1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы



бет1/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы.

  1. Салықтың экономикалық мазмұны және салық жүйесі.

  2. Қазақстандағы салық жүйесінің қазіргі кездегі мінездемесі.

  3. Салық және қаржылық есептің айырмашылығы.




  1. Салықтың экономикалық мазмұны және салық жүйесі.

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін салық заңнамасын өз бетінше дамыта бастады. А.И.Худяковтың пайымдауынша Қазақстан Республикасы салық заңнамасының дамуы үш кезеңнен өтті.
I кезеңге егеменді ел ретінде 1991 жылы желтоқсанмен 1995 жылы сәуір аралығында Қазақстанның өз салық заңнамасын қабылдауы жатады.
II кезеңге 1995 жылы сәуір мен 2001 жылы маусым аралығын қамтитын, Қазақстан Республикасы Президентінің 24 сәуір 1995 жылы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңды күші бар жарлығын қабылдауы жатады.
Ш кезеңге 2001 жылы 12 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы заңмен бекітілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қабылдау, сондай- ақ 2002-2007 ж.ж. берілген салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау жатады.
Салық реформасының бірінші кезеңі 1992 жылы 1995 жылы маусым айына дейін созылды. Республикада 40 астам салық түрі қызмет етті:

  1. Жалпы мемлекеттік салықтар.

  2. Жалпы міндетті жергілікті салықтар.

  3. Жергілікті салықтар.

Салық реформасының екінші кезеңі- 1995 жылы шілдесінен 1999 жылдың аралығында. Бұл аралықта салықтар саны 11 дейін азайды. Олар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінді. 1996 жылдан бастап «Салық және бюджетке бөлінетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңына 30-дан аса өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұдан кейін салықтар және алымдардың саны 18-ге дейін көбейді.
Салық реформасының үшінші кезеңі- 2002-2004 жыл аралығында. Үшінші кезеңнің негізгі міндеті болып бюджетке қатысы бар мемлекеттік органдар фискалды органдар және салық төлеушілер арасындағы өзара қарым қатынастың құқықтық аспектілерін күшейту болып табылады. Жалпы, 1995 жылы салынған салықтың құрылымы, жеткілікті түрде үйлесімді. Бұл кезеңге жетілдіруді және үйлесімділікті талап ететін салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің негізгі 17 түрі бар. Осыдан салық заңын реформалаудағы қажеттілік шығады.
Салық реформасының төртінші кезеңі № 209-11 2001 жыл 12 маусымнан бастап қабылданған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының күшіне енуімен 2002 жылы 1 қаңтардан басталды. Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады: пайдаға салынатын салық, қосылған құн салығы, акциздер, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, азаматтардан табыс салығы, көлік құралдары салығы, заңды тұлғалардың мүлігіне салынатын салық кедендік тариф және баж, тіркелген (ренталық) төлемдер, бірыңғай ставка бойынша Республиканың барлық аумағында бекітілген және алынған мемлекеттік баж және кейбір басқа салықтар. Жалпы міндетті жергілікті салықтар биліктің жергілікті органдарының бюджетіне қосылып отырды. Оған мыналар жатады: жер салығы, жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салық, орман табысы, суға төлемақы, кәсіпкерлік қызметті тіркегені үшін алым, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым және басқа да алымдар. Жергілікті салықтар биліктің жергілікті органдарымен белгіленді және реттеледі. Салық салу обьектісі болып келесілер табылады: заңды және жеке тұғалардың пайдасы (табысы) қаржылық операциялар, мемлекет пен көрсетілген қызмет, заңды және жеке тұлғалардың мүлігі, өнім қызметтің қосылған құны, тауарлардың бөлек топтары және түрлері, сондай-ақ түрлі бюджеттен тыс қорларға аударымдар, өнімнің нақты өндіру көлемінен бір пайыз мөлшерде жол қоры (автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін аударымдар) және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет