1. Философиянын зерттейтін пані Философия


, Ежелгі Кытай философиясы жане онын адамзат еркениетінде алатын орны Көне Қытай философиясы



бет7/11
Дата15.11.2023
өлшемі36,88 Kb.
#123165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
9, Ежелгі Кытай философиясы жане онын адамзат еркениетінде алатын орны Көне Қытай философиясы
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемле- кеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне
Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII –VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мек-тептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1) Ең басты ерекшелігі — саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерешелік сол
Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер — чжухоу, беделді отбасылар — дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
10.Кытай философиясынданы дауо ілімінін мані
Даосизм ежелгі Қытайдың рухани өміріндегі ерекше орын алатын феномен. Оның негізін қалаушысы болып Ли Эр (Лао Дань) есімді ойшыл есептеледі. Философия тарихында ол Лао-цзы (Кәрі философ немесе Кәрі бала) атымен танымал. Шамамен алғанда б.д.д. 6 ғасырда өмір сүріп, Лао-цзы Конфуцийдің аға замандасы болып табылады. Бірақ, екі ұлы ойшылдардың көзқарастарының бағыттары екі түрлі болып табылады. Конфуций этикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырса, Лао-цзы философиясының ортасында табиғат, космос және адам мәселелері тұрды.
Даосизмнің негізгі қайнар көзіне “Дао дэ цзин” (“Жол мен Игілік туралы кітап”) жатады. Сонан соң “Чжуан-цзы”, “Ле-цзы”, “Хуайнань цзы” трактаттарын тілге тиек етуге болады. Қосынды түрде алғанда даосизм әдебиеті (“Дао цзан”) 4,5 мыңнан астам томдарды қамтиды. Даосизм философиясының өзекті ұғымдарына дао, дэ және у-вэй жатады. Философиялық тұрғыдан алғанда “дао” ұғымы екі негізгі мағына білдіреді. Біріншідан, дао әлемнің түпнегізі, субстанциясы ретінде танылады. “Дао дэ цзин” кітабындада оған мынадай сипаттама берілген: дао заттардың күретамыры, ол - жаратушы, ол- өзгертуші күш болып табылады. Бұл мағынада даосизм данышпандары даоны көбінесе бос кеңістік ретінде қарастырған: ол- барлық нәрсені (вмещая) көріктендіретін ” әлем анасының” жатыры тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта оралады. Екіншіден, “дао” сөзі тікелей “жол” деп аударылады. Аталмыш мағынада дао жаратылыс заңы ретінде қолданылады. «Ұлы дэнің (асыл қасиет) мазмұны тек даоға ғана бағынады. Дао денесіз. Дао тұманды және анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен анық еместігінде бейнелер бар. Ол тұманды және анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен анық еместігінде заттар жасырынылған. Ол терең және қараңғы. Бірақ оның тереңділігі мен қараңғылығында нәзік бөлшектер жасырынылған. Бұл нәзік бөлшектер жоғары шындыққа және нақтылыққа ие» Даосизм ілімінде «У-вей» принципі дәріптеледі. Бұл ілім бойынша табиғи күйге араласпаған жөн, табиғилық заңымен үндестікті сақтау құпталады. «Ең жақсы ел билеуші – халық оның бар екенін ғана білетін билеуші. Халықтан өзін сүюді және асқақтатуды талап ететін билеушілер нашарлау. Халық олардан қорқатын билеушілер одан да нашар, ең жаман билеушілер – оларды халық жек көретін билеушілер. Сондықтан да сенімге лайық еместерге адамдар сенбейді. Кім терең ойлы және сөздерінде ұстамды, істерін табысты жүзеге асырады – халық оны табиғилықтың ізімен жүреді дейді». Қорыта айтқанда, даосизм философиясы адамның табиғи негізін айқындап, оның әлемде алатын орнын белгілейді. Ал адамның әлеуметтік қасиеттерін конфуцийшілдік философиясы қарастырады. Даостардың этикалық идеалы – Шэнжень, яғни“аса данышпан”. “Шэнжень” – жоғарғы дэ мен Дао адамы. Даосизм ойшылдары адамды сырқы дүние анықтай алмайтынына сенімді. Адам - өзінің ішкі дүниесінің арқасында ғана - адам. Конфуций, керісінше, адамға сыртқы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы моральдық ережелерді ұсынады. Сондықтан бұл екі мектеп қайшылықтарға тап болды. Дегенімен олар бірін-бірі толықтырды да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет