1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері



бет1/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22


1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар
1. Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері
2. Мемлекеттегі билік, мемлекет тетігі, қызметі, нысаны
3. Құқықтық мемлекет, құқық және құқықтық құбылыстар туралы түсініктер
4. Құқықтың қайнар-көздері, құқық жүйесі
5. Құқық нормасы және оның құрылымы
6. Құқықтық қатынастар
7. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
1. Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері. Мемлекет жайлы сөз қозғамас бұрын оның қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өткен жөн, себебі, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде біріккен тобы болғандықтан ол өз ішіндегі тәртіпті қамтамасыз ететін арнайы күштің болуын қажет етеді. Бұл арнайы күш қоғам мүшелерінің арасындағы тәртіпті ғана емес оның ары қарайғы даму бағытын да айқындауға міндетті болады, бұл күш мемлекет деп аталады. Мемлекет дегеніміз - өзіне тән басқару аппараты бар, қолында мәжбүрлеуші билікті шоғырландырған, қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын арнайы саяси ұйым. Мемлекет өзінің билігін жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік органдар аппаратын құрады. Бұл аппаратты қамтамасыз ету үшін халықтан алым-салықтар жиналады. Мемлекетті өзге саяси ұйымдардан өзгешелейтін өзіндік белгілері бар:
Біріншіден, мемлекеттің егемендігі бар, яғни мемлекет ешкімге тәуелді емес, ешқандай мемлекеттің араласуынсыз өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекет билігі нақты өзіне тиесілі аумақта тарайды, оған сол аумақтағы барлық құқық субъектілері бағынышты болады.
Екіншіден, мемлекеттің өзіне тиесілі аумағы болады, осы аумақ шегі арнайы шекарамен айқындалып, өзге мемлекеттер бұл аумаққа өз ықпалын тигізе алмайды. Әрине, осы аумақты мекендейтін халық осы мемлекеттің азаматтары болып табылады және азамат болу арқылы мемлекет алдында нақты құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Үшіншіден, мемлекеттің арнайы басқарушы және мәжбүрлеу аппараты болады, оның көмегімен мемлекеттің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жекізіледі. Сондай-ақ, мемлекет өзінің әскерін, құқық қорғау органдарын және салық жүйесін құрады.
Төртіншіден, тек мемлекет қана жалпыға ортақ және міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет