0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет1/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

0СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын» технология Халықаралық Оқу Ассоциациясы, Солтүстік Айова университеті мен Хобард және Уильям Смит колледждерінде өңделген. Бағдарлама авторлары Чарльз Темпл, Джинни Стил, Курт Мередит. Бұл технология әр түрлі пәндер саласында қолданылатын түбегейлі жоспарлар мен әдістемелік тәсілдер жүйесі болып табылады. Ол білім беруде мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: білім саласында үнемі жаңарып тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, өз ойларын жеткізе білу (ауызша және жазбаша түрде), айналасындағылармен анық, сенімді, нақты қарым қатынас жасай білу, түрлі тәжірибелерге, идеяларға және ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде жеткізу; проблемаларды шеше білу, өз бетінше білім алу (академиялық ұтқыр); топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау; басқа адамдармен сындарлы қарым - қатынас жасауға қабілеттілік.


Сыни ойлауды дамыту технологиясына үш кезеңнен тұратын сабақ түрі жатады:
1-кезең – қызығушылықты ояту (evocation);
2-кезең – мағынаны ашу (realization of meaning);
3-кезең – ой толғаныс (рефлексия) (reflection)
Психологтардың пікірінше, сабақтың мұндай түрі адамның қабылдау кезеңдеріне сәйкес келеді:

  • әуелі бұл тақырып бойынша сізге не белгілі екенін еске түсіру керек, көңілді аудару керек (кіріспе ой қоғау);

  • сосын жаңа ақпаратпен танысу керек, оны ұғыну керек (танымдық кезең);

  • содан кейін бұл алынған білім саған не үшін керек, оны қалай қолданатыныңды ойлану керек (рефлексия бағалау кезеңі).

Бірінші кезең оқушыларды танымдық процеске жұмылдырады, өздерінде бар білімді, әсерді, сезімін өзектендіреді (актуалдандырады); қызығушылығын оятады, оқушыларды оқытуға жағдай тудыратын білімқұмарлық атмосфера жасалынады.
Дәл осы кезеңде оқушылар ойлана бастайды, болжалдайды, сосын жаңа тақырыптың мақсатын анықтайды, бұл олардың болашақта ізденуіне стимул болады, «егер оқушыларға осы оқылып жатқан тақырып бойынша өз білетіндеріне талдау жасауға мүмкіндік берілсе», онда ол «оқушылардың өз мақсаттарын тұжырымдауға қосымша ынталандыру (стимул) болады »[Заир-Бек. С.И.].
Оқу процесіне қажетті ішкі себеп көптеген ғалым – дидактиктердің (Дж. Дьюи, Б. Блум және басқалардың), ойлары бойынша оқушылардың өздеріне білім алу мақсатын қойғызғанда ғана жүзеге асады. «Қызығушылықты ояту» кезеңінде оқушылар «жаңа ақпарат пен идея өздерінде бар біліммен толыға ма, әлде тек сырттай дәлелдене ме?» деген сұрақты шешеді. (С.Мирсейтова). Мақсат қойып оқу - мақсатсыз оқудан әлдеқайда тиімді. Әсіресе, оқушылардың өздері қойған мақсаттары басқаның зорлап міндеттегеніне қарағанда маңыздырақ. Сондықтан мұғалім өзінің алдын - ала қойған мақсатын түзетуге дайын болуы керек және әрбір оқушының сабаққа араласуына мүмкіндік туғызуы қажет, олар өздерінің білімі мен тәжірибесін актуалдандыруды мақсат қылуы керек. Мұғалімнің бұл кезеңдегі ролі оқушылардың тақырып бойынша білетінін еске түсіруге ұмтылдыру, топтарда жанжалсыз ойлармен алмасуға мүмкіндік беру, аудиторияда айтылған ақпаратты тіркеуде. Оқушылардың еркін айтқан барлық ақпараттарын жүйелеу тек қана айтылған пікірлерді тәртіпке салып қоймайды, қарама-қайшылықты да, анықталмаған кезеңдерді де көрсетеді, ол жаңа ақпаратты зерттеуде болашақ жұмысқа бағыт береді. Әрбір оқушы өзінің көңілін қай кезеңге бөлуі керек, ал қай ақпаратты тек тексеру қажет екенін анықтайды.
Осылайша, сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Қызығушылықты ояту» бірінші кезеңі келесі қызметтерді жүзеге асырады:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет