1-Билет Қазақстандағы тас ғасырына тән арх ескерткіштер



бет1/32
Дата29.09.2023
өлшемі100,95 Kb.
#111481
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

1-Билет
1.Қазақстандағы тас ғасырына тән арх.ескерткіштер (Бөріқазған, Шабақты, т.б)
2.Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.
Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда тоғызыншы ғасырдың соңы мен он бірінші ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар жетінші ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.Сегізінші ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. Тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады.656-ыншы жылы Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840-ыншы жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Олардың ішінде сан жағынан басымы қыпшақтар болды. Қимақтар Тоғыз-оғыз және Енисейдегі қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, сегіз-тоғызыншы ғасырлардағы оқиғалар барысында Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты. Қимақ қағанатының құрылуы тоғызыншы ғасырдың ортасында аяқталды. Мемлекеттің орталығы Ертістің жоғарғы жағында орналасты.Осылайша Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды.Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары болды. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иелік хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтар негізінен малшаруашылығымен айналысты. Олар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгада қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнер де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. 656 жылы Батыс Түркі қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет