1 Дәрілік заттардың тұрақтылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармакопеялық комитеті мен реттеуші органдардың талаптары. Дәрілік заттардың тұрақтылықты анықтауға арналған ддұ материалдарын



бет1/5
Дата24.09.2023
өлшемі33,48 Kb.
#110089
  1   2   3   4   5

1)Дәрілік заттардың тұрақтылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармакопеялық комитеті мен реттеуші органдардың талаптары. Дәрілік заттардың тұрақтылықты анықтауға арналған ДДҰ материалдарын, GMP ережелерін зерттеу.
Тұрақтылық - бұл дәрі-дәрмектің химиялық, физикалық, микробиологиялық жәнебиофармацевтикалыққасиеттерін көрсетілген мерзім ішінде сақтау қабілеті, сондай-ақ дәрілік препараттардың(ДП) маңызды сапа көрсеткіші. Тұрақтылықты сынаудың мақсаты - температура, ылғалдылық және жарық сияқты қоршаған ортаның түрлі факторларының әсерінен әсер етуші заттың немесе дәрілік заттың сапасының уақыт бойынша өзгеруі туралы мәліметтер алу, сонымен қатар қайталама сынақтардың жиілігін белгілеп, ДП-тың мерзімі мен сақтаудың ұсынылатын шарттарын белгілеу болып табылады.
Дәрілік заттардың тұрақтылығын тексеру үшін ҚР ДСМ-нің фармакопеялық комитеті мен реттеуші органдардың талаптары2020жылдың 28қазанында қабылданған №165 бұйрығымен регламенттеледі.
ДДҰ фармацевтикалық аспектілерге ғана назар аудармайды дәрілік заттардың сапасы, сонымен қатар қауіпсіздігі мен тиімділігі, фармакологиялық белсенді заттардың қасиеттерімен анықталады.
GMP стандарты (Good Manufacturing Practic, тиісті өндірістік практика) — дәрілік заттарды, медициналық құрылғыларды, диагностикалық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге қатысты нормалар, ережелер мен нұсқаулар жүйесі. GMP өндіріске де, сапаны бақылауға да байланысты. GMP-ге қойылатын негізгі талаптар:
- барлық өндірістік үрдістер айқын анықталған болуы тиіс және оларды жүре пайда болған тәжірибелерді ескере отырып, жүйелі түрде қадағалау қажет;
- өндірістік үрдістің критикалық сатысы мен үрдістегі маңызы бар өзгерістер валидациялануы тиіс;
- GMP арналған барлық құралдар болуы қажет.
2.Дәрілік форма қалыптар дәрілік тұрақтылықты анықтау үшін көрсеткіштеді таңдау.Тұрақтылыққа тестілеуге қойылатын талаптарды үйлестіруге арналған материалдар.
Жалпы, ДЗ-дың тұрақтылығына әсер ететін мынандай 3 физикалық факторлар бар: температура, жарық, ылғалдылық.Сол себепті ДП-тарды тұрақтылыққа анықтағанда әсер ететін факторлардың белгілі бір сандық көрсеткіштерін таңдап тексеруді жүргізеді. Көрсеткіштерді таңдау тұрақтылыққа тексеру әдістерінің таңдалған түріне байланысты әртүрлі болады.
Стрессті тұрақтылықтын зерттеу

  • Температура-жеделдетілген тексерулерге қарағанда 10°С-қа арттылып отырады(50°С, 60°С, т.б.);

  • Ылғалдылық 75% ж/е одан жоғары;

  • Тотығу ж/е фотолиз реакциялары мен керек жағдайда қышқылдық/сілтілік гидролиз жүргізеді;

Жеделдетілген тұрақтылықты зерттеу

  • Температура ДП-тың мүмкін сақтау температурасынан 10-15°С-ға жоғары болады;

  • Ылғалдылық орташа деңгейден жоғары;

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты зерттеу
Температура (25±2°C) сәйкесінше ылғалдылық (60±5%)
Температура (30±2°С)сәйкесінше ылғалдылық (65±5%) болады.
Тұрақтылыққа тестілеуге қойылатын талаптарды үйлестіруге арналған материалдарға ҚР МФ-сын, «Дәрілік затты өндірушінің тұрақтылыққа зерттеу жүргізу, сақтау мерзімін белгілеу және дәрілік заттарды қайта бақылау ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің фармакопеялық комитеті мен реттеуші органдардың талаптары жазылған 2020жылдың 28қазанында қабылданған №165 бұйрығынж/е ең маңыздысы осы тұрақтылыққа тестілеуге қойылатын талаптарды үйлестіруге арналған материалдар жазылған ж/е 2003жылы 6 ақпанда қабылданған ICH Q1A құжаты.
Тұрақтылықты сынаудың мақсаты температура, ылғалдылық және жарық сияқты қоршаған ортаның түрлі факторларының әсерінен дәрілік зат немесе дәрілік өнім сапасының уақыт бойынша өзгеретіндігін дәлелдеу, сондай-ақ препараттың қайта сынау кезеңін белгілеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет