11 – дәріс. Саяси мәдениет пен саяси мінез-қҰЛЫҚ



бет1/8
Дата17.04.2023
өлшемі31,47 Kb.
#83533
  1   2   3   4   5   6   7   8

11 – дәріс. САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЯСИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

1. Саяси мәдениеттің түсінігі, құрылымдық компоненттері мен қызметтері.


2. Саяси мінез-құлық ұғымының мәні мен мазмұны.
3. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениеттің ерекшеліктері.


1. Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері
Неміс ғалымы Иоганн Готфрид Гердер (1744-1803) алғаш рет саяси мәдениет ұғымын қолданып, ғылыми айналысқа енгізуші болып саналады. Ол саяси мәдениет қатарына қоғамда қалыптасқан саяси дәстүрлер мен ережелерді, саяси мінез-құлық үлгілері мен әдет-ғұрыптарды жатқызды.
Жалпы, мәдениет ұғымының шығу төркініне келсек, арабша «маданият» – қала, қалалық деген мағына береді. Ал, біз білетін орыс тіліндегі «культура» сөзі болса, өз кезегінде орысшаға латыншадан енген кірме сөз. Мәдениет (латынша «cultura» – жер өңдеу, кейінірек - тәрбиелеу, білім беру, дамыту, өнеге тұту) – адами іс-әрекеттің түрлі салаларында кеңінен қолданылатын, мағынасы жан-жақты ұғым болып табылады. Сәйкесінше, бұл ұғым қоғамдық ғылымдардың барлығына ортақ мәселе. Мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды қамтуына қарай жіктеле отырып, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің, мінез-құлқы мен өмір салтының, құндылықтарының, ғылым-білімінің, қол өнері мен сәулет өнерінің жиынтығын білдіретін құбылыс болып табылады.
Мәдениеттің латын тіліндегі екінші бір мағынасы culter, cut - пышақ, кескіш, қашау, шектеу. Адамдар мәдениеттің ауқымында тәлім-тәрбиеге, мораль мен заңдарға сүйене отырып, жекелеген адамдардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын түзеуді жолға қойып, сол арқылы мәдениет қоғам үшін жағымсыз әрекеттерді шектеудің өзіндік жүйесіне де айналған.
Жалпы, мәдениет мәселесі адамзатты ежелгі заманнан бастап толғандырған. Ежелгі мәдениет үлгілері өзінің әсемдігімен, күрделілігімен, асқан шеберлікпен орындалуымен таңқалдырады. Мысалы, әлемнің жеті кереметін алайық. Оның ішінде, бір ғана ежелгі Египет пирамидаларының құпия сырлары ғылым мен технология барынша дамыған қазіргі заманның өзінде ашылмай отыр. Антикалық Римнің Цицерондай ғұлама шешені мәдениетті рухани құбылыс қатарына жатқызып, философияны «жанның мәдениеті» деп, философты рухы мен ой-санасы мәдениетті адам деген екен.
Ал, саяси мәдениет ұғымының дербес қалыптасуына неміс ойшылдары ықпал етті. Иоган Гердер мәдениет сөзінің төркіні латынша «жер өңдеу» екенін негізге ала отырып, қара жерді дұрыстап өңдеп, егін салып, еңбек етсең, жемісін үйіп-төгіп беретіні сияқты, қарапайым адамды дұрыс бағытта тәрбиелесе, онда ол адамгершілігі мол, білімді де білікті, жан-жақты адамға айналатынын көрсетеді. Яғни, мәдениетті адам болу үшін жаман әдеттен арылып, жақсы қасиеттерді бойға жинап, әжептеуір тер төгіп еңбектену қажет.
Зерттеуші С.Пуфендорф болса, мәдениет ұғымы арқылы қоғамда тәрбиеленген «жасанды адамды» бейнелеп, оны білімсіз «табиғи адамнан» ерекшелеп көрсеткен. Бұл идеяларды одан әрі дамытқан И.Кант мәдениеттің сыртқы «қабығын», яғни «техникалық» түрін өркениет деп атаған. Ол өркениеттің қарқынды дамуын, мәдениетті артқа тастап, одан озып кетуін қауіпті үрдіс ретінде қарастырады. Ұлттық салт-дәстүрдің ұмытылуы, имандылықтың құлдырауымен ерекшеленетін өркениеттің мәдениеттен озық жүруі адамзатқа көп жамандықтар әкелетінін атап өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет