1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет66/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135
 

Қобыланды батыр 

 

«Қобыланды  батыр»  жыры  –  адамзат  дамуының  сан  ғасырлық  тарихын 

бойына жинақтаған, кҿп қабатты классикалық қаһармандық эпос ҥлгісі. Ерте 

замандардан  жҧрт  жадысында  мықтап  орныққан  айтулы  оқиғалардың 

ауқымын  қҧшағына  сыйдырған  эпос  мҧраты  –  елдің ерлік  рухын  дҽріптеуге 

қызмет  еткен.  Аталмыш  жырды  халқымыздың  кҿне  тарихымен  қабыстыра 

отырып, ҽртҥрлі мақсатта зерттеген ғалымдарымыздың қай-қайсының да ой-

пікірлері аса бағалы

2



Алайда,  фольклордың,  соның  ішінде  эпос  жанрының  тарихи  шындыққа 



қатынасының  ҿзіндік  ерекшелігі  болатындығына  жарқын    мысалдарды  осы 

эпос бойынан анық байқауға болады. Ол, ең алдымен, кҿркемдік жинақтауды 

(іс-ҽрекетті жинақтау, уақытты жинақтау, арманды жинақтауды)

3

 негізгі тҽсіл 



ете  отырып  –  батырлық  эпостың  ҿз  заңдылығына  сай  образ  сомдауынан 

кҿрінеді. 

Эпостың  негізі  –  еліне  қорған,  езілгенге  қамқор,  жауға  жалғыз  шауып, 

бейбіт  ҿмір  орнатуды  мҧрат  тҧтқан  батыр  ҧлды  дҽріптеу  болса,  бҧл  мақсат 

кҿне  замандардан  келе  жатқан  ҽдіс-тҽсілдерге  сҥйену  арқылы  іске  асқан. 

Жырдағы  «баласыздық  зары»  кҿне  заманнан  келе  жатқан,  қоғамдық-

ҽлеуметтік  мҽн  иеленген  ҥрдіс

4

.  Ҿйткені,  мал-мҥлік,  билігінің  мҧрагері  жоқ 



                                                

1

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 165-б. 



2

  Ҽуезов  М.  Ҽдебиет  тарихы.  Алматы,  1991.  61-б.;  Жҧмалиев  Қ.  Қазақ  эпосы  мен  ҽдебиет  тарихының 

мҽселелері.  Алматы,  1958.  29-б.;  Ғабдуллин  М.М.  Қазақ  халқының  ауыз  ҽдебиеті.  Алматы,  1958.  79-б.; 

Қоңыратбаев  Ҽ.  Кҿптомдық  шығармалар  жинағы.  Алматы,  2004.  1-т.  270-б.;  2005.  10-т.  310-б.; 

Нҧрмағамбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы жҽне Қобыланды батыр. Алматы, 2003. Бердібаев Р. Қазақ 

эпосы. Алматы, 1984. 72-б. 

3

  Қасқабасов  С.А.  Тҧтастану  -  фольклор  поэтикасының  заңдылығы  //  Қазақ  фольклорының  поэтикасы. 



Алматы, 2001. 9-бет. 

4

 Короглы Х.Г. Огузский героический эпос М., 1976. С. 11. 




 

340 


адам  қоғамдық-ҽлеуметтік  тҧғыр  иелену  қҧқығынан  айрылған.  Жырдағы 

«перзентсіздіктің»  Тоқтарбай  мен  Аналықтың  зары  ғана  емес,  қалың 

қыпшақтың  қабырғасын  қайыстырған  қайғысы  болатыны  сондықтан.  Осы 

мақсатқа сҽйкес қанша қасірет шегіп, жол азабын тартса да, екі қарт пірлері 

аян  бергенде,  ҽйтеуір,  бала  емес,  «тҽңірім  ҿзі  қалаған,  бір  ҿзі  мыңға 

баланған»  баланы  ғана  қалайды.  Ол:  «отыз»  ҧлға  татитын  ҧл  (Жаңбыршин 

нҧсқасы),  кҿпке  татитын  бала  («Ноғайлы  Қара  қыпшақ»  версиясы).  Мҧның 

барлығы  фольклор  кейіпкерінің  дҥниеге  келмей  тҧрғандағы  жағдайын 

суреттеу  ҽдісі.  Яғни  жыр  ғҧмырнамалық  тҧтастануды  басынан  ҿткерген. 

Ҿйткені,  перзентсіз  ата-ана,  ғайыптан  туу,  ерлікпен  ҥйлену,  елін  жаудан 

қорғау,  қартаю  секілді  маңызды  бҿлшектер  жыр  сюжетінде  толық  кҿрініс 

тапқан.  Ел  кезіп,  ҽулие-ҽнбие  қоймай,  табанынан  тозған  екі  қарттың 

(Тоқтарбай  80-де,  Аналық  60-та)  балалы  болуы,  (ҽулие  ҽсері)  батыр 

анасының  жеріктігі,  дҥниеге  келуінің  ҿзінде  кҿне  замандардан  келе  жатқан 

таным-тҥсініктің ізі бар. Ежелгі матриархат заманынан келе жатқан ғажайып 

туу мотивінің мҧсылманданған тҥрі қолданылғанымен (басында ақ шалмасы, 

қолында  ақ  таяғы  бар  қарт,  Баба  Тҥкті  Шашты  Ҽзіз),  батыр  анасының 

жеріктігін кҿрсететін тҧста одан да кҿне тҥсініктер пайдаланылған. Мысалы: 

жалғыз  кҿзді  айдаһардың  жҥрегіне  жерік  болу,  (Сҥйіншалы  нҧсқасы),  қара 

тасты  қарш-қарш  шайнап  жерігі  қану  («Ноғайлы  Қара  қыпшақ»  нҧсқасы), 

арыстан,  жолбарыстың  еті  мен  пілдің  сҥтіне  жерік  болу,  т.б.  (Қҧлзақ 

варианты).  Мҧның  барлығы  болашақ  кейіпкердің  болмысының  ерекшелігін 

айқындайтын  белгілер.  Негізгі  мҽтінде  бала  беруші  пірі  ретінде  аталар 

аруағының  мҧсылманданған  тҥрі  басты  мҽн  иеленеді.  Битілеу  Нҧрсейіт 

нҧсқасында  ғана  тотемдік  сенім  мен  мҧсылмандық  аралас  кҿрінеді.  (Қырық 

шілтен аққу болып,  топ  жасап кеп, аян  береді). Жырдағы бала  тілеп, дҥние-

мҥлкін  шашып  той  жасау,  қҧрбандық  шалу  да  ең  кҿне  замандардың  сілемі. 

Ол адамның тылсыммен тамырластығына ерекше мҽн беріп, «киелі кҥштерді 

мейірлендіру  ҥшін»  тҥрлі  ғҧрыптар  атқаратын  ерте  рулық  замандарға 

меңзейді.  Сол  қҧрбандықтықтың  ҿтемақысы  ретінде  дҥниеге  бала  келеді. 

Адамның  қолдаушы  пірлерімен  байланысы  жырдың  ҿн  бойына  таралып, 

оның  кҿркемделіп,  кеңейген  кейінгі  тҥрлерінде  де  кҿрініс  табады.  Бҧл 

жырдың 

кіріспесі 

мен 

тҥйініндегі, 



я 

болмаса 


оқиға 

арасын 


байланыстырудағы  жыршы  сенімі ғана  емес,  бас  кейіпкердің  болмысына  да 

сіңген.  Ең  алғашқы  сапарына  аттанған    батырды  жаратушыға  тапсырудан 

бастап, тҥрлі сынақ пен соғыстарда да кҽміл пірлері жебейді. Тек жақсылық, 

ізгілік  жолындағы  іс-ҽрекетін  қолдайтын  пірлерінің  бҧл  жолдан  ауытқыған 

тҧста  қырын  қарайтындығын  жыр  Қобыландыны  Кҿбіктіге  кіріптар  ету 

арқылы берген. 

Бағы тайып басынан, 

Пірлері тайып қасынан 

Жанторсыққа ҧқсады

1



 

                                                

1

 Батырлар жыры. Алматы, 1986. 1-т. 80-б. 




 

341 


Батырдың  бағын  тілеп,  ҿзі  жоқта  еліне  жасалған  зорлық-зомбылықты 

жеткізіп,  жаудан  кек  алуға  шақырып,  қажыр-қайрат  беретін  де  осы  7  кҽміл 

пірі. Батырдың ҿзі де ҧрпағына бата беріп, жауға аттандырар тҧсында да осы 

пірлеріне  тапсырып,  медет  тілейді.  Қобыландының  ел  жҧртымен 

қоштасуындағы жылқы иесі Қамбар, қару иесі Дҽуітпен қатар мҧсылмандық 

ҽулие-ҽнбиелерге  тапсыруында  ескі  мен  жаңа  тҥсінік  қабаттары  аралас 

кҿрініп, кҿркемдік мақсатқа жҧмсалады. 

Сонымен бірге жырда кҿне эпос пен ертегілік кҿне сюжетке тҽн ерлікпен 

ҥйлену  мотиві  де  қолданылады.  Негізгі  мҽтін  мен  қосымша  варианттардағы 

ҿзгерістерді  салыстырғанда  бҧл  мотивтің  ҿзінің  тҥрлі  кезеңдерге  тҽн 

ҿзгерген, тҥрленген, дамыған сипатын тануға болады. Негізгі мҽтіндегі кҥйеу 

таңдау  Қҧртқаның  ҽкесінің  ісі  болып  кҿрінсе,  Біржан  мен  Нҧрпейіс 

вариантында Қҧртқаның шешесі хан деп кҿрсетіледі. Ал Айса мен «Ноғайлы 

Қара  Қыпшақ  Қобыланды»  нҧсқасында  Қҧртқаның  анасы  жар  салса, 

Сҥйіншалы вариантында да Қҧртқа анасы басты рҿл атқарып, екі жасты қосу 

ҥшін  сиқырлық  ҽрекеттер  жасайды.  Қобыланды  кҽмелетке  жеткендігін 

айғақтап, «кҥйеу таңдау» сынынан ай астындағы алтын теңгені атып тҥсіріп, 

сҥрінбей ҿтеді. Ал Қҧлзақ нҧсқасында Қҧртқа мен оның елін мифологиялық 

жау  (айдаһар)  тырнағынан  қҧтқарып,  ерлікпен  ҥйленеді.  Жырда  батырдың 

ерлікпен  ҥйленуі  екі  жерде  кҿрінеді.  Екіншісі:  батырдың  Ноғайлы  жҧртын 

жаудан  қҧтқаруға  кеткенде  қалмақ  Алшағыр  елі-жҧртын  жаулап,  Қҧртқаны 

алмақ  болып,  қамауда  ҧстайтын  тҧсы.  Бҧл  –  ертегілік  сюжеттің  кейінгі 

уақытқа  сай  ҿзгерген  тҥрі.  Яғни  мҧнда  сюжеттік  ҽрі  тарихи  тҧтастану  бар. 

(Мифологиялық  жау:  айдаһар,  қара  дҽу  қаупінен  жҽне  реалды  жау  қалмақ 

қолынан  қҧтқару).  Сондай-ақ  ерлікпен  ҥйлену  мотивіне  батырдың  Қызыл 

ермен  (Қызылбас)  соғысын  да  жатқызуға  болады.  Негізгі  вариантта  оның 

сҿзіне  намыстанып,  батырлықпен  жеңсе,  Қҧлзақ  нҧсқасында  Қызыл  ер 

Қобыландының  артынан  ҿзі  келіп,  жекпе-жекте  ҿлгенімен,  балалары 

Алшағыр,  Қазан,  Кҿбіктілерге  шағынып  (барлық  дҧшпандар  бірге  аталады), 

Қазанның соғысына себепкер болады. Ол Қыпшақты шаппас бҧрын ноғайлы, 

қият елдерін шабады.  

Жырдағы аталатын тарихи оқиғалардың аралық мерзімі ел тарихындағы 

ҿте  ҧзақ  кезеңдерді  қамтиды.  Бірақ  ол  тарихи  тҧтастану  нҽтижесінде  бір 

адамға,  Қобыландыға  телініп,  жыр  оқиғасында  біртҧтастыққа  айналған. 

Батырдың  шыққан  тегіне  (Қара  Қыпшақ)  ғана  мҽн  берсек,  ол  белгілі  бір  ру 

тарихының оқиғасы, ру батырының  ісі  болып кҿрінер еді.  Алайда, жырдағы 

қалыңдығын  еліне  алып  келіп,  алаңсыз  тіршілікке  кіріскен  Қобыландының, 

ең  алдымен,  тек  Қыпшақтың  қамымен  емес,  ноғайлының  жҧртын  қорғауға 

аттануы батыр ҽрекетінің аясын кеңейте тҥседі. 

«Қыпшақ»  этнонимінің  жеке  этностан  (б.з.д.  ІІІ  ғ.  белгілі)  тҧтас 

тайпалық  бірлестікке  дейінгі  тарихының  ҿзі  кҥрделі  де  ҧзақ  процесс

1



Қыпшақтар  Оңтҥстік  Сібір  мен  Солтҥстік  Қазақстан  жерін  мекендеп

2

,  ІХ-Х 



                                                

1

 Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа. Ташкент, ФАН.УЗ.ССР. 1974. С. 342. 



2

 Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М.-

Л.., АН СССР, 1950. Т.1. С. 381. 



 

342 


ғасырларда  қимақтармен  бір  одақта  ірі  этно-мҽдени  саяси-бірлестікке 

айналғандықтан  қыпшақ  атауы  ХІІІ  ғасырда  жеке  этноним  емес,  этникалық 

бірлестікке  қолданылған.  Яғни  кҥшейген,  (Дешті  Қыпшақ)  тарам-тарам 

болып  бҿлінген

1

,  (ХІІІ-ХІV  ғ.ғ.)  кезеңдеріне  тарихи  деректер  арқылы 



қанығамыз. Қыпшақ тайпасының 4-ке жіктелуі ҥш жҥз жҥйесінен кҿп бҧрын 

болғандығы жайлы ғылыми

2

 пікірді ескерсек, қыпшақ ҧғымының ҿзінің ҧзақ 



тарихи мҽні айқындалады. 

Қобыландының  тарихи  негізін  іздеуге  тырысқан  ғалымдардың  ой-

пікірлерінің бірінде  Ноғайлының ыдырау кезеңіндегі ауызекі ҽңгіме, шежіре 

негізге алынып

3

, белгілі бір ғасырға телінсе, енді бірінде Қобыланды тарихи 



антропонимінің поэтикалық ҿзгерісі тҧрғысынан қарастырылады (Қҧбағҧлан           

Қобылан)


4

.  Ауызекі  деректе  Қобыланды  Тоқтамыстың  тоғыз  биінің  бірі 

ретінде де аталады.  

Сондай-ақ,  жырдағы  Қазан  атауына  байланысты  да  ҽрқилы  пікірлер 

тҧжырымдалған

5

.  Мҧның  барлығы  Қобыланды  жайындағы  нақтылы  тарихи 



жазба  деректің  жоқтығынан  туындаған  пікірлер.  Алайда,  жырдың  тарихи 

тҧтастануға тҥсуінің нҽтижесінде қыпшақ руының ҧзақ тарихы сығымдалып, 

жинақталып,  оның  ҥлкен  ҧлыс  болып  кҿркейген,  кейін  ыдыраған,  қазақ 

хандығының  қҧрамына  енген  даму  тарихын  қамтыған.  Эпостың  Дешті 

Қыпшақ  руларының  біртҧтастықтағы  бірлігін  кҿрсетуге  ҧмтылғандығының 

дҽлелі  –  қият-қыпшақ  ру  батырларының  бірігіп,  ноғайлы  жҧртын  жаудан 

қорғауы.  Қыпшақ-қият  руларының  қарым-қатынасының  ҿзі  де  тҥрлі  тарихи 

кезеңдерді  қамтиды. Тарихтағы қият руы «Оғызнамада» оғыз тайпаларының 

негізін  қҧраған  рулардың  бірі  ретінде  кҿрінсе

6

,  Рашид-ад-динде  қият  қиян 



атауының  кҿптік  тҥрінде  алынып,  моңғол  тайпаларының  кҿне  атауы,  кейін 

тҥрлі  этносқа  жіктеліп,  жаңа  мағына  иеленген,  ең  алғашқы  атауы 

қолданыстан  шыққан,  қыпшақ  руының  бірі

7

  деп  есептелінеді.  Х  ғасырда 



оғыз-қыпшақтар  кҿрші  тҧрса,  Қыпшақтардың  батысқа  жылжуы  кҥшеюі 

себепті  оғыздар  мекендеген  жердің  аясы  тарылып,  оғыздардың  бір    тобы 

Балқанға  ығысса,  бір  тобы  Қыпшақтың  қҧрамына  еніп,  ХІІ  ғасырға  дейін 

Ертіс  пен  Дунай  аралығындағы  ҧлан-ғайыр  жерді  алып  жатқан  Дешті 

Қыпшақ  ҧлысының  қҧрамында  ҿмір  сҥрген.  Жыр  бҿлінуді  емес,  рулық-

тайпалық  бірліктің  тҧтастығын  жақтағандықтан  (Қият  пен  Қыпшақтың 

бірлігін)  –  Қараман  мен  Қобыландының  бірлесіп  жауға  аттануына  баса  мҽн 

                                                

1

 Голубовский П. Печенеги тюрки и половцы до нашествия татар. История Южно-русских степей ІХ-ХІІІ вв. 



Киев, 1884. С.274, 775. 

2

 Қоңыратбаев Т. Эпос жҽне этнос. Алматы, 2000. 156-157-б. 



3

 Нҧрмағамбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы жҽне Қобыланды батыр. Алматы, 2003. 28-б.; Ғабдуллин 

М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1974. 199-б.; Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991; Востров 

В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ - начало ХХ в. Алма-Ата, 1968. 

С. 71-72. Қҧдайбердіҧлы Ш. Тҥрік, қырғыз-қазақ һҽм хандар шежіресі. Алматы, 1991. 22-23-б.; Тынышпаев 

М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925. С. 62. 

4

 Қоңыратбаев Т. Эпос жҽне этнос. Алматы, 2000. 173-178-б. 



5

 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1958. 192-193-б.; Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ 

халқының  батырлық  жыры.  Алматы,  1972.  193-201-б.;  Нҧрмағамбетова  О.  Қазақтың  қаһармандық  эпосы 

жҽне Қобыланды батыр. Алматы, 2003. 30-31-б. 

6

 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-томах. Т.1. Алма-Ата, 1961. С. 658. 



7

 Рашид-ад-Дин. Сборник летописей. Т.1. Кн.1. М.-Л., 1952. С. 153-156. 




 

343 


береді.  Ҿйткені,  Дешті  Қыпшақтың  бір  орталыққа  бағынған  мемлекетке 

айналмауына қҧрамында тҥрлі этникалық ерекшеліктердің болуы мен қоныс 

аударудағы  жҥйеліліктің  сақталмауы,  тайпалық  одақтар  бірлігінің  ҽлсіздігі 

ҽсер  еткен.  Демек,  алдымен  тайпалық-рулық  бірлік  идеясын  кҿтерген  жыр 

туған.  

Яғни  қазақ  болып  қҧрылғанға  дейінгі  тҥрлі  тҥркі  бҧтақтарының 

арасындағы  бірігу  мен  бҿліну,  тең  достық  қарым-қатынас  процестерінің 

ҧдайы жҥріп отырғандығын ескерсек, эпос соның ішінде бірігу идеясын алғы 

кезекке  шығарады.  Қият  Қараман  мен  қыпшақ  Қобыландының  достығы  – 

осының  айғағы.  Қият  пен  қыпшақ  қатынасының  қай  кезеңіндегі  оқиға 

екендігі  емес,  эпос  ҥшін  тҥбі  бір  туыс,  рулардың  «бір  жеңнен  –  қол,  бір 

жағадан бас шығарып», ортақ жауға аттанған сҽті маңызды. Сондықтан жыр 

екеуін «жылы бірге қҧрдас, ел қамын жеген мҧңдас» етіп кҿрсетеді. 

 

Замандасым, мҧңдасым. 



Заманы бірге сырласым, 

 

Жылы бірге жылдасым, 



Жасы бірге қҧрдасым

1

.  



 

Бҧл – жырдағы тарихи тҧтастанудың бірінші сипаты.  

Алтын  Орданың  ыдырау  дҽуірі  мен  онан  кейінгі  кезеңдерде  қияттар 

оғыздардың    емес,  қыпшақтардың  қҧрамында  аталса,  орта  ғасырдан  қазірге 

дейін  кҿшпенді  ҿзбектерде  ғана  қият  руы  сақталған.  Яғни  Алтын  Орданың 

ыдырау кезеңінде қияттар толық қыпшақтанып, кейін қазақ хандығына емес, 

ҿзбек,  қарақалпақ  тайпаларына  кеткен.  Жырда  ру-тайпа  арасындағы 

жікшілдік те қылаң беріп қалады. Ол Қобыландының арқасында мол олжаға 

кенелген Қараман қолының ішіндегі мына бір кҿңіл-кҥй арқылы беріледі.  

 

Ақылдасты кҿп қият: 



Жалғыз атты қыпшақты 

Ҿлтіріп кетсек нетер, – деп

2



 



Алайда, жырда бҧған аса мҽн берілмей, жҽй кҥңшіл, ҿресі тар жандарға 

тҽн  жағымсыз  ой  ҧшқыны  ретінде  ғана  кҿрініп,  Қараманның  қаһарлы 

тоқтамымен  сап  тыйылады.  Яғни  жырдың  бірнеше  заман  батырын  бір 

батырдың  маңына  жинақтауға  тырысатын  тарихи  тҧтастану  тҽсіліне 

қҧрылғандығының  мысалы:  осы  Қараман  мен  Қобыландының  бірлігі. 

Қараманның 40 мың қолымен ҿзі аттанып кетпей, Қобыландыға хабар беріп, 

ең  болмағанда,  батасын  алып  кету  тілегі  аға  батырды  ҧлық  тҧтқан  ерлік 

салтының бҧлжымас заңы. Ҽйтпесе, Қараман да ел намысына туған, ержҥрек 

батыр. Ол туралы жырда: 

                                                

1

 Батырлар жыры. Алматы, 1986. 1-т. 31-б. 



2

 Сонда. 75-б. 




 

344 


 

Ҧйқы кҿрмей тҥн қатты. 

Ноғайлыны алды деп 

Сҥйекке таңба салды деп

1

, – 


 

баяндалады.  Тіпті,  бҧл  тҧстағы  Қараманның  ел  шетіне  жау  тисе  бір  сҽт  те 

қарап тҧра алмас, батырлық мінезі Қобыландының ҿзінен де басым кҿрінеді. 

Атын баптап жатқан ҽйелінің сҿзіне  қарайлап қалған Қобыландыға Қараман 

айтатын  «басыңда билік жоқ» дейтін сҿзі Қобыланды намысының қозғаушы 

кҥші  ғана  емес,  жаугершілік  замандағы  батырлар  сипатының  аса  мҽнді 

қасиеті. 

Батыр  мінезіне  тҽн  шарт  пен  ант  –  Қобыландының  семсерімен 

серттесуінде  толық  кҿрініс  тапқан.  Жыр  идеясының  рулық-тайпалық, 

этникалық топтар бірлігінің аумағынан асып, жалпы тҥркі жҧртының бірлігін 

уағыздауға  негізделгені  (тарихи  тҧтастанудың  тағы  бір  кезеңі)  –  екі 

батырдың  Ноғайлы  елін  жаудан  азат  етуіне  байланысты  кҿрінеді.  Алтын 

Ордадан  бҿлініп  шыққан  бір  тектес  кҿшпелілерді  біріктірген  бҧл  кезеңде 

бҧрынғы  кҿшпелі  рулық-тайпалық  кезеңдегі  фольклорлық  мҧралардың 

ішінде  батырлық  эпостар  да  қайта  тҥлеп,  тарихи  белгілерін  молайтып, 

жаңғырған.  

Ноғай ордасы мен Қазақ хандығының негізін қҧраған рулар екі хандыққа 

да  ортақ  болғандықтан,  Ноғайлы  ыдырағанда  кҿптеген  рулар  қазақ 

хандығына оңай кіріккен. Барлық ҧлыс пен Орданың ыдырауына билік ҥшін 

кҥрес,  ішкі  алауыздық  себеп  болған.  Бірақ  жыр  ҥшін  ол  маңызды  емес.  Ол 

ҽртҥрлі  ішкі  қақтығыстар  мен  кҿзқарастарды  емес,  Ноғайлы  дҽуіріндегі 

татулық пен бірлік мҥддесін қорғап, елдікті, бірлікті жақтаған батырлар мен 

оқиғаларды  ғана  іріктеп  алған.  Ҿйткені  Ноғайлы  дҽуірі  –  халық  санасында 

туыс рулардың бір ҽке-шешенің балаларындай тату тҧрған, ішкі алауыздыққа 

жол бермей, тҧтастықта болған дҽуірі ретінде идеалға айналған. Ноғайлыны 

жау  шапқанын  естігенде  ҿз  жҧртындай  сезініп  біріге,  тізе  қосып,  жорыққа 

аттанған  Қараман  мен  Қобыланды  ісі  –  осының  айғағы.  Ҽрине, 

Қобыландының  образын  даралай  тҥсу  мақсатында  ҽрі  Тайбурылды  дҽріптеу 

ҥшін  оның  12  кҥн  бҧрын  озып  кетуі,  жалғыз  ҿзі  соғысуы  сияқты  эпизодтар 

баяндалған. 

Жырда «қыпшақ жақын рулардың тҧтас одағы болып кҿрінбей, жеке ру 

ретінде ғана кҿрінгенімен»

2

,  Қобыландының іс-ҽрекеті ру-тайпа батырының 



аясына  сыймайды.  Ол  ҿзінің  бастапқы  пайда  болғанынан  кейінгі 

замандардағы  тарихтың  елеулі  кезеңдерін  ҿз  бойына  тоғыстырып,  ру 

мҥддесін жалпы ел мҥддесіне дейін жеткізген батыр ретінде дҽріптеледі. 

Жырдағы  жау  бейнелері  де  сан  уақыттың  тезінен  ҿтіп,  талай  тарихты 

қамтыған  жинақтаушылық  мҽнге  ие.  Негізгі  жау  типтері  –  қызылбас  пен 

қалмақ.  Эпикалық жаудың  діні,  тілі,  салты,  кҥн  кҿру,  кҽсібі  де  басқа  болып 

                                                

1

 Батырлар жыры. Алматы, 1986. 1-т. 30-б. 



2

 Ыбыраев Ш. Эпос ҽлемі. Алматы, 1991. 185-б. 




 

345 


суреттеледі. Жырдағы Қобыланды елінің негізгі кҽсібі  – малшылық.  Ал жау 

жақтың  тҧрмысы  отырықшылық,  тіпті  кҿшпелі  ҿмір  салтындағы 

қалмақтардың ҿзін осы тҧрғыда суреттейді. 

Батыр  ең  алғаш  ерлікпен  ҥйлену  сапарында  Қызыл  ермен  алысса, 

Ноғайлы жҧртын қҧтқаруда қызылбас  Қазан батырмен соғысады. Осындағы 

«Қызылбастар»  туралы  С.А.Қасқабасов:  «Қызылбас  атауы»  –  ІХ-Х 

ғасырлардағы  селжҥк  оғыздары  мен  қыпшақтардың  тайталасы  кезінде 

селжҥкшілер  басына  қызыл  матамен  тысталған  бҿрік  кигендіктен 

«қызылбас»  атанған.  Кейін  Аббас  шах  кезінде  қазақ  сахарасына 

шапқыншылық жасаған тҥріктер мен ирандықтардан қҧралған қалың қолдың 

сарбаздары  «қызылбас»  деп  аталған

1

,  –  деп  тҧжырымдайды.  Типтік 



дҽрежедегі эпикалық жауға  айналған қызылбас жҧрты жырда: 

 

Қазақ десе оқ атқан, 



Қабағына қар қатқан. 

Кірпігіне мҧз қатқан

2

, – 


 

деп сипатталады.  

Ал,  Қараман  мен  Қобыланды  соғысатын  Кҿбікті  реалды  жау  ретінде 

аталғанымен,  оның  мифологиялық  сипаты  басым.  Себебі,  ҿзінің  де,  баласы 

Біршымбайдың да «шапса қылыш, атса оқ ҿтпейтін» батырлығының себебі  – 

кҿне  «кҿп  жандылық  туралы»  мифтік  тҥсініктермен  астасып  жатыр

3



Мысалы,  Кҿбіктінің  жаны  кіндігінде  болса,  Біршымбайдың  жаны  – 



желкесінде,  оны  бірге  туған  Қарлыға  ғана  біледі.  Қобыландыны  қосқанда 

Ноғайлының  тҿрт  батырына  дес  бермей  тықсырған  Біршымбай  ҽрекетінің 

себебі:  оның  адами  болмыстан  гҿрі  мифологиялық  табиғатының 

басымдығында.   

«Қобыланды  батыр»  сюжетінің  рулық-тайпалық  дҽуір  мен  ноғайлы 

заманы тҧсында ғана емес, қазақ елінің жеке хандық қҧрып, ҿзінше мемлекет 

болған  тҧсында  да  тарихи  тҧтастануға  тҥскендігіне  –  қалмақпен  соғысуы 

дҽлел. Ол: Қобыландының ҿзінің қалмақ Алшағырмен соғысып, елін азат етуі 

жҽне  оның балаларымен  қосылып,  қалмақпен  соғысуы.  Яғни мҧнда  қалмақ-

қазақ  соғысының  ҧзақ  тарихы,  елін,  жерін  сырт  жаудан  қорғаған  батырлар 

кҥресінің  жиынтық  мҽні  бар.  Жырда  шежірелік  тҧтастанудың  екі  тҥрлі 

мақсаты,  «батырды  дҽріптеу  мен  ҧрпақтардың,  ата  мен  баланың,  аға  мен 

інінің  ынтымақты  болуын  ардақтау,  туыстық  қарым-қатынастың  ҥзілмей, 

тығыз байланыста болуын кҿксеу»

4

 де толық кҿрініс тауып, «қалмақты қуып 



тықсырған,  қалың  қазақ  елдерін  қайта  орнына  қондырған»  ҽкелі-балалы 

батырлар  ерлігі  дҽріптеледі.  Атадан  ҧл  туып,  атаның  ісін  жалғастыруын 

                                                

1

  Қасқабасов  С.А.  Тҧтастану  –  фольклор  поэтикасының  заңдылығы  //  Қазақ  фольклорының  поэтикасы. 



Алматы, 2001. 56-б. 

2

 Батырлар жыры. Алматы, 1986. 1-т. 65-б. 



3

 Баскаков Н.А. Душа в древних верованиях тюрков Алтая (термины, их значения, этимология). // Советская 

этнография. 1979. № 5. С. 109, 112, 113. 

4

  Қасқабасов  С.  Тҧтастану  –  фольклор  поэтикасының  заңдылығы  //  Қазақ  фольклорының  поэтикасы. 



Алматы, 2001. 35-б. 


 

346 


халық  кҿңілі  тілегендіктен,  ҽке  кегін  кейінгі  ҧрпақтың  алуы,  ерлік  ісін 

жалғастыруы  патриархалды-феодалдық  тҥсінікте  қалыптасқан  қағидаға 

айналған. Жырдағы:  

 

Беске келген баланың,  



Кҥндіз-тҥні қайғырып. 

Жау тҥседі есіне

1

 – 


 

деген жолдар осыны аңғартады. Қобыландының екі ҽйелінен туған екі батыр 

ҧлының  ерлігін  жырлап,  оған  батырды  куҽгер  ететін  жыр  табиғаты  да  осы 

заңдылықтан туған. Жауға аттанар алдындағы батыр ҧл Бҿкенбайдың: 

 

Сабырлық қыл, демің ал, 



Батаңды бер біздерге

2

 – 



 

дейтін  сҿзі  ҽке  ерлігінің  заңды  жалғасы.  Ҿйткені,  «Шежірелік  тҧтастану  – 

жай  ғана  ермек  емес,  логикалық  ҽрі  жалғастық  бірлікті  сақтаған  кҿркем 

заңдылық»

3

. Қобыландының балаларына берген батасындағы: 



 

Ҽділдіктің жолында 

Халық ҥшін қасық қаныңыз, 

Халық ҥшін қҧрбан жаныңыз

4

, – 


 

дейтін ойлар бҥкіл эпос мҧратын айқындайды. 

Демек,  жыр  батырлардың  басын  ҥлкен  халықтық  мақсатқа 

жҧмылдырып, бір арнаға тоғыстыратын эпикалық тҧтастануға  тҥсіп, заманы 

алысты  жақындатып,  бір  мерзімге  жинақтап  –  бірлік,  татулық  идеясына 

бағындырған.  Негізгі  сюжеті  –  кҿне  замандарда  пайда болған  «Қобыланды» 

эпосы  рулық-тайпалық  эпос  деңгейінен  кҿтеріліп,  Қазақ  хандығы  дҽуірінде 

классикалық  эпос  ретінде  қалыптасты  деуге  болады.  Ҿйткені,  бҧл  кезеңде 

жалпы халықтық идея басты мҽн иеленген. «Қобыланды ҿз руының да, бҥкіл 

тҥркі халқының бҥтіндігіне де қызмет істейді»

5



Эпостың  ҿзге  жырлардан  ҿзгешелендіретін  кҿңіл  аударарлық  тҧсы  – 



ҽйелдер  образына  байланысты.  Жырдағы  Аналық,  Қҧртқа,  Қарлыға, 

Қарлығаш  бейнелері  Ҽ.Бҿкейхан  мақаласында  ҽдеби  тҧрғыдан  талданған

6



Мҧнда  батырдың  жолына  бҿгет  болып,  жаулықтың  тҥрін  жасайтын 



жалмауыз  кемпір мен  мыстан  бейнелері жоқ.  Тіпті,  жер  дҥниенің қҧпиясын 

білген  Кҿклҽн  кемпірдің  ҿзі  батырға  жақсы  хабар  беріп,  жағдай  жасайды 

(Сҥйіншалы  нҧсқасы).  Тҧтастай  алғанда,  жырдағы  ҽйелдер  бейнесінде  кҿне 

заманғы  анаеркі  қоғамының  белгілері  мол  сақталып,  ол  кейінгі  дҽуірлердің 

                                                

1

 Батырлар жыры. Алматы, 1986, 1-т. 151-б. 



2

 Сонда. 220-б. 

3

 Қасқабасов С. Аталған еңбек. 137-б. 



4

 Батырлар жыры. Алматы, 1986. 1-т. 209-б. 

5

 Қоңыратбаев Ҽ. Кҿптомдық шығармалар жинағы. Алматы, 2004. 1-т. 268-б. 



6

 Женщина по киргизской былине «Кобыланды» // Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995. 319-325-б. 




 

347 


талап-тілегімен  ҥйлескен  тҥрде,  ҿзгеріске  тҥскен.  Мысалы,  батырдың 

ерлікпен жеңіп алған жары Қҧртқа бойындағы сҽуегейлік, кҿрегендік (батыр 

мінер  тҧлпарды  енесінің  ішінде  жатқанда  тану,  батырдың  алдындағы 

бҿгеттермен,  ел-жҧрттың  болашақтағы  хал-кҥйін  алдын-ала  болжау,  ер-

азаматтың  қару-жарағын  жабдықтау  ҽрекеттері)  дамыған  матриархат 

заманынан  келе  жатқан  қасиеттер.  Ол  кейінгі  патриархалды-феодалдық 

қоғам  талап  еткен  ер-азаматтың  қамқор  серігі,  отбасының  ҧйтқысы 

қасиеттерімен  молыққан.  Полигамиялық  патриархалды  ҥлкен  отбасындағы 

бірлік  пен  татулықты  ҧйытқан  ҽйел  бейнесінің  бар  қасиетін  халық  Қҧртқа 

бойына  жинақтаған.  Бҧл  –  жырда:  Қобыланды  мен  Қарлыға  арасына  ғана 

емес,  балаларымен  Қарлыға  арасына  дҽнекер  болу,  Қарлығаны  алып  келе 

жатқан  батырдың  алдынан  шығып,  еріне  қҧтты  болсын  айтып,  Қарлығаға 

мейірім  кҿрсету,  ҿз  баласын  оның  бауырына  салып,  оны  босандырып, 

баласын  ҿз  баласындай  асырап-бағуға  байланысты  ҥлкен  аналық  жҥрегін 

суреттеу арқылы ҿрнектелген. Кҿне заманнан келе жатқан (бҧрын батырдың 

қарындасы,  ҽпкесі,  кейін  жҧбайы)  батырдың  қару-жарағын  жабдықтау 

дҽстҥрі  батырға  ғана  емес,  оның  балаларына  дейін  жалғасады.  Сондықтан 

Бҿкенбай мен Киікбай жауға аттанарда Қҧртқа: 

 

Бадана кҿзді ақ сауыт 



Қойып едім будырып, 

Екеуіне ақ семсер 

Балдағын малып алтынға 

Қойып едім қҧйдырып

1

, – 


 

дейді.  Яғни  Қҧртқа  бойында  рудың  ҽдет-ғҧрып,  дҽстҥрлерінің  сақтаушысы, 

сҽуегейлік  қабілет  пен  сиқырлылық  қасиетке  ие  ҽйел-шаманнан  қалған 

белгілер  бар.  Кҿне  анаеркінің  сілемдері  Қарлыға  бейнесінде  мол  сақталған. 

Оның  іс-ҽрекеттерінде  кҿне  анаеркі  заманындағы  кҽмелеттік  сынақтан  ҿтіп, 

(қару  меңгеру,  батырлық  дҽстҥрді  ҥйрену)  ер  жігіттен  кем  ерлік 

кҿрсетпейтін

2

  батыр  қыз  бен  тайпааралық  соғыстарда  тҽуелсіздік  ҥшін 



соғысатын жауынгер ҽйел

3

 сипаты бар. Ғашығы ҥшін туған ҽкесі мен інісінің 



осал  тҧсын  кҿрсетіп,  олардың  ажалына  себепкер  болған  Қарлыға  ҽрекетінің 

сыры фольклорлық сана тарихымен байланысты. Онда кҿне рулық заманның 

ҿзге  руға  ҧзатылатын  қыздың  жанын  «ҿлтіріп  –  қайта  жасау»,  ҿзге  рудың 

адамы  ету  (экзогамиялық  неке)  мақсатындағы  «ендіру»,  «сіңдіру» 

ғҧрыптарының  ҽсері  бар.  Қарлығаның  адам  жанының  қҧпиясын  білуі  мен 

Қобыландыға ҿкпелеп, ел-жҧрттан оқшауланып, тауда жалғыз ҿзі шатыр тігіп 

жатуы  да  –  дҥниенің  аралық  шекарасын  кҥзетіп,  жалғыз  дара  ҿмір  сҥретін 

ҽйел сипатындағы рух-ие образынан қалған белгілер.  Алайда, жырда мҧның 

барлығы батыр, ержҥрек қыз Қарлығаның – ҽйел Қарлығаға айналу бейнесін 

                                                

1

 Батырлар жыры. Алматы, 1986. 1-т. 193-б. 



2

 Мелетинский Е.М. Происхождение героического эпоса. Ранние формы и архаические памятники. М., 1963. 

С. 339. 

3

 Лебедева Ж.К. Эпические памятники народов Крайнего Севера. Новосибирск, 1982. С. 29. 




 

348 


сомдауға  жҧмсалған.  Соншалықты  батырлық  пен  қасиеттің  иесі  Қарлыға  – 

Қҧртқа алдында сыпайы да сынық мінез иесі. Жыр патриархалды-феодалдық 

қоғамның  отбасылық  этикасына  сҽйкес  оны  Қҧртқа  образымен 

туыстастырған:  

Қарлыға, Қҧртқа кҿрсетіп 

Қалың қыпшақ еліне 

Татулықтың белгісін. 

Мақсатқа жеткен осылай 

Елге жайып ҥлгісін

1



 

Ҿйткені,  отбасындағы  ҽйелдердің  татулығы  –  олардың  ҧрпақтарының 

татулығының  кепілі.  Жыр  ҽйелдің  ақылы  мен  парасаты  батырлық  рух 

жалғасуының,  бір  атадан  тараған  ҥрім-бҧтақтың  бауырмалдығы  мен 

бірлігінде  маңызды  рҿл  атқаратынын  алға  тартады.  Мҧның  ҿзі 

жалпыхалықтық бірлік, тҧтастық ҧғымымен астасады. 

Жырда  кҿне  тҥс  кҿру  мотиві  де  тҥрлі  мазмҧнда:  1)  болашақ  батырдың 

дҥниеге келуін хабарлау; 2) сапарда жҥрген батырға жау шапқан елінен хабар 

жеткізу; 3) еліне келген батырды қарындасы Қарлығаш пен жары Қҧртқаның 

тҥс  кҿрумен  сезінуі  арқылы  кҿрінеді.  Сюжетте  бҧл  мотив  композициялық 

тҽсіл ғана емес, елі ҥшін еңіреген ерлерді орта жолда қалдырғысы, қиянатқа 

шалдырғысы  келмеген  халық  кҿңілінің  бір  парасы.  Кҿне  мотив  осы 

кҿркемдік мақсатқа пайдаланылған. 

Жырдың ҿн бойынан ҥзілмейтін арқау – батыр мен оның ҧрпақтарының 

малшылық-бақташылық  кҽсіпке  қатысы.  Қобыландының  ҿзі  қалыңдығын 

ҽкеле  сала  жылқышылар  қосына  аттанып,  жау  хабары  шыққанша  сонда 

жатса,  балалары  да  алыстағы  мал  табынында  болып,  тірлік  кешеді.  Мал 

шаруашылығын  тірек  еткен  кҿшпелі  тіршілікті  дҽріптеу  идеясын  жыр 

Тайбурылға  байланысты  суреттеулерге  сыйғызған.  Батырдың  «жаны  мен 

тҽні»  іспетті  тҧлпарына  «тіл  бітіру»,  қҧс  секілді  ҧшыру,  адами  қасиет 

дарытудың кҿне сипаттары мен кейінгі  замандардағы мҽні де қатар ҿрілген. 

Эпостағы  «қҧл»  атауы  қосарлана  айтылатын  Естеміс  бейнесі  де 

ҿзгешелігімен  сипатталады.  Ҿйткені,  мҧнда  ҿзге  жырларға  байланысты 

айтылатын  «ҿзге  жҧрттың  қолға  тҥскен  адамдары»

2

  жҽне  «іштен  шыққан» 



жау  («Алпамыстағы»  Ҧлтанқҧл)  мағынасына  кереғар  сипат  танылады. 

Естеміс  Тоқтарбайдың  жылқысын  баққан  тоқсан  қҧлдың  басшысы,  ҿзін, 

ҧрпағын  батырлық  қасиеттерге  баулушы,  батырдың  жаумен  арасындағы 

хабаршы ғана емес, қажет кезінде қолына қару алып, жауға аттанған ержҥрек 

батырлар санатында (қалмақпен соғыста) да кҿрінеді. 

Жинақтай  келгенде  айтарымыз:  «Қобыланды  батыр»  жыры  –  рулық- 

тайпалық дҽуірде туып, қалыптасып, Ноғайлы дҽуірінде де кең қанат жайып 

дамыған,  Қазақ  хандығы  тҧсында  кемелденіп,  толысқан  эпикалық  мҧра. 

Негізгі  идеясы  –  ішкі  алауыздықты  айыптап,  ел  болып  ҧю  ҥшін  бірлік  пен 

                                                

1

 Батырлар жыры. Алматы, 1986, 1-т. 180-б. 



2

 Ыбыраев Ш. Эпос ҽлемі. Алматы, 1991. 215-б.; Садырбаев С. Фольклор жҽне эстетика. Алматы, 1976.    

115-б. 



 

349 


татулықты  ту  еткен  ерлерді  ардақтау.  Осы  мақсатқа  сҽйкес  ҿткен  тарихтың 

аса  мҽнді  тҧстарын  ғана  тҧтастандырып,  оған  алдан  кҥткен  арман-аңсарын 

қатар ҿріп, ру-тайпалық санадан елдік  ҿреге дейінгі сана дамуын  кҿрсететін 

аса  қҧнды  мҧра.  Елдің  шешуші  сҽттерде  ҿзінің  тарихи  жадындағы  ерлік 

рухына  иек  артатыны,  жырдың  кейіпкері  мен  оқиғасын  нақтылы  тарихпен 

теңестіруге  талпынатыны  белгілі.  Мҽселен,  ХХ  ғасырдың  басында 

Қобыланды  бейітін  тілге  тиек  етіп,  ой  айту

1

  мен  бҥгінгі  кезеңдегі 



«Қобыланды  қорымының»  табылуына  байланысты  пікірлер  осының  айғағы. 

Алайда,  фольклордың  тарихқа  ҿзінің  қалыптасқан  заңдылықтары 

тҧрғысынан қарайтындығына эпос табиғаты дҽлел бола алады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет