№11 (128) 16 маусым, 2016 жыл 2 бет 6 бет



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата15.03.2017
өлшемі7,79 Mb.
#9899
1   2   3   4

 Ш.С. ЖАУКУМОВА,

 председатель методического бюро 

гуманитарного факультета, старший 

преподаватель, магистр. 

Кафедра иностранных языков и переводческого дела осущест-

вляет подготовку  кадров по специальностям: «Иностранный 

язык: два иностранных языка» и «Переводческое дело». Студен-

ты изучают как основной иностранный язык – английский,  так 

и в качестве второго – немецкий, китайский, турецкий, корей-

ский языки.

Болат СЕРИЕВ,

декан финансово-экономического 

факультета.

ОБМЕН ОПЫТОМ

Поздравляем!

23-27 апреля 2016 г. в  городе Алматы проходил Чемпионат Азии по футзалу 

среди студентов высших учебных заведений РК. Студент I-го курса юридиче-

ского факультета Есимханов Алишер Бакытович, выступая в составе сборной 

команды Республики Казахстан, занял II- ое место, серебряная медаль.

Б. БИТЛЕУОВ, 

председатель спортклуба, доцент.


Жетісу 

университеті



бейсенбі, 16 маусым, 

2016 жыл

4

БІЛІМ ШУАҒЫ

КЕЗДЕСУ


ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Gazeta.zhgu@mail.ru

Қазіргі заманғы білім 

беру тұжырымдамасының 

бағыты-ізгілікті жеке  тұлғаны 

қалыптастыру. Қазақстан 

Республикасының  «Білім 

туралы» заңында «Білім беру 

жүйесінің басты мақсаты 



ұлттық жеке адамзаттық 



мәдени құндылықтар негізінде 

жеке тұлғаның қалыптасуына 

қажетті жағдай жасай отырып, 

оның шығармашылық қабілетін 

дамыту» деп атап көрсетілген.

Ењ жарќын естеліктер 

Бейнелеуде жања 

технологияны

пайдалану

АЛЛА ТАҒАЛА АДАМ БАЛАСЫНА ҚАНША ЖЫЛ ӨМІР 

БЕРСЕ ДЕ, ҚАНДАЙ ІСПЕН АЙНАЛЫССА ДА, ӨМІРДЕГІ ЕҢ 

ҰМЫТЫЛМАС СӘТ ОСЫ МЕКТЕПТЕ ӨТКІЗГЕН УАҚЫТ БО-

ЛЫП ҚАЛАТЫН ШЫҒАР. МЕКТЕП – БІЛІМ АЙДЫНЫНДАҒЫ 

ҮЛКЕН КЕМЕ. ОЛ КЕМЕГЕ НЕБІР ДАРЫНДЫ ТҰЛҒАЛАР ДА, 

ӘЛЕМДІ БАС ИДІРГЕН ТОЛАҒАЙЛАР ДА ОТЫРДЫ. ЖАЛАҢАШ 

ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН ТАРЫДАЙ БОЛЫП 

АТТАП, ОН БІР ЖЫЛ БОЙЫ БІЛІМ АЛЫП, ТАУДАЙ БОЛЫП 

ШЫҚТЫҚ. АЛҒАШҚЫДА МЕКТЕПКЕ КЕЛІП ӘРБІР ӘРІПТІ, 

ӘРБІР САНДЫ ЖАЗЫП ҮЙРЕНУ ҚАЛАЙ ҚИЫНҒА СОҚҚАН ЕДІ? 

УАҚЫТ ӨТЕ БЕРЕ ӨЗГЕРДІ. ЖАЗУДЫ ДА, ОҚУДЫ БІЛМЕЙТІН 

КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРДЫҢ,  БҮГІН СОЛ МЕКТЕПТІ 

БІТІРГЕНДЕРІНЕ ЕЛУ ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР.

Бахыт ОРАЗБЕКҰЛЫ,

есеп және аудит кафедрасының 

доценті.

Әркімге  өзінің  өсіп-өнген  жері  –  Мысыр 

шаһары.  Жалаңаш  өңірі  жер  жәннаты 

Жетісудың 

бір 

керемет 


құлпырған, 

бұлақтары мол, нулы берекелі жері. Жоны 

таймайтын қара топырақты қырқаларының 

оты  майлы,  семіз  қабырғадай  тусыры-

лып  тұрады.  Мұқағали  –  «Салқын  са-

мал  баурайларың,  саумал  бұлақ  балдай 

дәрім»  –  деп  жырлағандай,  бұл  өңірде 

мыңнан  астам  дәрілік  шөптері  бар,  ол 

тынысыңды кеңейтіп, жүйкеңді жұмсартып, 

денеңді сергітеді. Біздер осы Жалаңаш де-

ген  қасиетті  жердің  суын  ішіп,  ауасын  ты-

ныстап,  білім  алдық,  ер  жеттік.  Мектепті 

бітірген соң Мұқағали Мақатаев айтқандай, 

«Ассалаумағалейкум, үлкен мектебім – өмір 

деген» - деп әрқайсысымыз өз жолымызбен 

кеттік.


Уақыттан  жүйрік  ештеңе  жоқ.  Жай  тізіп 

айтып  шығуға  оңай  болғанымен,  сонау 

мектеп  қабырғасынан  кейін,  елу  жыл  ел-

мен  бірге  ыстығына  күйіп,  суығына  тоңып, 

қайнаған  өмірдің  бел  ортасында  арпалы-

сып өткен әрбір күннің өзінде қаншалықты 

терең сырдың жатқанына кім күмән келтіре 

қояр екен. Өмір атты тылсым құдірет мына 

сіздер мен біздер сияқты жеке адамдардың 

тағдырынан,  олардың  жиынтығынан  ғана 

құралады.  Біз  өмірдің  бар  сыр-сипатын, 

күрделі де құпия заңдылықтарын өзіміздің, 

айналамыздағы жеке адамдардың тағдыр-

талайын  білу  арқылы  ғана  жете  танып, 

түсіне  алатынымызды  мектептен  кейін 

алған өмірлік тәжірибеміз көрсеткен тәрізді.

Мектеп...  Бұл  сөзде  қаншама  мағына 

жатыр  десеңші!  Артқа  қарап,  өткенді  еске 

алсақ,  балалық  шақтың  балдай  тәтті 

кездері  көз  алдымызға  елестейді.  Мектеп 

қабырғасында  өткізген  әрбір  күн,  әрбір 

қырық  бес  минут  балалық  шағымыздың 

балғын  уақыты  болып  қала  бермек.  Мек-

теп  бізге  тірек  беріп,  жылулық  пен  бақыт 

сыйлады.  Мектепте  өткен  уақыт  адам 

өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы 

кездер елу жыл өтсе де, есімізде ең жарқын 

естеліктер болып қалды. Кейде бірінші сы-

ныпта  оқитын  немерелерге  қарап,  өзімізді 

қайтадан  сол  шақтарға  оралсақ  деп  ар-

мандап  қоямыз.  Арада  жарты  ғасыр  өтіп, 

мен және менің сыныптастарым үлкен аза-

мат  болып,  өмірден  өз  орындарын  тапқан, 

әрқайсысы  өз  отбасын  құрып,  немере, 

шөбере сүйіп отыр. Бірақ арада қанша жыл 

өтсе  де,  қанша  жасқа  келсек  те,  қандай 

адам болсақ та, балғын балалық шақ өткен 

алтын ұя – мектебіміз жүрегіміздің төрінде 

болатыны анық. Мектеп бізге үлкен өмірге 

жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. 

Ал,  ұстаздар  болса  бізге  үйретуден 

еш  уақытта  жалықпады.  Бізді  оқытқан 

ұстаздар  өмірден  түйген  тәжірибелері  мол, 

тиянақты білім беруге, тәлімді тәрбиелеуге 

үлес  қосқан  Ұлы  Отан  соғысының 

ардагерлері 

Бейсенбай 

Жақашев,  

Сламжан  Ртаев,  Жүнісбек  Бейсентеков, 

Асқар  Құсайынов,  Құрман  Нүсіпов,  Сәкен  

Сейфуллинмен  қызметтес  болған  Әжіхан 

Қаптағаев,  Сұраубай  Чүйкеев,  қазіргі  ор-

тамызда  жүрген  90-ды  алқымдап  қалған 

зейнеттегі  сүйікті  ұстазымыз  –  Ескендір 

Шаршікеновпен мақтанамыз. 

Енді  мектебіміз  біз  үшін  –  қасиетті  де 

киелі. Біздер Жалаңаш қазақ орта мектебін 

1966 жылы бітірген 11 сынып түлектері әрбір 

он  жылдық  сайын  сағынышпен  кездесу-

лер  ұйымдастыруды  әдетке  айландырдық. 

Әрбір кездесуде республикамызға танымал 

«Сарықұлан» ЖШС бас директоры Рысбек 

Түнғатаров бәріміздің атымыздан  мектепті 

түрлі  спорт  жабдықтарымен  қамтамасыз 

етіп  отырады.  Сонымен  қатар,  осы  2016 

жылғы  25  маусымда  болатын  кездесуді 

«Сарықұлан»  ЖШС    бас  директоры  

Рысбек  Түнғатаров,  Алматы  қаласындағы 

«Заман  -  Ту»  ЖШС  бас  директоры  Қазақ 

ССР-ның  мемлекеттік  сыйлығының  иегері 

Шәміл  Қожақанов,  кәсіпкер  Бекзада  

Ауезханов,  дәрігер  Шайзында  Талды-

баев,  энергетик  Сәтжан  Мысаев,  ғалым  

Бахыт  Оразбекұлы,  отставкадағы  по-

лиция 

подполковнигі 



Аманғожа  

М а л д ы б а е в т а р д ы ң б е л с ен д і л і г і м ен 

ұйымдастырылып өткізілмекші.

Жалаңаш  қазақ  орта  мектебін  1966 

жылы  11-класты  60-тан  астам  жас  түлек 

бітірген  еді.  Олардың  арасында  халық 

шаруашылығының 

барлық 


саласын-

да  еңбек  еткен  мамандық  иелері  бар. 

Халықтың  көңілінен  шығып,  мамандығын 

жете  меңгерген  дәрігерлер  де  аз  емес. 

Олардың  арасынан  денсаулық  сақтау 

саласының 

үздіктері: 

Еңбекшіқазақ 

ауданындағы 

танымал 


дәрігер  

"ҚР  Денсаулық  сақтау  ісінің  үздігі"  

Шайзында Талдыбаев, Алматы қаласында 

еңбек  етіп  жүрген    Бүбия  Дүйсенғожаева, 

Райымбек  аудандық  ауруханасының  бас 

дәрігері болған марқұм Жаңыл Нұрбекова, 

медбике  Құрманхан  Қыдырбаеваларды 

айтуға болады. 

Шәкірттерді 

тәрбиелеу 

саласында 

нәтижелі еңбегімен көрінген ұстаздар саны 

да  жиырмадан  асады.  Олар  «Қазақстан 

Республикасы  Білім  беру  ісінің  үздігі» 

белгісімен 

марапатталғандар: 

Ілімхан 

Әкіпбаева, 

Гүлзахан 

Нүсіпбекова,  

Света  Абыханова,  Ұлжалғас  Қыдырова, 

тоғызбұлақтық  Зейнемхан  Әзімбаева, 

Сайлаубек 

Құрманғалиев, 

Ажар  

Омарбековалар 



құрметті 

ұстаздық 

мамандығын меңгерген сыныптастар. 

Қажырлы еңбегімен білім шыңына талпы-

нып, ғылым саласында жемісті еңбек еткен 

азаматтар әбден үлгі етуге лайық. Олардың 

қатарында, Алматы ұлттық педагогикалық  

университетінің    профессоры,  бірнеше 

оқулықтар  мен  ғылыми  еңбектердің  авто-

ры, математика ғылымдарының кандидаты 

марқұм  Құрманәлі  Қаңлыбаевтың  еңбегі 

орасан. 


Сондай-ақ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу 

мемлекеттік 

университетінің 

доценті, 

бухгалтерлік есеп пәнінен оннан аса оқулық 

пен оқу құралдарының авторы, «Қазақстан  

Республикасы  Білім  беру  ісінің  үздігі» 

белгісі,  «Ыбырай  Алтынсарин  атындағы» 

медалі, 2010 жылғы «Жоғары оқу орнының 

үздік  оқытушысы»  мемлекеттік  грантының 

иегері экономика ғылымдарының кандида-

ты Бахыт Оразбекұлы да бар.

 

Белгілі  журналист,  «Қазақ  әдебиеті» 



газетінің  бұрынғы  қызметкері  Мәншүк 

Әужанова,  заңгер  «Үздік  ішкі  істер 

қызметкері»  белгісімен  марапатталған, 

отставкадағы  полиция    подполковнигі 

Аманғожа  Малдыбаев,  шаруашылықтың 

бас  экономист  қызметін  ұзақ  жылдар 

атқарған  Әлғожа  Әбділдаев,  аудандық 

ауруханада  бас  бухгалтер  болған  марқұм 

Жықан  Тұратбеков,  есеп  қызметкері 

Ақылай  Байнетқызы,  Нұрлы  ауылындағы 

Айтбай  Қожабеков,  Қали  Қыдырбаев 

және  басқалардың  нарық  жағдайындағы 

еңбегі  ойдағыдай.  Ал,  Жалаңаш  село-

сында  тұратын  Құралбай  Арғынбаевтың, 

Әбен  Қазыбаевтың  еңбегін  ауылдастары 

орынды  мақтан  етеді.  Сонымен,  мектеп 

бітірушілердің  елу  жыл  толуына  байла-

нысты  кездесуге  өмірден  өз  орындарын 

тапқан,  көкірегінде  нұр  шырағы  жанған, 

терең ойы мен парасатты сөзі бар сынып-

тастар. Қыздар самайларындағы бұрынғы 

ақ бантиктің орнына, ақ түскен ардақты ана 

әрі асыл әже, ұлдар қамқоршы әке, сүйікті 

ата  болып,  немерелерінің  сылдырлаған 

күлкісі  мен  қуанышына  бөленіп  жүрген 

жағдайлары бар.

Осыған  орай,  мектеп  мұғалімдерінің  ал-

дында  оқушыға  білім-білік  дағдыларын 

игертіп  қана    қоймай,  қабылдауын,  ойлау-

ын,  қиялын,  сезімдерін,  ерік-жігерін,  яғни 

оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері  тұр.

Шығармашылық  қабілетті  тәрбиелеудің 

алғышарттарына 

мына 


нәрселерді 

жатқызуға болады: 

-  алдымен,  оқушылардың  қызығушылық 

пен таным белсенділігін арттыру; 

- оқушы мүмкіндігіне сай, шығармашылық 

тапсырмаларды жүйелі орындату; 

- о қ у ш ы л а р д ы ң ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ 

қабілеттерін  дамытуды  кезең  бойынша  са-

тылап дамыту. 

-  мұғалім  өз  ісіне  шығармашылықпен 

қарап,  сабақты  шығармашылықпен  өткізу. 

Осы  мәселелер  өз  шешімін  тапса,  жан-

жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны 

тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. 

Әр  оқушының  мүмкіншілігін  сабақ  ба-

рысында  бүгінгі  өмірмен  ұштастыруды 

аңғардым.  Бұл  әдіс  «Деңгейлеп  саралап 

оқыту»  технологиясының  элементтерін 

қолдану арқылы іске асырылады. 

Бейнелеу  өнері  өмірді  көркем  бейнелер 

арқылы  баяндайды.  Көркем  шығармалар 

айналамыздағы 

дүниені 

жақсырақ, 

толығырақ  түсінуге  үйреніп  қана  қоймай, 

ол біздің ой-санамыз  бен түйсік сезімімізге 

тікелей  әсер  етеді.  Сол  себепті  біз  бей-

нелеу  өнері  туындыларын    әр  деңгейде 

қабылдаймыз.  Олардың  мазмұнына  мән 

беріп  қараймыз.  Көркем  шығармалар 

арқылы  өткен  өмір  тарихына  назар  ауда-

рып, оны көз алдымызға елестете аламыз.

Бейнелеу  өнерінің  ерекшелігі  суретшінің 

өз  көзімен  көріп,  түсінген  шындығын 

сол  сәтімен  айқын  көрсетуінде.  Суретші 

образдардың,  өмір  шындығының  типтік 

жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс 

тіршілігін  жинақтап,  жан-жақты  бейнелейді. 

Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы 

өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса 

зор.  Суретшінің  сұлулықты  дұрыс  түсіне 

білуі маңызды. Біреулер кемелдікке суреттің 

композициялық  құрылысы  арқылы,  енді 

біреулер  кескіндеме  құрылысы    арқылы 

ие  болады.  Бәрін  бірдей  үйлестіріп  келтіру  

барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр  

суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше 

белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.  



Асқар ЖУСУПОВ,

К.Ушинский атындағы №7 орта 

мектептің бейнелеу және сызу пәнінің 

мұғалімі, Талдықорған қаласы.

Сыныптастар бас қосты.

Жетісу 

университеті



ДӘНЕШ РАҚЫШЕВҚА - 90 ЖЫЛ

бейсенбі, 16 маусым,

2016 жыл

5

ЕСТЕЛІК


Gazeta.zhgu@mail.ru

Т±ѓырына ќонѓан

 

домбыра


Дәнеш Рақышев шәкірті Нұржан Жанпейісовпен бірге.

СОЊЃЫ С¦ХБАТ 

СЫРЫ

Сөзім  дәлелді  болу  үшін  мән-жайды 



анығырақ  айтайын.  «Сәуір  болмай,  тәуір 

болмайды» - деген халық нақылы бар. Осы 

сәуір айының басында Алматыдан Темірбек 

Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер 

академиясы  дәстүрлі  ән  кафедрасының 

оқытушысы, 

доцент, 

республикалық, 

халықаралық  конкурстардың  лауреаты, 

Моңғолия Республикасының құрмет орденінің 

иегері  Дәнеш  Рақышевтың  кенже  шәкірті 

Нұржан  Жанпейісов  сүйінші  сұрағандай 

қуанышты  хабар  айтты.  Ол  қазақ  елінің 

мақтанышы, ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан, 

өрі талант иесі күміс көмей, жезтаңдай әнші, 

сазгер, ұлағатты ұстаз  Дәнеш Рақышевтың 

қызы Гүлнәр Рақышева әкесінің көзі тірісінде 

қазақ,  қырғыз,  қытай,  өзбек,  моңғолия  тағы 

басқа елдерді аралап қазақ өнерінің шыңына 

айналған  дәстүрлі  ән  өнерін  қанаттандыра 

шырқаған домбырасын Алматыдағы Ықылас  

атындағы Қазақ ұлттық музыкалық аспаптар 

мұражайына  тапсыруға  келісімін  берді.  Енді 

Талдықорғандағы  Дәнеш  ағаның  шәкірттері 

Мырзахмет 

Мұқаманов, 

Бақберген 

Асқарбеков,  Абылайхан  Қармысов  және 

Дәнеш  Рақышевтың  әндерін  насихаттап, 

халыққа  кеңінен  таратып  жүрген  Сүйінбай 

атындағы Алматы облыстық филармонияның 

әншілері 

Ерболат 

Шалдыбеков 

пен  

Арафат Сқақовтар да сол іс-шараға қатысуға 



шақырылмақ.  Университет  басшыларының 

рұқсатымен  жақында  Алматыдағы  Темірбек 

Жүргенов  атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде-

миясына жолға шықтым. Дәнеш Рақышевтың 

90  жылдығына  арналған  іс-шара  үш  күнге 

созылды.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 

әртісі,  Әміре  Қашаубаев  атындағы  әншілер 

байқауының  жеңімпазы,  Темірбек  Жүргенов 

атындағы  Өнер  академиясындағы  дәстүрлі 

ән  кафедрасының  меңгерушісі  –  Рамазан 

Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов қарсы алып, 

«Әсет  пен  Дәнеш»,  «Әнмен  өрілген  өмір», 

«Дәнеш - қазақ әнінің алтын көпірі», «Дәнеш 

салған әндер-ай» атты шеберлік кластарын, 

Дәнеш ағаның үзеңгілес бауырлары жазушы 

Бексұлтан Нұржекеев, ақын Оразақын Асқар 

және  Дәнеш  ағаның  шәкірттерімен  кезде-

су  концерттерін,  сондай-ақ,  Дәнеш  ағаның, 

өз  әндері  мен  репертуарындағы  әндерден 

үлкен-үлкен  концерттер  ұйымдастырды. 

90  жылдық  мерейтойға  арналған  іс-шара 

Ықылас  атындағы  Қазақ  ұлттық  музыкалық 

аспаптар мұражайындағы «Ән еркесі Дәнеш 

домбырасы  -  музей  сахнасында»  атты  үш 

сағатқа  созылған  концерттік  бағдарламаға 

ұласты.


Концертті Мырзахмет Мұқаманов бастаған 

шәкірттерінің  орындауында  Дәнеш  ағадан 

бізге  жеткен  30-ға  жуық  әндер  айтылып, 

соңында сахна төріне құрмет қошаметпен іс-

шараның өтуіне негізгі мұрындық болған кен-

же  шәкірт  Нұржан  Жанпейісов  шақырылды. 

Осы  мезетте  Құрманғазының    «Сарыарқа» 

күйінің  дене  шымырлатар  құдіреттілігімен, 

сән-салтанатымен  мұражайдың  концерт 

залына  Дәнеш  ағаның  домбырасы  алды-

рылды,  ұстаздың  домбырасын  шәкірттері 

бірінен  соң  бірі  іліп  алып,  шанағынан  сүйіп 

маңдайларына  басты,  ширек  ғасыр  бойы 

сахнаны аңсаған киелі домбыра Нұржанның 

колына  тиісімен  сарнай  жөнелді.  Орнында 

бар  оңалар  дегендей,  ішімнен  Құдайға  мың 

мәрте  ризашылығымды  білдірдім.  Себебі, 

сахнада  Нұржан  емес,  Дәнеш  Рақышевтың 

өзі  ән  салып  тұрғандай  әсер  алдым.  Халық 

Нұржанды  сахнадан  жібермей  бірнеше  ән 

шырқатты. Соңында Нұржан "Аңшының әнін" 

әуелете,  асқақтата  салған  күйі  қалықтап 

барып  шыңға  қонған  қырандай  киелі  дом-

быраны  мұражайдағы  тұғырына  қондырды. 

Тұғыр  деуімнің  негізі  бар,  өйткені,  бұл 

мұражайда  күй  атасы  Құрманғазы,  Дина, 

Сейтек, Қазанғап, Мағауия Хамзин, Жүсіпбек 

Елебеков,  Ғарифолла  Құрманғалиев,Әміре 

Қашаубаев,  Нұрғиса  Тілендиев,  Жәнібек 

Кәрменов сынды қазақ өнерінің негізін қалап, 

дәстүрімізді  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп,оны 

сақтап қалуға бірден бір себеп болған, өнер 

майталмандарының  киелі  домбыралары 

сақталған.  Солармен    тең  дәрежеде  Дәнеш 

Рақышевтың  домбырасы  жайғасты.  Осы 

сәтте  мұражай  концерт  залында  көңілдері 

толқымаған  жан  қалмады.  Шәкірттері 

көздеріне жас алып, қызы Гүлнәр Рақышева 

көз жасына ерік берді. Бұл - қуаныштың көз 

жасы  еді.  Дәнеш  аға  көзі  тірісінде:  «Менің 

қолым  жетпеді.  Енді  шәкірттерімнің  бірі 

өнердің  ордасына  айналған  Алматыға  ба-

рып,  менен  үйренген  халық  әндерін,  Әсеттің 

әндерімен  жалғасатын  халық  композитор-

лары,  кеңес  үкіметі  композиторларының 

шығармаларын 

өзінің 

шәкірттеріне 



үйретіп,  аманатқа  қиянат  қылмай,  мол 

мұрамызды 

ұрпақтан-ұрпаққа 

жеткізсе 

ғой»  деп,  армандаған  еді.  Сол  арманның 

орындалғанын  ұрпақтары  көрді,  бас  аяғы 

оншақты жылдың ішінде Нұржан Жанпейісов 

қырыққа  жуық  шәкірттер  тәрбиелеген  екен. 

Бұл  -  дәстүрлі  өнердің  өркендеуі  емес  пе?! 

Дәнеш ағаның бойындағы тұнған өнерін, ше-

бер  сазгерлігі  мен  асқан  әншілігін,  көптеген 

көрермен,  мыңдаған  тыңдаушылардың  ал-

дында  қарапайымдылық,  кішіпейілділік, 

сүйіспеншілікпен, әнге деген шексіз махабба-

тын  сезіммен  жеткізгенде,  мақпал  үніне  үн 

қосқан домбыраны тағы бір ұстап, шанағынан 

сүйіп, маңдайыма тигізу мен үшін

 – толағай 

толғаныс, шексіз бақыт. 

Серікбол ШЫНЫБАЕВ,

қоғамдық мамандықтар

факультетінің деканы, 

Дәнеш Рақышевтың шәкірт

і.

«Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» - деп ақын 

ағаларымыз  жырлағандай,  Дәнеш  Рақышевтың  қасиетті 

қара домбырасы иесінен айырылғаннан кейін араға 24 жыл 

салып өзінің құтты тұғырына қонды.

Жетісудың жезтаңдай әншісі, Қазақстанның халық әртісі 

Дәнеш  Рақышевтың  туғанына  90  жыл  толды.  Тарбағатай 

мен Арқаның арасын, бүкіл қазақ даласын құдіретті әуенімен 

әлдилеген  дара  тұлғаның  асыл  бейнесі  өнер  сүйер  қауымның 

жүрегінен  мәңгілік  орын  алды.  Алматыдан  бастау  алған 

мерейтой  Талдықорған  қаласында  жалғасты.  ҚР  еңбек 

сіңірген  әртісі  Рамазан  Стамғазиев,  төл  шәкірті  Нұржан 

Жанпейісов  бастаған  өнер  майталмандары    І.Жансүгіров 

атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде, «Достық» 

үйінде  көрермендермен  жүздесіп,  Мәдениет  сарайында  қала 

жұртшылығына ән мен жырдан шашу шашты.

Дәнеш  Рақышевтың  қызы  Гүлнәр  Рақышева,  оның  көзін 

көрген  азаматтар  тамаша  естеліктер  айтып,  деректі  

фильмдер көрсетілді. Мерейтой әнші-композитордың туған 

жері Жаркент өңірінде жалғасады.

1992-ші 


жылдың 

қаңтар 


айының 

жетінші 


жұлдызында 

тұңғыш 


рет 

ашылған  «Талдықорған»  газетінің  бас 

редакторлығына  қызметке  келіп,  жаңа  

жұмысқа  «нартәуекелмен»  кіріскен  күні  

Дәнеш аға келді. 

Сұрастырып  жүріп  әрең  таптым  ғой,  бау-

ырым,  -  деді  күлімсірей.  -  Тағыңнан  тайма, 

жаным.  Достың  күлкісінен,  дұшпанның  таба-

сынан сақтасын сені. 

Аяулы 


ағаның 

алақанының 

жылу-

ын  сезінгенімде  көзіме  жас  келді.  Үнемі 



жақсылығыма  сүйсініп,  әркез  іздеп  жүретін 

ақылшы ағаның ақ көңілі тағы да маған рух 

сын, соның ән орындау мәнері, ұғымталдығы 

қуантады. Тағы да бір топ тәрбиеленушілерім 

өсу жолында. Осыларды суретке түсіріп, га-

зетке  шығаруға  көмектессең  қайтеді?-  деді 

сабырлы қалпымен. 

- Фототілшіні қашан жіберейін? - дедім ел-

пектеп.

 - Кешеуілдетпей қолға алайық. Ертең сағат 



үшке  шәкірттерімді  жинайын.  Фототілшің 

пединституттың 

музыка 

факультетіне 



келсін.  Әңгімеміз  ұзаққа  созылмады  «Келін 

балаға сәлем айт. Балалардың бетінен сүй» 

деді  аға  асыға  қоштасып.  Құдай  бірдеңені 

сездірді  ме,  тапсырманың  тезірек  орында-

луын  бақыладым.  Фототілшіміз  Тілеуберген 

Бақаев  түсірген  бір  топ  сурет  көп  ұзамай  

дайындалды да, сөзін жазып, дереу орысшаға 

да аударттым. Сөйтіп, сенбі күнгі қазақ және 

орыс  газетінде  әнші-сазгердің  шәкірттерінің 

ортасында  отырған  суреті  жарық  көрді. 

Өзінің  өтініші  бойынша  ең  жақсы  көретін 

шәкірті Нұржан Жанпейісовтың домбырамен 

ән салып тұрған суреті дараланып көрсетілді 

Сенбі  күні  ертеңгісін  Дәнеш  ағаның  үйіне 

телефон  соқтым.  Телефонға  қызы  Гүлнәр 

келді. 


- Аға керек еді, - дедім. 

-Әкем қатты ауырып жатыр. Телефонға келе 

алмайды,-деді Гүлнәр үні бұзылыңқырап. 

- Ештеңе етпес, қарындасым. Әлі-ақ жазы-

лып кетеді.

-  Айтқаныңыз  келсін,  аға,  -  деді  Гүлнәр 

сыпайыгершілікпен. – Не айтайын? 

-  Бүгінгі  газетке  шәкірттерімен  отырған 

суреті  шықты.  Бірнеше  газетті  ескерткіш 

ретінде сақтап қойдым. Ағаға айт, - дедім. 

Алдағы дүйсенбіде облыстың бір топ аза-

маттары  Семей  қаласында  өтетін  Алаш 

қозғалысының  75  жылдығына  баруға  жи-

налып  жатқанбыз.  Жолға  әзірлік  қамымен 

жүріп, Дәкеңнің үйіне барудың реті келмей-ақ 

қойғаны. "Игіліктің ерте - кеші жоқ. Сапардан 

оралған соң да жолығармын" деген ой жеңген.

Семей  қаласы,  одан  Абай  ауданын  

аралаумен  аптаға  жуық  жол  жүрдік.  Ұзақ 

сапардан  соң  жұмысқа  оралғаным  сол  еді, 

жақын бір әріптесім Дәкең жайлы жайсыз ха-

бар жеткізді. 

- Қалайша?! 

- Ауыр операциядан кейін...

Хабаршы  жігіт    кемсеңдей,  сөзінің  соңын 

жұтып  қойды.  «Қайран  аға,  қатыгез  ажал 

құрығын  салды-ау,  ақыры.  Құдіретті  қазақы 

әуенінің  қабырғасы  қақырады-ау!  Мұнан 

өткен өкініш болар ма, жалғанда!» Күңіреніп 

кеттім.  Ертеңге  қалдырам  деп  иесіне  та-

быс  ете  алмаған  «ескерткіш»  газеттерімді 

қолтықтап,  қара  жамылған  үйге  бетте-

гем.  Көзінің  тірісінде  өз  қолымнан  тапсыра 

алмаған  ағаның  жансыз  бейнесін  көргенде 

артында  қалған  жан-жары  егіле  отырып, 

ұстазын қоршаған шәкірттеріне қарай берді. 

"Артына өлмес із қалдырды" деген осы. Са-

быр сақтаңыз, жеңгей! - дедім өксігімді баса 

алмай.  

Халқы  қадірлі  ұлын  соңғы  сапарға 

қабырғасы  қайыса  шығарып  салды.  Көп 

ұзамай керуен жолдың бойындағы биік кезеңге 

мәңгілік жайғасқан әнші рухына бағышталып, 

көз тартар кесене бой көтерді. Талдықорған 

қаласындағы  ең  үлкен  көшелердің  бірі, 

облыс  орталығындағы  мектеп–интернат 

сол  кісінің  есімімен  аталды.  Әнші-сазгер 

тұрған  үйге  ескерткіш  тақта  қойылды.  Бәрі  

жақсы-ау,  бірақ,  жымия  күліп,  жақсылық 

тілейтін қайран ағаның орны мұнымен толар 

ма? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет