12. Алюминий өндіруге қанша руда, электр энергиясы қажет есептеп шығар



бет1/6
Дата14.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#49928
  1   2   3   4   5   6



12. Алюминий өндіруге қанша руда, электр энергиясы қажет есептеп шығар.
Алюминий жер қыртысында ең көп таралған, жеңіл, берік металл. Ол өндіріс және тұтыну масштабы бойынша жалпы металдардың ішінде (темірден кейін) екінші орынды, ал түсті металдардың ішінде бірінші орынды алады.
Алюминийді балқыту едәуір мөлшерде электр энергиясын кажет етеді: 1 т алюминий алу үшін 7 т көмірдің жану жылуына эквивалентті энергия жұмсалады. Үлкен мөлшерде электр энергиясының қажеттігі, алюминий өнеркәсібінің Жер шарына әр түрлі таралуына әсер етті.
Кеннен металдық алюминийді алу технологиясы өзара технологиялық тізбекпен және өңдірілген өнімдерімен байланысқан төрт өндірістен түрады. Оған:
1) глинозем (алюминий оксиді) өндірісі;
2) фторлы тұздар мен криолит ендірісі;
3) көмір бұйымдарының (электродтар жөне шегендеу блоктары) өндірісі;
4) электролиздік алюминий өндірісі кіреді.
Балқу температурасы 900°С-тан жоғары тұрақты таза алюминий оксидінің а-модификациясының балқу температурасы 2053°С. Оның балқымасының электролизі кезінде балқытуға және ваннаның жоғары температурасын ұстап тұруға, электр энергиясы көп жұмсалады. Сондықтан алюминий өндірісінде таза алюминий оксиді емес, алюминий оксиді мен криолиттен тұратын жүйе қолданылады.
Криолит 1100°С-та балқиды. Ол алюминий оксидімен оның мөлшері шамамен 15 процент болғанда (масса бойынша) балқу температурасы 938°С болатын эвтектика түзеді. Балқымада глиноземнің мөлшерін одан әрі арттырғанда жүйенің балқу температурасы күрт көтеріледі ). Электролиттің балку температурасын төмендетіп, электрөткізгіштігін арттырып, анодта ылғал тартуын жақсарту үшін балқымаға біраз алюминий, магний, литий жөне кальций фторидтерінің қосындысын енгізеді.
Осы кұрамды электролитте, алюминийден бұрын немесе бір мезгілде бөлінетін иондар жоқ жөне балқу температурасы 950—970С болады.
13. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіред. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Ауыл шаруашылығы өндірісі орналасуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтау мен талдауды коса ауыл шаруашылығы өндірісінің аумақтық саралануының зандылығы мен ерекшеліктерін зерттейтін географияның бөлімі; ауыл шаруашылығы өндірісін аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің баска салаларымен өзара байланыста қарастырады. Ауыл шаруашылығы географиясының ауыл шаруашьшығы өндірісінің орналасуы мен аумақтық ұйымдастырылуының жалпы теориясын, ауыл шаруашылығының жеке салаларының (егіншілікмал шаруашылығы және тағы да басқалары) географиясын, әр түрлі аумақтарды аудандауды және типке бөлуді қамтиды. Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын жер телімдері; табиғи ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығына пайдаланылуы бойынша ерекшеленеді. Егістік, жайылымдық және шабындық деп бөледі. Қазақстанда 2005 ж. барлық Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі, шамамен, 215850,9 мың га, оның ішінде егістік жер 23230,4 мың га, пішендік 4816,0 мың га, жайылым 182358,1 мың га болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет