1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары, пайда болуының қайнар



Pdf көрінісі
бет27/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119
43. Сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары, пайда болуының қайнар 
көздері.
 
Сырткы мойындырық вена, v. jugularis externa, құлақ қалқанының астында төменгі 
жақсүйек бұрышы деңгейінде екі веналық сабаудың: төменгі жақсүйекартындағы вена, v. 
retromandibularis, және артқы құлақ веналарының, V. auricularis posterior, бірігуінен 
түзіледі. Сыртқы мойындырық вена өзінің кұрылған жерінен, т. sternocleidomastoideus, 
сырткы бетімен төмен түсіп, т. platysma астына тікелей енеді. Сыртқы мойындырық 
венасы т. sternocleidomastoideus ұзындығының ортасына жеткен соң, мойынның меншікті 
шандыр қабығы арқылы өтіп немесе бұғанаасты венасына, v. jugularis interna мен» v. 
subclavia бірігуінен түзілген веналық бұрышқа ашылады. Сыртқы мойындырық венаның 
кақпақтары бар.
Сыртқы мойындырық венаға келесі веналар құйылады: 
1. Артқы құлақ венасы, v. auricularis posterior, веналық қанды құлақ қалқаны артында 
орналасқан беткей өрімнен жинайды. Оның v. emissaria mastoidea байланысы бар;


2. Шүйде венасы, v. occipitalis, қанды бастың шүйде аймағының веналық өрімінен 
жинайды. Ол құлақ қалқанынан төмен, сыртқы мойындырық венаға ашылады. Кейде 
шүйде артериясымен косарлана жүріп, шүйде венасы ішкі мойындырық венаға ашылады;
3. Жауырынүсті венасы, v. suprascapularis, екі сабау түрінде аттас артериямен қосарлана 
жүреді, екі сабау бірігіп, бір сабау түзіп, сыртқы мойындырық венаның соңғы бөліміне 
немесе бүғанаасты венасына құйылады; 
4. Алдыңғы мойындырық вена, v. jugularis anterior, иекасты аймағының терілік 
веналарынан түзіліп, ортаңғы сызыққа жақын, төмен бағытталады, бастамасында, т. 
mylohyoideus сыртқы бетіне, ал кейін - т. slernohyoideus алдыңғы бетінде жатады. 
Алдыңғы мойындырық веналар төстің мойындырық тілігінің үстінде шандыраралық 
төсүсті кеңістікке өтіп, карама-қарсы жақтағы аттас веналармен жақсы дамыған анастомоз 
арқылы байланысып, мойындырық вена доғасын, arcus venosus juguli, түзеді. Кейін 
мойындырық вена сыртқа бұрылып, т. sternocleidom astoideus артымен жүріп, сыртқы 
мойындырық венаға (оның бүғанаасты венасына құйылғанына дейін) ашылады. Тағы бір 
вариант жөнінде айту қажет, екі жақтың алдыңғы мойындырық веналары өзара қосылып, 
мойынның орталық венасын түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет