Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет3/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

АДАПТАЦИЯЛЫҚ  СИНДРОМ  – 

адам  және  жануар  ағзасының  күшті 

және  ұзақ  мерзімді  жағымсыз  әсер- 

лерден  (стрессорлардан)  қорғаныш 

сипатындағы адаптациялық реакция- 

ларының жиынтығы. Стрессорлар әре- 

кеті салдарынан қалыптасатын функ- 

циялық күйді стресс деп атайды. А.с. 

ұғымын  1936  жылы  канадалық  фи- 

зиолог Г.Селье ұсынған. А.с. негізгі 

белгілері болып табылатындар: бүй- 

рек  үсті  қыртысының  ұлғаюы,  кей- 

бір  бездердің,  көк  бауырдың  және 

лимфа  түйіндерінің  кішіреюі,  ыды- 

рау  процестерінің  көбеюі  салдары- 

нан зат алмасудың бұзылуы. А.с. да- 

муында әдетте үш кезеңді бөліп көр- 

сетеді: Біріншісі – үрей кезеңі – бір- 

неше сағаттардан басталып, бірнеше 

тәулікке дейін созылатын күйге қар- 

сылық кезеңдерінен тұрады. Соңғы- 

сында организмнің қорғаныс реакция- 

ларының жинақылығы жүзеге асады. 

А.с. екіншісі – қарсы тұру кезеңіңде – 

организмнің  түрлі  әсерлерге  төзім- 

ділігі  артады.  Бұл  кезең  не  күйдің 

тұрақталуына және сауығуына әкеле- 

ді.  А.с-ның  үшінші  кезеңі  –  тозуға 

ауысып, организмнің өлуіне алып ке- 

луі  мүмкін.  Сенсорлық  А.  бірнеше 

түрлері  бар.  Олар:  ауырсыну  адап- 

тациясы, иіс сезу адаптациясы, есту 

адаптациясы, көру адаптациясы, қы- 

сымға  адаптация,  негативті  және 

позитивті адаптация.

АДЛЕР  АЛЬФРЕД  (1870-1937)  – 

австриялық  дәрігер  және  психолог. 

1902  жылдан  Фрейдті  жақтаушы, 

АДАП

АДЛЕ


17

1911  ж.  онымен  байланысын  үзіп, 

өзінің «даралық психологиясы» кон- 

цепциясын жасады. Ол АҚШ-та қай- 

тыс  болды,  мұнда  оның  көзқараста- 

ры психиатрия мен педагогикаға ық- 

пал етті. А. жетімсіздік, «толымсыз- 

дық»  сезімнен  арылуға  ұмтылушы- 

лықты  адам  психикасы  дамуының 

негізгі  қозғаушы  күші  деп  жора- 

малдады.

Бұл ұмтылушылық индивидтің шығар- 

машылық белсенділігінің, оның бел- 

гілі бір жарымжандығының, әлеумет- 

тік  жағдайындағы  кемістіктің  және 

т.б.  орнын  толтыруға  мүмкіндік  бе- 

ретін дарындылығының дамуы үшін 

стимулға айналады. А. былайша дәлел- 

деді: түс көру, қиял және басқа да си- 

рек кездесетін психикалық құбылыс- 

тар, Фрейд пайымдағандай, өткендегі 

жанға  жара  салған  күйзелістердің 

бұрмаланған көрінісі емес, жеке адам- 

ның  өмірлік  проблемаларынан  туа- 

тын «болжап білу» әрекеттері.

А. «өмірлік бағытты», сәби шақта қа- 

лыптасатын және жеке адамның өмір- 

лік  мінез-құлқының  өзегін  (қалы- 

бын) жасайтын, оның мінездегі қылық- 

тарды,  өмірлік  қиындықтарды  және 

т.б. жеңу мәнерін айқындайтын сана- 

лы емес «жобаны», «жоспарды» анық- 

тап,  тиісті  түзету  енгізуді  «даралық 

психология» міндеті деп есептеді. А- 

дің көзқарасы адам психикасына, сон- 

дай-ақ  Сартрдың  «экзистенциялық 

психоанализіне» түрткі болудың әлеум. 

факторларының маңыздылығын атап 

көрсеткен  неофрейдизм  өкілдеріне 

ықпал етті. Негізгі еңбектері: «Күйге- 

лек мінез туралы» (1912), «Даралық пси- 

хологиясының  теориясы  мен  прак- 

тикасы»  (1920),  «Адамтану»  (1927), 

«Өмірдің мән-мағынасы» (1933).



АДУЫН – адам мінезіне тән өктем- 

дік әрекет. А. адам өзгелерге білдір- 

мек болған ой-пікірін екпіндей сөй- 

леп, іс-әрекеті мен қарым-қатынасын- 

да ірілік көрсетіп, сөзінің үстемдігін 

білдіреді.  Мінез  сипатының  адуын- 

дыққа қарама-қарсы мағынасын біл- 

діретін  екі  жағы  бар:  бірі  –  адам- 

ның ойы мен сөзі жүйелі келіп, шын- 

дықты, іс-әрекеттің ақиқаттығын біл- 

діретін болса, сөйлеушінің айтқанда- 

рын  тыңдаушылар  дұрыс  қабылдап, 

оған  әсерленеді.  Ал  екінші  жағы  – 

керісінше, А. адамның ойы мен сөзі 

істің  мән-жайын  білдіре  алмайтын 

тек  байбалам  салу  деп  санап,  оның 

айтқандары шындықпен жанаспайтын 

ірілік  пен  өркөкіректі  білдіретін 

жағымсыз әрекет деп бағаланады. Он- 

дай адамды жұрт ақыл-ойы таяз адам 

деп  әжуалайды.  А.  бір  жағынан  ба- 

тылдық әрекет деп саналады. Өйткені 

ондай  адам  ісінің  шындығына  көзі 

жетіп,  ойындағы  мақсат-мүддесін 

тайсалмастан батыл түрде білдіреді. 

Кездескен кедергілерден зиян шегемін 

деп қорықпайды, шешімі қиын істер- 

ге батыл кірісіп, оның пайдалы нәти- 

же беретіндігіне сенімді болады.

АЖИТАЦИЯ  –  өмірге  қауіптілік, 

апаттық  жағдайлар  және  т.б.  психо- 

гендік  факторларға  аффективті  жа- 

уап. Ол абыржу, үрейлену, қорқыныш, 

мақсатты әрекеттердің жоғалуы, жыл- 

дам, түсініксіз сөйлеумен бірге жүре- 

тін  адамның  қимыл-қозғалыстық 

қозуынан  көрініс  табады.  А.  күйіне 

түскен адам тек қарапайым автомат- 

ты әрекеттерді ғана жасауға қабілет- 

ті.  Бұл  жағдайда  адамда  бостық  се- 

зімі, ойлардың жоқтығы пайда болып, 

құбылыстар  арасында  күрделі  бай- 

АДЛЕ

АЖИТ


18

ланыстарды  тұрғызу,  ойлау  қабілеті 

жоғалады.  Мұндай  күй  айқын  веге- 

тативті көріністерге ие болады: бозару, 

тыныс  алудың  жиілігі,  жүректің  со- 

ғуы,  қолдардың  дірілдеуі  және  т.б. 

А.  психологиялық  норма  шегіндегі 

патология  алдындағы  күй  болып 

есептеледі. Апат жағдайында ол сас- 

қалақтау түрінде көрінеді.



АзҒЫНДЫҚ – жеке адамның мінез-

құлқы мен қылығы, іс-әрекеті туралы 

жалпыға ортақ көзқарас тұрғысынан 

берілген мейлінше жағымсыз мораль- 

дық  баға.  Ол  индивидтің  адами  қа- 

сиеттерден ада болып, моральдық нор- 

малар  мен  талаптарды  орындаудан, 

мойындаудан  қалғандығын  білдіре- 

ді. Мұндай халге адам зардапты (ке- 

селді) құмарлықтарға салынып, тіпті 

оның  зиянды  екенін  білген  күннің 

өзінде, одан бас тартуға өз бойынан күш-

жігер таба алмауынан болуы мүмкін. 

Ішімдік,  нашақорлық,  жатыпішер 

жалқаулық,  масылдық  және  т.б.  же- 

ңіп, кеселге айналғанда, адамның ақыл- 

есі топастанып, сезімдері көмескіле- 

неді. Адамдардың бойындағы жақсы 

қасиеттердің  бәрінен  жатырқап, 

жауығатын, көріп-біліп тұрса да, қаса- 

қана, өзінікін жөн санайтын болады. 

Осының бәрі жүйкесін тоздырып, пси- 

хикасын бұзады. Сөйтіп, ондай адам 

ар, ұят, абырой, адамдық парыз, жауап- 

кершілік  сезімдері  мен  түсініктері- 

нен жұрдай болады. Адам баласы де- 

ген аты болмаса, оған тән барлық қа- 

сиеттерінен айырылған мұндай адам- 

ның қылығын (тіршілігін) қазақ «аз- 

ғындық», өзін «азғын» деп атайды.



АЙҒАБЫЛОВ НОҒАЙБАЙ (1928- 

2001) – қазақ психологі, 1960 жылы 

Ленинград  қаласында  «6-шы  класс 

оқушыларының таным әрекеттерінің 

кейбір  жақтарын  дамытудағы  оқу- 

тарихи суреттердің рөлі» деп атала- 

тын  тақырыпта  кандидаттық  дис- 

сертация  қорғаған.  Ол  орта  мектеп 

оқушыларының  тарихи  атауларды 

ұғыну ерекшеліктерінің психология- 

лық  негіздерін  зерттеген  автор. Ең- 

бектері «Бастауыш класс оқушылары- 

ның  ақыл-ой  әрекеті  белсенділігін 

арттыру» (Алматы, 1970.), «Бала мі- 

незінің қалыптасуы және тәрбиелеу» 

(Алматы, 1970.), т.б.

АЙзЕНК  ГАНС  ЮРГЕН  (1916- 

1997) – британ психологі. Психология- 

дағы биологиялық бағыттың көшбас- 

шыларының  бірі.  Г.Айзенктің  жеке 

тұлға  теориясы  диспозициялық  тео- 

рияның үш негізгі бағытының біреуі- 

не  –  қатаң  бағытына  жатады.  Бұл 

бағыт  адамның  қатаң  биологиялық 

құрылымдары: дене құрылымы, жүй- 

ке жүйесі, ми және белгілі жеке тұл- 

ғалық  қасиеттері  арасында  қатаң 

сәйкестік құруға ұмтылады. Мәселен, 

Г.Айзенк «интроверсия – экстравер- 

сия  (тұйықтылық-ашықтық)  мидың 

ерекше  құрылымы  –  ретикулярлық 

формацияның қызметімен байланыс- 

ты» деген болжам ұсынған.



АЙКЕзБЕ,  (СОМНАМБУЛИзМ) 

(лат. somnus – қаз. ұйқы, ambulare – 



жүру)  –  психикалық  аурудың  бір 

түрі.  Бұл  ауруға  ұшыраған  адам 

ұйқылы күйінде жүріп кетеді, кейде 

өзі білместен, әртүрлі істер, әрекеттер 

істейді. Мұндай жайттар оның өмірі- 

не  қауіп  туғызуы  мүмкін.  Оянған 

кезде түнде не істегенін айтып бере 

алмайды. А-нің (сомнамбулизмнің) фи- 



АзҒЫ

АЙКЕ

19

зиологиялық  механизмі  гипноз  ме- 

ханизміне ұқсайды.

АЙҚАЙ – адам өзінің іс-әрекеті мен 

қылығына иелік ете алмай, айқайлап 

тіл қатуы, дауыс көтеріп сөйлеуі. А. 

әдеттегі  сөйлеу  мөлшерінен  қатты 

шыққан дауысты немесе үнді білдіре- 

ді. «Айқай менің өз үйім, кең сарай- 

дай  бөз  үйім»  деген  қазақтың  сөзі 

көңіл күйдің ризашылығын қатты шы- 

ғарған  үні  арқылы  білдіруі.  А-дың 

ауыспалы түрі ұран салу мағынасында 

қолданылады.  («Айқайлап  жауға 

тигенде,  Ағатай  –  Беріш  ұраным!» 

Махамбет). А. адамдардың іс-әреке- 

тіндегі сезім күйлерін білдіреді. Пси- 

хологиялық тұрғыдан алғанда, айқай- 

шылдық адамның жағымсыз қасиеті.



АЙМАУЫТОВ ЖҮСІПБЕК (1889- 

1931)  –  қазақтың  ғылыми  психоло- 

гиясы  мен  педагогикасының  негізін 

салушы. Туған халқымен 60 жылдан 

кейін қайтадан көрісіп, біртуар қазақ 

зиялыларының  ішінде  тәлім-тәрбие, 

оқу-ағарту мәселелері саласында сын- 

дарлы,  терең  мағыналы  ғылыми  ең- 

бектерді  өндіре  жазған  адамдардың 

бірі.  Бас-аяғы  5-6  жылдың  ішінде 

оның осы салада 6 кітап жазуы – бұл 

айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 

жылы мектеп мұғалімдері мен педа- 

гогикалық оқу орындарында оқитын- 

дарға арнап «Тәрбиеге жетекші» (Орын- 

бор,  госиздат,  186-бет),  1926  жылы 

екі  кітап,  бірі  –  «Психология»  (Қы- 

зылорда – Ташкент), екіншісі – «Жан 

жүйесі  және  өнер  таңдау»  (М.  Цен- 

триздат,  81-бет),  1929  жылы  «Ком- 

плекспен оқыту жолдары» (Қызылор- 

да,  Казгосиздат,  129-бет),  мектеп 

оқушыларына арналған «Жаңа ауыл» 

(екінші сыныпқа арналған оқу кітабы, 

Алматы, 1929-30 жж.), «Сауатсыздықты 

қалай жою керек?», т.б. жариялады.

Мәселен,  оның  «Тәрбиеге  жетекші- 

сінде» дидактика мен педагогикалық 

психологияның  ғылыми  астарлары, 

ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік термин- 

дер  жүйесі  сөз  болады.  Еңбек  төрт 

бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы 

кітаптың «Дидактика» бөлімінде оның 

психологиялық  негіздері  (ынталы 

оқыту, үйрету әдістері, машықтану жол- 

дары,  оқытудағы  көрнекілік,  оқыту 

түрлері, т.б.) жиырмасыншы жылдар- 

дағы  қазақ  мектептерінің  өмірінен 

алынған  нақтылы  мысалдармен  те- 

рең  талданады.  Еңбектің  төртінші 

бөлімінде де педагогикалық психоло- 

гияның  кейбір  мәселелері  сөз  бола- 

ды. Олар: ұстазбен шәкірт ынтымақ- 

тастығының  басты  белгілері,  қазақ 

мектебінде  сабақ  өткізудің  өзіндік 

ерекшеліктері сөз болады.

Ж.Аймауытовтың  психологиялық 

мұрасы туралы айтқанда, оның «Пси- 

хология» атты төл оқу құралы толы- 

ғырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені 

бұл  психология  саласында  төл  тілі- 

мізде  жазылған  ғылыми  мәнін  күні 

бүгінге  дейін  жоймаған  тұңғыш  дү- 

ние екендігі даусыз. «Психология, – 

деп жазды автор осы кітаптың «Бет- 

ашарында,  –  терең  ой,  терең  білім, 

терең  пәлсапаға  соғатын  пән...  өзге 

білімдер затшылдыққа табанын тіре- 

се де, психология әлі тіреп, яғни нық 

басқан жоқ... Қарапайым адамға жұм- 

бақ  сықылды  көрінетін  талай  нәр- 

селер  психологияда  қаралады...  Се- 

бептері,  сырлары  айқындалады,  бұ- 

лардан хабары болу, ақыл-ойына ерік 

беру кімге де болса, керекті. Бұл кі- 

тапты  алдымен  бала  оқытушыларға 

АЙҚА

АЙМА


20

ұсынамыз. Қала берсе кімде-кім әлеу- 

метпен,  қоғаммен  қатынасып,  қыз- 

мет ететін болса, оның бәріне де пси- 

хология пайдалы кітап деп ойлаймыз. 

Хат  танитын  жәй  қазақ  та,  арында- 

май  оқи  алса,  едәуір  білім  алар  деп 

сенеміз.  Қиын  жерлерін  салғаннан 

ұқпаса  оңай  жерлерін  оқып  көрер, 

сөйте-сөйте біріне тісі батар». Оқыр- 

манына осылайша ой сала келіп, Жү- 

сіпбек «Психология нені сөйлейді?» 

дейтін  бірінші  тарауда  осы  ғылым- 

ның  екі  жарым  мың  жылдық  тари- 

хынан  біраз  мағлұмат  береді.  Бұл 

жерде рационалистік (ақыл-ой), экс- 

перименттік  (тәжірибе)  психология- 

ның жай-жапсарын баяндайтын бет- 

тері өте тартымды. Кітаптың екінші 

тарауында  адамның  жан-дүниесін, 

мінез-құлқын, зерттеуді қайтіп ұйым- 

дастыруға болатындығын айта келіп 

(бақылау,  анкета,  әңгімелесу,  тәжі- 

рибе әдістерінің мән-жайы), тәптіш- 

теп түсіндіреді. Ол – жан-дүниесінің 

заңдылықтарын зерттеуде математи- 

каны,  оның  «болжау  қисыны»  (тео- 

рия вероятности) дейтін саласын қа- 

лайша  пайдалануға  болатындығын 

қазақ  топырағында  алғаш  рет  сөз 

етеді. Кітаптың үшінші тарауы «Тірі 

заттардың  қылығын  жалпы  мінез- 

деу» (қазіргі терминде «Психика жә- 

не  сана»)  деп  аталады.  Мұнда  пси- 

хофизикалық және психофизиология- 

лық құбылыстар, атап айтқанда, ор- 

ганизмнің, тітіркенушілік пен сезгіш- 

тік ерекшеліктері, жануар мен адам- 

ның  дағды,  инстинктері  (соқыр  се- 

зімдері) бұлардың бір-бірінен айыр- 

машылықтары, өсімдіктер дүниесін- 

дегі тіршілік белгісі (тропизмдер) ғы- 

лыми талдауға алынады. Осы тарау- 

да академик И.П.Павловтың шартты 

рефлекстер  туралы  ілімінің  негізгі 

қағидалары сөз болады. Автор адам 

санасының  даму  жолын  тарихи-қо- 

ғамдық тұрғыдан дұрыс көрсете ке- 

ле,  қоғамдық  (әлеуметтік)  психоло- 

гияның  негізгі  мәселелерінің  (топ, 

жұртшылық, қоғам, парасат, әдет т.б.) 

мәнін қазіргі психологиялық түсінік- 

тердің төңірегінде тәптіштейді.

«Денедегі  кейбір мүшелер, олардың 

қызметтері»  деп  аталатын  төртінші 

тарауда жан қуаттарының анатомия- 

лық-физиологиялық  механизмдері, 

яғни жүйке саласы мен оның атқара- 

тын қызметі, қозу, тежелу процесте- 

рі,  ми  бөліктері,  олардың  қызметі, 

негізгі, сезім мүшелерінің (көз, құлақ, 

иіс, дәм, тері, т.б.) анатомиялық құры- 

лысы жөнінде мағлұматтар беріледі. 

Мәселен, адам тәнінің шамшырағы – 

көздің  психологиялық механизмдері 

өте тартымды, шебер тілмен, дәйек- 

ті баяндалған.

Бесінші  тарауда  эмоция  мен  сезім, 

бет пен денедегі түрлі мәнерлі құбы- 

лыстардың келбет, көз әлпеті, ым-иша- 

ра, т.б. қазақ өмірінен алынған қызғы- 

лықты да, нақты деректер арқылы тү- 

сіндіріледі.  Адамда  жиі  ұшырайтын 

сезім, көңіл күйлері (таңсыққойлық, 

қорқыныш, еліктеу, тентектік, паңдық, 

т.б.)  және  бұлардың  психологиялық 

астарлары  сөз  болады.  Түйсік  пен 

қабылдау, перне іліктестігі, ассоциация 

мен апперцепция, ынта мен ілтипат, ес 

пен  елес,  қиял  мен  шығармашылық 

мәселелері – алтыншы, сегізінші та- 

раулардың бас тақырыптары. Бұлар- 

да классикалық психологияның негіз- 

гі  қисындары:  түйсіктің  Бебер-Фех- 

нер тұжырымдаған психофизикалық 

заңы, Г.Гельмгольцтің резонанс (жаң- 

ғырық) теориясы, Беркли қисыны, т.б. 

АЙМА

АЙМА


21

төл тіліміздің өзіндік нақышымен жақ- 

сы түсіндіріледі.

Ал психологиялық басты проблемалар- 

дың  бірінен  саналатын  ойлау  мен 

сөйлеу,  ұғым  мен  сөз,  елестету  мен 

ұғым, ойлау формалары (ұғым, пікір, 

ой қорытындылары) сияқты күрделі 

ғылыми категориялардың мән-мәнісі 

логика, психология ғылымдары тұрғы- 

сынан өз дәрежесінде талдау тапқан. 

Тоғызыншы  тарауда  ерік-жігер,  қа- 

жыр-қайрат, бұларды тәрбиелеу жай- 

лы әңгіме болса, оныншы тарауда – 

ұйқы, түс көру, көз байлау (гипноз), 

т.б.  парапсихологиялық  құбылыстар 

жайлы  айтылады.  Он  бірінші,  он 

екінші  тарауларда  әдет-ғұрып,  салт- 

сана, дәстүр, түрлі оң, теріс қылықтар- 

дың  табиғаты,  кісі  психологиясын 

әлеуметтік,  қоғамдық  тұрғыдан  қа- 

лыптастыру, сондай-ақ мәдениет пен 

өнердің: дін мен пәлсапаның, жағра- 

пиялық ортаның, тіл мен ауыз әдебие- 

тінің адамның жан-дүниесiне қалай- 

ша әсер ететіндігін нақты әрі тартым- 

ды мысалдар арқылы түсіндіреді.

Психология  оқу  құралында  сурет, 

таблица, схема, т.б. түрлі безендіру- 

лерге  ерекше  мән  берілген.  Бұл  ай- 

тылғандардың барлығы оқу кітапта- 

рының  ажарын  кіргізетін,  олардың 

дидактикалық пәрменділігін арттыра- 

тын мәнді өлшемдер. Мұнда класси- 

калық психологиядан түпкілікті орын 

тепкен, күні бүгінге дейін қолданба- 

лық  мәнін  жоймаған  түрлі  аспап-

құралдардың (спимограф, эстезиометр, 

кимограф, камертон, т.б.), сондай-ақ 

көптеген  схема,  таблицалардың  су- 

реттері (жүйке саласының бөліктері, 

ми  жарты  шарларының  құрылысы, 

есту, сипап-сезу мүшелері – көз, құ- 

лақ,  тері,  жүйке  талшықтары,  т.б.) 

орын тепкен.

Ж.Аймауытовтың  психология  сала- 

сында жазған екінші төл еңбегі «Жан 

жүйесі  мен  өнер  таңдау»  (Мәскеу, 

1926) өзіне ерекше назар аудартады. 

Мұнда  автор  ғылыми  психологияда 

кең  тараған  анкета,  байқау  әдістері 

арқылы  Кеңес  өкіметінің  алғашқы 

жылдарында қыр қазақтарының ұлт, 

әлеуметтік ерекшеліктерін ескере оты- 

рып,  олардың  мамандық  таңдау  жо- 

лындағы  талпыныстарын  тәжірибе 

арқылы анықтағысы келген. Зерттеу- 

дің басты мақсаты: Қазан төңкерісі- 

нен  кейінгі  жаңа  заман  жағдайында 

жастарға  мамандықты  дұрыс  таң- 

дай білуге жәрдемдесу. Кітап мысал- 

дарынан сол кездегі қазақ жастарын, 

кеңсе, заң, т.б. осы секілді әкімгерлік 

қызметтер,  сондай-ақ  мұғалімдік, 

журналистік,  сауда,  медицина,  т.б. 

мамандықтар  ерекше  қызықтырға- 

нын аңғарамыз. Автор мамандықтың 

жаманы  жоқ,  мұның  кез  келгеніне 

икемдік қажет, бұл жәй күнелтудің жо- 

лы ғана емес, үлкен өнерді, шеберлік- 

ті  қажет  ететінін  айтады.  «Әлеумет 

тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі, – 

деп жазды ол, – әлеуметтің мүшесі – 

әр  адам  өз  ортасына  қызмет  етпеу. 

Кімде-кім өзіне біткен ыңғайға қарай 

өз  жолымен  жүріп  қызмет  етсе,  өз 

басына да, әлеуметке де үлкен пайда 

келтірмек. Өз орнында істеген адам- 

ның жұмысы да өнімді, берекелі бол- 

мақ...  әр  өнер,  әр  қызмет  мемлекет- 

ке, әлеуметке керек. Әлеумет те, мем- 

лекет те әр адамның еңбегі берекелі, 

пайдалы болуын тілейді, «...неғұрлым 

әр мүшесінің еңбегі жемісті болса, со- 

ғұрлым әлеумет тұрғысы да тез оңал- 

АЙМА

АЙМА


22

мақ». «...Бас мақсатын біржола ұмы- 

тып,  әлеумет  қызметіне  біржола  бе- 

рілетін адам болуы мүмкін емес, он- 

дай  адам  кемде-кем.  Біреу  әлеумет 

үшін  еңбегін  көп  жұмсайды,  біреу 

бойын  тежеп,  бас  мақсатын  көбірек 

бағалайды. Айырма жалғыз осында... 

Қайткенде  әрі  жеке  адамның,  әрі 

әлеуметтік  пайдасы  бірден  табыла- 

ды? Қай уақытта әлеумет тілегі мен 

жеке адам тілегі тоғысады? – әр адам 

табиғатына  біткен  қабілетіне,  ыңға- 

йына,  зеректігіне  қарай  өз  орнында 

қызмет етсе, сонда табылады». Бүгін- 

гі  нарық  экономикасының  талап-ті- 

лектері, мамандық таңдау мәселесіне 

басқаша  бағыт-бағдар  беріп  отыр. 

Қазіргі заманда қандай мамандық ие- 

сі болмасын өз ісіне жеңіл-желпі қа- 

рай алмайтыны белгілі. Мұны Ж.Ай- 

мауытов  та  сол  кездің  өзінде  қатты 

ескерткен:  «Оқыған  азаматтың  қыз- 

метке тұрлаусыздығы, тез қызып, тез 

суығыштығы, білімі аз, шалалығы, құр 

даурық  (демагогтік)  боямалылығы, 

еліктегіш, мансапқорлығы, кеңсешіл- 

дігі,  пайдакүнемдігі,  негізгі  мақсат-

мұраты  жоқтығы,  берік  жол  тұтына 

алмайтындығы  –  осының  бәрі  шын 

әлеумет қызметкерінің піспеген, шы- 

нықпағанын көрсетеді».

Аймауытов  сол  кездегі  кейбір  қазақ 

жігіттері  әкімшілік,  комиссарлық 

қызметке шектен тыс әуес болғанды- 

ғын, бұлардың осы салаға қызығуы, 

өнер қысқаннан туып отырмағанын, 

бұл бір жұқпалы дерт сияқты нәрсе 

деп келемеждейді. Автор осы жерде 

халқымыздың «Бәрін қойшы болсаң, 

құл  боларсың,  бәрің  бірдей  тойшы 

болсаң, жын боларсың» деген тама- 

ша мақалын келтіре, өте орынды дә- 

лелдеген. Автор қазақ жастарына егін 

салуды  үйрен,  отырықшы  бол,  ден- 

саулығыңды күт, шаруа тұрмысыңды 

түзет, газет, кітап оқуға әдеттен, қыс- 

қасы, мәдениетті адам болуға, алуан 

өнерді  білетін  кісі  болуға  тырыс 

дейді.


Ж.Аймауытов мамандық таңдау жай- 

лы  өз  пікірлерін  жалғастыра  келіп: 

«Жұрттың бәрі – комиссар болғанда, 

осынша  қызметтерді  істеуші  кім 

болмақ?»  –  дейді.  Осы  сұрақтың 

жауабын  Жүсіпбек  былайша  түйін- 

дейді: «Әлеумет тұрмысы оңдалу үшін 

онымен  бірге  әр  адамның  тұрмысы 

түзелу  үшін  –  әр  адам  қолынан  ке- 

лерлік, пайда берерлік іс істеу керек. 

Әр адам қабілетіне, ыңғайына қарай 

өз орнында қызмет етпесе әлеуметке 

пайда орнына зиян келтіреді. Екінші, 

әр  адам  өз  жолымен  жүре  алмай 

бөтен жолға түссе, оның бар таланты 

(озаттығы) жарыққа шыға алмай жер- 

ге көміледі. Ондай адам өмірге разы 

да  болмайды».  Автор,  мамандық 

таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері 

мен кейбір туыстан берілетін ерекше- 

ліктерін де (темперамент, нышан, т.б.) 

ескеру қажеттігін, бұл жерде кісі өзін-

өзі басқарып, жеке басын жетілдіру- 

ге, кісілікке ұмтылуға ерекше мән бе- 

рудің маңыздылығын жалықпай қай- 

талап айтып өтеді. Өзіңде қандай та- 

лант, қандай зеректік, қандай қабілет, 

бір  сөзбен  айтқанда,  қандай  қасиет 

барлығын  білуің  қажет.  Өзін-өзі  та- 

нымаған адам, өзгені де тануға шор- 

қақ болады деп тұжырымдайды.

Аталмыш  зерттеудің  ғылымилығын 

арттыра  түсетін  басты  ерекшелігі  – 

мұнда  еуропалық  психолог  ғалым- 

дардың осы тақырып төңірегінде жүр- 

гізген зерттеу жұмыстарына ерекше 

көңіл бөліп, солармен салыстыра, са- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет