№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


№ 1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, 
міндеті, мазмұны 
Еңбекке баулу арнайы мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу ісінде негізгі
маңызды роль атқарады. Осы пәннің негізгі мақсаты: оқушыларды еңбек етуге қажетті 
біліммен қаруландыру, белгілі іске икемін қалыптастыру,еңбекке деген сүйіспеншілігін, 
қызығушылығын тәрбиелеу, еңбек мәдениетіне үйрету. Сонымен қатар, еңбекке оқыту 
бағдарламасы оқушылардың білімін, еңбек тәжірибесін кеңейтуді, еңбек етуге деген көз 
қарасын қалыптастыруды көздеп отыр.
Арнайы мектептегі еңбек сабағының бағдарламасы оқушыларға жаңа мәлімет беріп 
қоймай, өткен материалды қайталауды, еңбек ету дағдыларын бекітуді де қарастырады. 
Аталған пәннің алдына мынадай міндеттер қойылған: оқушыларда тыңдау, үлгіні 
қайталап талдау біліктілігін қалыптастыру, мұғалімнің айтуы бойынша бұйым жасауға, 
оның сапасын анықтауға үйрету.
Арнайы мектептегі еңбек сабағына қойылатын талаптар:
- әр сабақ нақты жоспар бойынша өтілуі тиіс;
- сабақтың негізгі уақыты практикалық жұмысқа бөлінуі тиіс;
- сабақ жақсы үлгілермен, көрнекілікпен қамтамасыз етілу керек, ал құрал - 
саймандар жөнделген, жұмыс материалы сапалы болған жөн; 
- сабаққа қоңырауға дейін дайындалу қажет; 
- оқу процессін ұйымдастырған кезде оқушылардың типологиялық, жеке ерекшелігін
жұмыс істеу деңгейін ескеру қажет ; 
- берілген тапсырмалар жеңілден қиынға қарай күрделенуі керек. 
Көмекші мектептің бастауыш сыныптарында жүргізілетін қол еңбегі кәсіптік 
еңбекке дайындаудың 1-ші этапы болып табылады. Осы этап кезінде оқушыларды келесі 
этап – мектеп шеберханасындағы қол еңбекке дайындау қажет. Бұл болса оқушыларға тек 
еңбек әрекетінің кейбір әдістерін үйретіп қана қоймай, еңбекке деген қызығушылығын, 
эстетикалық сезімін дамыту керек деген сөз. 
Қол еңбек сабағы кезінде мұғалім оқушылардың қабілетін анықтап, кәсіптік еңбекке 
бағыт беру керек. Еңбек бағдарламасы оқушыларға қарапайым теориялық білім беруден 
бастап, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, қоршаған орта мен еңбек іс -
әрекеті туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әсіресе, пән аралық байланыстың 
маңызы зор. Дәл осы бастауыш сыныптарда оқушыларды басқа сабақтардан алған білімін 
еңбек сабағында қолданып үйрету қажет.
Арнайы мектеп оқушыларының талғамын қалыптастыруда еңбек сабағының 
мүмкіндіктері мол. Ол үшін оларға бұйымның әдемілігін түсініп сезінуге көмектесу керек. 
Оқушылардың зейіннін жасап жатқан бұйымның материалына, пішініне, орындау әдісіне 
аударған дұрыс. Сонымен қатар, еңбек сабағында балалардың еңбек қимылдарын 
дамытатын жұмыс тәсілдерін орындату керек. Ол үшін мұғалім сабақты ұйымдастырар 
алдында қандай жаттығулар жасайтынын ойластырып алған жөн. Мұғалім жұмыс 
тәсілдерінің дұрыс орындалуына, құралдарды ыңғайлы етіп ұстауына ерекше көңіл бөлу 
керек (кейін қайта үйретіп жатпас үшін). Оқушылардың жұмыс барысында 
қимылдарының дәлдігін, икемділігін қалыптастырған дұрыс, ал жүктелетін ауыртпалық 
біртіндеп ұлғайуы тиіс. 
Арнайы мектептегі сурет сабағының бағдарламасы оқушыларға жаңа мәлімет беріп 
қоймай, өткен материалды қайталауды, бейнелеу дағдыларын бекітуді де қарастырады. 
Аталған пәннің алдына мынадай міндеттер қойылған: оқушыларда тыңдау, үлгіні 
қайталап талдау біліктілігін қалыптастыру, мұғалімнің айтуы бойынша сурет салуға, оның 
сапасын анықтауға үйрету.
Арнайы мектептегі сурет сабағына қойылатын талаптар:
- әр сабақ нақты жоспар бойынша өтілуі тиіс;
- сабақтың негізгі уақыты практикалық жұмысқа бөлінуі тиіс;


- сабақ жақсы үлгілермен, көрнекілікпен қамтамасыз етілу керек, ал құрал – 
саймандар жөнделген, жұмыс материалы сапалы болған жөн; 
- сабаққа қоңырауға дейін дайындалу қажет; 
- оқу процессін ұйымдастырған кезде оқушылардың типологиялық, жеке ерекшелігін 
, жұмыс істеу деңгейін ескеру қажет; 
- берілген тапсырмалар жеңілден қиынға қарай күрделенуі керек. 
Көмекші мектептің бастауыш сыныптарында жүргізілетін сурет сабағы сызу 
сабағына дайындаудың 1-ші этапы болып табылады. Бұл болса оқушыларға тек бейнелеу 
әрекетінің кейбір әдістерін үйретіп қана қоймай, өнерге деген қызығушылығын, 
эстетикалық сезімін дамыту керек деген сөз. 
Сурет сабағы кезінде мұғалім оқушылардың қабілетін анықтап, болашаққа бағыт 
беру керек. Бейнелеу өнері бағдарламасы оқушыларға қарапайым теориялық білім 
беруден бастап, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, қоршаған орта мен еңбек 
іс -әрекеті туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әсіресе, пән аралық 
байланыстың маңызы зор. Дәл осы бастауыш сыныптарда оқушыларды басқа сабақтардан 
алған білімін сурет сабағында да қолданып үйрету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет