1 Дәріс Тақырыбы


Тісше вентральды бұлшық ет



бет26/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159
4.Тісше вентральды бұлшық ет (m. serratus ventralis) мойын жəне көкірек бөліктерден тұрады. Мойын бөлігі соңғы 4-5 -інші мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінен, ал көкірек бөлігі бірінші 6-7-інші қабырғалардың сыртқы бетінен басталып, жауырынның медиальды бетіндегі тісше беттер мен тісше сызықтарға барып аяқталады.
Ерекшеліктері. Сиыр мен ұсақ малдарда тісше вентральды бұлшық
еттің мойын жəне көкірек бөліктері жауырынға дараланып бекиді.
Қызметі. Тұлғаның екі жағындағы аттас бұлшық еттер бірігіп, тұлғаны жауырын аралығына асып тұрады. Мойын бөліктері мойынды көтеруге, ал жеке жиырылғанда олардың əр қайсысы мойынды өз жағына қарай июге қатысады.
Тоқпан жілікті тұлғаға бекітетін бұлшық еттер
1. Иық-төс-бас бұлшық еті (m. brachiosternocephalicus) екі: иық-бас жəне төс-бас бұлшық еттерінен тұрады.
Иық-бас бұлшық еті (m. brachiocephalicus) тоқпан жілік қырынан басталып, шүйде жəне самай сүйектері мен желкеге барып аяқталатын жалпақ бұлшық ет.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл бұлшық ет шүйде жəне самай сүйектер мен ортаңғы мойын омыртқаларының көлденең-қабырға өсінділерінен басталса, шошқада шүйде мен самай сүйектерінен, ал итте самай жəне шүйде сүйектері мен желкенің 2 мойын омыртқасы тұсынан басталады.
Қызметі. Иық-бас бұлшық еті иық буыньш жазу арқылы алдыңғы аяқты алға қарай қозғайды. Ал алдыңғы аяқ жерге иық басылып тұрған жағдайда, бас пен мойынды төмен түсіреді.
Төс-бас бұлшық еті (m. sternocephalicus) төс тұтқасынан басталып, самай жəне төменгі жақ сүйек бұрышына барып аяқталады.
Ерекшеліктері. Сиыр мен ұсақ малдарда самай жəне төменгі жақ сүйектеріне, шошқада самай сүйегіне, итте самай жəне шүйде сүйектеріне, ал жылқыда төменгі жақ сүйегіне барып бекиді.
Қызметі. Төс-бас бұлшық еті жиырылғанда төменгі жақ сүйекті төмен тартып, ауыздың ашылуына көмектеседі жəне басты сəл ғана өз жағына бұрады.
2. Арқаның тым жалпақ бұлшық еті (m. latissimus dorsi) 3 –інші көкірек омыртқаларынан соңғы бел омыртқаға дейінгі жотаүстілік байламнан басталып, тоқпан жіліктің медиальды бетіңдегі үлкен жұмыр бұлшық ет бұдырында аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет