№1 дәріс. Ежелгi Шығыс халқы, тiлi, шаруашылығы, діні, орналасуы


Шығыс Чжоудың бастапқы кезеңі, жылнамалық дәстүр бойынша «Чуньцю»-«Көктем мен күз» (б.з.д. 770-475 ж.ж) дәуірі деп аталады



бет6/13
Дата26.09.2023
өлшемі109,06 Kb.
#110258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Шығыс Чжоудың бастапқы кезеңі, жылнамалық дәстүр бойынша «Чуньцю»-«Көктем мен күз» (б.з.д. 770-475 ж.ж) дәуірі деп аталады.

Елдің шығыс жағына бекінген Пин-ван астанасы Лои қаласы болған кішігірім мемлекет құрады. Осы уақытта Қытай жерінде 200-ге жуық ұсақ патшалықтар болған. Дәстүрлі Қытай тарихнамасына сүйене отырып, ғалымдар оларды қала-мемлекеттер болған деген пікір айтады. Шығыс Чжоу дәуірінде өмір сүрген патшалықтардың ішінде Лу, Суң, Цзинь сияқты мықты патшалықтардың атын ерекше атап өтуге болады.

Ұлы Қытай жазығындағы, Хуанхэнің төменгі және орта ағысында өмір сүрген патшалықтардың кейбіреулері өздерін чжоулықтардың, кейбіреулері шандықтардың ұрпақтарымыз деп санады. Бірақ олардың барлығы Чжоу ванның жоғарғы билігін мойындады. Чжоу ваны өзін Көк ұлы деп атады. Ұлы тәңірге теңестіріп есептеуі Қытайда Чжоу мемлекетінің пайды болуымен байланысты дүниеге келген еді. Чжоу мемлекеті өзін Аспан асты мемлекеті-Тянься деп атап, оның билеушісі-Аспанның ұлына ерекше мандат беріп, оны қасиетті адамға теңестіріп көрсетті. Дегенмен, Шығыс Чжоу бұл кезде аса ірі де емес және әскери күш-қуатынан да әлсіз еді, бірақ осы мемлекет қана «Чжоу әлемін» бірігуге, біртұтастыққа әкелді. Осы патшалық бүкіл «Чуньцю» кезеңі бойында «жер кіндігі патшалықтарының» арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнатуда үлкен рөл атқарды.

Чжоу өркениеті Шан-Инь мәдениетінің маңызды жетістіктерін қабылдап, әрі қарай дамытты (ең алдымен, иероглифтік жазу, қола өндісірі технологиясы). Шығыс Чжоу дәуірінде қоладан құйылған еңбек құрал-жабдықтары кең тарады. Шабуыл қаруларының жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, Чу мемлекетінде қола атқыш тетігі бар қуатты арбилет пайда болды. Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылымына келсек, үстемдік билік құлиеленуші аристократтардың қолында болған.

Аристократтар тобына чжоу мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының сенімін ақтаған инь аристократтары жатады: Ван-адамдар ішіндегі ерекше адам; Дафу-ру-тайпа көсемдері; Ши-үлкен семья басшылары. Қалған адамдар қарапайым халық деп саналған. Әрбір топтағылар киімі, ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері «киім дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек» деген қағиданы ұстанған. Жер мемлкеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген. Сонымен қоса ірі жер иеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болады. Б.з.д. I мыңжылдық ортасында ежелгі Қытайдың саяси картасы дәуірдің басындағы жағдаймен салыстырғанда түбегейлі түрде өзгерді: екі жүз мемлекеттік бірлестіктен небары отызға жуығы ғана қалды, олардың ішінен ең ірі жетеуі ерекшелене бастады. Атап айтқанда, перифериялық мемлекеттердің ішінен Цинь, Янь, Чу және «орта патшалықтардың» ішіндегі ең ірі ірілері Вэй, Чжао, Хань және Ци. Осы мемлекеттер арасындағы үстемдік үшін күрес ежелгі Қытай дәстүрінде «Чжанго», яғни «Өзара жауласушы патшалықтар» деп аталып, ол б.з.д. 221 жылға дейін жалғасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет