1. Жарық терапиясы фототерапия


Эндокардит (этиология, патогенез



бет14/43
Дата17.01.2023
өлшемі102.66 Kb.
#61732
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
27. Эндокардит (этиология, патогенез) Эндокардит (Endocarditis) - жүректің ішкі қабының қабынуы. Өтуі бойынша (endocarditis acuta) және созылмалы (endocarditis chranica), орналасуы бойынша - қақпақшаларда және қабырғаларда, патологиялық процестің сипаты бойынша - сүйелді (endocarditis verrucosa) және ойық жаралы (endocarditis ulserosa) түрлерге бөлінеді. Себептері. Эндокардит - ылғида, індетті-уланудан туындайтын ауру. Жүректің ішкі қабының қабынуы, оның етінің қабынуынан да (миокардитте) тікелей ауысуы мүмкін. Дамуы. Эндокардиттің дамуында қабыну мен қатар шіру(некроз) және бұзылу процестері де жүріп жатады. Ауруға, көбінесе жүректің қақпақшалары шалдығады және қабыну ылғида қан ағысына қарсы қараған беттерінен басталады. Мысалы қолқа мен өкпе артериясының қақпақшалары, көбінесе қарыншаларға қараған жақтарынан, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар – құлақшалар жағынан зақымдалады. Осы деректер эндокардиттің дамуына, ең алдымен қақпақшаларға әсер ететін түрлі қоздырғыштық микроорганизмдер немесе улар себепкер екенін көрсетеді. Сонан соң, ауытқу процестері бірте-бірте сіңір, тарамыс талшықтарына және ішкі қанаттарының әр жерлеріне ауыса береді.
28. Фарадизация Ем мақсатында ауыспалы төменгі жиіліктегі тоқты қолдану -фарадизирлеу делінеді, ол тоқты индукциялы орамнан алады. Бұлшық еттерді электрлі ынталандыру үшін АСМ-2 және АСМ-3 аппаратарын пайдаланады. Осы кезде электр тоғы қозғалмалы нервтерді тітіркендіріп, бұлшық еттерді жиырады. Жиырылу сатысында бұлшық ет өз тамырларынан қанды ысырады, ал босаңсығанда сорады. Мұндай әдіс бұлшық етке қолайлы әсер етеді де ондағы алмасулар күшейеді, жұмыс қабілеті жоғарылайды. Фарадизирлеуді қолдану көрсетімдері: салданулар, бұлшық ет семулері, алдыңғы қарындар атониясы т.б. Қарсы көрсетімі: спастикалық салданулар. Фарадизирлеу тәсілімі-нерв-бұлшық ет аппаратының электрлі қозғыштығын зерттеу жолы арқылы импульстердің қажетті ұзақтығы, минутына сай модуляция санын, электродтарды салу орындарын анықтайды. Шара ұзақтылығын емдеу барысында минуттан бір сағатқа дейін бірте-бірте ұзартады. Ем-күнделікті түрде жүргізіледі. Емдеу курсы орта есеппен 15-20 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет