: //www.ito.su/. 
6 http: //www.rusedu.info/. 
7  Беренфелъд  Б.С.,  Бутягииа  К.Л.  Инновационные  учебные  продукты  нового 
поколения  с  использованием  средств  ИКТ  (уроки  недавнего  прошлого  и  взгляд  в 
будущее) // Вопросы образования. – 2005. – №3. 
 
Literature 
1 Message from the President of the Republic of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev 
to  the  people  of  Kazakhstan  «New  Kazakhstan  in  the  new  world».  Part  2  «30  major 
directions of our internal and external politics». – Astana, February 28, 2007. – pp. 56, 54. 
2 Modern information technologies in education // I. Robert. – School Press, 2004. – 
154 pp. 
3 Wikipedia, the free encyclopedia // http: //ru.wikipedia.org/. 
4  Vishtynetski  E.I.,  Krivocheev  A.O.  The  application  of  information  technology  in 
education and training. – 2004. – 24-137 pp. 
5 http: //www.ito.su/. 
6 http: //www.rusedu.info/. 
7  Berenfeld  B.S.,  Butyagin  K.L.  Innovative  training  a  new  generation  of  products 
with  the use of  ICT  (the lessons  of the recent  past  and look  to  the future) // Problems  of 
Education. – 2005. – №3. 
 
Түйін 
Мақалада ақпаратты жинақтау, беру, талдау және сақтау жөніндегі үдерістерді 
қамтамасыз ететін, сонымен бірге ақпарат алмасудың қазіргі заманғы құралдары мен 
жүйелері,  шағын  үдерісті  және  есептеу  техникалары  негізінде  қызмет  істейтін 
бағдарламалық-аппараттық  құралдар  мен  құрал-жабдықтар  туралы  мәселе 
қарастырылған. 
Кілт сөздер: ақпараттық технология, компьютер, модем, жүйелер. 
 
Summary 
The  information  technology  is  hardware  –  software  means  and  the  devices 
functioning on the basis of microprocessor, of computer facilities, and also modern means 
and system of an information exchange. 
Keywords: information technology, computer, modem, systems. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
18 
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР – СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ 
 
ЕСЕНБЕКОВА Ұлбосын, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті
филология ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы, 
Қазақстан Республикасы 
 
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР 
 
Біздің  өмір  сүріп  отырған  ортамызды  «ғаламдық  ақпараттық  экономика» 
тұрғысынан  қарап  жатқан  пікірлер  де  аз  емес.  Бүгінгі  ауыр  қиындық  көріп  жатқан 
Жапония  1970-ші  жылдары  «ғаламдық  ақпараттық  қоғам»  тұжырымдамасын 
қабылдаған. ЕуроОдақ қазір сол қоғамға біз де енеміз деп жанталасуда. 
Қазіргі  айтыс  пен  тартыстың  барлығы  осы  өзгерістер  бізге  не  береді  деген 
сұрақтың айналасында қызуда. Қандай пікірталастар болмасын, барлық сарапшылар 
мен ғалымдар ақпараттың ерекше табиғаты бар екенін мойындауда. 
Герберт  Шиллердің  ғылыми  зерттеулері  де  дамыған  капитализм  үшін 
ақпараттың қажеттілігіне арналған. Шиллердің тағы бір басты бағыты – бұқараның 
санасын  бұрмалауға,  қажетті  арнаға  бұруға  ақпаратты  қалай  пайдалану  керек, 
адамның санасын ақпараттық ағындар арқылы қалай билеп, басқаруға болады деген 
мәселелерге арналған. 
Бұл  мәселелерді  зерттеу  үшін  саяси,  әлеуметтік,  философия,  психология 
сияқты  ғылымдардың  жиынтығы  қажет.  Соңғы  кездері  қарапайым  тұтынушы  ғана 
емес,  тіпті  ғалымдардың  арасында  да  ақпараттық  технологиялық  революцияға 
масайрап,  Интернеттің  кереметін  түсіндік деп  масаттанып,  нағыз  өмірді  виртуалды 
өмірмен  шатастырып  алғандар  жеткілікті.  Олар  ақпараттық  дүмпудің  сиқырын  да, 
жұмбағын да шештік, оның әлеуметтік және экономикалық салдарын түсіндік деген 
жалған  ойдың  жетегінде  жүрген  сияқты.  Бұның  бәрі  ақпарат  пен  ақпараттық 
қоғамның  бірін-бірі  толықтыратын  түрлі  анықтамаларына  өзінің  зиянды  әсерін 
тигізуде. Үстіртін ойлар ақпараттық өмірдегі болып жатқан құбылыстардың күрделі, 
түрлі деңгейде өрбитінін түсінгісі келмегендіктен туады. 
Герберт Шиллер ақпараттық және коммуникациялық салада 2-ші дүниежүзілік 
соғыстан  кейін  үлкен  өзгерістер  болатынын  он  жыл  бұрын  болжап  берген.  Өзінің 
«Коммуникация  және  мәдени  үстемділік»  деген  кітабында  Г.  Шиллер  БАҚ,  оның 
ішінде,  коммерциялық  БАҚ-тар  «әлемдік  капиталистік  жүйенің»  ең  басты 
идеологиялық  күшейткіші  (рупоры)  екенін  айтады.  Осы  үстемділіктің  формаларын 
түсінікті етіп суреттеу үшін Г. Шиллер «мәдени империализм» деген түсінік енгізеді, 
«мәдениет  арқылы  бағындыру,  басып  алу»  деген  мағынада.  Ғалымның  айтуынша, 
«мәдени империализм» дегеніміз  – билік құрушы элитаның қысым көрсету, күштің 
көмегімен,  адамдардың  санасын  улау  арқылы  өзіне  қажетті  қоғамның  моделін 
жасауға бағытталған құралы». 
Герберт  Шиллер  ақпараттық  коммуникацияның  қасиетіндегі  үш  ерекшелікке 
назар аударады: 
1.  Ақпараттық  қоғамда  нарық  заңдары  жұмыс  істей  береді.  Нарықтық 
принциптер  жаңа  салаларға  еніп,  үстемдік  құрады.  Ақпарат  тауарға  айналып, 
нарықтың заңына сәйкес өзінше өмір сүре бастайды. 
2.  Бізге  белгілі  мүліктік  теңсіздікпен  қатар  өмірімізге  ақпараттық  теңсіздік 
деген  ұғым  енетін  болады.  Ақпаратты  пайдалану  мүмкіндіктеріне  қарай  қоғамда 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
19 
«ақпаратқа  байлар»  мен  «ақпаратқа  кедей»  топтар  қалыптасатын  болады.  Бұл 
әлемдегі бай мен кедей мемлекеттер сияқты азаматтарды кластарға бөледі. 
Өмірдің заңдылығы осындай. Кімнің мүмкіндігі мол болса, ақпаратқа да солар 
ие  болады.  Ақпаратқа  ие  болған  адам  ақпаратты  пайдаланып,  өзінің  капиталын 
өсіреді.  Басқалардың  «санасын  бұрмалап,  бағындырып»,  өзіне  қызметке  қояды, 
өзінің  мүддесін  қорғауға  пайдаланады.  Мысалы,  Қазақ  Үкіметінің  арнайы 
мақұлдаған  «ақпараттық  теңсіздікті  жоюға»  арналған  бағдарламасы  бар.  Міне, 
барлық  әлемдегі  сияқты  қазақ  қоғамында  да  «ақпаратқа  байлар»  мен  «ақпаратқа 
кедей»  топтар  қалыптасып  отыр.  Ертең  осындай  үрдіспен  дамыған  қоғамда 
ақпараттық  коммуникацияны  меншіктеген топтар  мен  тұлғалар  масс-медианың  бар 
мүмкіндігін өз пайдаларына қолданатынына күмән болмауы тиіс. 
3.  Герберт  Шиллер  қазіргі  ақпараттық  қоғамның  сипатын  капитализмнің 
дамуының  жаңа  дәуірінен  іздеу  керек  дейді.  Жаңаша  капитализм  –  корпоративтік 
капитализм  болады.  Бүгіннің  өзінде  әлемде  капиталдың  үлкен  жылдамдықпен 
жылжуын,  шоғырлануын  көріп  отырмыз.  Бұндай  ірі  трансұлттық  капитал 
мемлекеттерді  өзінің  мүддесіне  жұмыс  істеуге  мәжбүрлеуге  дейін  барады.  Ондай 
мысалдар дүниежүзілік экономиканың моделінде көптеп кездеседі. 
Осы  үрдісті  ақпараттық  салаға  қатысты  қарасақ  ақпарат  пен  ақпараттық 
технологиялардың  дамуы  жеке  меншік  бизнестің  мүддесіне  сай  дамуы  басты 
тенденцияға  айналып  отырғаны.  Міне,  қай  жағынан  қарасақ  та  ең  бастысы  – 
ақпаратқа ие тұлғалар, оны өзінің мүддесіне сай, қарапайым адамдардың «санасына 
билік» жүргізу үшін қолданатыны. 
Бұл мемлекеттер арасындағы, ұлттар мен әлеуметтік топтар арасындағы тепе-
теңдікті  бұзады.  Ақпараттың  тарауына,  объективті,  шынайы  ақпаратқа  деген 
сұраныстар 
ақпараттық 
коммуникацияны 
қоғамдық 
бақылауға 
қою 
тұжырымдамасын өмірге алып келді. 
Ұлыбританиядағы  қоғамдық  BBC  арнасының  жұмысы  осындай  талаптан 
туындаған.  АҚШ-та  PBS  (Public  Broadcasting  System)  деген  қоғамдық  арна  жұмыс 
істейді.  Жапондық  NHK  арнасының  да  меншіктік  құрылымы  қоғамдық.  Айтылған 
үш  арнаның  да  беделді  жоғары.  Аудиториясының  ауқымы  кең.  Үш  арна  да 
қаржылық  жағынан  ешкімге  тәуелді  емес.  Қайырымдылық,  азаматтардың  жарнасы, 
өзінің жарнамадан тапқан қаржысына жұмыс істейді. 
Бұлардан  басқа  да  әлемнің  біраз  елінде  табысты  құрылған  қоғамдық  арналар 
баршылық.  Шығатын  қорытынды  мынандай.  Жеке  меншіктегі  коммерциялық 
арналардағы  ақпараттық  саясаттың  біржақты  болуынан  сескенетін  қоғамдар  өзінің 
объективті, бұрмалаусыз ақпаратқа деген сұранысы мен талабын қоғамдық арналар 
жасау арқылы шешуде. 
Қазақстанда  да  мемлекеттік,  коммерциялық  телерадио  арналар  бар.  Цифрлық 
теледидар  олардың  дамуына  да  мол  мүмкіндіктер  сыйлап  отыр.  Мемлекеттің  өзі 
оларға  республика  аумағына  хабар  таратуға  тегін  жағдай  жасауда.  Қоғамдық  арна 
құру  туралы  идеялар  түрлі  деңгейде  талқыланып  жатыр.  Біздегі  қоғамдық  арна 
қандай  болуы  керек,  қаржылық  көздері  қайдан  жиналуы  тиіс  деген  құрылымдық, 
қаржылық сұрақтар көп. Қайткенде де, біздің қоғамның дамуы мен ешкімге тәуелсіз 
арналар  арқылы  таралатын  ақпаратқа  деген  сұранысы  болашақта  осы  мәселені  күн 
тәртібіне  шығарып,  оң  шешімге  алып  келері  анық.  Ақпараттық  технологиялық 
дамудың, қоғамдық формациялардың эволюциясы біздің осы тұжырымды дәлелдеп 
беруде. 
Туған  халқының  түпкі  арманына  жету  үшін  әр  кезеңге  сай  нақты 
бағдарламасы, мақсат-мұраты болмай, ешқандай қоғам алға жылжи алмайды. Сол 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
20 
үшін  де  әрбір  қоғам  өзінің  мемлекеттік  саясаты  мен  идеологиясын  айқындайды. 
Демек,  идеология  дегеніміз  –  белгілі  бір  мақсатқа  жетудің  жолы,  соның  рухани 
негіздеушісі, тиянақтаушысы, тұғырнамасы. 
Оларды  жекелеп  айтсақ  –  тәуелсіздік  идеясы,  нарық  идеясы,  ұлттық  қазақ 
идеясы,  тәрбие  идеясы,  топтастыру  идеясы,  келісім  идеясы,  қорғаныс  идеясы  және 
тағы  басқалар.  Ұлт  санасын  оятып,  «қазақ»  идеясын  дүниежүзілік 
қауымдастыққа,  әлемдік  ұлы  істерде  танытып,  ұлтымызды  топтасуға 
жігерлендіріп,  өркениетті  елдердің  қатарына  кірмейінше  тәуелсіз  мемлекет  құра 
алмайтынымызды әрбір ұрпақтың санасына сіңдіру қажет. 
Біздің  мемлекетіміздің  іргетасы  –  қазақтың  ұлттық  санасы.  Мемлекеттің 
құрылуына,  оның  нығаюына  бірден-бір  мүдделі  ұлт  –  қазақ.  Жаңа  замандағы 
жас  мемлекетіміздің  ұлттық  идеологиясының  бастауы  екі  тармақтан  тұрады. 
Біріншісі  –  қазақ  халқының  басын  біріктіруге,  санасын  оятып,  оның  патриоттық 
сезім-түсініктерін  қалыптастырып,  рухани  түлеуіне  бағыттайтын  жаңғыру 
идеологиясы.  Бұл  –  ұлтты  ұйыстыру,  ұлт  ішіндегі  бірлікті  нығайту.  Екіншісі  – 
Қазақстанда мекендеген жүзден аса этникалық топтарды  біріктіретін, этносаралық 
жарасым идеологиясы. Бұл – «Қазақстан – менің Отаным» идеясы. 
Тарихи  кезең,  қоғамдағы  жаңару,  бір  қоғамдық  жүйенің  екінші  жүйемен 
ауысуы  ұлы  өзгерістер  әкелді.  Уақыт  өз  жаңашылдығын  туғызып,  жаңа  өзгеріс 
әкеледі. Осы өзгеріс, толығу кезінде ақпараттық коммуникация саласына қойылатын 
талап та ауырлай түспек. 
Тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі  бері  қазақтың  тарихы  туралы,  қазақ 
мемлекеттігі мен қоғамның эволюциясы туралы ғылыми ізденістерге жол ашылды. 
Бұл  орайда  ұлттық  мүддені  бәрінен  жоғары  қойған  идеологияға  кең  жол  ашылды. 
Бұл – қоғамдық дамудың табиғи заңдылығы. 
Тәуелсіздік  алғанына  20  жылдан  енді  ғана  асқан  Қазақстан  мемлекеті  үшін 
тәуелсіздік  пен  ұлттық  идеология  мәселелері  күн  тәртібіндегі  мазмұны  бірінші 
сұрақтар. Ғалам да, ұлт та, мемлекет те уақытқа байланысты жаңарып, өзгеріп, дамып 
отыр. 
Қоғамдық  сананың  өзгерістері  де  ақпараттық  ғасырда  ерекше  байқалуда. 
Ақпараттық  қоғам  құруға  арналған  мемлекеттік  бағдарлардың  нәтижесі  де  біздің 
қоғамның  жаңашылдыққа  ұмтылысына  байланысты.  Жаңа  ғасырда  ақпараттық 
коммуникацияның көмегінсіз осы айтылған мақсаттарға жету мүмкін емес. 
 
Әдебиеттер 
1  Белл  Д.  Социальные  рамки  информационного  общества  //  Новая 
технократическая волна на Западе. – М.: Прогресс, 1986. 
2 Шиллер Г. Манипуляторы сознанием. – М., 1980. 
3 Bell D. The cultural contradictions of capitalism.  N.Y.: Basic Books, 1976. 
4 Herbert Schiller. Mass Communications and American Empire, 1969. 
5 Herbert Schiller. Communication and Cultural Domination, 1976. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
21 
РЫСКЕЛЬДИНОВА Салтанат, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
«6М050400 – Журналистика» мамандығының 2 курс магистранты
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ 
«ТӨРТІНШІ БИЛІК» ИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Аңдатпа 
Аталмыш  мақалада  адам  баласының  уақыт  өте  келе  басынан  өткізген 
кезеңдерінің  ішіндегі  ең  маңызды  кезеңі  –  ақпараттық  қоғам,  оның  ішінде 
журналистиканың  алатын  орны  жайлы  баяндалады.  Ақпараттық  қоғам  құруда 
«төртінші  билік»,  яғни  журналистиканың  ақпараттық  саясат  пен  мемлекеттің 
бейнесін  қалыптастырудағы  бірден-бір  құрал  екені,  оның  заман  талабына  сай 
трансформациялануы,  көптеген  мүмкіндіктерге  ие  болуы  туралы  сөз  қозғалады. 
Демократиялық  қоғамдағы  журналистика  «төртінші  билік»  мәртебесіне  тұрарлық 
күш ретінде көрсетілген.   
 
Адамзат баласы өз тарихында үш үлкен дәуірлерді бастан өткізді. Атап айтсақ, 
аграрлық, индустриалды және ақпараттық. 
Аграрлық  дәуір  ең  алғашқы  кезең  және  ол  кезеңде  адам  баласы  ақпаратты 
ауыздан-ауызға,  немесе  тасқа  қашап,  келесі  ұрпаққа  жеткізіп  отырған.  Бұл  да 
ақпаратты тасымалдаудың, оны таратудың сол кездегі тәсілі болған. 
Екінші  дәуір,  яғни  индустриалды  дәуір,  бұл  кезеңде  өндірістің  қарқынды 
дамуы,  технологиялардың  даму  кезеңі.  Бұл  кезеңде  ақпарат  қағаз  түріндегі 
тасымалдауышта ғана емес, сонымен бірге дыбыс, бейне, фото және де электронды 
тасымалдауыштарда еркін пайдаланылған болатын. 
Қазіргі таңда осылардың ішінде аса маңызды мәнге ие болып отырған, әрине, 
ақпараттық дәуір. Себебі ақпараттың адам өмірінде алатын орны ерекше. 
ХХ  ғасырдың  өзінде  Маршал  Маклюэн  ақпараттық  дәуірді  «ғаламдық  елді 
мекен» ретінде қарастырған. Оның айтар ойы, бүкіл жер шары үлкен бір ақпараттық 
елді мекенге айналады. Яғни жер шарымызда өмір сүретін барлық адам баласы бір 
уақытта  бір  ақпаратты  оқып,  естіп  немесе  көре  алады  деген  [1,  286].  Қазіргі 
замандағы  ғаламдық  тор,  соның  ішінде  ақпаратты  онлайн  түрде  жеткізу,  тарату 
соның айғағы. 
Ақпараттық  қоғамның  басты  мақсаты  –  мемлекет,  адам,  қоғам  арасындағы 
байланысты  орнату.  Қазіргі  уақытта  ақпарат  мемлекеттің  маңызды  стратегиялық 
ресурсына  айналып  отыр.  Ақпарат  құралдары  –  билік  пен  халықты 
байланыстыратын  көпір.  Ал  ақпараттық  қоғам  –  бүгінгі  дамудың  көрінісі  болса, 
ақпарат – демократияның басты валютасы. 
Ақпараттық  қоғам  құру  –  барлық  дүниежүзі  мемлекеттерінің  басты  даму 
бағыттарының  бірі.  Ал  ақпараттық  қоғам  орнату  үшін  заманауи  ақпараттық 
технологиялармен  жабдықтау,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жұмысын  сапалы 
да  тиімді  етіп  дамыту,  бір  арнаға  түсіру,  ақпаратты  жедел  түрде  жеткізетін, 
қоғамдық  пікір  қалыптастыратын  кәсіби  журналисттердің  білім  мен  біліктіліктерін 
арттыру  сияқты  негізгі  критерийлер  қажет.  Осыған  келе,  әр  мемлкеттің  мықты 
ақпараттық қоғамға айналуы тікелей бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор 
екенің  байқаймыз.  Яғни  бұқаралық  ақпарат  құралдары  –  ақпараттық  саясат 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
22 
ұйымдастырудағы  билік  пен  мемлекеттің  бейнесін  қалыптастыратын,  негізгі  саяси 
идеяларды жүргізетін маңызды коммуникациялық құрал. 
Сонау  ХVІІІ  ғасырда  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  «төртінші  билік»  деп 
британдық Томас Карлейль алғаш рет айтқан болса, оны алғаш рет баспасөз бетінде 
жариялаған  Томас  Маколей  болған.  Сол  заманда-ақ  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  қоғам,  мемлекет  өмірінде  маңызды  орынға  ие,  күшті  қару  екенін 
білген [2, 255]. 
Бірақ,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамға  үлкен  әсер  етіп,  «төртінші 
билік»  деп  тек  жақшаға  алынып  айтылса,  шың  мәнінде  оның  ешқандай  билікке  ие 
емес екені анық. Оны заң тұрғысынан бірінші, екінші және үшінші билік ретінде заң 
шығарушы, атқарушы және сот биліктері дәлелдейді. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  елдегі  және  әлемдегі  жаңалықтар  мен 
оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар 
жөнінде  жұртшылыққа  мағлұмат  беріп,  қоғамдық  пікір  қалыптастыратын  әдеби-
шығармашылық қызмет түрі – журналистика [3]. 
Журналистика  әдеби-шығармашылық  қызмет  түрі  ретінде  саяси,  салалық, 
мәдени  және  т.б.  басылымдар  арқылы,  радио  және  телевидение  арқылы  қоғамдағы 
көкейкесті  мәселелерді  қозғап,  алуан  түрлі  аудиторияны  әлеуметтік,  саяси  және 
арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Журналистикаға берілетін анықтамалар 
мен  тұжырымдар  әр  кезде  әр  түрлі  болған.  Кейбір  тұжырымдар  журналистика  сол 
уақытта  болып  жатқан  оқиғаларға,  құбылыстарға  қоғамдық  ой-пікір  мен 
дүниетанымды  қалыптастыратын,  әлеуметтік-бағыттаушы  құрал  деп  есептесе, 
кейбір анықтамалар мен тұжырымдар журналистиканы тек қана ақпаратты жеткізіп 
тасушы  құрал  және  тыңдаушы  не  болмаса  оқырман  ой-пікірді  өзі  қорытындылап, 
дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. 
Қазіргі уақытта ақпарат құралдарының өз пайдасына көп көңіл бөліп, өздерінің 
өнімдерінің  ішкі  мазмұны  мен  идеясына  баса  мән  берсе,  ал  кейбіреуі  тек  жалаң 
хабарды  неғұрлым  шұғыл  да  шапшаң  таратуға  баса  назар  аударып  жүр.  Осыған 
байланысты  журналистиканы  уақыт  өте  қалыптасқан  бүкіл  адамзатқа  ортақ 
құндылықтармен  қатар  әрбір  елдің  өзіндік  ішкі  бағыттары  мен  ерекшеліктері 
арқылы, өз мүддесіне сай дамитын ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады. 
Оның  қоғаммен,  әлеуметтік  мәселелермен,  құбылыстармен  тығыз  байланыс 
жасайды.  Демек,  журналистика  әлеуметтік  бақылау  институты  болып  табылады. 
Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес десе де болады. 
Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ 
жолдан  өткені  белгілі.  XVI  ғасырда  адамдардың  бір-бірімен  хабар  алмасу  құралы 
ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді көрсетеді. 
Алғаш  рет  бұл  журналистика  термині  Францияда  қолданылса,  кейіннен  ХІХ 
ғасырда Ресейде барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. 
Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, ХІХ ғасырдың 2-ші 
жартысынан  бастап  белсенді  қолданысқа  ие  болды.  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ 
ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты 
фото және киножурналистика дүниеге келді. 
ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдарынан  бастап  радиотехника  жетістіктеріне 
байланысты  радиожурналистика,  40-шы  жылдарынан  бастап  тележурналистика 
қарқынды дами бастады. 
ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдары  ақпарат  тарату  көлемі  мен  шапшаңдығы 
жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік 
байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды [4]. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
23 
Сол  уақыттардан  бері  журналистика  даму,  қалыптасу  жолдарынан  өтті.  Ол 
барлық  уақытта  қоғам  өміріне  араласа  отырып,  баға  берумен,  қорытындылар 
жасаумен,  ұсыныстар  айтумен  келеді.  Әсіресе,  саясат,  экономика,  экология, 
қоғамдық-әлеуметтік  қатынастар  т.б.  көптеген  салаларда  шешім  жасап  жүзеге 
асыруға  ықпалы  болады.  Сөйтіп,  жоғарыда  айтып  кеткеніміздей,  журналистика 
қоғамның  әлеуметтік  институттарының  бірі  болып  саналады.  Сондай-ақ,  ол  – 
адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. 
Журналистика  адам  санасын  көтеруге  рухани  әлемді  байытуға  себепкер 
болады. 
Е.П. 
Прохоровтың 
«Введение 
в 
журналистику» 
оқулығында 
журналистиканың алты басты қызметі анықталады. 
Біріншіден,  журналистика  саласында  өзара  ақпараттық  ықпалдасудың  негізгі 
де  басты  міндеті  –  яғни  бұқаралық  аудиториямен,  әлеуметтік  институттармен 
байланыс  орнату.  Сондықтан  журналистиканың  табан  тірер  функциясы  – 
коммуникациялық  (лат.  communication  –  хабарлама  жолы,  байланыс  пішіні) 
функция. Бұл қызмет түрі пікірлесуге контакт орнатуға арналады. Бір қарағанда таза 
техникалық  термин  болып  көрінетін  «коммуникация»  ұғымы  ақпараттық  мән-
мазмұнмен  толыққан  кезде,  жаңа  сипатқа  ие  болады.  Көп  ретте  журналистиканы 
бұқаралық коммуникация құралы, mass media дейтіні де сол себептен. 
Екіншіден, 
журналистің 
қоғамдағы 
«төртінші 
билік» 
ретіндегі 
ұйымдастырушылық қызметін атап өту қажет [5, 15]. 
Үшіншіден,  идеологиялық 
әлеуметтік 
бағдарлаушы  ретіндегі, 
яғни 
аудиторияның дүниетанымына, көзқарасына терең әсер ете алу қызметі. 
Төртіншіден,  қоршаған  ортаны  тану,  құндылықтарды  анықтауда  бағыт-бағдар 
беру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, ағарту және тәрбиелеу, мәдениет тарату сияқты 
функциялары  да  ауызға  алынып  жүр.  Сонымен  қатар  оның  қоғамдық  процестерді 
реттеу және қадағалау, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау және әрбір  адамды 
кәделік мәліметпен қамтамасыз ету секілді қырлары да бар. 
Бесіншіден,  жарнамалық  қызметі.  Бұқаралық  аудитория  мен  әлеуметтік 
институттардың  ақпараттық  сұраныстарына  сай  олардың  өмір  сүруін  қамтамасыз 
ету.  Барлық  қырларынан  алғанда,  қоғамда  болып  жатқан  барлық  жағдайлармен 
таныстыру. 
Алтыншыдан,  рекреативтілік  қызметі.  Компенсаторлық  (өтемдеу)  бағасын, 
тонусты  (лат.  tonus  –  ширығу)  түзеу  қызметін  (көңіл  көтеру,  дамылдату,  сергіту) 
жоққа шығаруға болмайды [5, 16]. 
Е.П.  Прохоров  журналистиканың  қызметтерін  алтыға  бөліп,  әрқайсысына 
жоғарғыдай түсініктеме беріп өтті. 
Бірінші қызметінде коммуникациялық, яғни ақпарат тарату, бұқарамен контакт 
орнату,  ақпарат  алмасу  қызметі.  Ақпарат  және  журналистика  ұғымы  бір-бірінсіз 
дамып,  жетіле  алмайды.  Екеуі  ардайым  бірге  жүреді.  Ақпарат  қайда  болса, 
журналистика да сол жерде. 
Екінші  қызметі,  біз  мақалада  қарастырып  отырған  мәселе  жайлы. 
Журналистиканың «төртінші билік» санатына көтерілуі, дұрыс бағытта қолданылған 
жағдайда журналистика билік жүргізудегі ең күшті қаруға айналады. 
Үшінші идеологиялық функциясы адамзаттың дүниетанымының қалыптасуына 
үлес  қосады.  Екінші  фунциямен  етене  байланысады.  Себебі,  елді  басқаруда  белгілі 
бір  идеологияны  ұстану  оны  халыққа  жеткізіп  ғана  қоймай,  сол  идеологияны  ой-
санасына сіңдіру, белгілі бір стереотипты ұстану. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
24 
Төртінші функциясы рухани, мәдени құндылықтарға берілген. Рухани азық әр 
уақытта,  әр  жерде  үлкен  маңызға  ие  болған.  Адамның  қоғамдық  мән  есебінде 
дамуын сипаттайды. 
Бесінші  жарнамалық  қызметі  экономикалық  институтқа  тиесілі.  Яғни 
журналистика  тек  саяси,  әлеуметтік,  рухани  мәселелерді  баяндап  қоймай,  сонымен 
қатар табыс көзі. 
Алтыншы қызметі қоғамға шыңайы, күнделікті өмірден жалығудан сақтайтын 
ойын-сауық, көңіл көтеру қызметі. 
Әрине, 
тек 
Е.П. 
Прохоров 
қана 
журналистиканың 
қызметтерін 
классификациялап  қана  қойған  жоқ.  Одан  да  басқа  зерттеушілер,  солардың  бірі  – 
С.Г.  Корконосенко журналистиканы төртке жіктеді. Яғни өндірістік-экономикалық; 
ақпараттық-коммуникативтік; реттеуші; рухани-идеологиялық деп жіктеді [6, 53]. 
С.Г.  Корконосенко  журналистиканың  әлеуметтік-рөлдік  сипатына  қарай 
топтасырғанын  байқаймыз.  Рөлдік  топтастыру  –  журналистиканың  күрделі 
функциясының қырларын ашуға қолайлы. 
Аталған  функциялардан  бөлек  журналистиканың  әлеуметтік  жағынан  алғанда 
басты  функциясы  –  әлеуметтік  қоғамның  заманға  сай  қажетті  ақпарат  сұранысын 
қанағаттандырып  отыратын  бақылаушы  функциясы.  Ол  қоғаммен  үнемі  үзіліссіз 
байланыста  болуды  білдіреді.  Басқа  функциялардан  биік  тұрады.  Осы  функциялар 
арқылы П. Прохоров журналистиканың орнын, қызметін нақты көрсете білді. 
Қорыта келе, қоғамның жаңа типі  – постиндустриялды қоғамға өту үрдісі ХХ 
ғасырдың  соңғы  ширегінде  өтіп  жатыр.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  шешімімен 
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. 
Қазіргі заманғы бүкіләлемдік саяси, экономика және рухани-мәдени жаһандану 
жағдайында  журналистика  әлемдік  интеграциялық  үрдістердің  ішіндегі  аса 
ықпалдысы  болып  табылады.  Осыған  байланысты  әлемдік  журналистика  бұрын-
соңды болмаған өзгерістерді басынан өткізіп жатыр. 
Журналистиканың  белгілі  бір  елде,  аймақта,  тіпті  әлемдік  ауқымда  қоғамдық 
пікір  қалыптастырып,  ресми  емес  «төртінші  билік»  тармағы  тұғырына  көтеріле 
алатындығы  оның  болашақтағы  даму  мүмкіндігінің  бұдан  да  мол  екендігін 
көрсетеді. Демократиялық елдердегі журналистика салыстырмалы түрде өз міндетін 
ойдағыдай  атқара  алатын  болса,  тоталитарлық,  авторитарлық  елдердегі 
журналистика  өзге  билік  тармақтарының  қысымы  салдарынан  халыққа  шынайы, 
объективті ақпарат жеткізбеу, шындықты бұрмалау құралына айналуда. 
Алайда,  демократиялық  мемлекеттердің  өзінде  тәуелсіз  журналистика 
ұғымының өзі толыққанды тәуелсіздікті білдірмейтін шартты ұғым. Кез келген елде, 
қандай да бір қаражатсыз және билік тармақтарының қолдауынсыз журналистика ісі 
дамымайды. Сондықтан журналистиканың өз қызметін шын мәнінде дұрыс атқаруы 
әрбір  елдің  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  еркіндігіне  кепілдік  беретін 
заңдарының қабылдануына және олардың толық орындалуына байланысты. 
Жалпы  журналистика  –  халықтық  болып  саналады.  Өйткені  журналистика 
халықтың қамын ойлайтын, соның қажеттігін қарастыратын сала. Сондықтан қоғам 
дамуына  ерекше  еңбек  сіңіріп  жатқан  БАҚ  саласына  өзіндік  мәртеге  әбден  лайық. 
Шынайы  демократиялық,  зайырлы  қоғамда  журналистика  саласы,  шынымен  де, 
төртінші  билік  деңгейіне  көтерілген,  «төртінші  билік»  мәртебесіне  тұрарлық  күш 
ретінде мойындалатыны рас. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет