1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі



бет17/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
КӨППАРТИЯЛЫ ЖҮЙЕ

Негізгі айырмашылық бірнеше партиялардың бәсекелестік болып табылады. Оқшауланған партиялық жүйелердің олардың саны сәйкес қалыпты (3-5) және төтенше (6 немесе одан да көп), көптеген. Бірақ олардың бірде-біреуі билік жалғыз емес. Бұл әрекетті орындау үшін, бірнеше тараптар коалицияға бірікті. Қазіргі заманғы Ресей партиялық жүйесі осы түріне жатады.



21. Демократия теориясы және үлгілері. Демократиялық тәртіп. Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1) мемлекеттің типі мен жалпы жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3) қоғамдық құрылымның мұраты және соған көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи т. Б. Ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бірбастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға «халық үшін халық билігін» жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.д. 5- ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтыңнегізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі,біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері заң мен құқықты өз мақсатында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі – әділеттілік. Әділеттіліктің де біріңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босап кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл – демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілуүшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүрүге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Қорыта келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау,онымен санасу керектігі мойындалды. Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеліністерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.

Демократиялық тәртіп президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.

Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады.


  1. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады.



  1. Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргузілуі жеткіліксіз.




  1. Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет