1)Еңбек гигиенасының әні,мазмұны мен міндеттері Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайының және қоршаған өндірістік орта факторларының еңбек етуші жұмысшылардың ағзасы мен денсаулық
жағдайына тигізетін әсерін зерттейтін профилактикалық
медицина ғылымының бір бөлімі. Өндірістегі гигиеналық
зерттеулердің негізгі мақсаты денсаулықты сақтау, кәсіптік ауруларды болдырмау және өндірістік үдеріс барысында
жұмысшылардың тиісті еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында аса қолайлы еңбек жағдайларын жасауға
бағытталған санитарлық-гигиеналық ұсыныстарды шығару
болып табылады.Еңбек гигиенасының негізгі міндеттері
еңбек жағдайларының организмге әсерін сапалық және сандық бағалау
cоның негізінде жұмысшылар денсаулығына зиянды әсердің болмауы жағдайындағы барынша еңбек өнімділігін
қамтамасыз етуге қабілетті шаралар жасалып, қолданысқа енгізіледі
еңбек гигиенасының ағымдағы міндеттері халық шаруашылығының дамуымен анықталады және еңбек жағдайларын барынша жақсартуға және сауықтыруға, кәсіптік ауруларды азйтуға және жоюға бағытталған.
2)Еңбек гигиенасы профилактикалық медицина бөлімі ретінде Еңбек гигиенасы бойынша дәрігердің кәсіптік қызметінің барлық формаларын 3 топқа бөлу қабылданған: ЕСҚ, АСҚ және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстары (1 схема).
Ескертпелі санитарлық қадағалау – медициналық профилактиканың ең маңызды элементі.
Ескертпелі санитарлық қадағалаудың негізгі мазмұны болып өнеркәсіптік объектілерді жобалауда, жер учаскелерін таңдауда, құрылыстарын салуда, жаңа технологиялық процесстердің, химиялық қоспалардың жабдықтарының, аспаптарының т.б. стандарттарын жасауда санитарлық нормалар мен ережелердің орындалуына бақылау жүргізу саналады.
Ағымды санитарлық қадағалау – жұмысшылардың денсаулығын қорғау және жоғары іскерлік деңгейін сақтау мақсатымен, бақылауға жататын объектілердегі жұмысшылардың гигиеналық еңбек жағдайына және денсаулығына жан-жақты зерттеулерді жүргізу жатады. Бұл міндеттер кәсіпорынды санитарлық сипаттау, жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу, кәсіптік сырқаттардың және кәсіптік уланулардың болған оқиғаларын тексеру, өндірістік мертігу жағдайларын талдау жолдарымен жетіледі.
Ұйымдастырушылық - әдістемелік жұмысы дәрігердің қызметінде маңызды орынды алады. Бұл жұмыс дәрігердің өзінің ісін жоспарлау және оған талдау жүргізу, лабораториялық жұмысын басқару және бақылау, санитарлық активті оқыту, жұмысшыларды гигигеналық оқыту, емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлерінің және инженерлік-техникалық персоналдың т.б. еңбек гигиенасы бойынша мамандығын жоғарылату сияқты жұмыстарды қамтиды.