1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы ретіндегі қоғамдық саяси қызметіне сипаттама беріңіз



бет47/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
85. Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы ретіндегі қоғамдық саяси қызметіне сипаттама беріңіз.
Д.А.Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси жағдайы
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993) — аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері.
Мемлекет басшысы Д.А.Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы еңбегін жоғары бағалады. Елбасының осы сөздерінен Қазақстанның дамуына зор үлесін қосқан тұғырлы тұлғаға деген бүкілхалықтық шынайы құрмет, асылын ардақтай білетін елдік қасиет байқалды. Д.А.Қонаев қандай жағдайда да өз биігінен табыла білген, кейінгі ұрпақ қастерлеуге лайықты тұлға.
Бүгінгі күнде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз өткен ХХ ғасырдың 50–70-жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары мен экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тəуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тəуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды.
86. . Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуының тарихи маңызын ашыңыз.:
1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша, Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар сайлау формальді сипат алды


87. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Жоғары кеңесіндегі (парламент) дауыс беру барысында 312 депутаттың 309-ы Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы жобасын қабылдау туралы ұсынысты қолдап, біреуі қалыс қалды, ал екі депутат қарсы дауыс берді. Жаңа конституция 131 негізгі және 13 өтпелі баптан тұрды: Негізгі заңда кіріспе, "Конституциялық құрылыстың негіздері", "Азамат, оның құқықтары мен міндеттері", "Қоғам мен оның құрылысының негіздері", "Мемлекет, оның органдары мен институттары", "Конституцияны сақтау кепілдіктері", сондай-ақ "Өтпелі ережелер" бөлімдері болды.

Бұл Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қабылдаған алғашқы конституциясы болды. Онда заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері мемлекеттің басқару жүйесінде өз алдына дербес әрі тәуелсіз органдар ретінде бекітілді.


Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы маңызды заңға қол қойды. Алты күннен кейін, 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік Тәуелсіздікті жария­лады. Сондықтан 1991 жылдың желтоқсаны Қазақстан үшін шын мәнінде ел дамуының бағдарын айқындаған тағдыршешті кезең­ге айналды. Содан бері еліміз­ді халықаралық аренада мойын­далған, экономикасы өркендеп, іргесі бекіген мемлекетке айнал­дыру бағытында көптеген жұмыс атқарылды. Соның бірі – прези­денттік институттың дамуы. Президенттердің сіңірген еңбегін мо­йындау – өркениетті қоғам мәдениетінің бір бөлігі және өз тарихына деген құрмет­тің белгісі. Биыл Қазақстанда Тұңғыш Пре­зи­дент күні оныншы рет аталып өтті. Кейін­гі 30 жыл ішінде президенттік инсти­тут Н.Назарбаевты көшбасшы ретінде қалып­тас­тырып қана қойған жоқ, сондай-ақ көш­бас­шының өзі де институттың тынысын ашып, оған саяси, тарихи сипат берді.




88. . Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын. Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.


89. Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «индустриялық-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бəсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш — оның экономикасы. Экономиканың бəсекеге қабілетті болудың басты бағыты — индустриялы-инновациялық экономика құру жəне шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру.


90. «Индустрияландыру» ұғымын терминологиялық көзқарас жағынан қарастырайық. Уикипедия танымал электронды энциклопедиясына сəйкес: «Индустрияландыру (немесе өнекəсіптік төңкеріс) (лат. тілінде Industria) — дамудың дəстүрлі кезеңінен индустриялы кезеңге экономикада өнеркəсіптік өндірістің басымдылығымен үдетілген əлеуметтік-экономикалық ауысу үдерісі. Бұл үдеріс жаңа технологиялардың дамуымен байланысты, əсіресе энергетика жəне металлургия салаларында. Индустрияландыру барысында қоғам да кейбір өзгерістерге ұшырайды, оның əлемдік тануы өзгереді. Еңбекке позитивті көзқарас, жаңа технологияларды жəне ғылыми жаңалықтарды мейлінше тезірек қолдануға ұмтылу да өндірістің жəне халық табысының үдемелі өсіміне өз үлесін қосады. Нəтижесінде, аса кең ауқымды, ақыр аяғында, өнімнің жəне қызметтің барлық түрлерінің əлемдік нарығы қалыптасады, бұл, өз кезегінде, əрі қарай экономикалық өсімнің инвестицияларын ынталандырады


91. 94. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет