Қ азақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық



бет1/10
Дата10.06.2023
өлшемі1,37 Mb.
#100382
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық –
техникалық университеті

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» жоғары мектебі


Өндірістік (технологиялық) практика есебі
6B07203 - "Қа
Орындаған :ТПР-31 топ студенті Сарыбаева Н.С.
Тексерген: а.о.Сабырова Э.Е.
О рал 2022
Мазмұны
Кіріспе
1. Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы
2. Қайта өңдеуге жататын бастапқы шикізатты сақтау сипаттамасы мен шарты
3. Өнім ассортименттері, шикізат пен дайын өнімнің сапа көрсеткіштері.
4. Жылыжайдағы қияр аурулары және алдын алу шаралары
5. Қайта өңдеуге арналған технологиялық жабдықтар
6. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Жылыжай (орыс. теплица, ағылш. greenhouse) - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.
Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіріктерде (стеллаж) есіреді.
Жылыжайда көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты болады. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін 3 топқа бөледі:
1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин қырыққабаты), сондай‑ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;
2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып, әрі қарай аяғына дейін өсіретін көкөніс дақылдары;
3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер – қояншөп, рауғаш, салат цикориясы.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және көктем-қыс айларында халықтың жаңа піскен, жас көкөніс өнімдерге деген сұранысын қанағаттандыруда жылыжайлардың алар орны ерекше.
Жылыжай шаруашылықтарын жүргізудің бір пайдасы мен артықшылығы - жылыжай дақылдарын ылғалдандырып, суару арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне тамшылатып суару технологиясын енгізу үрдісі жаппай құбылысқа айналатын болады. 
Қысқасы, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу арқылы еліміздің азық-түлік қорына қосарымыз да, жаңа технологияларды меңгеріп, үйренеріміз де көп болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет